Кент өҢірінің кейбір саңырауқҰЛАҚ ТҮрлеріне талдау



Дата05.07.2017
өлшемі155.76 Kb.

А.Ж. Шайбек, В.С. Абукенова, Ж. Блялова, Д. Рахымбек

КЕНТ ӨҢІРІНІҢ КЕЙБІР САҢЫРАУҚҰЛАҚ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Қазақстан
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатымен табиғи өсімдіктер қорын неғұрлым толығырақ зерттеу қазіргі кездегі ботаника ғылымының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Әр түрлі өсімдіктер тобының белгілі бір жер көлеміндегі нақтылы түр құрамын, олардың географиялық таралуын анықтау ботаника ғылымының дамуында ерекше орын алады. Осындай ағзалардың ерекше тобына саңырауқұлақтар жатады.
Зерттеу жұмысымыз Қарқаралының Кент аймағында кездесетін саңырауқұлақтардың биоморфологиялық және экологиялық жағдайларын зерттеуге бағытталған.
Саңырауқұлақтарды зерттеу жұмыстары ботаникалық экспедиция жұмыстарының тарихымен тікелей байланысты.Зерттеу нәтижесінде орман биоценоз тіршілігінде, формакогнозияда, сот медицинасында, тамақ шаруашылығында, микробиология өндірісінде сањырауќұлаќтардың маңызды жақтары анықталды. ХХ ғасырдың орта ширегінен бастап тыңғылықты жан-жақты жоспарлы түрде жүргізіле бастады [1].
Бұл экспедицияларға Қазақстанның белгілі миколог ғалымдары Б.К. Қалымбетов, С.Р. Шварцман, М.Г. Васягина, Н.М. Филимонова, З.М. Бызова, И.Н. Головенко, Е.А. Байгулова, Н.Ф. Писарева, М. Тартенова, Э.А. Даулбаева, Н. Кажиева, Н.М. Леонова, Б.И. Кравцев, М.Н. Кузнецова, Р. Алимкулова, Г.А. Нам, А.Ф. Мещерякова және т.б. ғалымдар қатысты. Әрине зерттеу жұмыстары ауқымды болғанына қарамастан, экспедицияда жинаған материалдары жеткілікті деуге келмейді. Біріншіден, барлық облыс аймақтары толық жан-жақты қамтылып зерттелмеді. Екіншіден, көпшілік саңырауқұлақтардың маусым жағдайына өсетіндігіне байланысты экспедиция уақыты әртүрлі маусымдық жағдайларды қамти алмады [2].
Алайда бұл жылдары жиналған материалдар Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақтардың алуан түрлілігін, флоралық жағынан бай, әртүрлі экологиялық топтарға жататындығын аңғартады.
Микология ғылымының дамуында Қазақстанда аса зор еңбектер сіңірген Б.К. Қалымбетов пен С.Р. Шварцман және олардың шәкірттері М.Л. Васягина, З.М. Бызова, С.А. Абиев, Б.Д. Ермекова, Ж.Ж. Кукентаева, С.К. Иманкулова, Н.М. Филимоновалар болды [3].
Зерттеліп отырған Кент өңірі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан. Рельефі шоқыаралық ойпаңдармен, өзен аңғарларымен, құрғақ өзен арналарымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза сулармен, көл қазаншұңқырларымен күрделеніп отырады. Кент тауы – Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап. Қарқаралы тауынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Бірнеше жекелеген қырқалы
70
және күмбезді аласа таулар тізбегінен тұрады. Олар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 – 35 км-ге бір-біріне тіркесе созылып жатыр. Ені 20 км-ге жетеді. Айналасындағы белесті, төбелі, ұсақ шоқылы келген жазықтан 200 – 500 м биік тұр. Алқаптың ең биік бөлігі – қатпарлы таулар тізбегінен тұратын Кент тауы (абсолют биіктігі 1469 м). Одан солтүстікке қарай тауаралық және өзен аңғарларымен бөлінген Доңғал (1188 м), Найзатас (1293 м), Жамантау (1411 м), Босаға (1066 м), т.б. таулар орналасқан. Тау беткейлері көптеген жартасты шатқалдармен, сайлармен, аңғарлармен тілімденген. [4]
Өсімдік жамылғысына байланысты Кент аймағы дала және құрғақ далалы аймаққа жатады. Өсімдіктер дүниесінің өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар: біріншіден, өсімдіктер қабаты сирек, құрғақшылыққа төзімді, жазықтардан тауларға ауысқан сайын өсімдік түрлерінің артуы облыста булану мүмкіндігі түскен жауын-шашыннан 67 есе артық. Сондықтан да, өсімдіктер қабаты солтүстіктен оңтүстікке қарай сирейді.
Солтүстік Терісаққан, Шерубай-Нұра және Сарысу өзендерінің алаптарында құрғақ даланың өсімдіктері (ксерофиттер) дамыған. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді, астық тұқымдастары мен жусанның бірнеше түрлерінен тұрады. Астық тұқымдастарынан селеу, боз, кәдімгі бетеге, жуашақты қоңырбас т.б. өседі.
Саңырауқұлақтарды жинап, гербаризациялау жалпы қабылданған әдістер арқылы жүргізілді. Саңырауқұлақтарды жинағанда әр жердің өзіндік экологиялық, географиялық т.б. ерекшеліктерін ескеру қажет.
Саңырауқұлақтар анықтағыштары: Жизнь растений. Том ІІ.-М., 1976; Степанова Н.Т., Мухин В.А. М.,1979 г.; Дудка, 1987; Грибы СССР, 1980; Грибы, 1984; Гельмут и Ренате Грюнерт, 2002.; Флора споровых растений Казахстана, 1985; Д.И.Самгина, 1985; Сержанина Г.И., 1984; P.A.Saccardo,
1887; Moser, 1978; E.Lange, 1936; R.Keehner, H.Romagnesi, 1974 [5].
Саңырауқұлақтардың систематикалық орнын анықтау әртүрлі авторлардың анықтағыштары және "Флора споровых растений Казахстана" анықтағыштары арқылы жүзеге асырылды [5, 6].
Зерттеу аймақтарының макромицеттерін зерттеу барысында Кент таулы-орман өңірлерінен материал жиналды. Жиналған материалдар бойынша, зертханалық жағдайда зерттеулер жүргізіліп, бір жүйеге келтіріліп, жүйеленді. Ғылыми зерттеу жұмысымыздың барысында барлығы 24 саңырауқұлақ өкілі жиналып, анықталған саңырауқұлақтар 1класқа, 1 класс тармағына, 2 қатарлар тармағына, 3 қатарға, 11 тұқымдасқа, 12 туыстасқа, 19 түрге жіктелді.
Кент таулы аймақтарында, орманды алқаптарда кездескен макромицеттер систематикасы бойынша жіктелгенде Базидиомицеттер класы 3 үлкен қатарларға бөлінді. Олар: Афиллофоралықтар -Aphyllophorales, Агарикалықтар
- Agaricales, Жаңбыршылар - Lycoperdales.
Жалпы анықталған саңырауқұлақ қатарларының тұқымдастар қатынасы 1-суретте келтірілді. Барлық ғылымға белгілі Агарикалықтардың - Agaricales (700 түр) ішінде зерттеу аймағынан табылған 11 түр - 1,57 % құрады. Афиллофоралықтар - Aphyllophorales қатарының (270 түр) анықталған 5 түрі -
71
1,85 % құрады. Ал Жаңбыршылыќтар Lycoperdales қатарының ғылымға белгілі 82 түрінің біздің зерттеу ауданымызда кездескені 3 түр немесе 3,65 % болды. (1 сурет).

1 Сурет - Саңырауқұлақ қатарларының тұқымдастар қатынасы


1-суреттен Agaricales қатарына 5 туыстас, Aphyllophorales қатарына да 5 туыстас, ал Lycoperdales қатарына 1 туыстас кіретінін байқауға болады.
Анықталған саңырауқұлақ тұқымдастарына жіктелген туыстастардың түрлік қатынасы 2-суретте бейнеленген. 11 тұқымдас, 12 туыстастың ішінде түр құрамы көбірек келіп, кездесу жиілігі бойынша басым болып келген келесі 3 тұқымдас: Агарикалылар (Agaricaceae Fries) – 3 түр, Сазқатпалылар
(Russulaceae Roze.)-5 түр, Жаңбыршылықтар (Lycoperdaceae) – 3 түр (2 сурет).




3; 16%













3; 17%

























1; 5%






















1; 5%






















1; 5%



















5; 27%

1; 5%

























1; 5%

1; 5%

1; 5%

1; 5%













Agaricaceae

Russulaceae

Boletaceae

Paxillaceae TricholomataceaePolyporaceae

Piptoporaсeae Corticiaсеae

Phellinytoceae




Ganodermaceae

Lycoperdaceae






















2 Сурет - Саңырауқұлақ туыстастарының түрлік қатынасы













72










Зерттеу аймақтарының макромицеттерінің систематикасы және биологиялық ерекшеліктері кестесі бойынша: 11-тұқымдасқа, оның ішінде 12-туысқа біріктірілген 19-түрге өздеріне тән ерекшеліктерін ескере отырып, қысқаша түрде 1-кестеде сипаттамалық зерттеу нәтижесі көрсетілген.


1 Кесте - Зерттеу аймақтарының макромицеттерінің кездесу жиілігі мен маңызы




Туыстас

Түр

Молш

Жеуге










ылығы

жарамды

1

Қозықұйрықтар-

Кәдімгі қозықұйрық -Agaricacus

Sol

+




Agaricacus Fries

campestrius Fr., Syst. Mycol













Екi споралы шампиньон -

Un

+

2




Agaricacus bisporus (lange) imbach













Екі сақиналы қозықұйрық -

Un

+

3




Agaricacus bitorguis (Quel.) Sacc.







4

Сазқатпа-Russula Pers.

Сасық сазқатпа - Russula foetens

Sp

-




ex S.F. Gray

(Fr.) Fr., Epicr







5




Күйдіргі сазқатпа - Russula emetica

Сор1

+







(Fr.) Fr.







6




Маржан сазқатпа - Russula incarnata

Un

+







Quel., Assoc.







7




Ақ қозықарын - Russula delica

Sol

+

8

Сүттігендер - Lactarius

Деликатестi сарыќ±лаќ - Lactarius

Un

+




(Dc.ex Fr.) S.F. Gray

deliciosus (Fr.) S.F. Gray







9

Майқұлақ - Suillus

Үштісті майқұлақ - Suillus

Un

+




Micheli ex S.F.Gray

tridentinus







10

Қабанқұлақ-Paxillus

Жіңішке қабанқұлақ - Paxillus

Сор1

+




Fries

involutus







11

Коллибия-Collybia

Ұршыќаяќты коллибия - Collybia

Sol

+




Kummer

fusipes (Fr.) Quee.







12

Нағызағашқұлақ

Нағыз ағашқұлақ - Fomes

Сор2

-




саңырауқұлақтары-

fomentarius (Fr.) Fr.










Fomes Fr .










13

Ағашқұлақ - Piptoporus

Қайың губкасы, қайыңқұлақ - P.

Sp

-







betulinus (Bull. ex Fr.) Kazst







14

Кориолус - Coriolus

Аймақтық кориолус- C.zonatus

Un

-







(Nees ex Fr.) Quel







15

Ағашқұлақ - Phellinus

Жалған ағашқұлақ - Phellinus

Сор1

-







igniarius (L. Ex Fr) Quel. Ench.







16

Ганодерма- Ganoderma

Жайпақ ағашқұлақ - Ganoderma

Сор3

-







applanafum (Pers.) Hft. Rull.







17

Жаңбыршы-Lycoperdon

Тiкендi жаңбыршы - Lycoperdon

Сор3

-







perlatum Pers.







18




Алмұрт пiшiндi жањбыршы – L.

Сор2

-







pyriforme. Schaeff. Pers







19




Шар пiшiндi жаңбыршы -

Сор3

+







Lycoperdon sphaeria













73






Осылардың ішінен жеуге жарамды саңырауқұлақтар тобына – 11 түр жатады. Осылардан кездесу жиілігіне байланысты мына түрлер: Lycoperdon sphaeria, Lycoperdon perlatum, Ganoderma applanafum - Cop3 өте көп, L. pyriforme – Cop2 орташа көп, Russula delicа Sol азырақ және R. emetica Cop1 жеткілікті көп кездесті.


Келесі өкілдері доминантты түрлер болып саналады: Russula emetica (Fr.) Fr., Fomes fomentarius (Fr.) Fr., Lycoperdon sphaeria, Lycoperdon perlatum, Lycoperdon pyriforme.
Жеуге жарамды аз немесе азырақ кездескендерінен 8 түр іріктелініп алынды: Agaricacus campestrius Fr., A.bisporus, A. bitorguis (Quel.) Sacc. Russula emetica (Fr.) Fr., R.incarnata Sol; Russula delica және т.б.
Анықтама оқулығы бойынша Russulaceae тұқымдасына жататын Russula delica түрі Қарағанды облысы Кент аудандарынан табылған және Agaricaceae тұқымдасына жататын Agaricus bitorguis түрі Қазақстан жерінде кездесетіні туралы әдебиетте мәлімет жоқ. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар тобына -11 түр жатады, 8-түрі жеуге жарамсыз;
Анықталған саңырауқұлақтардың барлығы мезофитті жағдайда тіршілік етеді. Келесі өкілдері доминантты түрлер болып саналады: Russula emetica (Fr.) Fr., Fomes fomentarius (Fr.) Fr., Lycoperdon sphaeria, Lycoperdon perlatum, Lycoperdon pyriforme, Ganoderma applanafum.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Ботанические исследования в Казахстане. - Алма-Ата: Наука, 1988.




  1. Калымбетов Б.К. Микологическая флора Заилийского Алатау. - Алма-Ата: Наука, 1969.




  1. Абдрахманов О.А., Шайбек А.Ж. Қарқаралы таулы-орман аймағының кейбір макромицеттері. Экологияның өзекті мәселелері: III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2004. - 236-237 б.




  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра,

2006. – 584 б.

  1. Лабораторный практикум по грибам и лишайникам. - М, 2001.




  1. Флора споровых растений Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1979-82. - ТТ.


І-ХV.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет