Жүрек және қан тамырларының нығаюына, органимзнің барлық мүшелері мен ұлпаларының қанмен қамтамасыз етілуіне, әр түрлі ауруларға қарсыласуына дене жаттығулары, еңбек және белсенді өмір салты септігін тигізеді



Дата18.01.2017
өлшемі445 b.









Жүрек және қан тамырларының нығаюына , органимзнің барлық мүшелері мен ұлпаларының қанмен қамтамасыз етілуіне , әр түрлі ауруларға қарсыласуына дене жаттығулары, еңбек және белсенді өмір салты септігін тигізеді.

  • Жүрек және қан тамырларының нығаюына , органимзнің барлық мүшелері мен ұлпаларының қанмен қамтамасыз етілуіне , әр түрлі ауруларға қарсыласуына дене жаттығулары, еңбек және белсенді өмір салты септігін тигізеді.



Шектен тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып жүрек ауруларын туғызуы мүмкін екенін ескеру керек. Жүрек және қан тамырлары жұмысына темекі тарту мен алкоголь ішу зор зиян келтіреді. Олар жүрек бұлшық еті мен жүйке жүйесін уландырады. Темекі тартатын және алкоголь ішетін жас адамның тамырлары тромбпен бітеліп, тамыр өткізгіштігі нашарлайды, соның салдарынан жүректің қандайда бір бөлігі жансызданып, яғни жүрек инфарктіне шалдығуы мүмкін.

  • Шектен тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып жүрек ауруларын туғызуы мүмкін екенін ескеру керек. Жүрек және қан тамырлары жұмысына темекі тарту мен алкоголь ішу зор зиян келтіреді. Олар жүрек бұлшық еті мен жүйке жүйесін уландырады. Темекі тартатын және алкоголь ішетін жас адамның тамырлары тромбпен бітеліп, тамыр өткізгіштігі нашарлайды, соның салдарынан жүректің қандайда бір бөлігі жансызданып, яғни жүрек инфарктіне шалдығуы мүмкін.







Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті екі сағаттан артық ұстауға болмайды, тез ауруханаға жеткізу қажет.

  • Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті екі сағаттан артық ұстауға болмайды, тез ауруханаға жеткізу қажет.



Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

  • Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

  • Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

  • Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

  • Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.



Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.

  • Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.





Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

  • Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.





Ақ қандылық

  • Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.



Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем

  • Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем

  • Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін.

  • Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.

  • Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.

  • Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.

  • Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.



Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері

  • Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері

  • Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.

  • Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.

  • Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.

  • Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады.



Гипертония, гипотония

  • Артерия қан қысымы көтеріліп, ішкі мүшелердің (мидың, жүректің, бүйректің т.б.) қан айналымын әлсірейтін кеселді гипертония ауруы деп атайды. Жылдан-жылға гипертония ауруымен ауыратын науқастардың саны көбеюде. Жалпы, гипертония ауруы орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына байланысты болғандықтан әлеуметтік өзгерістер оған тікелей әсерін тигізуде.

  • Орталық ми қан тамырлары түскен ауыртпашылықтардың әсерінен біресе тарылып, біресе кеңейіп,соңында тұрақты тарылу жағдайына келеді. Ал мидың қан тамырының тарылуы жалпы артерия қан қысымын арттырады.

  • Артерия қан қысымының көтерілу себетеріне тамаққа ас тұзын мол қолдануды жатқызуға болады. Қалыпты жағдайда адам ағзазына тәулігіне 6-7г тұзы жеткілікті. Тұздың адам денесінде көбеюі бүйректің қан тамырларының тарылуына және нейро-гормондық өзгерістерге жеткізеді. Атап айтсақ, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қызметі бұзылып қанның құрамында ангиотензин ІІ көбейеді. Ангиотензин ІІ қан тамырларын тарылтып қан қысымын көтереді.



Гипертонияның негізгі себептерінің біріне тұқым қуалаушылықты да жатқызуға болады. Ол ұрпақтың кальций ионы каналдарының генетикалық өзгерістеріне байланысты. Сондықтан да көп жағдайда жүрек-қан тамыр ауруларын, әсіресе гипертония ауруын бір отбасы мүшелерінде көптеп кездестіруге болады. Оның басқа артерия қан қысымының көбеюіне бүйрек, без, қан тамырлары аурулары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себепкер болады. Егер қан қысымының мөлшері сынап бағанасы бойынша 140/90 мм-ден асып кетсе, өнда гипертония ауруы болып саналады.

  • Гипертонияның негізгі себептерінің біріне тұқым қуалаушылықты да жатқызуға болады. Ол ұрпақтың кальций ионы каналдарының генетикалық өзгерістеріне байланысты. Сондықтан да көп жағдайда жүрек-қан тамыр ауруларын, әсіресе гипертония ауруын бір отбасы мүшелерінде көптеп кездестіруге болады. Оның басқа артерия қан қысымының көбеюіне бүйрек, без, қан тамырлары аурулары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себепкер болады. Егер қан қысымының мөлшері сынап бағанасы бойынша 140/90 мм-ден асып кетсе, өнда гипертония ауруы болып саналады.



Гипертонияның клиникалық белгілері сан алуан. Кей кездерде тіптен белгісіз болуы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда ғана біледі. Гипертония асқынуына миға қан құйылу, жүрек етінің инфарктісі, көздің қан тамырлары шетінеуі жатады. Сондықтан 40 жастан асқаннан бастап әр кісі өзінің ішкі дүніесін тыңдай білуі керек. Бұл жағдайда кеселдің ең алғашқы белгілірін байқауға болады. Олар: тез шаршау, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, аздап бастың ауруы, әсіресе ауыр жұмыстан кейін, әлсіздік, беймазалық, кейде себепсіз көздің қараюы. Осы белгілердің біреуі немесе бірнешеуі білінген жағдайда дәрігерге қаралып, қан қысымын өлшету қажет.

  • Гипертонияның клиникалық белгілері сан алуан. Кей кездерде тіптен белгісіз болуы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда ғана біледі. Гипертония асқынуына миға қан құйылу, жүрек етінің инфарктісі, көздің қан тамырлары шетінеуі жатады. Сондықтан 40 жастан асқаннан бастап әр кісі өзінің ішкі дүніесін тыңдай білуі керек. Бұл жағдайда кеселдің ең алғашқы белгілірін байқауға болады. Олар: тез шаршау, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, аздап бастың ауруы, әсіресе ауыр жұмыстан кейін, әлсіздік, беймазалық, кейде себепсіз көздің қараюы. Осы белгілердің біреуі немесе бірнешеуі білінген жағдайда дәрігерге қаралып, қан қысымын өлшету қажет.

  • Гипертония клиникасында заңдылық бар, ең негізгі белгісі бастың ауруы. Әсіресе түнде солқылдап, көз қарауытады. Сонан кейін бас айналып, лоқсиді.

  • Жүректе де өзгеріс байқалады, кеуденің сол жағы шаншиді, жүрек соғысы жиілеп, ауа жетпегендей сезінеді. Осы кезде аурудың сыртқы бейнесі де өзгереді, көз тамырлары қан талайды, бет күреңітеді, беймазалық және қорқыныш пайда болады. Бұл жағдайда қан қысымының деңгейі емес, қан тамырларының әлсіздігі қауыпты.



Егер науқасқа уақытылы жәрдем көрсетілмесе, миға қан қуйылып кетуі мүмкін. Аурудың белгілері әр кісіде әр түрлі, жас науқастарда жүректің қатты дүрілдеп соғуы жиірек кездеседі, ал жастағыларда және қарттарда мидың тамырларының тарылу белгілері басымдау.

  • Егер науқасқа уақытылы жәрдем көрсетілмесе, миға қан қуйылып кетуі мүмкін. Аурудың белгілері әр кісіде әр түрлі, жас науқастарда жүректің қатты дүрілдеп соғуы жиірек кездеседі, ал жастағыларда және қарттарда мидың тамырларының тарылу белгілері басымдау.

  • Артерия қан қысымының көтерілуіне тәндегі физиологиялық құбылыстар да әсерін тигізеді. Соның бірі-ұйқы. Қысымы бар адамға ащы, тұздалған, қуырылған майлы тағамдар зиян, олар денеде тұз бен судың құрамын көбейтіп, қан қысымын арттыра түседі. Ал сүт және басқа да ағарған түрлерін, жеміс-жидектерді көбірек пайдаланған жөн. Салмақтың артуы да аурудың негізгі себептерінің біріне жатады.

  • Кез келген ішімдікте болатын этанол ыдыраған кезде ацетилальдегидке айналады, ол денедегі барлық биохимиялық процестерді бұзып, ми жасушаларын уландырып, қанның қысымын арттырып жібереді.

  • Темекі де біздің қанымызға сіңбеген зат, оның құрамындағы алуан түрлі улы заттар қан тамырының тарылуына жол ашады, демек қан қысымы көтеріледі деген сөз.

  • Сақтану жолдары: аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде ем дәрісіз жүргізіледі.Оларға уақтылы ұйықтау, дұрыс тамақтану, салмақты азайту, темекіні, ішімдікті тоқтату, жүйке-жүйесін жайландыратын дәрілік шөптер қоспасын пайдалану, инемен емдеу тәсілдері жатады. Қазіргі кезде ауруды емдейтін 300-ден аса дәрілік заттар бар. Оларды пайдаланау үшін ауру адамның тәнінің ерекшіігін білу керек, өйткені кей дәрі қан қысымын түсіргенмен, басқа кеселдің дамуын өршітіп жіберуі мүмкін. Сондықтан дәріні өздігінен іше бермей, тек дәрігердің кеңесімен ғана пайдаланған дұрыс.



Қан қысымы төмендеп, гипотониялық криз басталған кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем:

  • Қан қысымы төмендеп, гипотониялық криз басталған кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем:

  • 1. Ауру адамды жатқызып, түймесін босатып алады да аяғын сәл жоғары көтеріп қояды;

  • 2. Бетіне мұздай су бүркіп, алақанмен шапалақтайды, сонда жүйкелер тітіркеніп, мидың қан айналысы жақсарады;

  • 3. Мүсәтір спиртін иіскетеді.

  • Дәрігер келгенше кофеин, цитрамон, аскофен, қою шай немесе кофе беруге болады.



Каталог: uploads -> ppt -> 4309
4309 -> Жалпы хирургия
4309 -> Тақырыбы «Қол қаңқасының сүйектері» Мамандығы: «Емдеу ісі», Курс, жарты жылдық: II курс, III және IV жарты жылдық. Дайындаған оқытушы: каримова Н. К. 2010-2011 оқу жылы
4309 -> Тақырыбы: Қаңқаға жалпы сиппаттама. Тақырыбы: Қаңқаға жалпы сиппаттама
4309 -> Бөлетін бездер ағзаға әсері
4309 -> С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
4309 -> Өспе Өспе (лат tumor, blastoma; грекше neoplasma, oncos) – тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар
4309 -> Қан мен лимфаның денеде үздіксіз айналыста болуын қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет