калиев бедел шамилович



Дата18.04.2017
өлшемі64.06 Kb.
УДК 551.4: 61 (575.172)
КАЛИЕВ БЕДЕЛ ШАМИЛОВИЧ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан


ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЗІРГІ НОЗОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ

bedel_kaliyev@mail.kz
Қазіргі күнде ауыл халқының денсаулығы көрсеткіштері мен медициналық қызмет көрсету деңгейлері талап етілетін нормалардан едәуір артта қалуда. Медициналық қызмет көрсетудің мөлшері мен сапасы тұрғындардың сұраныс қажеттілігін қанағаттандыра алмауда. Ауылдық жерлерде денсаулықты сақтау мекемелері желісінің дамуы қоныстану сипаты есебінен, сондай-ақ, әрбір елді мекендегі медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен уақыттылығын қамтамасыз ету мақсаты негізінде жүзеге асырылуы қажет [1].

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының болжаулары бойынша, алдағы жылдары терапевттік ауру-сырқаулықтың төмендеуі күтілмейді, керісінше өсім тенденциясы бақыланатын болады. ДДСҰ-ң (2005 жылы) мәліметтері бойынша, Қазақстанда халықтың созылмалы инфекциялық емес ауру-сырқаулық салдарынан туындайтын мезгілсіз өлім-жітімінің көрсеткіштері Еуропалық аймақта ең алдыңғы орында, тіпті Батыс Еуропа елдерінің орташа деңгейінен 5-6 есеге жоғары [2].

Халықтың денсаулығының нақты жағдайын анықтау үшін негізгі нозологиялық көрсеткіштерге сүйеніп, соған байланысты денсаулықты сақтау құрылымын өзгерту қажет.

Халықтың денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің бірі әлеуметтік маңызды аурулармен сырқаттануы саналады. Алматы облысында 2008 жылы өткір вирустық гепатит 100 мың тұрғынға 44,0-ге тең болса, бұл көрсеткіш 2007 жылы 45,7 көрсетті, Қарасай ауданында ұнамды динамика (2010 жылы – 52, 2011 жылы - 37) бақыланады.

Халықтың нозологиялық терапевттік сырқаттану көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 2008 жылы ересек адамдарда Алматы облысы бойынша (2007 жылға салыстырғанда) төмендегідей сипатқа ие:


  • қан мен қан құйылыс органдарының аурулары – 215,3, 2007 жылы – 225,9;

  • эндокринді аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы 52,3 (2008) 44,2 (2007), оның ішінде қант диабеті 20,8, 16,6 (2007);

  • қанайналым жүйесінің аурулары 441,7, 388,0, оның ішінде өткір ревматизм безгегі – 0,6 (2008), 0,8 (2007), жүректің созылмалы ревматизм ауруы – 3,9, 4,6;

  • тыныс алу органдарының аурулары – 1547,7, 1524,6 (2007), оның ішінде пневмония – 19,4 (2008), 22,3, эмфиеза – 43,6, 44,1, ауатамыр (бронх) астмасы – 3,4, 3,5 (2007);

  • асқорыту органдарының аурулары – 393,8 (2008), 391,4 (2007), оның ішінде асқазан жарасы (язва) мен онел шек (ас ішек) – 11,8, 11,6;

  • нефрологиялық аурулар, оның ішінде нефрит 0,8, 0,5 [3].

Ал бұл ауру-сырқаулардың Қарасай ауданы тұрғындарының жастық құрылымындағы көріністері 1-кестеде берілген.

Кесте 1


Қарасай ауданы аумағында тіркелген ауру-сырқаудың жастық құрылымының көрсеткіштері, 2011 жыл [4]

Класстардың және жекелеген аурулардың аты

0-14 жас

15-17 жас

18-59 жас

60 жастан жоғары

Жалпы:

169179

28862

243258

32853

Оның ішінде инфекциялық және паразиттік аурулар

1698

73

1041

12

Қан мен қан құйылыс органдарының аурулары (анемия, гемофилия)

10580

1249

6907

152

Эндокринді аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы аурулары (гипотериоз, қант диабеті)

430

371

3225

1172

Жүйке жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз, балалар ми сал ауруы (ДЦП)

3592

1093

3731

1135

Көз және оның қосалқы мүшелерінің аурулары (қабақтың аллергиялық дерматозы)

3939

1789

8608

2143

Құлақ және оның қосалқы мүшелерінің аурулары (отит, естудің бұзылуы)

2897

703

2666

658

Қанайналым жүйесінің аурулары (жүректің созылмалы және өткір ревматизм аурулары)

1051

263

29133

7157

Тыныс алу органдарының аурулары (пневмония, аллергиялық ринит, фарингит, ауатамыр астмасы)

114020

13586

75091

6856

Асқорыту органдарының аурулары (асқазан жарасы мен онел ішек ауруы, гастрит, дуоденит, асқазан қызметінің бұзылуы, өт тас ауруы, холецистит, ұйқы безі ауруы)

11587

3467

28941

4179

Тері және тері астындағы қалқанша бездің аурулары (дерматит, есекжем)

3573

1352

6135

707

Несеп-жыныс аурулары

5177

1697

31776

2764

Шараналық кезеңде қалыптасатын жекелеген жағдайлар (туа біткен аномалиялар: хромосомалық ақау, жүйке жүйесінің аутқуы, қанайналым жүйесінің бұзылуы)

3118

111

188

2091

Жарақаттанулар мен уланулар

5770

2204

18027



Соңғы онжылдықта ауданда жалпы өлім-жітімнің де, туудың да төмендеуі тіркелуде. Науқастану құрылымында тыныс алу органдары, асқорыту органдары, несеп-жыныс жүйесі аурулары, жарақаттанулар мен уланулардың үлес салмағы басым (cурет 1).

Сурет 1. Қарасай ауданы халқының 2011 жылдағы тіркелген негізгі ауру-сырқаулық көрсеткіштерінің құрылымы, % [4]
2007-2011 жылдардағы ауру-сырқаулық құрылымы мен динамикасын талдау барысында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 14 жасқа дейінгі балалар мен 18-60 жас аралығындағы ересек азаматтарда 15114 және 58644 жағдайға сәйкесінше төмендеген болса, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде 11494 жағдайда артқандығын байқауға болады.

Науқастанудың маңызды төмендеу қарқыны тері ауруларында 0-14 жас аралығында 949 жағдайға, 15-17 жасты жасөспірімдерде 819 жағдайға және 18-60 жас аралығындағы ересектерде1242 жағдайға; жарақаттар мен улануларда 3829 жағдайға азайғандығы тіркелуде.

Соның ішінде жүйке жүйесінің аурулары 0,91%-ға, асқорыту органдарының аурулары 1,58%-ға, тыныс алу органдары аурулары 26,3%-ға, несеп-жыныс жүйесінің аурулары 0,9%-ға, инфекциялық және паразиттік аурулар 0,52%-ға көбейді.

Қан мен қан құйылыс органдары ауруларының (0,5%), қанайналым жүйесі ауруларының (1,5%) өсімі байқалуда. Жаңадан пайда болған науқастық түрлері 2008 жылғы деңгейде тұр.

2011 жылғы науқастану көрсеткіштерін 2007 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда дерлік 23,03%-ға өсті. Ең үлкен өсім тыныс алу органдарының аурулары (26,3%) бойынша тіркелген. 2011 жылғы науқастану құрылымындағы бірінші орын тыныс алу органдары ауруларына – 31,9% (2006 ж – 36,7%, 2005 ж – 42,1%) тиесілі болды. Екінші орынды шараналық кезеңде қалыптасатын жағдайлар 27,5% (2006 ж – 24,4%, 2005 ж – 19,0%) алады. Үшінші орында жүйке жүйелері мен сезім мүшелері аурулары – 14,9% (2006 ж – 14,5%, 2005 ж – 13,0%). Төртінші орынды қан аурулары (2006 ж – 5,9%, 2005 ж – 5,3%) алады. 2008 жылы (2,4%) 2005 жылға (6,8%) салыстырғанда жұқпалы аурулардың үлес салмағы азайды. Жалпы алғанда бір жасқа дейінгі сәбилер сырқаттануының интегралды көрсеткіштері 2001 жылдан бастап 2,5 есеге төмендеді.

Сонымен, Қарасай ауданындағы кейбір эпидемиологиялық көрсеткіштер облыстық эпидемиологиялық көрсеткіштерден төмен, ал нозологиялық құрылымы республикалық көрсеткіштерге сай келетіндігін атап көрсету орынды.

Аудандағы денсаулықты сақтау жүйесін жетілдіру мен туындаған проблемаларды шешу үшін төмендегі мәселелерді ескеру қажет:


  • тұрақты санитарлық-ағарту жұмыстарының есебінен ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету, аудан әкімдігімен өзара байланысты оңтайландыру;

  • ауылдық медицина қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі арттырып отыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы денсаулықты сақтау мекемелеріндегі жас мамандарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, аналар мен балаларды қорғау.

Ұнамды нәтижелерге қол жеткізу үшін денсаулықты нығайтуға байланысты ведомство аралық бағдарламаларды шоғырландыру, жетілдіру және тиімді амалға асыруды қамтамасыз етумен қатар, тиісті салалық бағдарламалардағы профилактикалық бағыттылыққа ден қою қажет. Мемлекеттік бағдарламамен бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетуді жеделдету, азаматтардың дәрігер таңдау еркіндігін амалға асыру, жалпы дәрігерлік практиканы жетілдіру, бұл саладағы бәсекелестікті дамыту сынды тиісті шараларды орындау уақыт күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету деңгейінде пациентке бағытталған көмек көрсету қағидаттарын ендіру, әлеуметтік ауру-сырқаулықты төмендетуге бағытталған бағдарламаларды амалға асыру міндеттері тұр.
Әдебиеттер:

  1. Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 годы. Астана, 2006. -243 стр.

  2. «Қазақстан халқының денсаулығы», Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, Астана, 2007 ж.

  3. Веб-сайт: http://www.stat.kz

  4. Веб-сайт: http://www.almatyobl.stat.kz

Резюме: В статье рассмотрены динамика нозологических показателей Карасайского района и предложены меры по дальнейшему совершенствованию оказания медицинской помощи и развитию профилактического направления.



Summary: The article considers the dynamics of nosologic indicators of Karasai district, and proposed measures for further improvement of medical care in the district, the development of preventive direction.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет