"Картография" ұғымы



Дата27.09.2018
өлшемі134.68 Kb.
#85437
“Картография” ұғымы

Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.




    1. Нүктелік əдіс.

Нүктелік əдіс ауданда біркелкі орналаспаған құбылыстарды бейнелеу үшін пайдаланады. Оның негізгі бір көлемді нүктелердің жүйесін сол аумақта құбылыста бейнелеуінде. Сонымен қатар нүктелер қалыңдығы арқылы тек құбылыс орналасуы ғана емес, сонымен қатар қалыңдық ерекшеліктері, оның дамуының интенсивтілігін көрсетеді. Картографиялау алдында нүкте салмағын, яғни сапалық көрсеткіштерге сай бір нүктелік көрсеткіш. Нүкте көлемін əр нүктеге бөліп беру арқылы есептейміз. Түрлі түсті бояуларды енгізу арқылы сапалық құрылымдарды бейнелейді6 мысалы ауылшаруашылық дақылдар. Бір құбылысты бейнелеу кезінде, қарап жатқан əдіс бөлек, сонымен дөңгелек-нүктелерді түрлі салмақтағы жəне сай көлемдіні қолданады.

Нүктелік əдіс картада картографияланатын құбылыстардың географиялық таралуын тиісті жерлерде көлемі жөнінен бірдей, нүктелерді орналастырудан тұрады. Əр нүкте бірдей картографияланатын құбылыстың дамуын сипаттайтын бірдей көрсеткіштер бірліктерін бейнелейді. Картада бейнеленетін құбылыстардың таралу қарқындылығы көп болса, нүктелер жиіленеді жəне керісінше, сиректетіледі. Нүктелік əдіске ұқсас болуы мүмкін, белгілер əдісі нүктелік əдіске қарағанда өзгеше. Себебі, нүктелік əдісте əр нүкте жеке объектті бейнелемейді, ол тек сандық көрсеткіштердің графикалық түрде берілуін білдіреді. Нүктелік əдіспен ұсақ масштабты карталар жасалады: олар - халықтың орналасу, жануарлардың жəне егістіктің таралу, ауыл шаруашылығының территориялық бөліну картасы. Мақта шаруашылығының таралуын бейнелеген кезде, əр ареалдың ішіне біртегіс нүктелерді белгілеуге болады,əр нүкте мақта отырғызылған егістіктің белгілі санын білдіреді. Сол ареалдың ішінде мақта біркелкі емес орналасады: бір жерде ол көп, басқа жерде ол тіпті болмауы мүмкін. Картаның масштабына сəйкес мақтаның орындарын белгілеу кезінде нүктелердің дифференциалданған орналастыруды қолдана отырып, нүктелік əдіс барлық географиялық айырмашылықтарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Сонымен, нүктелік əдіс картада нүктенің орналасу принциптеріне байланысты 2 топшаға бөлінеді:

а. Біркелкі орналасуы - қандай да бір территориялық бөліністің ішінде - əкімшілік аудандар, облыстар жəне т.б.

б. Оқшауланып орналасуы - картографияланатын объектінің шын мəніндегі

орналасуы бойынша.

(1-сурет)

Картографияланатын құбылыстардың шын мəніндегі орналасу орнына нүктелерді байлаудың дəлдік деңгейі - тіке масштабқа тəуелді. Ұсақ масштабты карталарды құрастыру кезінде үлкен территориалдық бірлікті кішіге бөлуге болады, жəне сол бөліктердің ішіне нүктелерді біркелкі орналастырады;соңында картада ұсақ бөліктердің шекаралары алып тасталады. Сол кезде ірі территорияда нүктелер дифференциалданған түрде орналасқан болды. Көптеген ұсақ нүктелік карталар осы əдіспен құрастырылған. Нүктелік карталарды құрастыру кезеңінің ең маңызды кезеңі болып, нүктенің көлемін анықтау , яғни бір нүкте қандай көлемді көрсетуді беруі табылады. Нүктенің көлемін анықтаған кезде, сол нүктенің графикалы көлемі мен құрастырылған картаның масштабы есепке алынады. Кейде нүктелік картада сапалық ерекшеліктерді бейнелейді, сол кезде түрлі түсті жəне суретті нүктелерді пайдаланады. Егер нүктелер əр түсті болып , олар бейнеленген объектінің географиялық орналасуына байланысты картаның түрлі жерлеріне топталады, сол кезде карта мəнерлі болады. Нүктелерді схемалық орналастыру кезінде территориалдық бөлімдердің ішінде рельеф, өзен, жол жəне ұсақ елді мекендерді көрсетпеген жөн. Ал керісінше нүктелердің оқшауланған орналасуы картада географиялық негіздерді толық бейнелеуді қажет етеді. Нүктелік картаның бір түсті басылуы кезінде, оның өзен торлары, шекара, жол, елді мекенде жəне олардың атауларымен жүктемеленуінен сақтау керек. Сонда картаның бос жерлері,басқа элементтермен толықтырылуы керек.


1.2. Ареалдар əдісі.

Контурлау, бояу, штрихтеу жəне жазулар мен суреттерді пайдалана отырып, бейнеленген экономикалық объектілердің шекараларын таңдамалы түрде бейнелеу - ареалдар əдісі болып табылады. Бұл əдіс картада маңызды аумақ алатын белгілі

бір экономикалық объектілерді немесе құбылыстардың таралу аймағының шегін белгілеу үшін қолданылады. Ареалдар əдісі өзінің қарапайымдылығы мен мəнерлілігі негізінде ұсақ масштабты экономикалық карталарды құрастырған кезде көбіне қолданылады. Белгілер əдісіне қарағанда ареалдар картада жеке мекендерді емес, белгілі бір аумақтарды түсіреді, сондықтан бұл əдісті кейде «Шектелмеген аудандар» деп атайды. Ареалдар абсолютті немесе салыстырмалы болады. Егер картографияланатын құбылыс тек белгіленген ареал ішінде болса жəне басқа да еш жерде кездеспесе, онда бұл абсолютті ареал болып табылады, мысалы, мұнай өндіріс ареалдары. Егер, ареалдармен картографияланатын объектілердің көбірек концентрацияланған жерлер болса, ол əдіс салыстырмалы əдіс болып табылады. Ареал ішінде экономикалық құбылыс үзіліссіз немесе интервалдармен таралуы мүмкін. Ареалдар əдістері 2 топшаға бөлінеді. Олар графикалық түрде дəл жəне схемалық түрде бейнеленуі мүмкін. Бірдей экономикалық объектілердің таралуын 2 əдіспен де көрсетуге болады. Мысалы, бірінші əдіспен, сол территорияның шекарасын дəлдікпен белгілеу немесе екінші əдіспен схемалық түрде сол объектінің орналасу орнын контурмен, жазу жəне сурет көмегімен белгілейді. Картаны ареалдар əдісімен сызған кезде, құрастыру жолдарын таңдау картаның мақсатына, масштабына,толықтығы мен пайдаланылған материалдардың нақтылығы мен картографияланатын құбылыстардың нақты ерекшеліктеріне байланысты жасалады. Графикалық дəл ареалдар, шектелген қисық тұйық сызықтар жəне боялған немесе штрихтелген аудандар түрінде бейнеленеді. Схемалық ареалдар контурларының қалыңдығымен немесе тіпті

контурсыз бейнеленеді. Схемалық ареалдар əдетте контурсыз берілетіндіктен, оларды əріп немесе суреттермен белгілейді, соның нəтижесінде бұл əдіс белгілер əдісіне ұқсас болады. Бірақ бұл ұқсастық тек сырттай ғана, себебі, мұнда айқын ерекшелік бар, «сурет - ареал» картада жеке пунктті бейнелемейді, ол тек қана контурланбаған бір ауданның шамамен орналасу орнын көрсетеді. Белгілер өз көлемі бойынша картаның

масштабынан үлкен болады, ал сурет - ареалдар міндетті түрде өзі қатысты территориядан кіші болады,сондықтан бұл 2 əдісті дұрыс ажырата білген жөн.

(2 - суретте) схемалық жəне графикалық дəл ареалдардың кейбір түрлері көрсетілген. Контурлы тұйық қисық сызық пен штрихтелуі түрлі пішінді, түсті, көлемді жəне енді болуы мүмкін. Бірнеше ареалды үйлестірген кезде, үлкен аудандарды контурсыз тұтас ашық түспен немесе штрихпен бояған жөн, ал кішірек ареалдарды жарық түсті жəне жазу немесе суретпен берілген тұйық қисықпен белгілеуге болады. Картографиялық практикада экономикалық көрсеткіштердің барлығы ареалдар əдісімен ғана бейнеленгені кездеседі. Ареалдардың əр түрлілігі əдетте құбылыстардың сапалы ерекшеліктеріне сəйкес болады. Ал ареалдардың сандық сипаттамаларына көрсеткіштердің салыстырмалы биіктіктеріне байланысты штрихтелу деңгейі жатады. Мысалы, мақта шаруашылығындағы ареалдарды белгілеген кезде, богарлы шаруашылыққа қарағанда, суармалы мақта шаруашылығын біз қаттырақ штрихтей аламыз.

1.3. Сапалық фон əдісі.

Сапалық фон əдісін - белгілі бір экономикалық көрсеткіштің сапасы бойынша картада бейнеленген мемлекетті сипаттау үшін пайдаланады жəне жан-жақты таралған зерзаттарды бейнелеу үшін қолданады. Бұл əдіс үшін сапалық ерекшеленетін (сапалық фон) аймақтар бөлігін, тордың шекарасын құруын жəне құбылысын: олардың түрі, дара аудандастыру негізінде жəне т.б. белгіленген құбылыстың классификациясын

есеке ала отырып, біржақты сапалық жағынан аудандарды белгілеу жүреді.

Жеке аудандастыру кезінде аумақты тұтас, қайталанбас аудандарға бөледі.

Негігі аудандастыру принциптерін жасау керек, құбылыстар классификациясын жасап жəне дамыту керек, сонымен қатар белгіленген аумақтардың шекарасын анықтап: түсіру жұмысы үрдісінде, дешифрлеу арқылы, əдеби жəне карталар білім көзін қолдану арқылы, математикалық жəне түрлі əдістерді қолданып (мысалы,таксометриялық) кейде аналитикалық карталарды құру керек етіледі, солардың арқасында кейінгі өлшеу жəне зерттеу жүргізіп, кейін талдауын, алынған карталардың шитезін жасау. Классификация негізінде бір нақты немесе бірнеше шарт болады: комплекстер, олар құбылыс түрін анықтайды: синтетикалық сипаттар. Аудандастыру элементтерін бейнелеуде кейде түсі жəне шекаралас сызықтардың мəні зор. Белгіленген шекара ішіндегі аудандар түрлі-түсті бояумен, штрихтық, көптік штрихтық бояумен боялады. Кей кезде стандартты бояу шкаласын, мысалы, геологиялық карталарда. Осы əдіс үшін индекстер мен қолтаңбалар қолдану əдетті. Бейнелеу құрылыстарын таңдау құбылыстарының алатын ауданы, оның шекара ішіндегі орналасуы жəне т.с.с. оның қалыңдығы ішіндегі ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Ареалдар əдісіне қарағанда, бұл əдісте картада жеке аудандар бөлінбейді, бірақ картографияланатын бүкіл территория жəне оның əр бөлігі басқа да

бөліктерге бөлініп, белгілі сипаттама алады. Территория түрлі сапалық бөліктерге бөлінген соң, олардың барлығы белгілі бір түрде, картаның барлық территориясын жауып жəне оның фонын құра отырып боялады. Территорияның сапалық сипаттамалары ерекше бір белгілердің негізінде жəне бірнеше экономикалық көрсеткіштердің үйлесімділігімен беріледі. Мысалы, бір ауыл шаруашылық территорияға байланысты картаны бөлсек, соңында біз жерді пайдалану карталарын аламыз. Бір ұлттың сандық

басымдылығына байланысты түрлі түсті фон əдісі арқылы этнографиялық карталар құрастырылады. Оларға қарағанда жалпы экономикалық аудандар карталарын жасаған əлдеқайда қиын.

(3-сурет) (4-сурет)

Экономикалық аудандар карталарын түрлі түсті фон əдісімен құрастыру 2 негізгі кезеңдерді қарастырады: Біріншіден, картографияланатын территорияда кездесетін

экономикалық - географиялық типтерді орналастыру, олардың сипаттамалары мен нақты көрсеткіштерін анықтау. Екінші кезеңі, əр экономикалық аудандардың арасында шекаралар жүргізу. Түрлі түсті фон əдісімен синтетикалық экономикалық карталарды құрастыруға болады, бірақ ол кезде бар арнайы экономикалық карталарды құрастыру керек. Сонда мысалы, оқу мақсатындағы карталарды генерализация əдісімен құрастыру кезінде жалпы экономикалық карталарды қолдануға болады. Қолданылған картографиялық материалдар зерттелуі жəне бағалануы, нақтылануы мен керек жағдайда толықтырылуы қажет. Түрлі түсті фон əдісі белгілер жəне ареалдар əдісімен жақсы үйлеседі. Бұл үш əдіс экономикалық - географиялық карталардың мазмұнын бейнелеуде негізгі болып табылады. Фондық бояуларды жарық түстермен беру керек, себебі ол белгілік жүктемені жəне картаның басқа да мазмұнына кедергі болмау керек.

Түстерді таңдаған кезде, сапалық сипаттамасы бойынша жақын аудандарды ұқсас түстермен бояған жөн.
1.4.Белгілер əдісі.

Белгілер əдісін картада жеке объектілердің орналасқан жерлері мен жергілікті пункттерді бейнелеу үшін қолданылады.Мысалы, елді мекендер, пайдалы қазба кен орындары, өнеркəсіп орталықтары, жергілікті жерлерге бағдарлар, порттар, темір жол бекеттері т.б.с.с. Белгілер əдісі объектілердің сапалы жəне сандық ерекшеліктеріне, ішкі құрылымына сипаттама беруге рұхсат етеді.



(5- суретте)

Белгілердің үш түрі ажыратылады:

• Абстрактілі геометриялық белгілер (5- суретте) - шаршылар, ромбтар, жұлдызшалар, шеңберлер, үшбұрыштар т.б; белгінің көлемі сандық сипаттаманы, ал түс немесе штрих түсіру сапасын білдіреді; белгінің құрылымы объектінің құрылымын көрсетеді.

• Əріптік белгілер латын немесе орыс алфатиттері, мысалы, Ф немесе A – фосфориттер мен аллюминийдің шығу көздерін көрсетеді, əріптің көлемі объектіні санды түрде көрсетеді, алайда оларды өзара салыстырып, ажырату геометриялық пішінге қарағанда

қиынға түседі.

• Көрнекті белгілер (пиктограмалар немесе символдық) бейнеленетін еске түсіруші объект. Мұндай белгілер туристік, жарнамалық, насихаттық карталарда жиі қолданылады əрі көрнекі болып табылады.

Пиктограммалар қарапайым жəне анық. Ал оның қолданыстағы ыңғайсыздығы ол - көптеген объектілерге анық жəне қарапайым символдық бейнені табу қиындығы. Сол кезде көрнекі белгілер көмегімен салынған картада, электростанциялар орындарында электрогенератор суреті болады; мысалы, ұшақ суреті аэродромды білдіреді, сіріңке қорабы - сіріңке фабрикасын бейнелейді. Пиктограммалар өте көрнекті болып көрінеді, бірақ олардың біршама кемшіліктері бар: олар

1, өте үлкен;

2, картада бейнелеуге ыңғайсыз;

3, объектілердің пішінін анықтау қолайлы емес;

Ең негізгі кемшілігі - бейнеленген объектінің принциптерінің қарама

қайшылығы.

1.5.Картограмма əдісі.

Картограмма əдісі құбылыстың интенсивтілігін оның салыстырмалы дамуын бейнелеу

үшін қолданылады. Картограмма экономикалық құбылысты даму деңгейін, географиялық айырмашылықтарын, картографияланатын территорияның штрихтелу жəне боялу қарқындылығына байланыстығын көрсетеді (6-сурет). Бұл айырмашылықтар белгілі бір территориалдық бөлімнің торына, жиірек саяси - əкімшілік бөлінуіне ұштастырылады.



(6-сурет) (7-сурет)

Экономикалық картада картограмма өте кең таралған, бірақ ол тек қан салыстырмалы көрсеткіштерді картографиялау үшін қолданылды (7-сурет). Абсолютті экономикалық құбылыстың көлемінің көрсеткіштері сол территориалдық бірліктерге қатысты басқа сандар қатарына бөлінуі керек. Абсолюттік көрсеткіштердің аудан бойынша айырмашылықтарын картограмма əдісімен бейнелеу мүмкін емес, себебі , əр

территорияның аудандары əртүрлі болып, бұл бейнеленген объектінің даму қарқындылығы туралы теріс көрініс береді. Картографияланатын объектілердің салыстырмалы көлемдерінің сандық көрсеткіштері картограммада сатыланып беріледі. əр сатыға штрихтелу жəне боялу тəн. Əдетте, мұндай 5 – 10 саты беріледі. Картограмма жасалған көрсеткіштер тізбегінің бөлінуі - өте жауапты жұмыс, оған картограмманың мəнерлі болуы тəуелді.


1.6.Изосызықтар əдісі.

Изосызықтар деп, картографияда картографияланатын құбылыстардың даму деңгейінің сандық көрсеткіштері жағынан, бірдей нүктелерді қосатын сызық. Изосызықтар əдісі картографияда территорияның жалпылама сипаттамаларын əдіс ретінде қолданады. Гипсометриялық, топографиялық жəне климаттық карталарда жиі қолданылатын бұл əдіс, экономикалық карталарды құрастырған кезде де өте сирек кездеседі.

8-сурет

Бұл мына келесі екі жағдайдан байқалады:

1. Экономика саласында қандай да болмасын құбылыстың жоғары интенсивтіліктен төменге ауысуы бір қалыпты жүрмейді, олар үлкен қиындықпен өтеді.

2. Осы күрделі суретті картада бейнелеу үшін, əдетте нақты, толық мəлімет жетіспейді.

Изосызықтар əдісі өз принципі бойынша, картографиялық салада нақты, дəл əдістердің қатарына жатады, бұны біз Кеңестік кезеңнің топографиялық карталардан көре аламыз. Бірақ бұл экономикалық картографиядағы изосызықтар əдісінің мүмкіншіліктерін жүзеге асыру қиын, себебі территорияның белгілі бір нүктелерінде ұштасатын сандық көрсеткіштер түріндегі материалдар жоқ. Мысалы,экономикалық картограф астықтың өнімділік картасын жасасын. Оның қолында əр əкімшілік ауданның өнімділігі туралы мəліметтер жоқ. Соның нəтижесінде изосызықтар əдісімен

жасалатын карталар астықтың түсімінің өзгерістері туралы толық мəлімет бере алмайды, ол тек салыстырмалы түрде сипаттама береді. Ескере кететін жағдай, экономикалық құбылыстар өз табиғаты бойынша физикалық - географиялық карталардан өзгеше болып келеді. Мысалы, температура карталарын құрастырған кезде, климатолог жер бетінде ауа барлық жерде бар екенін жəне белгілі бір температураны иеленетіндігін біледі. Ал бидай болса, жер қабатын толығымен жаппайды, ол бір бірінен алшақ орналасқан территорияларға жайылған. Жыл сайын бұл территориялар өзгеріп отырады. Соған байланысты өнімділік көрсеткіштері де өзгереді.

Экономикалық картографиялауда изосызықтар əдісін тек ұсақ масштабты карталарды құрастыру кезінде қолданылады. Көптеген атластарда изосызықтар əдісімен құрастырылған халық тығыздығы карталарын кездестіруге болады. Изосызықтарды құрастыру барысында интерполяция əдісін қолданады. Сол кезде əр аудан жəне басқа да территорияны ұяшықтардың орташа көрсеткіштерін солардың орталық нүктелеріне белгілейді. Соның нəтижесінде белгілі сандық көрсеткішті нүктелер жүйесі пайда болады. Нүктелердің көп болуы, изосызықтар жүйесінің дəл болуына əкеледі. Солай,

мысалы, бидайды отырғызу жиілігі карталары жергілікті органдардан алатын

мəліметтер бойынша жасалса, ол дəл карта болады. Экономикалық құбылыстарды картографиялағанда интерполяция əдісін өте ұқыпты пайдаланған жөн. Егер бізде көрсеткіштер бойынша картада нүктелер аз болса, онда қосымша картографиялық жəне əдеби материалдарға көңіл аударуымыз керек. Изосызықтардың сан мəндерінің арасындағы интервалды тең жасауға талпыну керек. Көршілес изосызықтар арасындағы интервалдардың сандық мөлшері - бейнеленген құбылыстың орналасу сипатын, картаның масштабын жəне алғашқы материалдардың нақтылығына тəуелді. Изосызықтардың ерекше түрі болып - бірдей қашықтықты сызықтары айтылады. Мысалы, темір жолдар немесе кеме жүзетін өзендер жəне т.б. Осы жағдайда,

изосызықтар темір жолдар немесе өзендерден белгілі қашықтықта өткізіледі.


1.7. Қозғалыс белгілері əдісі.

Қозғалыс белгілерін кеңістік қозғалыстарын қандай болмасын экономикалық, əлеуметтік, табиғи жағдайларды (мысалы, циклондардың қозғалысын, құстардың ұшу бағыттарын, халық миграциялары, аурулардың таралуын) бейнелеу үшін қолданады. Қозғалыс белгілерінің көмегімен қозғалыс барысындағы объектілердің



(11 – сурет) (12-сурет)

бағыты мен құрылымын, қарқындылығын бейнелеуге болады (11- сурет).

Қозғалыс белгілерін объектілер арасындағы байланысты (мысалы, электронды коммуникациялар, қаржылық ағымды) жəне олардың сапасын, қарқындылығын, өту қабілеттіліктерін көрсету мақсатында да қолдануға болады.

Қозғалыс белгілерінің екі түрі ажыратылады:

- Қозғалыс векторы - түрлі түсті бағыт белгілері, пішіні жəне қалыңдығы;

- Қозғалыс лентасы - əртүрлі ендіктегі сызықтар, ішкі құрылымы мен түсі;

Векторларды, мысалы, жылы жəне суық ағыстарды, желдерді т.б.с.с. бейнелуде, қозғалыс сызықтарын ағымдардың қарқындылығы мен құрылымын (мысалы, теміржол тасу жолдарын, қоныстану миграцияларын) бейнелеуде пайдаланады.

Қозғалыс ленталары ағымдардың құрылымын, қысымын ( мысалы, қабылданған шкалаға сəйкес жүктің көлемі неқұрлым кеңірек болса, солқұрлым ағым қуаттырақ болады.12-сурет.))
1.8. Сызықтық əдіс

Бұл əдіс сызықтар бойында тармақталған нақты немесе абстрактілі объектілерді

бейнелеуде қолданылады. Мысалы бұл əдіске - жағалаулық сызықтар, жарылымдар, жолдар, атмосфералық фронттар, əкімшілік шекаралар кіреді. Əртүрлі сурет пен сызықтық белгінің түсі объектінің сапалық жəне сандық сипаттамасын береді.( 13 - сурет).

(13-сурет)

Сызықтық белгінің ені масштабқа салынбайды, бірақ оның осі жергілікті жердегі объектінің жағдайына міндетті түрде сəйкес болуы керек. Шекараның біртіндеп өту немесе анықсыздығы жағдайында сызықтық белгі жолақ ретінде бейнеленеді.

ҚОРЫТЫНДЫ



ҚР «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге қажеті – осы заңға негізделген «Ұлттық картографияны дамыту» тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар.





Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет