Кафедрасы



бет1/5
Дата18.12.2017
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ АЗЫҚ ӨНДІРУ

КАФЕДРАСЫ


МАЛДЫ НОРМАЛАП АЗЫҚТАНДЫРУ

(анықтамалық)
Алматы 1998

А.Ә.ЕГЕУБАЕВ, Н.О. ОМАРҚОЖАЕВ, М.А.БАЙТУРИН, Қ.ҚҰСАЙНОВ, А.АХМЕТОВ. – МАЛДЫ НОРМАЛАП АЗЫҚТАНДЫРУ (анықтамалық).

-Алматы, Казмемагру. — 79 бет.
Мал шаруашылығы үнемділігін өсіруде дұрыс азықтандырудың маңызы зор. Нормалап азықтандыру арқылы мал азықтық жемшөп қорын үнемдеп, арзан мал өнімін алуға кол жетеді.

Бұл анықтамалық жалпы қазақ тілінде алғаш рет жарық көpin отыр. Мал мен құс түpi және оның өндірістік тобына сәйкес олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты құнарлы рацион құрастыру төсілдepi көрсетілген.

Оқу құралы жоғары және орта арнайы оқу орындары студенттері мен мал шаруашылық мамандарына арналған.
Рецензенттері:

Ауыл шаруашылық ғылымының докторы А.Е.ЕСЕНБАЕВ

Ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор А.Б.ТАНАТАРОВ

ISBN 5-76-67-2172-2

© А.Ә.Егеубаев және т.б.


Агроуниверситет баспасы, 1998.

Мазмұны:


I. Нормалап азықтандыру негіздері
II. Ірі қараны азықтандыру

1. Сүтті сиырды азықтандыру

2.2. Бұзауды азықтандыру

2.3. Тана-құнажынды азықтандыру

2.4. Ірі қараны бордақылау

2.5. Тұқымдық бұқаны азықтандыру
III. Қой-ешкіні азықтандыру

3.1. Саулықты азықтандыру

3.2. Қозыны азықтандыру

3.3. Тоқтыны азықтандыру және бордақылау

3.4. Тұқымдық қошқарды азықтандыру

3.5. Ешкіні азықтандыру
ІY. Жылқыны азықтандыру

4.1. Биені азықтандыру

4.2. Құлын-тай, қунан-доненді азықтандыру

4.3. Тұқымдық айғырды азықтандыру

4.4. Жұмыс атын азықтандыру
VІ. Шошқаны азықтандыру

6.1. Мегежінді азықтандыру

6.2. Торай азықтандыру және шошқа бордақылау

6.3. Тұқымдық қабанды азықтандыру
V. Құсты азықтандыру
1-қосымша. Қазақстан биогеохимиялық өңірлерінің жем-шөбіндегі микроэлементгер мөлшері
2-қосымша. Жем-шөп құрамы мен қоректілігі

1.Нормалап азықтандыру негіздері
Малдың денсаулығын сақтап, өнiмдiлiгiн арттыру нормалап (өлшемдеп) азықтандыру аркылы icкe acырылады. Нормалап азықтандыру дегеніміз малдың туріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен тipілeй салмағына, физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне қарай оның энергия мен қоректік заттарға деген мұқтаждығына сәйкес азықтандыру нормасын анықтау да, соның нeгiзiндe азықтандыру рационын құрастыру.

Әдетте азықтандыру барысын шаруашылық жағдайында азық құрамындағы алты (азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин), қажетті жағдайда тетіктелген норманың 18-22 көpceткiшi бойынша қадағалайды. Тетіктелген норма көрсеткіштерімен теңестірілген рационмен азықтандыру арқылы жемшөп шырынын үнемдеп мал өнімділігін 8-12 процент арттыруға болады.


Біздің келтipiп отырған азықтандыру нормалары А.П.Калашниковтың басшылығымен шығарылған «Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных» (М.,1985) анықтамалырына негізделген. Олар республика өнерлерінің табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне сәйкес қолданылуы қажет. Азықтандыру нормасына сәйкестіріліп азықтандыру рационы құрастырылады. Азықтандыру рационы - норма көрсеткіштерін қамтамасыз ететін малға жегізілетін азықтар мөлшері. Рацион құрамына мал сүйсініп жейтін, оның ас қорыту ерекшелігіне сәйкес келетін, өнімділігін арттыратын, өнім сапасын жақсартатын азықтар белгілі 6ip ара қатынаста кіреді. Айталық, куйс қайыратын мал рационындағы шырынды азыққа қажет мөлшерде құрамында клетчаткасы көп ipi азық қосып беріледі, ал шошқа мен құстың рационында, кepicіншe, азайтылады. Өйткені ішек-қарынның кернеулі мөлшepi ондағы рецепторлардың тiтipкeнiп, қозуы, желінген азықтың шылануы, мерзімінде қорытылуы ушін мал мен құс азығында белгілі бip мөлшерде клетчатка болуы шарт. Бipaқ онын шамадан тыс мөлшері азық қоректік заттарының қорытылуын төмендетеді.

Сондықтан рацион құрамындағы азықтар жалпы рацион қоректілігін қамтамасыз етерлік мөлшерде және асқорытуына жағымды болуы керек. Мысалы, күuic қайыратын малға берілетін шырынды азыққа қажет мөлшерде ipi азық қосылады /1-шi кесте/.


4

1.Сауын сиыр рационындағы шырынды азықпен

іpі азық арақатынасы



Рациондағы шырынды азық, кг




Ipi азық мөлшері, кг

Сиырдың тipiлeй салмағы, кг

400 500

600


10

5

6

7

25

4

5

6

40-тан жоғары

3

4

5

Салмағының әp6ip 100 кг-на шаққанда сауын сиырға берілетін ipi азық мөлшері 1 кг-нан төмен болмауға тиістi, соның жартысынан астамы пішеннің үлесіне келеді. Құс рационында клетчатка денгейі 4-6%-тен (балапан мен тауық үшін), 6-10%-тен (күрке тауықпен қаз үшін) аспауы керек. Сонда ғaнa рацион көректік заттары тез қорытылып сіңіріледі. Осыған орай мал рационын 2-шi кестедегі арақатынаста құруға болады.


2. Рацион құрылымы (жалпы қоректілігіне % есебімен)


Мал түлiктepi мен топтары

Азық топтары :

ipi азық шырынды құнарлы



Ipi қара малдікі

Сауын сиыр, тәулік-тік сүттілігі:

6-10 кг


20-14

75-70

10

11-15 кг

19-16

70-65

15

16-20 кг

16-15

65-60

10

7-5 айлық тана

24

57

25

10-12 -/-/-

24

54

22

13-15 -/-/-

20

64

16

16-18 -/-/-

20

65

15

Суалған буаз сиыр

30-40

40-30

10-20

Тұқымдық бұқа"

35-25

30-20

45-50

ҚОЙДІКІ

Буаз саулық

40-60

10-5

10-20

Қозысын емізетін саулық

35-50

20-15

15-25

Тұқымдық қошқар

30-35

10-5

40-50

Жылқынікі

Буаз бие

55

15-5

30-40

Құлынын емiзетін бие

45

30-15

25-40

Тай

30-25

10-5

60-70

Құнан

40-35

15-5

-45-60

Дөнен

35-30

10-5

50-65

Тұқымдық айғыр: Yйіpгe түсерде

40-30

10-S

50-65

Үйірден тыс кезде

45-40

15-5

40-50

Ат:

Бос жургенде



35-80

65-20

-

Жеңіл жұмыста

40-60

40-15

20-30

Орташа жұмыста

35-50

30-10

35-45

Ауыр жұмыста

25-40

20-5

50-55

Шошқанікі***

Жем-картоппен азықтандырғанда

10-8

27-17

60-75

Жем-тамыр жемісті-мен азықтандырғанда

9-7

20-15

70-78

Жеммен азықтандырғанда

7-5

17-12

75-83

















Ескертпелер:

* Шырынды азықтың төменгі сауымды сиырга 3/1, орта сауымдысына 3/2, жоғары сауымдысына 2/1 бөлігін тамыржемістілер түрінде береді. Сүрлем мен ipi азықты пішендемемен ауыстыруға болады. Жазғы рационда шырынды және ipi азық орнына көк азық жұмсайды.


* Мал өнімділігі жоғарылаған сайын аумақты азық азайтылып, құнарлы азық үлесі молайтылады. Ұрық алынатын бұқа жеміне 5-10% жануар тектес азық қосылады.
*Шошқа рационында клетчатка көзi ретінде шөп ұны беріледі. Жем құрамында 3-5% жануартектес азық болуға тиіс. Жазда жем үлесі 75-90%-ке дейін жеткізіліп, шырынды, ipi азык орнына көк азық беріледі.
6

II. Ірі қараны азықтандыру


Ірі қара күйіс кайыратын, қарны 4 боліктен тұратын көп қарынды малға жатады. Тазқарын, тақияқарын, жалбыршақ қарында желінген жемшоп ұсатылып, микробиологиялық баптаудан өтеді. Әбден қойыртпаққа айналғаннан кейін нағыз қарын-ұлтабарға барып қорытыла бастайды. Сондықтан ірі қараны дұрыс азықтандыру үшін алдыңғы қарын бөлектеріндегі микробиологиялық бапталу барысына назар аудару керек.
2.1. Сүтті сиырды азықтандыру
Сүтті сиыр шаруашылықта қалыптасқан 11-12 айлық өндірістік айналымға сәйкес азықтандырылады. Өндірістік айналым сиырдың бұзаулаған, яғни сауымы басталған аралығын қамтады. Айналым боиында сиыр азықтандырылуы физиологиялық ахуалына қараи өзгертіліп отырады (сауым басы, ортасы, аяғы, буаздық басы, соңына сәикес). Айналым барысында сиырдың физиологиялық ахуалы бір-бірімен қабаттасып отырады. Мысалы, сиыр сауымы аяқталмаи буаздығы басталатыны белгілі. Осыны ескере отырып, сүтті сиырды жеткілікті де үнемді (Ікг сүтке 1,2-1,3 азық өлшемі, 100-400 г жем жұмсалатындай етіп) азықтандыру қажет.

Азықтандыру нормасы сиырдың жасына, тірілей салмағына, қоңдылығына, сүттілігіне, сүтінің майлылығына қарай анықталады /3-5-ші кесте/.

Бұл нормалар қоңы орташа, сүтінің майлылығы 3,8-4% сақа сиырға арналған.

Өсіп жетілуі тоқтамаған құнажын мен әр түрлі себептермен арықтаған сиырға берілетін азықтардың нормасы салмақ қосымының 1кг-на шаққанда 5 азық өлшемі мөлшерінде жоғарылатылады. Айталық, тіулігіне 200 г қосымша салмақ алу жоспарланса, негізгі азықтандыру нормасына 5:0,2 = 1 азық өлшемі қосылады. Әрбір азық өлшемінде 95-105г, қорытылатын протеин, 6,5-7,5 г ас тұзы, 6,5-7,5 г кальций, 4,5-5 3 г фосфор, 2,4- 1,5 г магний, 8,1-6,7 г калий, 2,8-2,1 г күкірт, 80 мг темір, 8 - 11 мг мыс 55-70 мг мырыш, 55-70 мг марганец, 0,6-0,9 мг кобальт, 0,7-1,01 мг йод, 40-50 мг каротин, 40 мг Е витамині, Д витаминінің 1 мың х.ө. болуга тиіс /6-шы кесте/.



Орта есеппен алғанда сауын сиырдың тіршілігіне әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 азық өлшемі (салмағы 450 кг-нан асса 0,9 а.ө , 450 кг-нан төмен болса 1,1 а.ө.), майлылығы 4%-тік 1 кг сүтке 0,5 а.ө.(3,5 тікке 0,44 а.е.) қажет. Әр I кг сүт пен оның 0,5 % майлылығына азықтандыру нормасы 0,03-0,05 азық өлшеміне өзгертіледі.
3. Салмағы 400 кг сауын сиыр азықтандыру нормасы

Көрсеткіш

Бір тәулікте сауылатын сүт. Кг

8 10 12 14 16 18 20 22

Азық өлшемі

8

9

10

11

12

13,1

14,2

15,4

Алмасу энергиясы, МДж

95

106

117

127

138

139

160

172

Құрғақ зат, кг

10,7

11,6

12,6

13,1

14,1

15

15,8

16,7

Шикі протеин, г

1170

1355

1540

1652

1845

2015

2185

2440

Қорытылатын протеин, г

760

880

1000

1100

1200

1310

1420

1590

Шикі клетчатка, г

3000

3250

3380

3590

3670

3750

3790

3840

Крахмал. г

900

1125

1350

1485

1640

1770

1920

2275

Қант, г

600

750

900

990

1080

1180

1280

1515

Шикі май, г

225

270

320

350

385

420

455

525

Ас тұзы, г

225

60

68

76

84

92

100

108

Кальций, г

52

60

60

76

84

92

100

108

Фосфор, г

36

42

48

54

60

66

72

78

Магний, г

17

18

19

20

22

23

24

25

Калий, г

60

67

74

81

88

95

102

109

Күкірт, г

20

22

24

26

28

30

32

34

Темір, мг

640

720

800

880

960

1045

1135

1235

Мыс, мг

65

77

90

100

110

120

130

147

Мырыш, мг

440

520

600

660

720

785

850

965

Марганец, мг

440

520

600

660

720

785

850

965

Кобальт, мг

4,8

6,9

7

7,7

8,4

9,2

9,9

11,6

Йод, мг

5,6

6,8

8,0

8,8

9,6

10,6

11,4

13,2

Каротин, мг

320

385

450

425

540

580

640

696

Д-витамині, мың Х.Ө.

8

9

10

11

12

13,1

14,2

15,4

Е-витамині, мг

320

360

400

440

480

525

570

620



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет