Каскатаева Ж. А., Мажитаева Ш



Pdf көрінісі
Дата27.10.2018
өлшемі51.23 Kb.

Каскатаева Ж.А., Мажитаева Ш. 

Академик Е.А.Букетов ат. ҚарМУ, Қарағанды 

 

ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТIК СИПАТЫ 

 

Тіл  білімінде  және  жалпы  гуманитарлық  ғылым  салаларында  таным  мен 



білімнің  қалыптасуы,  ұлттық  танымның  халықаралық  қатынастағы  орнын 

анықтау –  негізгі мәселелердің бірі.  Қоршаған ортадағы әртүрлі түр-түстер мен 

олардың  реңктерін  адам  баласы  екі  түрлі  жолмен  танып,  біле  алады.  Олардың 

бірі  –  ғылыми  жолмен  тану,  яғни  колориметрия,  физика,  физиология, 

психология т.б. осы құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының дамуына 

байланысты  болса,  дәстүрлік  тану,  яғни    белгілі  бір    халықтың    өміріндегі 

тәжірибесіне сүйенеді  [1, 5].  

Әр    халық  түр-түсті  өзінше  анықтап  таниды.  Әр  тілде  түс  атауларының  

жасалуы    әртүрлі.    Бұл  таным    дәстүрлік  таным  деп  аталады,  өйткені    ол  ұзақ 

дәуірдің,  халық  болғаннан  бергі  дүниетанымының,  өзін  қоршаған  дүниенің, 

заттың  түр-түсін  меңгеруіне  және  оларды  өз  тілінде  қалыптастыруына 

байланысты. 

Түр-түс  әртүрлі  ғылым  салаларының  (физика,  психология,  лингвистика, 

медицина,  этнология,  культурология,  философия,  эстетика  және  т.б.)  зерттеу 

нысаны  болып  табылады.  Түр-түстің  осындай  әртүрлі  қыры,  беретін  көпқырлы 

ұғымдары  оның    өте  күрделі  құбылыс  екендігіне  дәлел  болады.  Жоғарыда  аты 

аталған  ғылым  салаларының  зерттеу  нысаны    өзіндік,    әртүрлі  мамандықтың 

кәсіп иелерінің айналысатын мәселелері түрлі-түрлі. Осы күнге дейін жазылған 

еңбектердің  саны  көп    болғанымен,  бірақ  әлі  де  біраз  шешілмеген  мәселелер 

баршылық.  Сондықтан  да  түсті  әр  қырынан  зерттеу  әлі  де  өзекті  болып 

саналады.      

Түр-түс  атаулары  –    тіл  білімінде    біраз    зерттелген    категория.    Ғылыми 

еңбектерде  түр-түс  атауларының  құрамы,  олардың  семантикалық  құрылымы 

(Брагина  1970,  Туревич  1982,  Wenning  W  1985,  Morgan  G.,  Cobett  G.  1989),  

этимологиясы  мен  түс  лексикасының  пайда  болу  тарихы  (Бахилина  1975, 

Бородина.  1971,  Krieg  1979,  Пименова  1987,  Кононов,  1978  т.б.),  қазақ  тіл 

білімінде  І.Кеңесбаев,  Н.Сауранбаев,  А.Ысқақов,  М.Балақаев,  С.Аманжолов, 

Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдаров,  т.б. зертеушілердің  ғылыми зерттеулері бар.  Ондағы  

тұжырымдарға қарағанда, түр-түс атауларының  көпшілігі  –  ерте  замандардан 

бері  өмір  сүріп  келе  жатқан  түркі  тілдеріне  ортақ  дүние.    Түркітанушы 

зерттеушілердің    пікірінше,  түр-түс  атаулары  V-VIII  ғасырлардағы  Орхон-

Енисей ескерткіштерінен, көне ұйғыр, араб жазуларымен жазылған бай тарихи-

әдеби  мұраларымыздан  кездестіруге  болады.  Мысалы:  Орхон,  Енисей,  Талас 

өзендерінің  бойынан  табылған  ескерткіштер  тіліндегі  сарығ  алтун,  қызыл  қан, 



ақ  ат,  қара  бұдун,  қара  тер,  көк  онуғ  сияқты  түр-түс  атаулары  бүгінгі  қазақ 

тілінде  де,  басқа  түркі  тілдерінде  де  қолданылады.  Яғни    түр-түс  табиғатын 

танып,  тіл  арқылы  белгілеу  –  атам  заманнан  келе  жатқан  дәстүр.  Бұл  дәстүр, 

әрине,  әрбір  халықтың  рухани,  мәдени  өмірімен,  тілімен  бірге  дамып, 

кемелденіп  отырады.  Осының  нәтижесінде  әрбір  түркі  тілінде,  соның  бірі  – 


қазақ тілінде де, жүздеген түр-түс атаулары қалыптасып, мәдени өміріміздің әр 

саласында қолданыс тауып жүр [2, 33].  

Адамдар  түр-түстің  жалпы  табиғатымен  бірге  оның  өмір-тіршілігімізде 

атқаратын  сан  алуан  қызметін,  орнын,  қолдану  аясын  да  білуі  керек.  Мәселен, 

тілдердегі  түр-түс  атауларының  ылғи  бір затты,  құбылысты  анықтап,  сипаттап, 

суреттеп,  әсерлеп  тұратын  қызметі  белгілі.  Ауызекі  тілде  болсын,  көркем 

шығармада  болсын,  түр-түс  атаулары  қалай  болса  солай  ретсіз,  жұмсала 

бермейді. 

Түр-түс  атауларының    мағыналық-мәндік  өрісі  әр  халықтың  ұғым-

түсініктеріне,  қоғамда  болып  тұратын  экстралингвистикалық  факторларға 

байланысты қалыптасқанын тілдердегі тұрақты тіркестерден көруге болады. 

Түр-түс  атаулары  қатысқан  фразеологизмдер,  жалпы  тұрақты  сөз  тіркестері 

қаншама  зерттеліп  келе  жатса  да,  оның  қыры  мен  сыры  түгел  ашылды  деуге 

болмайды.  Түр-түс    атаулары  фразеологиялық  бірліктер  жасауда  көп 

қолданылады,  қазақ,  неміс  және  орыс  тілдеріндегі  діни  наным-сенім,  әдет-

ғұрып,  салт-дәстүрге  байланысты  қалыптасқан  тұрақты  тіркестер  тіл  байлығы 

болып  саналады,  сонымен  бірге  ерте    замандардан  бергі  рухани  өмірдің 

байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап, жан-жақты көрсетеді.  

Мәселен,  қазақ  тіліндегі  түр-түс  компонентті  атаулар  тура  мәнімен  қатар 

басқа  мағынада  қолданылуымен  ерекшеленеді.  Бұлар  аңыз-әңгімелерде,  жыр-

дастандарда,  салт-дәстүрлерде  және  басқа  дүниетанымға  байланысты 

қолданылатын  тұрақты  тіркестерде  кездеседі.  Сонымен  бірге  бұл  құбылыстың 

тарихы да арыда жатқаны анық. 

Фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдерде    негізгі  (ақ,  қара,  қызыл,  қызғылт, 

сары, көк, жасыл, күлгін ) және қосымша түстер (қоңыр, сұр, боз, құба, қошқыл, 

ақшыл, көкшіл, сарғыш, тарғыл, ала т.б.)   қолданылады. Зерттеу жұмысымызда 

нақты  мысалдар  арқылы    бұндай  тұрақты  тіркестердің    ішінде  киелі/қасиетті 

ұғым  беретін    фразеологизмдер  мен    мақал-мәтелдерге  де  тоқталып,  олардың 

этнолингвистикалық сипатына талдау жасалынады. 

 Ағылшын тілінде қара түс  жағымды және жағымсыз коннотацияны береді. 

Кейбір ағылшын фразеологизмдері  оң  коннотацияға ие:  · climb into the black-  

пайда ала бастау;   be in the black-  ақшалы болу;  black swan – сирек құбылыс т.б.  

Ал мына мысалдарда қара түсі  теріс коннотацияда қолданылады:   black-  letter 

day  –  қайғылы  күн;    black  beast  -    жек  көретін  адам/зат  (предмет  ненависти); 

black  ingratitude    -  жақсылықты  білмейтін  (черная  неблагодарность).  Сондай-ақ  

а  black  sheep  –  орыс.  «паршивая  овца»,  позор  семьи  (ескі  заманда  қара  қойды 

сайтанмен байланыстырған). Бұл фразеологизм  мына мақал-мәтелдің бір бөлігі  

«There is a  black  sheep  in every flock, орыс тілінде «В семье не  без урода», яғни  

қазақ тіліндегі «Ондай-ондай ханның қызында да болады» деген ұғымды береді. 

        Әрбір  тілдегі  түр-түс  атаулары  –  белгілі  бір  заттың    сапалық  сынын  ғана 

білдіріп  қоймайды,  сондай-ақ  белгілі  бір  халықтың    мәдени  өмірі  мен 

тарихынан,  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпынан    мол  мәлімет  беретін  күрделі 

категория.  Сондықтан  да  түр-түс  атаулары  әр  халықтың  дүниетанымында 

өзіндік орын алады, олардың жасалу жолдары мен тілде қалыптасуы да әртүрлі.   



Қазақ  тілінде  жалпы  түр-түс  ұғымына  қатысты  атаулардың  саны  мыңнан 

асқанымен  олардың  тек  он  бірі    негізгі  түр-түстерге  жатады    деп  есептейді 

Ә.Қайдаров  [3,  33],  олар:  ақ,  қара,    қызыл,  жасыл,  сары,  көк,  көгілдір,  күлгін, 

қоңыр, боз, сұр.  

Зерттеушілердің  көрсетуінше,  ағылшын  тілінде  фразеологизмдердің 

құрамында төмендегідей түстер негізгі элемен болып саналады: black, white, red, 

yellow, grey, blue, pink, brown, green.  Бұл түстермен жасалған  фразеологизмдер 

әрі  жағымды, әрі жағымсыз   коннотация құрайды, яғни қоршаған ортада  оң не 

теріс    құбылыстарда  қолданылады.    Бұл  топтың  құрамына    негізгі,  яғни  жиі 

кездесетін  түстер:  black,  white,  red,  blue,  green.  Зерттеушілер  түспен  жасалған 

сын есімдердің ағылшын тілінде ертеректе қалыптасқанымен, олар арқылы тілде 

көптеген    ассоциациялардың    пайда  болумен  түсіндіреді.  Ал  екінші  орынды  

теріс  коннотация  беретін  фразеологизмдер  құрайды.  Бұл  топқа  тұрақты 

тіркестер  жасайтын  келесі  түр-түс  атаулары  кіреді:  yellow,  grey,  brown.  

Көпшілікке  мәлім,  бұл  сын  есімдер    ағылшын  тілінде  кейінне  пайда  болған. 

Кейіннен олар негізгі түстер құрамына енді. Бұл түстердің (grey, brown) аздығын 

зерттеушілер  олардың  негізгі  түстер  сияқты  толық  емес  қосымша  реңктер 

беретіндігімен  түсіндіреді.    Сондықтан  олар    ашық    және  анық  ассоциация 

тудырмайды.  Ағылшын  тілінде  тек  оң  эмоция  тудыратын  rosy  түсімен 

қолданылатын фразеологизмдер  өте аз кезедеседі.   

Түр-түс атауларының  атауыштық мағынасынан басқа  әр түрлі лексикалық-

семантикалық, символдық мағыналары – әр халықтың болмысындағы   әмбебап 

категория.    Түр-түстер  өздерінің  символикалық  қасиеттері  арқылы  түр-түске 

тіпті  қатысы жоқ немесе қазіргі кезде мүлдем алыс  ұғымдар мен мағыналарды 

да  білдіреді.      Ә.Қайдаров  «Түр-түстердің  тілдегі  көрінісі»  деген  еңбегінде 

тілімізде қырыққа жуық  әртүрлі сөз тұлғасы (түбір, туынды түбір, біріккен сөз) 

арқылы  жасалған  түр-түс  атаулары  бар  деп  санамалап  көрсетеді:      ақ,  боз,  сұр, 

қара,  ала,  ал  қызыл,  сары,  көк,  жасыл,  қоңыр,  кер,  құба,  құла,  торы,  күрең, 

жирен,  күлгін,  шабдар,  барқын,  баран,  қызғылт,  көгілдір,  көкше,  сарғылт, 

сарғыш,  ақша,  ақшыл,  зеңгір,  бурыл,  сұрғылт,  көкшіл,  сұрқай,  қоңырқай,  т.б.  

Бұларға  қосымша  түр-түстік  мағына  білдіретін  сөздер  мен  сөз  тіркесі  ретінде 



шымқай,  қырмызы,  шұбар,  қожалақ,  шаңқан,  тұм,  шикіл,  қошқыл,  секпіл, 

тарғыл,  қылаң,  жолақ,  сағал,  таңдақ,  далаптай,  анардай,  аршыған 

жұмыртқадай, т.б.  [2, 35].  

Қазіргі  қазақ  тілінде  «қызыл»  түстің  ғана  емес  албыртып  тұратын,  қызара 

бөрткен,  жас,  қызу  қанды,  сұлу  реңді  «қыз»  деген  сөзінің  шығуына  негіз 

болғандығы  мәлім.    Неміс    тіліндегі  фразеологизмдердің  құрамында  келетін 

«қызыл»  түс  те  бірнеше  мағынада  жұмсалады.  «Қызыл»  түсі  Күннің,  Оттың 

түсіне  байланысты  қабылданып,  күні  бүгінге  дейін  көптеген  халықтар  үшін 

солардың символы ретінде қасиетті түс болып саналады.  

Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдер  құрамындағы  қызыл  түс  көбіне 

соматизмдермен тіркесіп, ұрыс, төбелес мағынасын береді.  Сондай-ақ «қызыл» 

түсі қызыл сөз, орыс тілінде де ради красного словца  фразеологизм құрамында 

келіп, жылтырақ, мәнсіз деген ұғымды береді. Неміс тілінде «революция» деген 

мағынада да жұмсалады. 



Ағылшын  мәдениетінде  де  қызыл  түсімен  жасалған  фразеологизмдер   

қарама-қарсы  мағына  үстейді.  Қызыл  көбінде  теріс  эмоцияны  білдіреді:  ашу, 

мазасыздық, қиыншылық сияқты ұғымдарды береді. 

Сондай-ақ  адамның  түрлі  психикалық  күй-жайын    суреттегенде  де 

жазушылар  түрлі түстерді қолданады. Мысалы, кейіпкердің ұялғанын білдіргісі 

келгенде  «қызыл»,  қорыққанын  суреттегенде  «боп-боз»,  табиғат  құбылыстары 

арқылы  кейіпкердің  қуанышты  көңіл-күйін  білдіргенде  қызыл  (күн),  (жасыл 

жібектей  болған)  көк,  сылдыраған  күмістей  (яғни  ашық  сұр)    бұлақ,      ыза 

болғанда  «көгеріп-сазарды»,  қайғырғанды  «сарғайды»  т.с.с    тілдік  бірліктер 

қолданылатындығы айқындалды.    

Жоғарыдағы  айтылғандарды  түйіндесeк,    ақ,  қара,  көк,  сары,  қызыл,  қоңыр  

түстері  және  осы  түстердің  қатысуымен  жасалған  тұрақты  тіркестер  әр  

халықтың  материалдық,  рухани  мәдениетінен,  әдет-ғұрып,  наным-сеніміне 

байланысты  ұзақ  тарихы  мен  өткен  өмірінен  елес  береді.    Түр-түс  атаулары  

халықтың  тарихын,  салт-дәстүр,  ұлттық  сана  мен  ой-өрісін,  адамгершілік 

қалыптарын, тұрмыс-тіршілігін, ісін, мінез-құлқын, жан дүниесін, ділін, дінін әрі 

қысқа, әрі нұсқа суреттейді  

Зерттеу  барысында  кейбір әр  тілде  түр-түстердің  тұрақты  тіркес  жасаудағы 

деңгейлері бірдей емес екені байқалды. Мәселен, қазақ тіліндегі  тұрақты тіркес 

құрамында  түр-түстің    бәрі  бірдей  қолданылмайтындығы,  жиі    қолданылатын 

түр-түс  атаулары  қатарына  «ақ»,  «қара»,  «көк»,  «қызыл»,  «қоңыр»,  «сары»  т.б. 

түстерді жатқызуға болатындығы анықталды [4].  Зерттеуде  ақ, қара, көк, сары, 



қоңыр,  қызыл  түстері  қатысуымен    жасалған  сан  алуан  тіркестердің    талдау 

жасалып  отырған  тілдердегі  дәстүрлі,  қалыпты  және  ауыс  мағынада 

қолданылуы,  символикалық,  кәделі  және  қасиетті  мәнге  ие  болу  ерекшеліктері 

мен уәжділігі (мотивация)  айқындалады [5].  

 

Пайдаланылған әдебиет: 



1  Қайдаров  Ә.Т.,  Өмірбеков  Б.,  Ахтамбердиева  З.Т.  Сырға  толы  түр  мен  түс.                       

– Алматы: Қазақстан, 1986. –95 б.  

2  Кононов А.Н. Семантика цветообозначений в тюркских языках. – М., 1978.   – 367 б. 

3    Қайдаров  А.,  Ахтамбердиева  З.,  Өмірбеков  Б.  Түр-түстердің  тілдегі  көрінісі.                         

– Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б. 

4  Mazhitayeva  Sh.,    Kaskatayeva  Zh.    Lexical  and  symbolic  meaning  of  some  colors  in 

Kazakh  Language.  European  Researcher.    2012,  Vol.  (32).    №10–2.    –  Р.1772-1175.; 

Mazhitayeva Sh.,   Talaspaeva Zh., etc. Connotation of color namings in Kazakh language. 

European Researcher.   2012, Vol. (25), №7. –С.1088-1091.  

5  Mazhitayeva  Sh.,    Kaskatayeva  Zh.  Color  Semantics  in  the  Kazakh  language:  Linguо-

Cultural  aspect.  European  Researcher,  2013,  Vol.(50),  №  5-3.-Р.1454-1458.  Mazhitayeva 

Sh.,  Kaskatayeva Zh .  Color semantics: linguistic-cultural aspect.  International Journal of  

Language and Linguistics, may 2013;  Мажитаева Ш., Каскатаева Ж. Цветообозначение  

в составе  фразеологизмов: лингвоког-нитивный анализ. European and Russian literature: 

modern  problems  of  study.    Monograph.  Volume  4.  –Stuttgart:  ORT  Publishing,  2014.  –

P.22-36. 



Каталог: pdf


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет