Киіз үй. Киіз үйдің макетін жасау Сабақтың мақсаты



Дата05.04.2018
өлшемі51.34 Kb.
Муханов Хабиболла Маратович,

Б. Нысанбаев атындағы орта мектебінің

технология пәні мұғалімі
Киіз үй. Киіз үйдің макетін жасау
Сабақтың мақсаты:


  • Жас ұрпаққа сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу түсінігін қалыптастыра отырып, киіз үйдің шығу тарихын, оны жасау технологиясымен таныстыру.

  • Оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятып, батылдыққа, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.

  • Оқушылардың ұлттық өнер туралы білімдерін жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту.


Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сын тұрғысынан ойлау элементтері

Сабақтың көрнекілігі: Киіз үйдің макеті, буклет, кесте, иллюстрация,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, өнер, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)

ІІ. Жаңа сабақ

- Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білім деңгейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие және қазіргі уақытта халықтық өнерге ынта – ықыласы анағұрлым артты. Халық өнерін жаңғыртып, одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып табылады. Бұл орайда қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің мәні мен алар орны айрықша.

(иллюстрациялық суретті көрсету)
1. Топтастыру. – Оқушылар, бұл суретте не бейнеленген?

Киіз үй – көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғын үйі. Киіз үйді қазақ халқының материалдық мәдениетінің үлкен жетістігі деп қарауға болады. Өйткені киіз үй тек баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Оны бір жерден екінші жерге атпен немесе түйемен тасымалдауға, тез тігіп, тез жығуға болады. Сонымен бірге оның киіздерінен қыста жауын – шашын өтпейді, жылуды сақтайды, жазда күннің ыстығын өткізбейді. Киіз үйдің әрқашан қоңыр салқын болады.Қазіргі кезде киіз үйді жазда жайлауда тігеді, ал қалада кез – келген жиын киіз үйсіз өтпейді.

Киіз үйдің тарихы

Андроновтар тұрғын үйін зерттей келе ғалымдар киіз үйдің қалай пайда болғанына болжам жасады. Бұл- көшпенділердің көшіп- қонуға ыңғайлы тұрғын үйі. Киіз үйдің шығу тарихы ғалымдарды ертеден қызықтырып келді. Киіз үйдің «бедуиндердің шатырынан немесе сібір күркесінен келіп шыққан» деп жорамалданды. Бірақ Чаглинка, Петровка , Атасу, Бүгулідегі дөңгелек немесе көп қырлы , ағашқаңқалы, түтін шығатын рамаға сүйенген конустық немесе пирамида тәрізді құрылыстың қазба қалдықтары табылғаннан кейін киіз үйдің прототипі – жеңіл, дөңгелек андроновтар тұрғын үйі деп айтуға болатын еді.

2. Мағынаны тану

Киіз үйдің түрлері. Ол мәдени –тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке-жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй;жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма, сарай ретінде тігілетін киіз үй. (киіз үйдің түрлері суреттерін көрсету)

Ақ үй, ақ орда, боз үй деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілу жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау-жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді. Адамзат дамуының әр кезең сатыларында тұрғын үйдің әр түрлері болады. Орманда, далада өмір сүрген кқшпелі халық әуелі бірнеше сырықтың басын қосып буып күрке жасады. Келесі сатыда сырықтардың басын қосып бумай, оны шығыршыққа өткізіп қойды. Одан беріректе сырықтың ұшын әр жерден арнаулы тесік жасалған дөңгелекке (қазіргі шаңырақтың қарапайым түрі) кигізетін болды. Мұндай күрке бұрынғыға қарағанда әрі кең, әрі биіктеу болатын. Ал төртінші сатыда күркенің сырықтары жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрды. Уық пен керегенің негізі осылай қаланды.

Соңғы 7-8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгерістер енгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы – ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел-дауылға көп шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап-тігуі оңай. 

Киіз үйдің жабдығы

Киіз үй берік ағаштан жасалады (қайыңнан, талдан). Киіз үйдің сүйегін үйшілер жасайды. Қажетті ағаштар 6 ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі. Үйшілер бұл ағаштарды қажетінше жонып, морға, қоламтаға салып, балқытып, тезге салып түзетеді. Үй сүйегіне арналған ағаштарды түзетіп, шауып, қырнап болғаннан кейін, тағы да морға салып, кереге,уыққа,күлдіреуішке лайықтап, белгілі үлгіге келтіріп құрастырған.Үй ішінің киіз үйдің ағаш бөліктерін булайтын пешіморы, оларды майыстыратын немесе түзететін білдегі-тез және қолмен бұрғылайтын үскісі, сондай – ақ әр түрлі құрал-сайман бар шеберханасы болған.

Киіз үйдің қаңқасы төрт бөліктен қанаттан (кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ деп атайды. Желілерді тесіп, қайыстар арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды);уықтан (Уық кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық бөліктерін: алақан,иіні, қары және қаламы деп атайды. Ол иінінен ішке қарай иіле жасалады да, үйдің күмбезі үлгісі осы уықтан басталады.); шаңырақтан және екі жаққаа ашылатын есіктен тұрады. Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады.

Киіз үй жасау үшін әртүрлі ағаштар қолданылады; қанаттары мен уығына – тал, шаңырағына – қайың, есігіне – қарағай немесе қайың тақтайлар мен білеушелер.

Шаңырақ диаметрі 1 м-ден 2 м-ге дейін жетеді, ол киіз үйдің үй өлшеміне байланысты болады.Ол үшін қайыңның жуандығы 5-10 см болатын бұтақтарын таңдаған.

Кереге жақтауларын,күмбезді сырықтарды және шаңырақты өсімдіктердің тамырынан жасалған бояумен бояйды.

3. Киіз үйді жасаудың технологиялық картасын көрсету арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.
ІІІ. Бекіту.

- Жақсы балалар, бүгінгі біздің тақырыбымызға байланысты қандай мақал – мәтелдерді, қанатты сөздерді білесіңдер?



  • Адамды өнер танытар

  • Өнер талаптыдан туар

  • Өнер көзі - халықта

  • Шаңырағың биік болсын

  • Керегең кең болсын

  • Өнерлі өрге жүзер




  • Киіз үйдің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Үй мен киіз үйдің айырмашылығын айтыңдар?

  • Киіз үй қаңқасын неден жасайды?

  • Киіз үйді қандай ағаштан жасайды?

- Еліміздің елтаңбасында киіз үйдің қай бөлігі бейнеленген?

Техникалармен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік кілем тоқып, кітап сөрелері, тағы басқа көптеген үй жиһаздары жасалынып жатыр. Тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалады. Тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар, енді зауыттардан шығарылады.Балшықтан жасалынатын бұйымдар орнын енді цемент, гипс т.б. материалдар басты. Бірақ атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақ халқының қолөнері әлі күнге дейін жекеленген шеберлердің қажымас еңбектерінің нәтижесінде халық арасына құнды мұра болып таралып келе жатыр.



«Ата дәстүрінің озығы бар, тозығы бар» демекші, бүгінгі күннің талабына сай ата – салтымыздың тозығын тастап, озығын қайта жаңғыртып, сән – салтанатымызбен қолданғанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет