Кәрібай Мұсырман Елбасы мешітке есімін бергізген Бәйкен Әшімов – қандай құрметке болсын лайықты тұлға



Дата10.04.2018
өлшемі33.99 Kb.
#65837
Кәрібай Мұсырман
Елбасы мешітке есімін бергізген

Бәйкен Әшімов – қандай құрметке болсын лайықты тұлға
Қазақстан Үкіметін он төрт жыл бойы басқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Бәйкен Әшімовтің дүниеден озғанына биыл бес жыл өтіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес елімізде даңқты жерлесіміздің есімін мәңгі есте қалдыру шаралары қолға алына бастады.
cialis online mexicopharmacy canada cialischeap generic cialiscialis canada cheapestcialis overdosagecialis 20mgon line pharmacy australia cialisbuy cialis germanybuy sublingual cialis onlinecialis mg to takecialis 2.5 pricecialis generic canada

argaiv1036

Өткен айда асыл ағамыз бір кезде білім алған Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінде оған арналған ескерткіш тақтаны ашу үстінде Бәйкен ағаның ұлы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Оңдасын Әшімов осы игі шараға ұйытқы болған облыс әкімі Ерік Хамзаұлы Сұлтановқа алғысын білдіре келіп:  

– Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Алматыдағы жаңа ашылған мешітке әкемнің есімі берілді және біздің отбасымыз тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды, – деп қуана хабарлаған болатын.

Әрине, сол салтанатты жиынға қатысқан кейбір кісілер үшін Алла тағаланың жердегі үйі саналатын ғибадатханаға Президентіміздің Бәйкен Әшімұлының есімін бергізуі таңғаларлықтай жаңалық болып көрінген болуы мүмкін. Ал Бәйкен ағаны жақсы білетін жандар мұны өзіндік заңдылығы бар, өте орынды да ұлағатты шешім ретінде қабылдағаны хақ. Сол сәтте менің есіме атақты жазушы Дүкенбай Досжанов айтқан бір әңгіме оралды. Біздің облысқа келген бір сапарында кездескенімізде:

– Қызылжар өңірінен қазақтың талай арыс азаматтары шыққан ғой. Солардың бірі әрі бірегейі – Бәйкен Әшімов. Маған ол кісінің үлкен шапағаты тиді. Жазушы ретінде атым шыға бастаған кезде Алматы қаласынан жайлы пәтер ала алмай, әркімнің босағасын паналап, пеш жағатын жеке үйлерді жалдап, қиындық көріп жүрдім. Сондықтан бір күні Бәйкен ағаның көмекшісіне жолығып, Үкімет басшысының қабылдауына жазылдым. Уәделі күні белгіленген сағатта Бәйкен Әшімұлы мені қабылдап, жылы сөйлесті. «Тарихқа қалам сілтеген шығармаларыңды оқып, риза болып жүрмін. Өзің секілді дарынды жастарға көмектеспесек, кімге көмектесеміз?! Қандай бұйымтайың бар, айналайын?” – деді. Жағдайымды түсіндіріп, көмекшісінің айтуымен алдын ала жазып апарған өтінішімді алдына қойдым. Бәйкен аға бірден қолына қаламын алып, “Алматы қаласынан төрт бөлмелі пәтер берілсін» деген бұрыштама қойып берді. Көп ұзамай жаңа пәтер алып, төбеміз көкке тигендей болдық. Арада жиырма шақты жыл өткеннен кейін, бір үлкен салтанатты шарада сәті түсіп, Бәйкен ағаны көріп қалып, әдейілеп сәлем беріп, алғысымды айттым. “Айналайын, есіңе алып, сәлем бергеніңе рақмет! Өзің айтпасаң, саған пәтер бергізгенімді ұмытып та қалыппын. Қолымыздан келіп тұрғанда кімге көмектеспедік дейсің?!” – деді сонда абыз ағамыз. Қандай кісілік, қандай ірі тұлға десеңізші?! – деп ағынан жарылып еді Дүкенбай ағамыз.

Халқымызда “Әулие адам” деген ұғым бар. Құбылмалы өмірде бір қалпынан айнымай, ар-намысына шаң жуытпай, әділдіктің ақ жолынан таймай, жұртқа қамқор болып өткен, аты аңызға айналған азаматтарға қарап айтылған қастерлі сөз – аса биік баға. Бәйкен Әшімов ағамыз да, міне, сондай теңдессіз тұлғалардың бірі екендігі еш талас тудырмайды. Елбасымыз оның есімін ерекше қадірлеп, мешітке бергізуінің сыры да осында сияқты.

Қазір Петропавл қаласындағы темір жол колледжіне, Тимирязево ауылындағы қазақ орта мектебіне Бәйкен Әшімовтің есімін беру туралы ұсыныстар енгізіліп жатқанынан құлағдармын. Елім деп өткен Ер ағамыз қандай құрметке болсын лайық.


// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 4 маусым.
Каталог: files -> user
user -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
user -> Способ диагностики синдромальной патологии и изолированной микрогении у плода на сроках 11-13 недель беременности
user -> Вопросы тестового контроля по дисциплине «патологическая анатомия»
user -> Опухоли. Общая характеристика. Классификация
user -> «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
user -> 1. Легочная артериальная гипертензия
user -> 1 Некоторые вопросы патогенеза атрофического гастрита и кишечной метаплазии
user -> Вирусные болезни


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет