Кардиология $$$001



бет1/5
Дата05.03.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5
Кардиология

$$$001

Стенокардияның кәдімгі вариантына қандай диагностикалық критерийлер

тән?

А) Физикалық күштемеден кейінгі төс артының ауыруы және ЭКГ – да



өзгеріссіз

В) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің 1 мм-ге және одан көп

депрессиясы

С) Төс артының ауыруы және физикалық күштемеден кейін

экстрасистолияның дамуы

Д) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің 1 мм-ге және одан аз

көтерілуі

Е) Төс артының ауыруы және ЭКГ-да патологиялық Q тісшесі

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.



$$$002

Қарынша аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы,

жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай ақауға тән?

А) Эйзенменгер синдромына

В) Эбштейн аномалиясына

С) Лютембаше синдромына

Д) Фалло тетрадасына

Е) Артериальдық бағанасының бітіспеуіне

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г.



$$$003

Жедел миокард инфарктында фибринолитикалық емiнiң тиiмдi мезгiлi?

А) 3-4 сағатқа дейiн

В) 12 сағ.дейiн

С) 24 сағ дейiн

Д) 48 сағ.дейiн

Е) 72 сағ дейін

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.

$$$004

Метаболитикалық синдром критерилеріне қайсысы жатпайды?

А) Семіздік

В) Артериялық гипотензия

С) Гиперлипидемия

Д) Қант диабеті

Е) Инсулинге резистенттілік

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутренних

органов.А.Н.Окороков. том 2, 2010г.

$$$005

Толық АВ-бөгемесі және жыбыр аритмиясы қандай синдром деп аталады?

А) Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы

В) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

С) Фридерик синдромы

Д) Дресслер синдромы

Е) Синус түйінінің әлсіздік синдромы

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г

$$$006

Жедел миокард инфарктінің ең ерте электрокардиграфиялық белгісіне не

жатады?

А) Т тісшесінің инверсиясы



В) R тісше амплитудасының төмендеуі

С) ST сегментінің жоғарылауы

Д) Жүрек ырғағының бұзылысы

Е) Q тісшесінің пайда болуы

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=1

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г



$$$007

48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып ауыратын ауыру сезімі мазалап, өздігінен басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ 96 рет минутына, АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: V1-V4 тіркемелерде QS және ST изосызықтан 4мм жоғарылаған.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы ықтимал?

А) Q тісшесімен миокард инфаркті, жедел кезеңі

В) Үдемелі стенокардия

С) Q тісшесімен миокард инфаркті, аса жедел кезеңі

Д) Q тісшесімен миокард инфаркті, жеделдеу кезеңі

Е) Алдыңғы перделік және жүрек ұшындағы тыртықтық өзгерістер

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г



$$$008

34 жастағы әйел. Жүрек тұсындағы аурсынуға, ентігуге шағымданады.

Объективті: еріндері цианоздалған, мойын тамырларының пулсациясы

анықталады. Жүректің шекаралары солға 3,5 см ұлғайған. Жүректің

ұшында І тонның әлсіреуі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті . І нүктеде

қолтық астына таралатын айқын систолалық шу. Жүрек жиырылу жиілігі

минутына 112 рет. АҚ 140 /80 мм сн.бағ.

Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

А) Қарынша аралық перденің ақауы

В) Сол атриовентрикулярлы тесіктің стенозы

С) Үш жармалы клапанның жетіспеушілігі

Д) Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі

Е) Митральді қақпақшаның пролапсы

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г

$$$009

48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене

қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік

аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу: өз бетінше аспирин

оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары

бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды

экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты,

тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда

диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа

гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса

жоғарылауы, альфа2 және гамма- глобулиндердің, с- реактивті белоктың,

сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

А) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз

В) Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

С) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі

Д) Геморрагиялық васкулит және аорта жетіспеушілігі

Е) Ревматикалық емес миокардит және аорта жетіспеушілігі

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г



$$$010

17 жастағы жасөспірім военкоматтан тексерілуге жіберілген. Шағымдары

жоқ. Анамнезінде жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы

қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы

тұйықтық шекаралары жоғары және солға аздап ұлғайған. Жүрек тондары

ырғақты, Ш тонның әлсіреуі және жүрек ұшында систолалық шу. Қан

анализінде өзгеріссіз. Электрокардиограммада синусты ырғақ, дұрыс, жүрек

жиырылу жиілігі минутына 72 рет, сол қарынша гипертрофиясының

белгілері.

Қандай патологияны болжауға болады?

А) Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі

В) Жүрекше аралық перденің ақауы

С) Қарынша аралық перденің ақаулары

Д) Функциональды шу

Е) Қосжармалы клапанның пролапсы

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г

$$$011

38 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшеге артериялық қан қысымының

270/130 мм.с.б. дейін жиі кенеттен көтерілуіне, басының қатты ауыруына,

жүрек тұсындағы қысып ауырсынуына, жүректің жиі соғуына, дене

қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: өкпесінде

везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ұстама

кезіндегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоцитоз,

гипергликемия, адреналин және норадреналин деңгейінің жоғарылауы.

Электрокардиограммада- синусты тахикардия 110 рет мин, бірен-

суправентрикулярлы және қарыншалық экстра систолалар.

Қандай ауруды болжауға болады?

А) Аорта коарктациясы

В) Иценко-Кушинг ауруы

С) Феохромоцитома

Д) Эссенциальды артериялық гипертензия

Е) Конн синдромы

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г



$$$012

57 жастағы науқас жүрек тұсындағы ауырсынуға, температурасының

жоғарылауына, сол жақ иығының ауырсынуына шағымданып стационарға

түсті. Анамнезінен: бір ай бұрын жедел трансмуральды миокард инфарктін

бастан кешкен. Міндетті түрде конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлды

қабылдайды. Қараған кезде: дене қызуы 37,40С, өкпеде везикулярлы тыныс,

сырылдар жоқ; жүрек тондары ритмді, тұйықталған, жүректің абсолютты

тұйықталған аймағында перикардтың үйкеліс шуы, АҚҚ 130/70 мм сын бағ.,

ЖСС 76 минутына. Жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы

тропониндер қалыпты. ЭКГ-да I, II, III тіркемелерінде ST жоғарылағаны

анықталды. Қандай патология?

А) Жүрек аневризмасы

В) Рецидивтеуші миокард инфаркты

С) Идиопатиялық перикардит

Д) Миокард инфарктының қайталануы

Е) Дресслер синдромы

{Дұрыс жауап}=Е

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г



$$$013

48 жастағы науқас стационарға 2-қабатқа көтерілгенде дамитын, ұзақтығы 2

минутқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданып түсті .

Алғаш рет мұндай ауырсынулар 2 апта алдын дамыған. Ем қабылдамаған.

Объективті: жағдайы қанағаттанырлық, өкпесінде везикулярлы тыныс,

жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 68 рет, артериялық

қысым 120/70 мм.с.б. Электрокардиограммада - патология анықталмады .

Қандай ауруды болжауға болады?

А) Үдемелі стенокардия

В) Күштемелік стенокардия ФК III

С) Күштемелік стенокардия ФК II

Д) Алғаш дамыған стенокардия

Е) Вазоспастикалық стенокардия

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г

$$$014

58 жастағы науқас стационарға 2-қабатқа көтерілгенде дамитын, ұзақтығы

2 минутқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданып түсті.

Алғаш рет мұндай ауырсынулар 2 ай алдын дамыған. Ем қабылдамаған.

Объективті: жағдайы қанағаттанырлық, өкпесінде везикулярлы тыныс,

жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 70 рет, артериялық

қысым 110/75 мм.с.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия.

Электрокардиограммада - патология анықталмады .

Қандай ауруды болжауға болады?

А) Күштемелік стенокардия ФК III

В) Күштемелік стенокардия ФК II

С) Күштемелік стенокардия ФК IV

Д) Алғаш дамыған стенокардия

Е) Үдемелі стенокардия

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г



$$$015

Жүрек ұшындағы функциональды диастолалық Кумбс шуының себебі неде?

А) Қарынша аралық перденің ақауы

В) Митралды стеноз

С) Дилатациялық кардиомиопатия

Д) Гипертрофиялық кардиомиопатия

Е) Рестриктивті кардиомиопатия

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г
$$$016

Университет студенті, 23 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу

ұстамасының болуына шағымданып қаралды. Ұстама кенеттен басталады,

бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады.

Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0.09 сек, QRS кешені 0.11 сек,

дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста

қандай патология болуы мүмкін?

А) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

В) Созылыңқы QT синдромы

С) Cинустық түйіннің әлсіздігі синдромы

Д) Лаун-Генонг-Ливайн синдромы

Е) Клерк-Леви-Критэско синдромы

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г

$$$017

Ер адам 38 жаста. Жүрек тұсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның

4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда

болатынына, өзі кететініне шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері

мазалайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған.

Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде

систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық

Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз,

қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы

қабырғасының қалыңдығы 1,4. Шығарым (выброс) фракциясы 72%. Қайсысы

кардиалгияның себебі болуы мүмкін?

А) Рестриктивті кардиомиопатия

В) ЖИА, жедел миокард инфарктысы

С) ЖИА, басынан кешкен миокард инфарктысы

Д) ЖИА, жедел коронарлы синдром

Е) Гипертрофиялық кардиомиопатия

{Дұрыс жауап}=Е

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.



$$$018

18 жастағы жас жігіт. Шамалы физикалық күш түскенде тұншығу сезімінің

болуына, бас айналу ұстамаларына шағымданады. Балалық шағынан

ауырады. Әскери медициналық комиссия шешімімен тексерілуге жіберілді.

Қарағанда: жайылмалы цианоз, саусақтарының соңғы бунақтары «дабыл

таяқшалары» түрінде, жүрек шекарасы оңға ығысқан, эпигастри аймағында

оң қарыншаның систолалық пульсациясы. Аускультацияда: өкпе

артериясында ІІ тонның акценті және қосарлануы, семсер тәрізді өсінді

үстінде қысқа систолалық шу, төс сүйектің сол жағында ІІ қабырға

аралықта диастолалық шу. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе артериясының

сабауының шығыңқы болуы анықталды. Мүмкін болатын диагноз қандай?

А) Біріншілік өкпелік гипертензия

В) Өкпе қақпақшасының жетіспеушілігі

С) Трикуспидалды қақпақша жеткіліксіздігі

Д) Өкпе артериясының тума стенозы

Е) Фалло тетрадасы

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г.



$$$019

Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып

келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар,

аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады, тұншығу

ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері

жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек

шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан.

Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық

шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның

мүмкін болатын себебі қандай?

А) Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия

В) Эссенциалды артериялық гипертензия

С) Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

Д) Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы

Е) «Ақ халат» гипертензиясы

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г.

$$$020

Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкогольді шамадан тыс көп қолданады.

Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлған. Тыныштықтағы

ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер

басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:

Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп

қайсысы?

А) Пароксизмалды жүрекшелер дірілі

В) Жедел миокард инфарктысы

С) Пароксизмалды жүрекшелер фибрилляциясы

Д) Пароксизмалды қарыншаүстілік тахикардия

Е) Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 10, 2010г.



$$$021

52 жастағы әйел физикалық күш түкенде жүрек тұсының ауырсынуына

шағымданады. ЭКГ-да физикалық күш түскенде әдеттегі горизонталды ST

интервалының депрессиясы, оң эргометринді тест. Коронарографияда –

эпикардиалды тәж артерияларының зақымдалу белгілері жоқ. Мүмкін

болатын диагноз қандай?

А) Принцметал стенокардиясы

В) Дисметаболизмдік кардиомиопатия

С) Күш түсу стенокардиясы

Д) Микроваскулярлы стенокардия

Е) Субэндокардиалды миокард инфарктысы

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.

$$$022

62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік

құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері

жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүректің үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок

В) Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті

С) Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия

Д) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок

Е) Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок

{Дұрыс жауап}=Е

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.



$$$023

Жайылған миокард инфарктын алған 58 жастағы ер адамда бір жылдан

кейін ортопноэ, түнгі жөтел, минутына 120 дан асатын тахикардия пайда

болған. Қарау кезінде мойын веналарының ісінуі, гепатомегалия, аяқтағы

ісінулер. ЭХОКГ-да: кардиомегалия.

Науқаста СЖЖ қандай сатысы дамығанын көрсетіңіз:

А) IIБ

В) 0


С) I

Д) IIА


Е) III

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.

$$$024

40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс

артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен

физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын

атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Күштемелік стенокардия IV ФК

В) Күштемелік стенокардия II ФК

С) Күштемелік стенокардия III ФК

Д) Вазоспастикалық стенокардия

Е) Үдемелі стенокардия

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=2

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних

органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.

$$$025

64 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының

қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.Қарап тексергенде жадайы қанағаттанарлық.Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған,ритмді. ЖСЖ 74 рет мин. АҚҚ 120/75 мм.с.б.б. Бірінші кезекте қандай зерттеуді жүргізу керек?

А) Tl201сцинтиграфияны

В) ЭКГ, тропонин Т-ны

С) ЭхоКГ добутаминмен

Д) Велоэргометрия

Е) Тәуліктік ЭКГ мониторлау

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.

$$$026

38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру жасау қажет?

А) Қандағы альдестеронды анықтау

В) Қандағы кортизолды анықтау

С) Қандағы котехоламиндерді анықтау

Д) Қандағы электролиттерді анықтау

Е) Қандағы ренинді анықтау

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 7, 2010г.



$$$027

~ 48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу, өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспленомегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы.

Қандай тексерулерді тағайындаған дұрыс?

А) Жалпы қан анализі+қанды бактериологиялық себу-эхокардиография

В) Жалпы қан анализі+ имуннограмма+ эхокардиография

С) Жалпы қан анализі+ревмосынамалар+ эхокардиография

Д) Жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+эхокардиография

Е) Жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+кеуде сарайы мүшелерінің рентгенограммасы

{Дұрыс жауап}=А

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 8, 2010г.

$$$028

58 жастағы ер адам ентігуге, аз физикалық куштемеде журектің тез соғуына шағымданып стационарға түсті. 2 ай бұрын миокард инфарктысын басынан кешті. Қарағанда: жүрек тұсында ІV қабырғааралықтарда төстің сол жағында патологиялық пульсация. Жүрек тондар тұйықталан, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ минутына 88, АҚ 110/70 мм сн бағ. Электрокардиограммада: V2-V5 тіркемелерінде QS комплексі және ST сегментінің жоғарылауы. Жалпы қан анализінде патологиясыз, миоглобин, тропониндер қалыпты. Қандай диагностикалық әдіс тиімді?

А) Кеуде торшасы ағзаларының рентгенография

В) Эхокардиография

С) Тәуліктік ЭКГ мониторлау

Д) Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы

Е) Коронарография

{Дұрыс жауап}=В

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 6, 2010г.



$$$029

23 жастағы науқас стационарға жүрек соғуының жиілеуіне, жүрек тұсындағы сыздап ауырсынуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: аталған симптомдар мазалағанына 1 ай болған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары таза, қалыпты түсте. Қалқанша безі үлғаймаған. Жүрек тандары қатқыл, ұшында систололық шу, вертикальды қалыпта күшейеді, пульс 78 рет мин., артериялық қысым 110/70 мм.с.б. Қан анализінде патологиясыз. Электрокардиограмма – ырғақ синусты, дұрыс, мин. 80 рет, жүрек электрик осі қалыпты.

Қандай тексеруді тағайындаған дұрыс?

А) Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы

В) Реоэнцефалография

С) Велоэргометрия

Д) Эхокардиография

Е) Электроэнцефалография

{Дұрыс жауап}=Д

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 9, 2010г.

$$$030

38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсынуына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында ісік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .

Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

А) Метопролол

В) Нифедипин

С) Фентоламин

Д) Клофелин

Е) Каптоприл

{Дұрыс жауап}=С

{Қиындығы}=3

{Тәжрибелік ұйым}=Диагностика болезней внутненних органов.А.Н.Окороков. том 3, 2010г.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет