КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы


Вегетативтік мүшелердің қордағы және құрастырушы зат-тарын қайтадан пайдалануы



бет8/10
Дата23.01.2017
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Вегетативтік мүшелердің қордағы және құрастырушы зат-тарын қайтадан пайдалануы — дамып келе жатқан дәннің ал-ғашқы метаболиттерінің үшінші көзі. Ондайда тұқымдарға ескіре бастаған жапырақтардан негізінен азоттық заттар келіп түседі. Егер өсімдіктің вегетативтік мүшелері өсуін тоқтатқаннан кейін азотпен қоректендіру деңгейін кенет төмендетсе немесе бір жола айырса, бұл дәндегі азоттық заттардың мөлшерін елеулі өзгерте алмайды. Вегетативтік мүшелерден ағып келгендердің үлесінен тұқымда көмірсуы да жиналады және де алдыменен олардың қордағы түрлері — астық тұқымдастарында гүлдеу алдында, сабағының жоғары буынаралықтарында жиналған — олигосахарасы мен гемицеллюлозалары, сосын құрастырушыларды пайдаланылады

В. Л. Кретович, астық дақылдарында толысу кезеңінде дәннің құрылуына қор және құрастырушылық рөл атқаратын — гемицеллюлозадан басқа клетчатқа мен лигниннің біраз бөлігі мобилизацияланатынын байқаған.

79

Туқымның қалыптасу мен толысу үдерісіне ішкі және сырт- қы факторлардың әсері. Тұқымның қалыптасуына, әсіресе то-лысу үдерісіне және пісуіне әсер ететін ішкі факторларға өсім-діктің генотиптік айырмашылығын жатқызуға болады. Айтайық, астық дақылдары өздерінің тұқымдарында — дәндерінде көбірек көмірсуын (80%) және азырақ азоттық заттарды (10-20% шамасында) жинаса, дәнді бұршақ дақылдары өздерінің дәндерінде 40%-дейін ақуыз жинайтьш мүмкіншілігі бар. Бір туыстас өсімдіктердің ішінде белгілі бір айырмашылықтары байқауға болады: бірдей жағдайда өсірілгенде қатты бидайдың ақуызды молырақ жинайтын сорттары бар. Олардың ішінде дәндерінде ақуыз мөлшері 24-26% жететін күшті сорттарды айтуға болады. Бұлар Саратовская 29 (ТМД-дағы ең кең тараған жаздық бидайдың сорты), Целинная Юбилейная, Целинная 21 және басқа да сорттар. Өсімдіктің жекелеген түрлері мен сорттарының генотиптік айырмашылығы тек дәніндегі әр түрлі қорлық заттарды жинауда ғана емес; сонымен бірге олардың сапалық құрамында да байқалады. Бұл алдименен ақуызға қатысты. Мысалы, бидай мен қара бидай дәнінде клейковиналық ақуыз болады, ал сұлы мен арпада ол жоқ. Одан басқа да әр түрлі түрлер мен сорттардың клейковинасының сапасы да бірдей емес. Осындай генотиптік айырмашылық майлы дақылдардың дәніндегі майдың сапасында да бар. Соның ішіндеі рапстың, сурепицаның және майлы шомырдың көптегсн сорттарының майының құрамына улағыш қабілеті бар, эрук қышкылы кіреді. Бұлардың дәнінен алынған май тек техникалық мақсатқа қолданылады. Сонымен бірге, көптеген елдерде бұл дақылдардың эруксыз деп аталынатын сорттары әлдеқашан шығарылған болатын, дәніндегі май құрамында эрук қышқылыі жиналмайды және олардан алынған майдың тамақтық қүндылығы өте жоғары. Соңғы жылдары мұндай сорттар ТМД-да да шығарыла бастады. Жаздық рапстың Кубанский және Эвин (Агат), Сурепица, Сибирячка деғен сорттары аудандастырылды.

Тұқымның дамуына елеулі әсер ететін сыртқы факторларға дерлік бүкіл ауа райының факторларын: температураны,

топырақтың және атмосфераның дымқылдылығын,топырақтың құнарлылығын, өсімдіктің жарықтамуын және т. т. жатқызуға болады. Осыған байланысты еліміздің әр түрлі топырақ-климат ай-мақтарында алынған бір түрлес және сорттас дәндердің сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Астық дақылдарының дәніндегі акуыз мөлшері солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай көбейетіні анықталынған болатын. Еділ бойының,. Орал сыртының, Сібірдің және Қазақстанның далалық аймақтарында

80

астықтын, акуыздылығы батыс аудандармен салыстырғанда жо-ғары, орта есеппен 14-тен 26%-ке дейін болады. Бұл әсіресе; Қазақстанға тікелей қатысты, соңғы жылдары ол ТМД-да күшті бидай беретін, негізгі жабдықтаушыға айналды. Бидайдың сол сорты, тек Украинада, Белоруссияда және басқа батыс аудандарында өсірілген болса, дәніндегі ақуыз мөлшері 14-16% болады. Москва, Петербург, Калининград және олармен көршілес облыста өсірілген бидай дәніндегі а қ у ы з мөлшері тіпті төмен (барлығы 10-11%), яғни әлемдік үлгі қалыптан да (12,5%) төмен. Дәніндегі ақуыз мөлшерінің теменділігі Дания, Англия және ауа райы ылғалды, әрі салқын аудандардың бидайына да тән. Және де бұл айырмашылықтар сорттық ерекшеліктерімен байланысты емес. Біздің сорттарды шет елде өсіру әрекеті жақсы нәтиже бере қойған жоқ: олардағы ақуыз мөлшері әжептәуір кеміген. Ақуыз мөлшері мен нандық сапасы бойынша біздің бидайлардан кейін екінші орында канадалық, үшінші орында — австриялық бидайлар екенін атап өтуіміз керек.

Өсімдік шаруашылығы практикасында климаттың өсімдіктегі әр түрлі заттардың құрылуына және жиналуына әсер ететіні жөнінде таңқаларлық мысалдарды кездестіруге болады, Мысалы, ТМД-ның солтүстк ендігінде, олифа және лак-бояу өнеркәсібі үшін кебуі жағынан ең сапалы зығыр майын беретін зығыр өсіріледі. Осындай жоғары сапалы шикізат өндіруде, ТМД жер жүзінде жалғыз ғана ел. Зығырдың отандық сорттарын басқа жағдайда (ортаға), мысалы Германияға немесе басқа климаты жұмсақ елдерге апарғанда, оларда майдың кебу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін, қанықпаған қышқылдардың мөлшері төмендейтін болғандықтан өздерінің сапалық бағасын жоғалтып алған. Осы байқаулар академик С. Л. Ивановқа үлкен практикалық маңызы бар, әсіресе, селекция үшін және мәдени есімдіктерді аудандастыруда, органикалық заттардың құрамының климаттық теориясын жасауға мүмкіншілік берді.

Топырағы және климаты әр түрлі аймақтардағы жаздық бидайдың дәніндегі органикалық заттардың жиналуы мен өз-геруінің әр түрлілігін немен түсіндіруге болады? Барлық фак-торлардың ішінде өнімнің сапасына көп мөлшерде әсер ететіндері үшеуі: сумен қамтамасыз етілуі, температура және минералдық заттардың режимі.

Сумен қамтамасыз етілуі. Су жеткіліксіз болса дәннің пісу үдерісі жеделдейді және онда акуыз көбірек жиналады. Сумен артығымен қамтамасыз етілсе дән баяу қалыптасады және оның пісу кешеуілдейді. Мұндайда ақуыздың мөлшері азаяды, оңың есесіне дәнде крахмал көбірек жиналады. Осыған байланысты рекордты өнім алуға болатын суарылатын жерлерде

81

(2-3 есе, ал құрғақшылық аудандарда 5-6 есе, одан да жоғары суарылмайтын жерлерге қарағанда) мынандай проблема туады: суарылатын бидайдың және басқа астық дақылдарыныц дән-деріндегі күрт төмендейтін ақуыз мөлшерін қалай көтеру керек деген. А. Н. Павлов және басқа туындыгерлер азоттың вегетативтік мүшрлерге жұмсалынып кетіп, дәнге жетпей қалуынан деп түсіндіреді. Одан басқа суарған кезде азоттың ерігіш түрлері жуыльш, төменгі қабаттарға кетуі де мүмкін. Сонымен бірге дәндегі азоттық заттардың крахмалмен “сүйылуы:” да мүмкін, себебі суарғанда толысу кезеңі ұзарады, сосын жапырақтардың ұзағырақ жұмыс істеуінің арқасында дәнде көмірсуы молырақ жиналады. Крахмалдың мөлшері күрт артқан соң дәндегі ақуыздың салыстырмалы мөлшері азайған секілді болады. Біраз туындыгерлердің деректері бойынша суармалы жер де бидайдың вегетативтік мүшелерінде азот азырақ жиналады, ал ауаның салыстырмалы дымқылдылығы төмен болса, ол гүлдеу кезеңінің алдында өсімдіктіқ вегетативтік мүшелерінде азоттың мол мөлшерін жинауға мүмкіндік жасайды.



Температура. Ауаның температурасы жоғарыласа (белгілі деңгейге дейін) өсімдіктің дамуы, сонымен қатар дәнге азоттың келуі және жиналуы жеделдейді, ал көмірсулар азырақ жиналады. Сонымен бірге мұндайда тыныс алудың қарқындылығы артады. Оған негізінде көмірсулар шығындалады, соның нәтижесінде бірінші топтағы заттардың екінші топтағы заттарға ара қатысы арта түседі. Сонымен бірге ауаның жоғары температурасы топырақтың температуралық режимін өзгертеді, аммонификация және нитрификация үдерістерін күшейтеді де, оны азоттын, қолайлы түрлерімен байытады. А. И. Носатовский (1970) жүргізген тәжірибелерінен бидай дәніндегі ақуыз мөлшеріне температураның әсері жөнінде мынадай мәліметтер алран: температура 26-20°С болғанда азоттың мөлшері 2,81%, болса (ақуыз 16% болған), температура 25 және 29°С-да, ретретімен 3,07 және 17,5%. Бұл мәліметтер ауа ылғалдылығы бірдей болған жағдайда алынған..

Ф. Э. Реймерс тәжірибелерінде бидай дәніндегі ақуыз мөлшеріне әр түрлі температура мен ауаның дымқылдылығының әсері зерттелген: 13-15°С және салыотырмалы дымқылдылық 70-80% болғанда ақуыз 13-11% -ке тең болған; 18-25°С және салыстырмалы дымқылдылық 35-40% ақуыз мөлшері 16,02% болған.

Жоғары өнім алу үшін дәннің толысу кезінде температура 12°С төмен түспеу керек деп есептелінеді. Температура 12°С темен болса, өсімдіктің басқа бөлімдерінен келетін азоттыд қарқындылығы шұғыл төмендейді және пісу кезеңі әжептәуір ұзарады. Бұл астықты күзгі күшті үсікке шалындыруы мүмкін.

82

Масақтың пайда болу кезіндегі үсіктің астық өнімін әжептәуір, ал дәп құрала бастаған кездегісі оның сапасын кемітетіні, сонымен қатар өнгіштігі мен өсу күші төмендейтінін біраз жұмыстар көрсетіп отыр.

Толысу кезінде үсікке шалынған дәнді үсікке шалынбаған дәннен айыру қиын, бірақ оның өнгіштігі күрт төмен болады. Әсіресе ылғал мөлшері тым жоғары болғанда. Үсікке шалымған дәннің не тамыр, не өркен құру немеее өнгіштігі біржола жоға-латыны анықталынып отыр. Ұрықтың өсуінің былай бұзылуын

Ф. Э. Реймерс өзінің әріптестерімен үсіктің ұрыққа тікелей әсерінің нәтижесі деп түсіндіреді. Дәндегі азоттың мөлшерін, сосын жекелеп кәдімгі және үсікпен зақымданған дәнің ұрығындағы азоттың мөлшерін анықтай отырып, олар үсіген ұрықта ақуыздық азоттың кенет кемігенін байқаған. Ф. Э. Реймерстің тағы бір әріптесі

И. Э. Илли ұрықтағы азот мөлшерімен дәнніц танаптық өнгіштігінің арасында тура корреляцияның барлығын дәлелдеп берді. Үсіктің зақымдауының биохимиялық негізі әлі де толық анықталынбағанымен ,жоғарыда келтірілген деректерге қарап, практикаға пайдалы қорытынды жасауға болады. Егер астық суық түскеннен кейін жиналған болса, ұрықтағы азоттың мөлшерін күзде және көктемде анықтап, осы тұқымды сепкеннен кейін шыққан өсімдіктің болашағының қолайлы немесе қолайсыз екендігін алдын-ала болжауға болады.

Минералдық қоректену. Бұл фактордың маныздылыры әсіресе суаратын жағдайда арта түседі. Суарған кезде есімдік аракідік қоректену элементтерін өте қажет ететінін біз айтып өткенбіз, әсіресе, азот жәнінде. Сондықтан, суару, әсіресе, азотпен қоректендіруді жақсартуды қажет етеді, мұндайда дәндегі азот мөлшері әжептәуір көбеюі мүмкін. Солтүстік Қазақстанда астық сапасында азотты тыңайтқыштардың әсері туралы сұрақ ерекше орын алады. Біздің аймақта жауыншашынның мөлшері аздау: бір жылда ол 200-300 мм болады, тек солтүстігімізде 300-500 мм жетуі мүмкін, бірақ, соның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарының қалыпты өсіп-өнуіне жеткіліксіз. Бұл жағдайда азоттың артық болуы да қолайсыз, себебі, ол өсімдіктің вегетативтік аймағының өсу үдерісін арттырады да топырақтағы ылғалды солар пайдаланып, соңынан топырақ құрғақшылығы артуы мүмкін. Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстанпың көптеген топырақтары (солтүстік топырақтар) азоттың жылжымалы формаларына бай келеді, сондықтан соңғы уақытқа дейін мұнда азотты. тыңайтқыштарды қолдануды жөнсіз деп келген болатын.

Соңғы жылдары Ақмола ауыл шаруашылығы институтының агрохимия және өсімдік физиологиясы кафедраларының



83

қызметкерлерінің зерттеулеріне сүйеніп, бұл көзқарас қайта қарала бастады. В. Г. Черненоктың көп жылдық зерттеулері қара күлгін топырақта фосфор енгізілген сүрі жерден кейін екінші-үшінші дақыл астына гектарына 30 кг азот берш, көптеген жағдайда сенімді қосымша өнім алуға болатынын және бидай астығының сапасын арттыратынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге, азотты тыңайтқыштар бидайдың құрғақшылыққа төзімділігін кемітеді деген жиі айтылып жүрген сөздер дәлелденген жоқ.

Ақмола ауыл шаруашылығы институтының өсімдік физиологиясы кафедрасының бұрынғы зерттеулерінде азоттың екі еселенген мөлшері бидай өнімін кеміткені былай тұрсын, ылғал жетпегенде тіпті, біраз арттырғаны, яғни, топырақ құрғақшылығының кері әсерін аздап болса да кеміткені дәлелденген болатын. Бірақ мұндай нәтиже, құрғақшылық бидай гүлдегеннен кейін болса ғана болатынын айтуымыз керек. Өсімдіктің ертерек даму кезеңдерінде ылғал жетіспегенде азоттың көбірек мөлшерін енгізу кері әсер етуі де мүмкін. Әсіресе, зерттелген факторлардың астық сапасына әсері жөнінде өте қызықты мәліметтер алынған болатын. Вегетацияның екінші жартысында топырақ құрғақшылығы топырақтағы азот мөлшерінің аздығымен қосылып астықтағы ақуызды көбейтумен қатар, балауыздын мөлшерің және нан сапасынын, көрсеткішін — седиментацияны кемітеді. Азотты енгізгенде құрғақшылық кезінде аталынған қолайсыз құбылыстар байқалмаған. Сонымен, зерттеулердің негізінде егіс алдында азотты қолдану (әрине, топырақта фосфор жеткілікті болған кезде) өсімдіктің жазда кешірек болатын кұрғақшылыққа төзімділігін кемітпейді және алынатын астықтың сапасын біразырақ жақсартады деген қорытындыға келуге болады. Әрине, өсімдіктің даму кезеңдерінің қайсысында құр-ғақшылықтың болатынын болжау қиын, сондықтан алынған де-ректер Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында азотпен үстеп қоректендіруді қолдану керек шығар деген ой салады. Бұл болжам толығымен Н. С. Ющенконың зерттеулерінде дәлелденді. Оның деректерінде жаздық бидайды мочевинаның ерітіндісімен гектарына 30 кг азот келетіндей қылып үстек қоректендіру астықтың ақуызын 2-3% және балауыздың мөлшерін де біраз көбейтеді. Бидайдың гүлдену кезеңінде қолданылған бұл тәсіл жоғарғы

қат-қабаттағы жапырақтардың метаболизмдік қызметін арттырады, соның нәтижесінде оларда ақуыздық заттар көбірек жиналады. Соңғылар одан әрі реутелизацияланып толыса бастаған дәнге көп мөлшерде бастайды, сосын астықтың ақуыздылығы артады.

Жапырақтардағы қоректік заттардың реутелизациясын тездететін тәсілдер кейінгі кездерде басқа дақылдарға да қолдана

84

бастады. Бұл дефолиация және десикация әдістері. Біріншісі, жасыл өсімдіктерді даму кезеңінің сонғы кездерінде заттармен-дефолиантармен өңдед жапырақтардың түсуін тездету болып табылады. Дефолиант ретінде магний хлораты, кальций цианамиді, бутифос және басқа да қосылыстар колданылады. Олар мақта, картоп, күріш, күнбағыс, т. б. өсімдіктерге қолданылады. Күнбағыс гектарына 3 кг магний хлоратымен өңдеп, жапырақтарын түсірген, 1000 дәнінің салмағын арттырған және май өнімін көбейткен. Кенедән үшін гектарын.а магний хлоратының 15 кг қолдану тиімді. Өңдеу мерзімі тұқымдағы ылғал мөлшеріне байланысты. Әдетте дефолиантты дәннің ылғалдылығы 40% болған кезе колдану ұсынылады. Десикациялау жинар алдында жапырақтардың құрғауын тездету үшін бұршақ тұқымдастарының картоптың және басқа да өсімдіктердің егістігінде қолданылатын тәсіл. Бұл үшін эндотолды, пентахлорфенолят натрийді және тағы басқаларын қолданады. Дефолиация мен десикация реутелизацияны жеделдетуден басқа жинау жұмыстарын механикаландыруды жеңілдетеді. Бірақ өсімдік шаруашылығында аталынған

химиялық препараттардың кеңінен қолданылуы кейінгі кезде, ауаны ластайтынына және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына зиян келтіретіндігіне байланысты орында наразылық тудырып отыр. Осыған байланысты ұсынылған химиялық заттардың табиғаттағы әсерін ұқыпты түрде жан-жақты зерттеу керек және мүмкіншілігіне қарай оларды қолдануды шектеуге тура келеді.

ЖЕМІСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ПІСУІ

Жемістің құрғақ және шырынды болып бөлінетіні белгілі.

Біріншісі көптеген өсімдіктерде тұқым қабықшасымен бірігіп

бітіп, негізінде қорғау функциясын орындайтын болғандықтан іс

жүзінде маңызы жоқ. Ауыл шаруашылығы мен жабайы өсім-

діктердің шырынды жемістері адамдар үшін алмастырылмай-

тын бағалы қоректік заттар мен дәрмен-дәрілерің көзі болып

табылады, сондықтан олардың қалыптасу және пісу үдерістерін

білудің үлкен практикалық маңызы бар. Мұнда ескеретін бір

жай, шырынды жемістер, өсімдіктердің өздерінің тұқымдарын

құстардың, жан-жануарлардың және т. б. көмегі арқылы та-

ату үшін пайда болған тарихи икемді құралдарының бірі.

Шырынды жемістердің бұл биологиялық қасиеті олардың даму

ерекшеліктерін анықтайды, ал ол тұқымның қалыптасуымен өте

тығыз және корреллятивті байланысты.

Түйіннің ұлпаларының немесе гүлдің басқа бөлшектерінің есуінен пайда болатын жемістер, қалыптаса бастаған тұқымдар бөліп шығаратын фитогормондармен (ауксинмен, гиббереллин-

85

дермеи және цитокининдермен) индукцияланады. Жемістің



алғашқы даму кезінде қарқынды өсумен қатар, пластикалық зат-тардың жиналуы да жүреді. Мұндайда жапырақтардан келетін ассимиляттар жемістерде негізінде крахмал және жоғары по-лимерлі (ерімейтін) пектинді заттар түрінде жиналады, бұл ұл-паларды қатайтады. Сонымен бірге қалыптаса бастаған жемістерде біраз мөлшерде органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап) мен илік заттар жиналады. Мұндай жемістер әдетте жасыл түсте болады, жапырақ арасында білінбейді. Бұл олардағы тұқымның толық пісіп жетілгенінше жан-жануарлардан сақтануына себеп болады. Тұқымның қалыптасуына, олардың қабығының корыту жолдарын ферменттерінін, ыдырату әрекетіне тұрақтылығы пайда болуына қарай, жемістер өздерінің даму кезеңінен екіншісіне — пісу кезеніне өтеді. Олар одан әрі ұлғайуын тоқтатады, қалыптасудың бас кезіндегі қарқынды тыныс алуы бірте-бірте төмендейді, ал пісер алдында қайтадан аз уақытқа күшейеді. Сонымен бірге ертеректе жиналған пластикалық заттар осы жеміс түріне тән түрге айналады: крахмал қантқа, полимерлі пектин еритін пектинге, соның арқасында ұлпалар жұмсарады. Пісе бастаған жемістерде органикалық заттардың мөлшері азаяды, илік заттар жойылады.хлорофилл ыдырайды. Қатарласа иісті заттар, антоцианды пигменттер пайда болады, соның арқасында хош иіс және жан-жануарларды қызықтыратын түс пайда болады. Пісіп-жетілген жемістерде адамға қажет дәрмен-дәрілердің және бағалы заттардың мол қоры жиналады. Толық пісіп жетілгеннен кейін жемістердің қартаю үдерісі және ұлпаларының бірте-бірте өлуі басталады; бұл оның пайдалы қасиетін жояды, ақырында олардың толығымен ыдырауына әкеледі. Соңғыда маңызды рөлді көптеген микроорганизмдер алады, пісіп кеткен жемістерде фитонцидтердің түзілуі жүрмейтіндіктен олар микроорганизмдердін, әрекетін тоқ-тата алмайды. Піскен жемістердің ұлпаларынын, ыдырауы, ішіндегі тұқымдарға ешкандай әсер етпейтінін айта кетуіміз керек. Соңғылар әдетте тіршілік қабілетілігін сақтайды, қолайлы жағдай болса өне алады, бұл өсімдіктердің тұқымын жаңғыртуына, айтайық кейбір жағдайлармен жан-жануарлар болмаса, немесе жиналынбай қалғанда мүмкіншілік береді.

Мұндай қалыпты табиғи жағдайда болатын үдерістерге қарама-қарсы, біз өсімдік шаруашылығы практикасында шырынды жемістердің пісуін және қартаюын кешеуілдетіп, оларды жаңа күйінде ұзағырақ пайдалануын қалаймыз. Бұл мақсатқа жетуде басты рөлді алмұрттың, алманың, және қауынның т. б. да дақылдарының жемістері жинағаннан кейін ұзақ уақыт пісіп жетілетін сорттарын шығарған “қысқы сорттар” деп аталы-



86

натын, қыс сақталынып өзінің тұтыну қасиетін жоғалтпайтын селекция атқарады.

Атальшған мақсатқа жетуде одан кем емес рөлді шырынды жемістерді сақтау режимі де атқарады. Соның ішінде төмен температураны (түрлік және сорттық ерекшеліктеріне қарай — 1;5°С дан — 5°С дейін) тұрақты ұстау шырынды жемістердің тым пісіп кетуін, қоректік заттардың тыныс алуға азырақ жұмсалуын қамтамасыз етеді және олардың тутынушылық қасиеттерін кемітпей, ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік жасайды. Бірақ соңғысы ылғи да толық түрде іске аса бермейді, себебі тым те мен температура пісуін тежеуілдетумен қатар, кейде жемістің дәмдік сапасына кері әсер етеді, ондағы дәрмен-дәрілердін және басқа да бағалы заттардың мөлшерін кемітеді. Осыған байланысты жеміс-көкеніс өнімдерін реттелінетін газдың яғни оттегінің мөлшері аз (1-3%), ал көмір қышқыл газы молырақ (1-2%) ортада сақтаудың біразырақ артықшылығы бар. Мұндайда өсімдіктердің түріне және сортына байланысты қолайлы газ кондентрациясы бірдей болмайды. Ол жеміс-жидек да қылдарының өсіру жағдайларына және ауа райына да байланысты.

Шырынды жемістердің, оның ішінде алманың жақсы сақта-лынуы үшін химиялық препараттар қолданылады. Олардың кейбіреулері жемістің бетінде қорғау қабатын жасап, газ алмасу мен ылғалының булану қарқынын азайтуға қолданады. Келесі біреулерімен жемісті өңдеу, жемістің тыныстық және қартаю үдерістерін тежейді. Ақырында, химиялық қорғау зяттарын қолдану жемістерді шіріткіш микрофлорадан сақтайды.

Өсімдік шаруашылығында кептеген, кейде қарама-қарсы, есімдіктен жемісті пісіп жетілмеген күйінде үзгенде, олардың пісуін жеделдету мақсаты. туады. Мұндай мақсат үшін көбенесе пісуді жеделдететін, есіруді үдеткіш-этилен газы қолданылады, оның әрекеттерінің бірі жемістін картаю үдерісін жеделдету болып саналады. Жемістерді белгілі бір уақытқа ауасы этилен газымен .байытылған арнаулы бөлмегс орналастырады. Немесе осы фитогормонның препараттары қолданылуы мүмкін.

87

IV т а р а у.

ӨСІМДІҚТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ

ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНА БЕЙІМДЕЛІНУІ ЖӘНЕ



ТӨЗІМДІЛІГІ

Солтүстік Қазақстан Азия континентінде көлемді жерді алып жатыр, ол солтустігінде Батыс Сібір ойпатына кіріп жатса, оңтүстігінде республиканың шөлейт аудандарымен шектеседі. Бұл территория арктиқаның суық және ылғалы аз ауасының жайылуына, сонымен қатар Орта Азиялық шөлдің ыстығы мен құрғақшылығын әкелетін оңтүстік желге де ашық. Солтүстіктің және оңтүстіктің ауа толқынының осындай әрекеті, негізгі ылғал көзі болып табылатын Атлант мұхитының қашықтығымен бірігіп, Солтүстік Қазақстан климатының қуаншылдығын және басқа да ерекшеліктерін анықтайды. Соңғыға температураның жыл бойғы (қыста—40°С-тан,жазда— 40°С-дейін) және тәулік цикліндегі өзгеруін жатқызу керек, сонымен қатар күн радиациясының мол түсуіне, бұлтсыз ауа райының көбірек болуына да себепші. Солтүстік Қазакстанға ауа райының тұрақсыздығы және оның жылма-жыл (згергіштігі тән қасиет. Бұл жаз және қыс кездеріндегі температураға сонымен қатар жауын-шашьшның мөлшеріне және оның болу кезеңдеріне де тән. Жалпы жылы және қуаңшыл жылдар біршама басым болсадағы, кейбір жылдар салқын және ылғалды болады. Ауа райының күрт өзгеруі вегетация кезенінде, ал кейде бір тәулік ішінде де болады.

Айтылғандардан мынаны аңғаруға болады. Солтүстік Қаақстанда өсімдііктер өте қолайсыз әр түрлі жағдайларға тап бола алатындығын, қыс кезінде, кейде кар жоқта немесе сл өте аз болғанда күздіктер және көп жылдық шөптер, сонымен қатар жеміс және жидек дақылдары желмен қоса күшті аяздарға төтеп бере алулары керек. Жазда мәдени және жабайы өсімдіктер ауаның біршама төмен салыстырмалы дымқылдылығында топырақ ылғалының тапшылығынан зардап шегеді, тым жоғары температураға, ал кейде күрт суыққа, тіпті үсікке де шалынады. Кейінгі жағдай әсіресе, жазғытұрым және күзде болады. Сонымен қатар Қазақстанда ауа райының қуаншылығына байланысты сортаң топырақтың әр түрлері тараған.

Осы тарауда айтылған қолайсыз жағдайлар өзара байланысқан үш түрлі көзқараспен қаралатын болады; өсімдік тіршілігінде және өнімділігінде олар қандай өзгерістер шақыра алады. Осы факторлардың өсімдіктерге әсер ету жолдары және

88

олардың бүған икемделу “механизмі” және ақырында ауыл ша-руашылығы дақылдарыньщ қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттыру тәсілдері мен әдістері қандай, сонымен қатар оларды қалай жоюға немесе әсерін жеңілдетуге болады деген.



ӨСІМДІККЕ ҚУАҢШЫЛЫКТЫҢ ТИПЗЕТІН ӘСЕРІ

ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІК

Алдымен қуаншылыққа дұрыс анықтама беру керек. Кейбір туындыгерлер куаңшылық ауа мен топырак. кұрғақтығының әр түрлі денгейде бірігуі деп тусінеді де куацшылық объектісін — өсімдікті көңілден тыс қалдырады. Дәлме-дәл анықтаманы өз кезінде Н. А. Максимов берген болатын: “Қуаншылық деп — атмосфера және топырақ жағдайларының комбинациясының арқасында өсімдіктіқ су режимінің терең және ұзақ уақыт бұзылуын айту дұрыс болады. Қуаңшылық тек өсімдік бар жерде ғана болуы мүмкін, оны біз тек өсімдік арқылы біле аламыз”.

Қуаңшылықтың бірнеше түрін айырады: атмосфералық-ауа дымқылдылығының төмендеуімен және оның температурасының көтерілуімеп байланысты, себебі, транспирацияны және топырақ бетінен ылғалдың булануын күшейтеді. Таза күйінде атмосфералық қуаншылық әдетте суарылатын жерде кездеседі. Атмосфералық қуаңшылықтың әр түрлілігіне, күшті ыстық желді аңызақты жатқызуға болады. Топырақта ылғал жетіспегенде және жауын-шашын болмағанда атмосфералық қуаңшылыққа топырақ қуаңшылығы ілесе жүреді. Атмосфералық және топырақ қуаңшылықтарының бірігуі (құрама қуаңшылық деп атайды) өсімдік үшін өте қауіпті және жойқын. Қуаңшылык әдетте өсімдікке екі түрлі қолайсыз әсер етеді: өсімдіктің су режимін бұзады және ұлпалардың температурасын көтереді. Және де оларды ажырату қиын, олар бірін-бірі күшейте түсіп, ете терең зардапқа әкеп соғады. Тек ылғалды тропикалық ауа райында және суарған кезде ғана ылғал тапшылығын сезбей, өсімдік күшті қызудан зардап шегуі мүмкін, және керісінше, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір жағдайында өсімдік ерте көктемде құрғақ күз және қары аз қыстан кейін “суық” қуаңшылықтың (салыстырмалы төмен температурада ылғалдық болмауынан) әсеріне тап болады. Осыны ескеріп біз келешек те қуаңшылықтын аталынған түрлерін, бұл физиологиялық жағынан да дұрыс болады, жеке-жеке талдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет