Келісілді
ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары
____________ Б.Абдикерова
«____»__________ 2017ж.
|
|
Бекітемін
ҚО ББД ОӘО директоры ____________ Г.Қожахметова
«____» ___________2017 ж.
|
«Жаңалықтар әлемі-2016. Жас турист. Жас ізденуші» жобасының
ЕРЕЖЕСІ
«Жаңалықтар әлемі-2017. Жас турист. Жас ізденуші» Жобасы
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асады
Жобаның қатысушылары: Қарағанды облысының білім беру мекемелері
Жобаның мақсаты:
-
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыра отырып, оқушылардың туған өлкесінің ұлттық тарихын зерделеуге және насихаттауға баулу.
Жобаның міндеттері:
-
туған өлкенің тарихи мұрасын тұтастай байқауын қалыптастыруға ықпал ету;
-
оқушылардың жобалық-зерттеу қызметіне қызығушылықтары мен қабілеттерін ерте ашуға ықпал ету;
-
қызметі зерттеу қызметін ұйымдастырумен байланысты мектеп көшбасшылары-қоғамтанушыларды жан-жақты дамыту, оларды қоғамдық мойындау және өздігінен жүзеге асыру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ету;
-
кәсіби зерттеушілермен бірлесіп жұмыс жасау үшін түрлі жастағы оқушыларды зерттеу қызметіне тарту үшін жағдайлар жасау.
-
Электронды оқулықтар базасын құру.
Жалпы ережелер
"Жаңалықтар әлемі-2017. Жас турист. Жас ізденуші" облыстық жобасына 7-11 сынып оқушылары мен тарих мұғалімдері қатысады.
2017 жылғы жоба «Туған өлкенің әдеби мұрасы» тақырыбын зерттейді. Зерттеу нәтижесі ретінде әдеби альманах шығарылады. Оған туған өлкенің жазушылары мен ақындарының поэзиялық және прозалық шығармалары енуі керек. Альманахқа жарияланатын шығарманың авторы туралы міндетті түрде қысқаша биографиялық анықтама беріледі.
2017 жылы тарих пәнінің мұғалімдері өлкетану жобасы бойынша мектептерде «Мектеп өміріндегі өлкетану», «Туристік өлкетану жұмысы» «Туған жердің тарихы ғылыми баспаларда» бағыттары қамтылады.
Облыстық сайысқа ұсынылған шығарылған альманах электронды және қағаз түрінде жіберіледі.
Жобадағы жұмыс келесі топтар бойынша жүзеге асыралады:
-
7-8 сыныптар-аймақтар бойынша тарихи материалдарды, айғақтарды жинақтау;
-
9-11 сыныптар-материалды талдау, өңдеу, дайын өнімді шығару.
-
Тарих мұғалімдері – жалпы мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырып, тәжірибе алмасады.
Жобаны өткізу мерзімі және тәртібі
Жоба бойынша жұмыс 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында өткізіледі. Жоба қорытындысы бойынша аудандық, қалалық сайыстың жеңімпаздары облыстық ғылыми форумға қатысады, әр аймақ өз жобасын қорғайды.
1 кезең. Аудандық/қалалық кезең
-
Қорғау жұмысы аудандық / қалалық.
2 кезең. Облыстық кезең:
Аудандық, қалалық кезең жеңімпаздарының дайын жұмысын облыстық байқауға тапсыру, Бұл форумда 4 номинация бойынша үздік жұмыс анықталады.
-
«Үздік әдеби альманах»,
-
«Өлкетану бойынша мектепішілік үздік баспа материалдары»,
-
«Мектепте туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру»
-
«Туған өлке туралы үздік ғылыми жұмыс»
Аудандық / қалалық кезеңнің жеңімпаздарының дайын өнімді облыстық байқауға тапсырады.
Облыстық форумғаа әр аймақтан бір топ қатысады. Ұйымдастыру комитетіне жобаға қатысушылар мынадай құжаттар мен материалдарды жібереді.
-
Басшының атына форумға қатысушылар (саны 4) туралы сұраныс;
-
Әдеби альманах электронды және қағаз нұсқасында, өлкетану бойынша 2016-2017 оқу жылында жарияланған мектепішілік газеттің үш номері, «Мектепте туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру» бойынша презентация және баннер (Қарағанды облысы аясында), «Туған өлке туралы үздік ғылыми жұмыс» (баспаның тұпнұсқасы)
Құжаттарды тапсыру мерзімі
Бірінші турға:
аудандық-қалалық деңгейдегі жұмысты 2017 жылдың 21-ші сәуіріне дейін тапсыру.
Екінші турға:
2017 жылдың 15-мамырына дейін І кезең жеңімпаздарының жұмысын тапсыру.
Форум 2017 жылдың мамырында өтеді.
Жобаны қорғау.
Әдеби альманахты топта сөйлей білетін, өз пікірін жеткізе алатын оқушылар қорғайды (сөз сөйлеу 5 мин.). «Мектептегі өлкетану–туристік жұмысты үздік ұйымдастырған ұйым» жұмысын тарих пәнінің мұғалімі қорғайды (сөз сөйлеу уақыты 5 мин.)
Топтың өз эмблемасы болуы керек, сонымен қатар өз өңірінің ұраны,киім үлгісі де ерекше болуы қажет.
Жобалық жұмыстарды бағалау үшін қорғау үдерісінде қазылар алқасы форумда мынадай критерийлерді басшылыққа алады.
-
Үздік әдеби альманах:
Сөйлеу шеберлігі (2 ұпай)
Жобаны безендіру (4 ұпай)
Тақырыпты толық ашу (4 ұпай
Жоғарғы ұпай – 10
-
Өлкетану бойынша мектепішілік үздік баспа материалдары:
Мектеп газетінің безендірілуі (2-ұпай);
Жарияланған материалдың сапасы (4-ұпай);
Тақырыптың толық ашылуы (4-ұпай);
Жоғарғы ұпай -10-ұпай
-
Мектепте туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру:
Сөйлеу шеберлігі (2-ұпай)
Баннерді безендіруі (2 - ұпай);
Жұмысты ұйымдастыру деңгейі (2-ұпай)
Жоғарғы ұпай – 10;
-
Туған жердің тарихы туралы ғылыми мақала:
Шығару деңгейі ( қалалық (1 ұпай), облыстық (2 ұпай), республикалық (3 ұпай) халықаралық (4 ұпай)
Тақырыптың толық ашылуы (4 ұпай);
Туған жердің тарихы туралы ғылыми мақаланың қолданылуы (2 ұпай)
Жоғарғы ұпай – 10
Жобалар байқауының Құрылтайшысы, Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы.
-
Жобалар байқауының Құрылтайшысы Қарағанды облысы ББД ОӘО болып табылады.
-
Байқауға басшылық жасау үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, ол байқаудың құрылтайшыларымен құрылады.
-
Ұйымдастыру комитеті төраға, төраға орынбасары, жауапты хатшы және Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.
-
Ұйымдастыру комитеті Жобалар байқауының ұйымдастырушылық және ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді:байқауды өткізу тәртібін, үлгісін, орнын және мерзімін бекітеді; байқауға ұсынылатын жұмыстарды безендіру талаптарын анықтайды.
-
Қала турындағы оқушылардың байқауға қатысатын жоба жұмыстарын бағалау үшін Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасын құрады. Қазылар алқасы тарихи-археологиялық бағытқа сәйкес келетін топтардан құралады.
-
Қазылар алқасының құрамына мұғалімдер, ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кіреді.
-
Әрбір қазылар алқасының ойы жеке бағалау ведомосіне енгізіледі. Көпшілік назарына жұмыстың тұсаукесерін ұсыну нәтижесі негізінде әрбір қатысушы бойынша көрсеткіш жасалады.
-
Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша 1, 2, 3-ші деңгейдегі мақтау қағаздарын ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Қорытынды шығару және облыстық тур жеңімпаздарын марапаттау.
-
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталады.
-
1-3 орын алған жұмыстардың жетекшілері грамотамен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |