Казахский язык



Дата18.06.2018
өлшемі56.34 Kb.
#74935
түріИнструкция
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК



Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных. Выбранный ответ необходимо отметить на листе ответов путем полного закрашивания соответствующего кружка».

1. Тура мағыналы тіркес

A) Терең сөз

B) Терең білім

C) Терең мағына

D) Терең құдық

E) Терең адам


2. Тура мағыналы сөз тіркесі

A) Ақ пейіл

B) Ақ көңіл

C) Ақ жүрек

D) Ақ ниет

E) Ақ көйлек



3. Синонимдер қатары.

A) Сұлу, көріксіз.

B) Үлкен, кіші.

C) Мектеп, бала.

D) Зат, бұйым.

E) Қала, ғимарат.



4. Буын құрайтын дыбыс.

A) Қатаң.

B) Ұяң.

C) Дауысты.

D) Дауыссыз.

E) Үнді.



5. Есім сөзден жасалған туынды етістік

A) Тазала, көмектес

B) Айт, сөйлес

C) Еңбектен, өткіз

D) Бергіз, көмектес

E) Қондыр, тазала



6. Сан есімнің мағыналық түрі.

Атадан – алтау, анадан – төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

A) Болжалдық

B) Есептік

C) Реттік

D) Топтау

E) Жинақтық



7. Сөйлемдегі толықтауыш.

Кеше Шоқан ағасымен көп сөйлесті.

A) Кеше.

B) Көп.

C) Шоқан.

D) Ағасымен.

E) Сөйлесті.



8. Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен тұрған сөйлем.

A) Шет тілін оқу – болашағың.

B) Тіл – қоғамдық құбылыс.

C) Кешігіп келгендер – әжемнің таныстары.

D) Мен – жүрген бір пендемін.

E) Бар ойы – өлең айтып, ән салу.



9. Етістіктен жасалған синонимдер қатары.

A) Жинау, шашу.

B) Қарау, қарамау.

C) Есту, естімеу.

D) Айту, айтпау.

E) Таңдау, талғау.



10. Үстеуден болған синоним.

A) Амандасу, сәлемдесу, есендесу.

B) Өң, түр, түс.

C) Салмақты, сабырлы, байыпты.

D) Тез, жылдам, лезде.

E) Бір, екі, үш.



11. Сөйлемнен қос сөзді табыңыз.

A) Сыйласаң, сый көрерсің.

B) Аурудан әдет жаман.

C) Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.

D) Көргеннен көз ақы алады.

E) Қолы жетпеген кәріп.



12. Негізгі зат есім тізбегі.

A) Киім, сенім.

B) Сұрақ, көрме.

C) Отан, ар.

D) Әнші, биші.

E) Қажеттілік, шығарма.



13. Берілген сөйлемнің түрі.

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

A) Қарсылықты.

B) Ыңғайлас.

C) Себеп-салдар.

D) Кезектес.

E) Талғаулы.



14. Берілген сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесі.

Біздің қалада жағдайы жоқ отбасыларына қол ұшын беру мақсатында акция өткізіледі.

A) Жағдайы жоқ.

B) Біздің қалада.

C) Өткізіліп тұрады.

D) Акция өткізіледі.

E) Қол ұшын беру.



15. Сөйлемдегі мөлшер үстеуі.

A) Ауылға атқа міну үшін әдейі келдім.

B) Қазіргі кезде табиғат жағдайы онша емес.

C) Ол үйінен ерте шығады.

D) Кешке інім екеуміз атқа мініп, тез малды қайырамыз.

E) Таңертең атам мен әжеме көмектесемін.








Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и правильно выполните задания к тексту».

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

– Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, – дейді.

– Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың, – деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

– Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым, – дейді.

– Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады, – деп түсіндірді әкесі.






16. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»

A) Ұршық, кітап.

B) Бау-бақша, байлық.

C) Ата-ана, ас.

D) Жарық бөлме, жабық бөлме.

E) Әсем үй, жабық бөлме.



17. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа

A) – Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.

B) – Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.

C) Ал кітап оқысаң, білімің артады.

D) Сен оған өмір бойы риза боласың, – деп жауап қайтарады әкесі.

E) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.



18. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы

A) Қыз


B) Бойжеткен

C) Бозбала

D) Бала

E) Сәби


19. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтел

A) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

B) Жалқаулық – жаман ауру.

C) Еңбегіне қарай өнбегі.

D) Еңбек ет те міндет ет.

E) Еңбек еткен – емерсің,

Ерінбесең – жеңерсің.


20. Негізгі ой айтылған сөйлем

A) Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық, кітапты көреді.

B) Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың.

C) Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын.

D) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.

E) Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен.




ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

ЗАВЕРШЁН


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет