КӘсіптік стандарт



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата13.10.2018
өлшемі1.41 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЖОБА 

 

 



Денсаулық сақтау  саласы 

КӘСІПТІК СТАНДАРТ 

кәсіптік  қызмет саласы:  Дәрігерлік  практика 

кәсіптік  қызметтің  кіші  саласы:  Арнайы дәрігерлік  практика 

«Балалар психиатриясы  (наркология, психотерапия, медициналық психология, сот-

психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық  сараптама)» 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  Осы  кәсіптік  стандартта  «денсаулық  сақтау  жүйесі»  саласы  «медициналық  қызмет» 



кіші  саласы  «дәрігерлік  практика»  қызмет  саласы  «Балалар  психиатриясы  (наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, 

сот-психиатриялық 

сараптама, 

сот-

наркологиялық  сараптама)»  кіші  қызмет  саласындағы  қызметтің  біліктілік,  құзыреттілік 



деңгейіне, мазмұнына, сапасы мен еңбек жағдайларына қойылатын талаптар айқындалады  

2. Кәсіптік  стандарт: 

ҚР  Ұлттық  біліктілік  жүйесінің  аса  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  оның  негізінде 

білім  беру  бағдарламалары,  сертификаттау  жүйесіндегі  стандарттар,  лауазымдық 

нұсқаулықтар,  қызметтің  осы  кіші  саласының  қызметкерлеріне  арналған  көтермелеу  және 

ынталандыру жүйесі әзірленеді  және жетілдіріледі; 

кәсіптік  стандарт  Ұлттық  біліктілік  шеңберінің,  Денсаулық  сақтау  жүйесіндегі 

салалық  біліктілік  шеңберінің  талаптары  негізінде  әзірленген,  медициналық  жаңа 

технологиялардың  пайда  болуын,  медициналық  көрсетілетін  қызметтердің  қауіпсіздігі 

мен  сапасының  жетілдірілуін,  медициналық  көрсетілетін  қызметтер  нарығының  «Балалар 

психиатриясы  (наркология,  психотерапия,  медициналық  психология,  сот-психиатриялық 

сараптама,  сот-наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  шеңберіндегі  жаңа  құзыреттерге 

мұқтаждықтарын ескере отырып ұдайы жаңартып тұру мүмкіндігі  бар» 

3. Осы кәсіптік  стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 

1)

 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  –  еңбек  нарығында  танылатын  біліктілік  деңгейлерін 



құрылымдық жағынан сипаттау;  

2)

 



салалық  біліктілік  шеңбері  –  салада  танылатын  біліктілік  деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

3)

 

кәсіптік  стандарт  –  кәсіптік  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік  деңгейіне 



және  құзыреттілікке,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына  қойылатын 

талаптарды айқындайтын стандарт; 

4)

 

сала  –  шығарылатын  өнімнің,  өндіріс  технологиясының,  негізгі  қорлар  мен 



жұмыс  істейтіндердің  кәсіптік  дағдысының ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың 

жиынтығы; 

5)

 

кәсіптік  қызмет  саласы  –  біріккен  ортақ  негізі  (ұқсас  немесе  жуық  мақсаты, 



объектілері,  технологиялары,  оның  ішінде  еңбек  құралдары)  бар  және  оларды  орындау 

үшін  ұқсас  құзыреттер  жинағы  бар  сала  қызметі  түрлерінің  жиынтығы  негізгі  және 

қосалқы  функцияларды  іске  асыруды көздейтін  сала қызметінің  бір  бөлігі;   

6)

 



еңбек  қызметінің  түрі  –  кәсіптік  қызмет  саласының  еңбек  функцияларының 

тұтас 


жинағымен 

және 


оларды 

орындау 


үшін 

қажетті 


құзыреттіліктермен 

қалыптастырылған құрамдас  бөлігі; 

7)

 

еңбек  функциясы  –  еңбек  процесінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін  шешуге 



бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

8)

 



міндет  –  нақты  бір  еңбек  мәндері  мен  құралдарын  пайдалана  отырып  еңбек 

функциясын  іске  асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 



9)

 

еңбек  нысанасы  –  белгілі  бір  еңбек  құралдарының  көмегімен  өнім  жасау 



мақсатында қызметкердің  іс-қимылы бағытталатын нысана; 

10)


 

еңбек  құралдары  –  қызметкердің  еңбек  нысанасын  бастапқы  күйден  өнімге 

айналдыру үшін  пайдаланатын құралдары; 

11)


 

құзырет – еңбек қызметінде  білімін,  дағдысы мен тәжірибесін  қолдану  қабілеті; 

12)

 

кәсіп  –  арнайы  теориялық  білім  мен арнайы даярлықтың, жұмыс тәжірибесінің 



нәтижесінде  алынған  практикалық  дағдылар  кешенін  білуді  талап  ететін  еңбек  қызметінің 

түрі; 


13)

 

лауазым – ұйымның ұйымдық-әкімшілік  сатысындағы функционалдық  орын; 



14)

 

функционалдық  карта  –  кәсіптік  қызметтің  белгілі  бір  саласының  шеңберінде 



белгілі  бір  қызмет  қызметкері  орындайтын  еңбек  функциялары    мен  міндеттердің 

құрылымданған сипаттамасы;  

15)

 

кәсіптік  стандарт  бірлігі  –  еңбек  қызметінің  осы  түрі  үшін  тұтас,  аяқталған, 



қатысты түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының толық 

сипаттамасынан тұратын кәсіптік  стандарттың құрылымдық элементі; 

16)

 

біліктілік  –  қызметкердің  белгілі  бір  қызмет  түрі  шеңберінде  нақты 



функцияларды  сапалы орындауға әзірлігі; 

17)


 

біліктілік  деңгейі  –  күрделілігі,  еңбек  әрекетінің  стандарттан  тыс  болуы, 

жауапкершілігі  және  дербестігі  бойынша  сараланатын  қызметкерлер  құзыреттілігіне 

қатысты талаптар жиынтығы; 

18)

 

дескриптор  –  СБШ  тиісті  біліктілік  деңгейіндегі  қызметкердің  құзыретіне, 



дағдысы мен білімінің  сипатына қойылатын талаптар жиынтығының қорытылған сипаты.  

4.  Құзыреттілікке  қойылатын  талаптар  параметрлер  бойынша  саралануға  тиіс. 

Мысалы,  кәсіптік  қызметтегі  дербестік,  жауапкершілік  және  орындалатын  міндеттердің 

күрделілігі. 

5.  Осы  кәсіптік  стандартты  әзірлеу  мақсаты  еңбек  функцияларын,  оларды  іске  асыру 

жөніндегі  міндеттерді,  «Балалар  психиатриясы  (наркология,  психотерапия,  медициналық 

психология,  сот-психиатриялық  сараптама,  сот-наркологиялық  сараптама)»  кіші  қызмет 

саласындағы  қызметкерлердің  біліміне,  дағдысы  мен  құзыретіне  қойылатын  тиісті 

талаптарды жүйелі әрі құрылымдалған түрде сипаттау болып табылады» 

6. Осы кәсіптік  стандарт: 

өзінің  кәсіптік  қызметін  таңдауды жүзеге асыратын абитуриенттерге;  

          одан  әрі  кәсіптік  даму  бағдары  ретінде  «Балалар  психиатриясы  (наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, 

сот-психиатриялық 

сараптама, 

сот-


наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  бойынша  денсаулық  сақтау  жүйесінің 

қызметкерлеріне; 

білім  беру  бағдарламаларын  жетілдіру  бағдары  ретінде  медициналық  білім  беру 

саласының қызметкерлеріне; 

денсаулық  сақтау  ұйымдарының кадр қызметтеріне; 

адами ресурстарды басқаруды  жетілдіруге; 

денсаулық  сақтау  ұйымдары  мен  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 

министрлігінің  басшыларына; 

кадр  саясатын  ұтымды  жүзеге  асыруға  және  жекелеген  ұйымдардың  да,  тұтастай 

саланың да адами ресурстарын дамытуды жоспарлауға  арналған. 

7. Осы кәсіптік  стандартта мынадай қысқартылған сөздер пайдаланылады: 

 

СБШ 


 

 



салалық біліктілік  шеңбері 

ҚР МЖ 


 

 



ҚР Мемлекеттік  жіктеме 

ҚР 


 

 



Қазақстан Республикасы  

МВА 


 

 



Іскери әкімшілендіру  магистрі   

PhD 


 

 



докторантура 

АИТВ 

 



 

адамның иммун тапшылығының вирусы  

НҚА 



 



 

нормативтік құқықтық  актілер   

ДВС 



 



 

тамыр ішілік  диссеминацияланған ұю    

ЖҚЖ  



 



 

жүйелі қызылжегі 

ЕПҰ   



 



 

емдік-профилактикалық  ұйымдар 

ЖЖЖ 



 



 

жүректің  жиырылу жиілігі 

ДЖ 



 



 

дем алу жиілігі 

АҚ 

 



 

артериалиялық қысым 

ИФТ 



 



 

иммуноферментті  талдау 

ЭЭГ 



 



 

электроэнцефалография, 

РЭГ 



 



 

реоэнцефалография 

ЭхоЭГ 



 



 

эхоэнцефалография 

КТ 



 



 

компьютерлік  томография 

МРТ 



 



 

магнитті-резонансты томография 

ПЭТ 



 



 

позитронды-эмиссиялық томография 

ЭКГ 



 



 

электрокардиография 

ПАЗ  



 



 

психоактивті  заттар 

ПМПК 



 



 

психолого-медико-педагогикалық  комиссия 

АХЖ-

10 


 

 



10-шы рет қайта қаралған Аурулардың  халықаралық  жіктемесі   

УДДГ 


 

 



ультрадыбысты допплерография 

ЭхоКГ 


 

 



эхокардиогра фия  – жүректің және оның қақпақша 

аппаратының морфологиялық  және функционалдық  өзгерістерін 

тексеруге  бағытталған ультрадыбысты диагностика әдісі   

ЭПТ  


 

 



эксперименттік-психологиялық  тексеру 

ЯМРТ 


KPI 

 



 

 

ядролық-магнитті-резонансты томография 



тиімділіктің  түйінді  көрсеткіштері   

Ф 



 

 

функциялар 



З 

 



 

міндеттер 

 

2. Кәсіптік стандарт паспорты  

8.  Экономикалық  қызмет  түрлерінің  номенклатурасына  сәйкес  кәсіптік  стандартта 

көрсетілген  экономикалық қызмет түрлері:   

86.10.1  Бейіні  кең  ауруханалар  мен  мамандандырылған  ауруханалардың  қызметі 

(стационарлық науқастарды  емдеу) 



86.22.0  Арнайы  дәрігерлік  практика  (маман  дәрігерлер  көрсететін  медициналық 

консультациялар мен емдеу) 

9.  Кәсіптік  қызметтің  негізгі  мақсаты:  «Балалар  психиатриясы  (наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, 

сот-психиатриялық 

сараптама, 

сот-

наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  бойынша  мамандандырылған  және  жоғары 



мамандандырылған медициналық көмек көрсету. 

10.  Кәсіптік  стандартта  кәсіптік  қызметтің  кіші  саласында  қызметкерлерді  ұстауға, 

олардың  сапасына,  еңбек  жағдайларына,  біліктілігі  мен  құзыреттілігіне  қойылатын 

талаптар  белгіленеді.  Стандарт  талаптары  осы  саланың  қызмет  түрлері  мен  мынадай 

кәсіптеріне  қатысты: 

1.

 



«Балалар  психиатриясы  (наркология,  психотерапия,  медициналық  психология, 

сот-психиатриялық  сараптама,  сот-наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  бойынша 

ординатор дәрігер  (бейінді  маман)  


2.

 

«Балалар  психиатриясы  (наркология,  психотерапия,  медициналық  психология, 



сот-психиатриялық  сараптама,  сот-наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  бойынша 

сарапшы-дәрігер   



 

Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік  деңгейлері  

 

Р

/с 

№  

Эконом

икалық 

қызмет 

түрінің 

атауы 

Еңбек нарығының үрдістері 

ескерілген кәсіптердің  

атауы  

01-2005 

ҚР МЖ 

сәйкес 

кәсіптің 

атауы  

СБШ 

біліктілік 

деңгейі 

Арнайы 



дәрігерлік 

практика 

«Балалар психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша ординатор дәрігер  (бейінді  маман)  

2221 


маман 

дәрігер 

7.1 

7.2 


7.3 

7.4 

Арнайы 


дәрігерлік 

практика  

«Балалар психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша сарапшы-дәрігер 

2221 


маман 

дәрігер 

7.3 

7.4 




 

3. Еңбек қызметі түрлерінің  карточкасы: 

 

Кәсіптің атауы: балалар психиатр-дәрігері 

3.1  «Балалар  психиатриясы  (наркология,  психотерапия,  медициналық 

психология,  сот-психиатриялық  сараптама,  сот-наркологиялық  сараптама)» 

мамандығы 

бойынша 

ординатор-дәрігердің 

(бейінді 

маманның) 

еңбек 

жағдайларына, білімі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар  

 

Кәсібі бойынша 

жұмыс істеуге 

болатын жерлер 

(кәсіпорындар, 

ұйымдар) 

Мынадай: 

амбулаториялық-емханалық 

көмек, 


консультативтік-диагностикалық  көмек,  стационарлық  көмек, 

стационарды  алмастыратын  көмек, шұғыл медициналық көмек, 

санитариялық  авиация  көмегін,  төтенше  жағдайлар  кезінде 

медициналық  көмек  көрсететін,  қалпына  келтіріп  емдейтін 

және  медициналық  оңалтатын,  паллиативті  көмек  көрсететін 

және мейіргерлік  күтім  жасайтын ұйымдар 



Зиянды және 

қауіпті еңбек 

жағдайлары 

1.  Пациенттің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін 

жағдайлардың  туындауына  байланысты  психоэмоциялық 

жүктемелер,  шұғыл  түрде  дербес  шешімдер    қабылдауды  талап 

ететін  штаттан  тыс  жағдайлардың  туындауы  және  олардың 

нәтижесі  үшін  жауапкершілік,  жіті  психикалық  ауытқуы  бар,  

психомоторлы  қозу  күйіндегі  пациенттермен,  сырқатына, 

қорқынышқа,  физикалық  жайсыздыққа  байланысты  немесе 

келеңсіз  немесе  өнімді  психопатологиялық  симптоматикамен 

және 


басқаларымен 

негізделген 

физикалық 

және 


психоэмоциялық азап шегетін  пациенттермен жұмыс). 

2.  Медициналық  көмек көрсету кезінде пациенттердің және 

олардың  туыстарының  тарапынан  физикалық  жапа  шегу  қаупі, 

пациенттердің  туыстары  тарапынан  тікелей  немесе  жазбаша 

жазғыру  ықтималдығы.  Психикалық  науқастармен  байланыс 

жасаған кезде өмірі  мен денсаулығына қауіп  төнуі. 



3. 

Науқастардың 

организмінен 

өңделіп 


шығатын 

нейролептикалық  заттардың  буымен  тыны  салу  салдарынан 

кәсіптік  аурудың  пайда болу қаупі  (энцефалопатияның дамуы)   

Жұмысқа рұқсат 

берудің ерекше 

шарттары 

«Балалар 

психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық  психология,  сот-психиатриялық  сараптама,  сот-

наркологиялық  сараптама)»  мамандығы  бойынша  маман 

сертификатының, жеке медициналық кітапшасының  болуы.  



СБШ 

біліктілік 

деңгейі 

Кәсіптік білім беру және оқыту 

деңгейі  

Талап етілетін 

жұмыс тәжірибесі 

7.1. 


«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы 

практика дәрігері»  мамандығы бойынша 

жоғары медициналық білім,  интернатура / 

+ «Балалар  психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша резидентура немесе кемінде  864 

сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама)» 

мамандығы бойынша бастапқы мамандану.  

Жұмыс тәжірибесі 

талап етілмейді 

7.2. 


«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы 

практика дәрігері»  мамандығы бойынша 

жоғары медициналық білім,  интернатура / 

+ «Балалар  психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша резидентура немесе кемінде  864 

сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама)» 

мамандығы бойынша бастапқы мамандану, 

соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 

кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру. 

7.1. біліктілігімен 

«Балалар психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология)»  мамандығы 

бойынша кемінде  3 жыл 

жұмыс тәжірибесінің 

болуы.  

«Сот-психиатриялық 

сараптама, сот-

наркологиялық 

сараптама» мамандығы 

бойынша жұмыс 

тәжірибесінің  болуы – 7.1. 

деңгейінде кемінде  5 жыл 

практика  

7.3.В 


«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы 

практика дәрігері»  мамандығы бойынша 

жоғары медициналық білім,  интернатура / 

+ «Балалар  психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша резидентура немесе кемінде  864 

сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама)» 

7.2. біліктілігімен 

«Балалар психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология)»  мамандығы 

бойынша кемінде  3 жыл 

жұмыс тәжірибесінің 

болуы. 

«Сот-психиатриялық 



сараптама, сот-

наркологиялық 



мамандығы бойынша бастапқы мамандану, 

соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 

кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру.  

сараптама» мамандығы 

бойынша жұмыс 

тәжірибесінің  болуы – 7.2. 

деңгейінде кемінде  5 жыл 

практика  

7.4.В 


«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы 

практика дәрігері»  мамандығы бойынша 

жоғары медициналық білім,  интернатура / 

+ «Балалар  психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, 

сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша резидентура немесе кемінде  864 

сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама)» 

мамандығы бойынша бастапқы мамандану, 

соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 

кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру. 

7.3.В біліктілігімен 

«Балалар психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология)»  мамандығы 

бойынша кемінде  3 жыл 

немесе 7.3.А біліктілігімен 

кемінде  2 жыл жұмыс 

тәжірибесінің  болуы.  

«Сот-психиатриялық 

сараптама, сот-

наркологиялық 

сараптама» мамандығы 

бойынша кемінде  5 жыл 

жұмыс тәжірибесінің 

болуы. 

 

3.2

 

«Балалар психиатриясы  (наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық  сараптама)» 

мамандығы бойынша  бойынша сарапшы-дәрігердің,  сот-психиатриялық сараптама 

дәрігерінің,  сот-наркологиялық  сараптама дәрігерінің  еңбек жағдайларына, білімі 

мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар  

 

Кәсібі бойынша жұмыс 

істеуге болатын жерлер 

(кәсіпорындар, ұйымдар) 

Аудандық,  қалалық,  облыстық және республикалық 

деңгейдегі  денсаулық  сақтау  ұйымдары. 

Медициналық сақтандыру  компаниялары. 

Медициналық және фармацевтикалық  қызмет 

сапасын бақылау  комитеті. 

Медициналық қызметке  ақы төлеу комитеті. 

Денсаулық сақтауды  басқарудың  уәкілетті 

мемлекеттік  органдары. 

Зиянды және қауіпті 

еңбек жағдайлары 

1. Психоэмоциялық жүктемелер. 

2. Медициналық көмек  көрсету  кезінде 

пациенттердің және олардың туыстарының тарапынан 

физикалық  жапа шегу  қаупі,  пациенттердің туыстары 

тарапынан тікелей  немесе жазбаша  жазғыру 

ықтималдығы 

Жұмысқа рұқсат 

берудің ерекше шарттары 

«Балалар психиатриясы (наркология, психотерапия, 

медициналық психология, сот-психиатриялық 

сараптама, сот-наркологиялық сараптама)»  мамандығы 

бойынша бірінші  немесе жоғары санаттағы маман 

сертификатының, сарапшы дәрігер  сертификаның, жеке 

медициналық кітапшасының  болуы.. 

СБШ 

біліктілік 

деңгейі 

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі  

Талап етілетін 

жұмыс тәжірибесі 


7.3.В 

«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы практика 

дәрігері»  мамандығы бойынша жоғары 

медициналық білім,  интернатура / + «Балалар 

психиатриясы (наркология, психотерапия, 

медициналық психология, сот-психиатриялық 

сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» 

мамандығы бойынша резидентура немесе кемінде 

864 сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы бойынша 

бастапқы мамандану, соңғы 5 жылда мамандығы 

бойынша кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру, медициналық қызметтердің  сапасын 

сараптау бойынша, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама бойынша соңғы 5 

жылда кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру. 

7.2. 


біліктілігімен 

«Балалар 

психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, сот-

психиатриялық 

сараптама, сот-

наркологиялық 

сараптама)» 

мамандығы 

бойынша кемінде  3 

жыл жұмыс 

тәжірибесінің 

болуы. 


7.4.В 

«Педиатрия»  / «терапия»  / «жалпы практика 

дәрігері»  мамандығы бойынша жоғары 

медициналық білім,  интернатура / + «Балалар 

психиатриясы (наркология, психотерапия, 

медициналық психология, сот-психиатриялық 

сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» 

мамандығы бойынша резидентура немесе кемінде 

864 сағат көлемінде  «Балалар  психиатриясы 

(наркология, психотерапия, медициналық 

психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-

наркологиялық сараптама)»  мамандығы бойынша 

бастапқы мамандану, соңғы 5 жылда мамандығы 

бойынша кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру, медициналық қызметтердің  сапасын 

сараптау бойынша, сот-психиатриялық сараптама, 

сот-наркологиялық сараптама бойынша соңғы 5 

жылда кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін 

арттыру. 

7.3. 


біліктілігімен 

«Балалар 

психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, сот-

психиатриялық 

сараптама, сот-

наркологиялық 

сараптама)» 

мамандығы 

бойынша кемінде  3 

жыл жұмыс 

тәжірибесінің 

болуы.  


8. 

«Дәрігер»  біліктілігімен  жоғары медициналық 

білім,  «Жалпы практика дәрігері»  / «Терапия», 

«Педиатрия»  мамандығы бойынша интернатура  + 

«Балалар психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, сот-

психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық 

сараптама)»  мамандығы бойынша резидентура 

немесе «Балалар  психиатриясы (наркология, 

психотерапия, медициналық психология, сот-

психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық 

сараптама)»  мамандығы бойынша кемінде  864 

сағат көлемінде  қайта даярлау + магистратура 

(ғылыми-педагогикалық),  іскери  әкімшілендіру 

магистрі  (МВА)  және докторантура  (PhD), 

медицина ғылымдарының кандидаты немесе 

докторы ғылыми дәрежесі,  соңғы 5 жылда 

7.4.В 


біліктілігімен 

«Балалар 

психиатриясы 

(наркология, 

психотерапия, 

медициналық 

психология, сот-

психиатриялық 

сараптама, сот-

наркологиялық 

сараптама)» 

мамандығы 

бойынша кемінде  3 

жыл жұмыс 

тәжірибесінің 


мамандығы бойынша кемінде  216 сағат көлемінде 

біліктілігін  арттыру, медициналық қызметтердің 

сапасын сараптау бойынша соңғы 5 жылда 

кемінде  216 сағат көлемінде  біліктілігін  арттыру. 

болуы  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет