Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды орындау барысында ауқымды іс тындыра



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.08.2018
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6

«Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды 

орындау барысында ауқымды іс тындыра 

білді. Мемлекет бөлген қаражат тиісті же­

ріне  жетті.  Осындай  жұмыстардың  арқа­

сын да  елдегі  қаржы  секторы  тұрақтанып, 

шағын және орта бизнес өзіне тиесілі қа­

ражатқа  қол  жеткізіп  отыр.  Әлеуметтік 

сала ға  қыруар  қаржы  бөлінсе  де,  Ұлттық 

қордың  қаржысы  ортайған  жоқ.  Ұлттық 

қор да  қазірдің  өзінде  43  млрд  доллар 

бар», – деп атап өтті Президент. 

Осылайша,  дағдарысты  еңсеру  бағы­

тын да  ауқымды  жұмыстар  атқарылғанын 

тілге  тиек  еткен  Елбасы  бірден  әңгімені 

аграр лық салаға аударды. Елбасының ай­

туынша,  биыл  көктемгі  егіс  науқаны  сәтті 

өткізілген. Барлығы 21 млн гектардан ас­

там  аумаққа  тұқым  себіліпті.  Яғни  өткен 

жылға қара ғанда, 1 миллион гектарға көп 

деген  сөз.  «Мемлекет  тарапынан  дер 

кезінде  қаржы  бөлінбесе,  биылғы  жылы 

ауыл шаруашы лы ғының ахуалы өте мүшкіл 

болып,  5­6  миллион  гектар  жердегі  егіс 

егілмей  қалар  еді»,  –  деген  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Үкіметке  күзгі  егін  орағына  осы 

бастан дайындалу керектігін тапсырды. 



Жалғасы 2-бетте

Елшілік  таратқан  баспасөз  мәлім­

демесіне сүйенсек, «Ниссан­Максима» 

жүргізушісі  қызметтік  сапардан  келе 

жатқан  қазақстандық  консулды  әуе­

жай дан  күтіп  алып,  дипломаттардың 

бірінің үйіне бет алады. Жолда оқыстан 

джипке  соғылып,  аударылып  құлаған 

көлік үш жаяуды қағып кетеді. Жүргі зу­

шінің арт жағында отырған консул сәл­

ден  кейін  есін  жиып,  зардап  шеккен 

жаяу ларға көмекке ұмтылған. 

–  Қиналып  жатқан  қыз  баланы 

көріп, такси ұстап, ауруханаға апардым. 

Дә рігерлерге  оған  жақсылап  көмек 

көрсетуді тапсырдым. Ал рульде болған 

елшіліктің  үшінші  хатшысы  ауыр  жа­

рақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр, 

–  деді  бізге  телефон  арқылы  түсі нік 

бер ген ҚР Өзбекстандағы кон сулы Ба­

бур Дәуренбеков.

Өкінішке қарай, Ташкенттегі травма­

тология  және  ортопедия  институтына 

жеткізілген 18 жастағы қыз бала қайтыс 

болған. Қазақстан елшілігі ұжымы аяқ­

ас ты оқиғаның салдарынан көз жұмған 

марқұмның отбасына көңіл айтып шық­

ты. 


Консулдың айтуынша, оқиға болған 

сәтте  алдағы  уақытта  қандай  да  бір 

түсініспеушіліктер  орын  алмасы  үшін 

рульде  отырған  дипломат  өз  еркімен, 

әрі  екі  жол  полицейі,  екі  дәрігер  мен 

басқа да куәгерлердің көзінше нарколо­

гиялық диспансерде тексеруден өткен. 

Нәтижесінде, елшілік қызметкерінің ал­

ко голь  қолданбағаны  анықталды.  Де­

мек, ғаламтордағы кейбір ақпарат құ­

ралдары  таратқандай,  қазақстандық 

елшінің спирттік ішімдік қолданғаны – 

жалған сөз. Дегенмен жол­көлік оқиға­

сы на кімнің кінәлі екенін Өзбекстанның 

құқық қорғау органдары жүргізіп жат­

қан тергеудің нәтижесі көрсетеді.



Жоқ

– Егер әкімшілік заңды басшылыққа 

алатын болса, су жайлап кеткен «Ша­

ңы рақ»  тұрғындарына  жер  беріп,  үй 

салып  бермеген  болар  еді.  Өйткені 

олар, өздеріңіз білесіздер, ол жер лерді 

жабайылықпен басып алған­ды. Бірде­

бірінің  заңды  құжаты  жоқ.  Демек,  үй­

жай  сақтандырылмаған.  Алайда  жергі­

лікті әкімшілік адами қасиетті биік қо йып, 

көрегендіктің үл гі сін паш етуде. Қалалық 

бюджеттен қы руар қаржы бөлінді.

Кезінде  атамекенін  тастап,  ауыл дан  

көшіп келген сол азаматтар еңбегін сіңір­

мей  жатып,  мол  дүниеге  бірден  ие 

болғысы  келеді.  «Жағдай мыз  қиындап 

кетті»  деп  Алматыға  қо ныс  тебуді  көк­

сейтіндер  жаппай  көшіп  келіп  жатыр. 

Алматы  солардың  бар лы ғын  бірдей 

сыйғыза  алар  ма  екен?  Қазір  ауылды 

жерлерде  де  шаруашы лықпен  айналы­

сып, қаладағылармен терезесі тең тұ рып 

жатқандар баршы лық. 

Иә 

–  Айтып  келмейтін  апаттың 

құр бандары болғандар – сырт тан 

адасып келген кірмелер емес, өз 

қандастарымыз.  Оларға  жасал­

ған  жақсылықты  міндетсін ге­

німіз орынсыздық. Ауыл азамат­

тары  елін,  жерін  еріккеннен, 

жерінген нен тастаған жоқ кезін­

де. Нан табу қиынға соғып, бала­

шаға ла рының  қамын  ойлады. 

Әйтпе се  біреудің  есігін  сағалап, 

күрке дей  үйлерде  күнелту  кімге 

жақ сы. Өлместің күнін қөріп жат­

қандар  қаншама.  Ал  біз  алпыс 

адамға жағдай жасап, онымызды 

үлгі еткіміз келеді. 

Егер ауылдағы ағайынға жағ­

дай жасап берген болса, отырар 

еді ғой жылы орындарында. Со­

лар дың азып­тозып жүргендері­

не  кінәлі  кімдер  екендігін  естен 

шы ғармайық.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Бернд Шторк, 

Футболдан Қазақстан ұлттық 

құрамасының бас бапкері:

«0:4 боп ұтылғаннан кейін адамның 

көңілі  қалады,  әрине,  бірақ  менің 

көңілім тоқ. Себебі менің командам 

39 минут керемет ойнады...»

(www.sports.kz сайтынан)

№91 (91) 

9 маусым

сейсенбi


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Балташ тҰрСЫНБАЕВ, 

қоғам қайраткері, 

саясаткер:

Амантай БІртАНоВ, 

Алматы қалалық 

мәслихатының депутаты:

А

л



АШ­АҚПАР

АТ

3-бет



5-бет

6-бет

Ой­КӨКПАР 

Ағылшын 

қақпасына 

атылған бала

София Ротару 

Шымкентке неге 

келмей қалды?



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Ауруханалар 

базарға айналып 

барады


www.аlashainasy.kz

150,33

213,24

4,89

22,00

8763,12

1099,38

1164,86

67,69

949

Бизнесті шегіртке-шенеуніктерден 

қалай қорғаймыз?

Заңсыз жер басып алғандарды ақтау дұрыс па?

«Шаңырақта» тағы шу шықты. Шешімі бір 

табылмай-ақ қойған шетін мәселе тек «Шаңырақ» 

тұрғындарын ғана емес, шенеуніктер мен ел 

ағаларының да басын қатырып қойды. Бір риза 

еткені – кезінде ескертуге құлақ аспай, жерді 

заңсыз басып алып, енді соның зардабын тартып 

отырған «Шаңырақ» тұрғындарының басына түскен 

ауыртпалықты жергілікті әкімқаралар тең бөлісіп жүр. 

қазіргі кезде су тасқынының зардабын қалпына келтіру 

үшін 60 миллион теңге бөлініп отыр. Ал баспанасыз 

қалғандарға алты сотықтан жер беріп, құны 7000 

долларға бағаланатын шағын үй тұрғызып бермекші. 

қала әкімшілігінің мәліметіне қарағанда, жаңа 

ауданның құрылысы 1,5-2 ай шамасында салынып бітуі 

тиіс деп жоспарланып отыр. Айтқалы отырғанымыз, бұл 

шешім төңірегінде ел арасында гу-гу әңгіме туындап, ол 

барған сайын үдей түсуде. Біреу қарсы, біреу қолдайды. 

Сонымен...

ДАТ!

6-б

етте

Жібек әЖІБАЕВА:

БАНК ЖҮйЕСі 

хАлыҚТың 

игілігіНЕ ЖҰМыС 

іСТЕП ЖАТҚАН ЖОҚ

қазақстандық елшілерді кінәлау кімге қажет болды? 

Маусымның төрті күні ташкентте қазақстанның Өзбекстан 

республикасындағы елшілігі көлігінің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы 

болған еді. Елшілер мінген «Ниссан-Максима» әлдеқандай «тойота-

Прадомен» түйісіп, аударылып барып көшедегі үш жаяуды қағып кеткен. 

Ауыр жарақат алған бір адам кейін ауруханада қаза тапты. Ғаламтордағы 

кейбір ақпарат құралдары көлік қақтығысына қазақстандық елшілер 

кінәлі деп хабарлаған-ды. Бірақ қазақстан елшілігі өкілдері өз сайттарында 

оқиғаны қаз-қалпында баяндап, журналистер бұрмалаған тұстардың анық-

қанығын ашып берді.

Бүгінгі таңда экономика қарқыны нашарлап 

бара жатқан жоқ, керісінше, жақсарып келеді. 

Ауылдағы, аудан, облыс орталықтарындағы 

жағдай біршама тұрақты. Алып бара жатқан 

ештеңе жоқ. Бірінші жартыжылдықта ел 

экономикасын құлдыратып алуға жол 

бермеудің, оны қалпына келтірудің мүмкіндігі 

туды. кеше Ақордада дағдарысқа қарсы 

шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен 

кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай 

деп мәлім етті. «қазіргі уақытта біз мемлекеттің 

барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындап 

отырмыз. Бұл – дағдарыс жағдайындағы үлкен 

жетістік», – деді Мемлекет басшысы. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» Ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу жалғасады 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

Серік ЖҰМАБАЕВ

Мансұр 


х

АМ

и



Т

ҚҰҚ


ы

Қ

 ПЕН



 Қ

ҰР

ы



Қ

Бұл  туралы  кешегі  апталық  брифингте  ішкі  істер 

министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің 

бастығы  Қуанышбек  Жұманов  мәлімдеді.  Ұсталған 

күдікті  көптен  бері  халықаралық  іздеуде  жүрген  бо­

латын. Жасы – қырықта. Қылмыскерлердің банк бас­

шысынан  талап  еткен  қаражатты  латвия  сауда  бан­

кіне  аударуын  талап  еткеніне  қарағанда,  ел  ішіндегі 

жай  тентектердің  бірі  болмаса  керек.  Сон дықтан  да 

болар,  бұл  істі  тергеуді  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті 

қол ға алыпты. 

Жалпы, кәсіпкерлерге қарақшылық шабуыл жасау 

толас  таппай  тұр.  Дағдарыс  кезінде  мұндай  қыл мыс  

тіптен  өршіп  кететін  болса  керек.  Батыс  Қа зақстан 

облысының  Бөкейорда  ауданында  жеке  кә сіп кердің 

үйіне  басып  кіріп,  аңшы  мылтығымен  қор қыта 

отырып,  үй  иелерін  түгел  байлап,  сейфте  ты ғулы 

тұрған  1,5  миллион  теңгені  сыпырып  алып  кет кен 

қылмыскерлер де қолға түсіпті. Қуанышбек Жұманов­

тың  мәлімдеуін ше,  олардың  бірі  Батыс  Қазақстан 

облысының 44 жастағы тұрғыны болса, екіншісі – 42 

жастағы Ресей азаматы. 



Жалғасы 3-бетте

Полицейлер көрші 

үйдегіні көрмепті

Алматылық полицейлер жеті жыл бұрын ел 

ішін дүрліктірген үлкен қылмыстық оқиғаны 

ұйымдастырған күдіктіні қолға түсірді.  

2002 жылғы маусымда «тұран әлем» банкінің 

төрағасына әлдекімдер қоқан-лоқы жасап, анау-

мынау емес, 2 миллионнан астам доллардай 

қаражатты бопсалаған. осы қылмыстық топтың 

өзге қатысушыларын іздестіру жалғасуда. Банк 

басшысының көлігін жарылғыш бөтелке лақтырып 

өртеп, өзіне де қарақшылық шабуыл жасап, 

күзетшісіне дейін жарақаттаған, жүргізушісін 

де қорқытып, жеке мүліктерін тартып әкеткен 

қылмыскерлердің ендігі қолға түсерінен ел үміті 

үзіле бастағандай еді...

Бүркіт НҰрАСЫЛ

қазақстандық консул сол күні Нөкістен келе жатқан. Айтуынша, 

қазір онда тұтқында отырған 27 отандасымыздың мәселесі оң шешілуі 

мүмкін. Сот процесі жүріп жатыр...

2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№91 (91) 

9.06.2009 жыл, cейсенбі

www.alashainasy.kz

Сая

Саттың  алты  ауызы

Владимир НЕХОРОШЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

– Сенбі күні футболдан Қазақстан ұлттық құра­

ма сы мен Англия құрамасы арасындағы доп дода­

сы өтті. Бірақ халыққа құрама командамыздың үс­

ті­үстіне  жеңіліске  ұшырауы  үйреншікті  жағдай 

бо лып қалды. Шындығында, біздің футболды қар­

ғап­сілеумен түзете алмайсың. Ал аяқдопшылары­

мыз дың  Бразилия  хоккейшілері  секілді  ойынын 

тіпті ешкім түсінбейді де. Мәселенің мәні қайда жа­

тыр? Жыл сайын шетелден легионерлер шақырып, 

оларға үйіп­төгіп ақша төлейміз. Қарап отырсаңыз, олардың бәрі – желге 

кеткен  қаржы.  Өйтіп  ақшаны  албаты  далаға  шаш қан ша,  Бразилияға  үш 

жылға оқуға кеткен 26 баланы толық тәрбиелеуге жұмса ға нымыз әлдеқайда 

пайдалы  емес  пе?!  Ақша  төлеп,  мынадай  масқараға  ұшы рағанша!  Бізде 

балалар спорты, доп ойыны саласы мүлде дамымай жатыр. 

(Кешегі Мәжілістегі Үкімет сағатында спорт және туризм министрі

 Темірхан Досмұхамбетовке айтқаны)

МиНиСтР бөлЕкШЕ МіНЕз таНытты

Көрмеден  Бурабай  демалыс  кешені, 

Қапшағай  жағалауында  қоныс  тебетін 

Жаңа  Іле  қалашығы  қатарлы  ірі  туристік 

жо балар орын алыпты. Осылармен бірге 

күрделі жөндеуге түсетін «Медеу» мұзай­

дыны кешені, Алматыдағы қайта жөндеу­

ден өткізіліп жатқан Балуан Шолақ атын­

да ғы  спорт  сарайы  да  бар.  Сондай­ақ 

де пу тат  мырзалар  мен  БАҚ  өкілдері  қа­

зақ тың ұлттық ою­өрнегімен нақышталған 

халқымыздың түрлі тұрмыстық бұйым да­

рын  да  тамашалау  бақытына  ие  болды. 

Десе  де,  туризм  мен  спорт  саласындағы 

түйіні берік, толып жатқан мәселелер көр­

ме нің  көркімен  көз  суарған  депутаттар­

дың көңілін онша жібіте қоймаған секілді. 

Министр Темірхан Досмұхамбетов кезекті 

баяндамасын аяқтап болысымен Төменгі 

палата  өкілдері  сұрақты  қарша  боратты. 

Мұндай  көп  сұрақ  болады  деп  күтпеген­

ау, сірә, министр тіпті халық қалаулылары­

ның  не  туралы  айтқанын  ұмытып  қалып, 

әлекке түсті. Абырой болғанда қасындағы 

Анатөлі  Құлназаров  бастаған  комитет 

төр а ғалары құлағына қайта­қайта сыбыр­

лап, қойылған сауалды есіне түсіріп отыр­

ды.  Сосын  бұл  министрдің  өзгеден  бір 

ерек шелігі,  қазақша  қойылған  сұраққа 

орысша жауап беретіндігі болды. Керісін­

ше,  орыс ша  қойылған  сауалға  арасында 

аламыш тап мемлекеттік тілмен түсініктеме 

беретін  мінезі  бар  екен.  Өкінішке  қарай, 

мұндай  тәр тіпсіздікті  қалт  жібермейтін 

депутат  Роза құл  Халмұрадов  Үкімет 

сағатына  келмеді  ме,  әлде  келсе  де  тілі 

шала  әрбір  шенеуніктің  аузын  бағудан 

шаршады ма, әйтеуір Темкеңе «тек» деген 

ешкім  бол ған  жоқ.  Ал  басқаларына 

бәрібір.  Сұ ра ғын  қойса  болды,  соған 

масаттанып отыр ғаны – отырған. 

туРизМНің тЕбіНі тыМ әлСіз

Өткенді әспеттемей, болашаққа бағыт 

алу қиын.  Депутат Мырзатай Шалахмет­

ов ты  қызықтырған  мәселе  Отырарды 

қайта түлету жайы болды. «Мұның маңы­

зы  зор,  өйткені  бүкіл  әлемнің  жартысын 

қанға бөктірген Шыңғыс ханға ешбір қала 

қарсы  тұра  алмағанда,  тек  Отырар  ғана 

алты  ай  бойы  қасқайып  қарсы  күресті. 

Оны  жаңғыртқанымыз  батыр  бабалары­

мыз дың ерлік, қайсарлық рухын болашақ 

ұрпақтың  бойына  еккеніміз  болмақ»,  – 

дейді  ол.  Осы  мақсатқа  қазынадан  15 

млрд    теңге  қарастырылып,  экономика­

лық­техникалық негіздемесі дайын тұрған 

көрінеді. Әйтсе де жобаның инфрақұры­

лы мына  қажетті  2,5  млрд  теңге  бюджет 

комиссиясында шешімін таппағандықтан, 

бұл сұрақ кейінге ысырылып, 2010 жыл­

дың  еншісінде  қалыпты.  «Қаржы  қиын­

шы лығы  шешілсе,  жалпы  жобаны  іске 

асы руға шетелден де, елімізден де ынталы 

инвесторлар  дайын»,  –  дейді  министр. 

Темірхан  Мыңайдарұлының  айтуынша, 

туризм  саласына  2007  жылы  –  97  млрд 

теңге,  2008  жылы  129  млрд  теңге  ақша 

бө лін ген. Бір қызығы, 2007 жылы елімізге 

5  млн  310  мың  саяхатшы  келсе,  2008 

жы лы  олардың  саны  4  млн  420  мыңға 

аза йып  кеткен.  Яғни  қаржы  көлемі  мен 

саяхатшы  саны  қарама­қайшы  келіп  тұр. 

Мұны, әрине, министр мырза экономи ка­

лық дағдарыстың салдарымен түсіндір ді. 

Десе  де,  туристердің  саны  туралы  бір 

шындық  депутат  Зейнолла  Алшымбаев­

тың қойған сұрағынан кейін анық болды. 

Темкеңнің  айтуынша,  кезінде  елімізден 

кеткен миллионға жуық неміс диаспора­

сының  өкілдері  жыл  сайын  еліміздегі 

туыс қандарына келіп қайтады екен. Олар 

тіпті бұл сапарға арнаулы чартерлік рейс­

тер  ұйымдастыратын  көрінеді.  Міне, 

солар дың  арқасында  туристер  саны  бір 

өссе, екіншіден, мұнайлы аймаққа келетін 

шетелдік компания қызметкерлерінің бәрі 

туристік сапармен жүрген мейман ретінде 

тіркеледі екен. «Бұл – дүниежүзінің елде­

рінде  қолданылып  отырған  тәжірибе»,  – 

дейді министр. Соған қарағанда, «еліміз­

дегі көрікті табиғат пен тарихи орындарды 

елеп­ескеріп келіп жатқан саяхатшыларда 

сан жоқ» деп судырату қисынсыз секілді. 

Әрине,  мұны  министрдің  өзі  де  мойын­

дай ды. «Туристік сала әлі дамымай жатыр, 

оған үлкен мемлекеттік қолдау керек, ту­

ристік  нысандардың  бәрін  халықаралық 

стандарттарға  сай  жасақтамай,  елге 

туристерді  көптеп  тарту  табыссыз  әрекет 

болмақ», – дейді Т.Досмұхамбетов.

Ұлттық СпОРт өРгЕ жүзбЕк

Көптен бері елді алаңдатқан бір жайт 

–  «Астана»  велоклубының  қаржылық 

дағдарысқа тап болғаны. Бірақ Мәжілісте 

өткен  кешегі  Үкімет  сағатында  министр 

еліміздің атын асқақтатып, даңқын дәріп­

тейтін  велосипедтегі  шабандоздардың 

ал дағы  халықаралық  бәсекелерде  бақ 

сынай беретінін жеткізді. Оған Елбасының 

өзі  тікелей  атсалысып,  қаржымен  қамта­

ма сыз етілетінін жеткізді. Айта кететін бір 

жайт,  команда  мүшелерінің  жартысы нан 

астамы отандық спортшылардан тұ ра тын 

айтулы ұжымды Америка секілді ал пауыт 

елдер сатып алуға ықылас таныт қан көрі­

неді.  Бірақ  спорт  және  туризм  министрі 

көпшілікті  еліміздің  «визиткасы»  болуға 

әбден лайық команданы ешкімге бермей­

міз  деп  сендірді.  Командадағы  әлемнің 

атышулы  велошабандоздарының  айлы­

ғын  төлеуге  қажетті  8­9  млн  дол лар ды 

инвестициялық  ақшадан  немесе  де меу­

шілерден, тіпті болмаса бюджет қор жынынан 

алу ойластырылуда. Қалай бол  са да, «Аста­

на» әлі «дөңгелей» беретін бо лады. 

Жиында  олимпиада  жеңімпаздарына 

берілер зейнетақы туралы депутат Нико­

лай  Турецский  орынды  мәселе  көтерді. 

Ресей спортшылары мың доллар көлемін­

де  зейнетақы  алады.  Ал  бізде  24  айлық 

есептік  көрсеткіш  көлеміндегі  зейнетақы 

мә селесі  әлі  шешімін  табар  емес.  «Бұл 

дегеніміз  –  200  долларға  да  жетпейтін 

ақ ша. Қазақстан үшін осыны да шеше ал­

мау – ұят нәрсе», – деп күйінді министрдің 

өзі де. Сонымен қатар халық қалаулылары 

регламент  бойынша  белгіленген  бір 

жарым  сағат  уақытта  Қысқы  Азия  ойын­

да рына дайындық барысы, балалар спор­

ты, параолимпиада ойындары туралы са­

уал дарын  да  қойып  үлгерді.  Министр 

бұ лардың  бәріне  шамасы  жеткенше  ла­

йық ты жауап беруге тырысты. Осылардың 

ішінен  жүрекке  жылы  тигені  Қазақтың 

ұлт тық  мұрасы  –  қазақша  күрес,  көкпар, 

то ғызқұмалақ  секілді  ерекше  тартымды 

спорт  түрлерін  дамыту  үшін  бар  мүмкін­

дік тің  жасалып  жатқаны  еді.  Қазіргі  уа­

қыт та осындай ұлттық спортпен айналыса­

тын дардың саны 200 мың адамнан асады. 

Ал балалар спортының беталысы да баға­

лауға тұрарлық. Биылғы жылы өрендерге 

арналған  спорт  мектебі  415­ке  көбейіп, 

спорт пен  шұғылданатын  балдырғандар­

дың саны 226 мыңға жетіпті. 

Астана

Бұл  сұраққа  нақты  жауап  беру 

қиын. Дегенмен ресми әлемдік үкімет 

емес,  жекелеген  елдердің  ғаламдық 

деңгейдегі мәселелерін өз мүддесіне 

сай шешумен айналысатын құпия үкі­

мет тің бар екенін көптеген басы лым­

дар жоққа шығармайды. Әлемге жа­

ңа  тәртіп  енгізуге  тырысатын  және 

ға ламдағы  құбылыстарды  бақылай­

тын  аса  ірі  корпорация  басшылары­

ның, масондардың өзіне тән құ ры лы­

мы,  пирамидасы,  иерархиясы  бар 

тө бел тобы  жұмыс  істейтін  көрінеді. 

Олардың қатарына баяғы Рокфеллер, 

Морган, Форд әулеттерінің ұрпақтары 

және 2 мыңдай бақуатты отбасы кі ре­

ді.  383  мүшесі  бар  «Бильдерберг» 

клу бы,  Иллюминат,  «Үштарапты  ко­

мис сия» (ресми сайты –www.trilateral.

org), «Мэйджестик твелв» немесе MJ­

12 туралы Дж.Колеманның «Комитет 

300», Н.Е.Марковтың «Қара күштер­

дің соғысы» деген еңбектерінде кеңі­

нен  баяндалады.  Мәселен,  «Комитет 

300» деген ескі құпия үкімет Еуропа­

лық құру және Даму банкі, Гаагадағы 

халықаралық  трибунал,  британдық 

MI­6 арнайы қызметі, Рим клубының 

қызметін үйлестіреді. Бұл құпия үкімет 

Еуропадағы  және  Оңтүстік­шығыс 

Азия дағы, Қытайдағы есірткі мен қару­

жарақ саудасының көрігін қыз дырады. 

Ал  оның  «қара  жәшігі»  Швей цария 

банктері  болып  табылады.  Ал  масон 

ложалары 

құрған 

иллюми нат тар 



құрамына ХВК, ДСҰ, НАТО, Ин терпол, 

Бүкіләлемдік банк кіретін көрінеді.

СаяСи  бюро

М

ӘЖІ



л

ІС

темкеңе ешкім «тек» деген жоқ 

литвалықтар қарқынды дамып келе 

жатқан Қазақстанмен қарым­қатынасын 

әлі  де  жандандыра  түспек  ниетте  екен. 

Осы орайда Вигаудас Ушацкас бастаған 

құрамында  20­дан  астам  кәсіпкері  бар 

делегация Астанадағы бірқатар кездесу­

лер ден  соң  Алматыға  барып,  бизнес­

форум өткізбек. литва – ЕҚЫҰ­ға төра­

ға лық етпекші болып отырған бұрынғы 

Кеңес  Одағы  елдерінің  екіншісі.  2010 

жылғы  Қазақстанның  төрағалығынан 

кейін  аталмыш  халықаралық  ұйымның 

тізгінін литва ұстамақ. «ЕҚЫҰ төрағалы­

ғы на дайындық мәселесінде біздің мүд­

деміз  бір  жерден  шығады.  Қазақстан 

сыртқы істер министрімен кездесуде біз 

төрағалық  ететін  келесі  және  одан 

кейінгі жылдарда жүзеге асыруға бола­

тын бастамалар мен іс­шаралар туралы 

пікір алыстық», – деді В.Ушацкас өзінің 

қазақстандық әріптесі Марат Тәжинмен 

кездесуден кейін өткен баспасөз мәсли­

ха тында.

Осы  тұстағы  «біз  төрағалық  ететін 

ке лесі және одан кейінгі жылдар» деген­

ге тоқтала кетейік. Бұл жерде мәртебелі 

мейман  2010  жылғы  –  Қазақстанның, 

со сын 2011 жылғы литваның ЕҚЫҰ­ны 

бас қаратынын  айтып  отыр.  Ал  «біз» 

дегені екі елдің төрағалық етудегі мүд­

де сінің  де  ортақ  екенін  меңзесе  керек. 

Яғни  осы  екі  жылда  кезектесіп  қолға 

алы натын  төрағалықты  тығыз  қарым­

қатынаста күш қосып атқаруға ниет біл­

діріп  отыр.  Қазақстан  жағы  бұл  тілекті 

қабыл  алған  секілді.  «Бізден  кейін 

ЕҚЫҰ­ны  басқаратын  литва  Респуб­

ликасы  қазірден  бастап  тығыз  қарым­

қа тынас орнатып, төрағалық ету бары­

сындағы  барлық  мәселелерді  бірлесіп 

ше шуді  ұсынып  отыр.  Бүгінгі  кездесуде 

осы  мәселені  талқылап,  біз  де  төраға­

лық ты литвамен тығыз қарым­қатынас­

та атқаруды ұйғардық», – деді Қазақстан 

сыртқы істер министрі Марат Тәжин. 

Сонымен қатар, тараптар екі ел дип­

ломаттарының  визасыз  барыс­келісін 

рет тейтін келісімге қол қойысты. Марат 

Тәжин мұндай жеңілдікке келешекте өз­

ге  санаттағы азаматтардың да қол жет­

кі зуі мүмкін екенін айтты.


Каталог: userdata -> editions -> pdf


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет