Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім



Дата30.06.2017
өлшемі445 b.


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия кафедрасы Тақырыбы: “Ұрықтың қан айналу жүйесі” Дайындаған: Агзамова Х. Б. 210-топ ЖМФ Қабылдаған: Габдуллина Г. С. Қарағанды 2009


Жоспары

  • 1. Кіріспе

  • 2. Негізгі бөлім

  • а) Эмбриондық кезеңдегі қанның түзілуі

  • ә) Қан айналым жүйесінің қалыптасуы

  • б) Ұрықтың қан айналым кезеңдері

  • в) Ұрықтың қан айналым мүшелерінің қалдықтары

  • 3. Қорытынды

  • 4. Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе

  • Алғашқы қан тамырлары эмбриогенездің 2-3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасындағы мезинхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан аралшықтары деп аталатын бөлігінде де дамиды. Аралшықта орналасқан мезинхима жасушаларының біразынан алғашқы қан тамырларының эндотелийі түзіледі. Ал аралшықтың орта бөлігіндегі жасушалары дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушаларын түзеді.



Негізгі бөлім

  • Ұрықтың даму кезінде қан айналымы 3 кезеңде өтеді:

  • 1) сарыуыздық;

  • 2) аллантоистық;

  • 3) плацентарлық.



Сарыуыздық кезең

  • Сарыуыздық кезеңінде қан айналым жүйесі адамда өте қысқа мерзімде өтеді. Ол имплантация кезеңінде басталып, 2 аптаға дейін созылады. Бұл кезде оттегі және қоректік заттар трофобласт жасушалары арқылы түседі. Ерте онтогенетикалық дамуға тән қан айналымы осылай өтеді.



Аллантоистық қан айналым

  • Аллантоистық қан айналым жүктіліктің 8-ші аптасының соңында басталады және 8 аптаға жалғасады, яғни жүктіліктің 15-16-шы аптасына дейін жалғасады. Аллантоис тамырсыз трофобластқа қарай өседі және фетальдық тамырларды да қамтиды. Аллантоистың грофобластпен жақындауы нәтижесінде фетальдық тамырлар трофобластың тамырсыз көпіршіктеріне қарай өседі және хорион тамырлы болады. Аллантоистық қан айналымы ұрықтың дамуында негізгі орын алады, себебі ол оттегі мен қоректік заттарды анасынан ұрыққа тасымалдайды. Аллантоистық қан айналымның бұзылуы ұрықтың өліміне алып келеді.



Плацентарлық қан айналым

  • аллантоистық қан айналымның орнына келеді. Ол жүктіліктің 3-4-ші айында басталады. Плацентарлық қан айналым пайда болуы ұрықтың дамуы және өсуімен бірге жүзег асырылады (ұрықтың тыныс алу, зәр шығару, барьерлік, зат алмасу, транспортты, эндокринді жүйелері дамиды). Плацентаның гемохориальді түрінде ана мен ұрықтың организмдерінің арасында толық және адекватты алмасу жүреді және ана – ұрық адаптациялық реакциялар жүйесі орнайды.









Ұрықтың қанайналым жүйесінің схемасы: 1 — плацента; 2 — кіндік артериясы; 3 — кіндік венасы; 4 — қақпа венасы; 5 — веналық жол; 6 — төменгі қуыс вена; 7 — сопақ тесік; 8 — жоғарғы қуыс вена; 9 — артериялық жол; 10 — аорта; 11 — подчревные артерии. Күлгін түс - артериялық қан; көк — веналық; қызыл көк нүктелермен — құрамы артериялық қанға жақын аралас қан, көк қызыл нүктелермен — құрамы веналық қанға жақын аралас қан.

  • Ұрықтың қанайналым жүйесінің схемасы: 1 — плацента; 2 — кіндік артериясы; 3 — кіндік венасы; 4 — қақпа венасы; 5 — веналық жол; 6 — төменгі қуыс вена; 7 — сопақ тесік; 8 — жоғарғы қуыс вена; 9 — артериялық жол; 10 — аорта; 11 — подчревные артерии. Күлгін түс - артериялық қан; көк — веналық; қызыл көк нүктелермен — құрамы артериялық қанға жақын аралас қан, көк қызыл нүктелермен — құрамы веналық қанға жақын аралас қан.



Белгіленуі

  • Белгіленуі

  • 1. боталл протокы 2. өкпелік вена 3. өкпелік артерия 4. аорта 5. сопақ терезе 6. сол жақ жүрекше 7. төменгі қуыс вена 8. оң жақ жүрекше 9. оң жақ қарынша 10.сол жақ қарынша 11.кіндік тамырлары





Ұрық ағзасынан көмірқышқыл газы мен зат алмасу өнімдерінің шығу жолы



Ұрықтың қан айналым мүшелерінің қалдықтары

  • Lig. teres hepatis – кіндік венасы (v. umbilicalis) – тің қалдығы.

  • Lig.venosum – веналық проток (ductus venosus) – тың қалдығы.

  • Lig. Arteiosum – артериялық проток (ductus arteriosus) – тың қалдығы.

  • Lig. Umblicalia medialia – оң және сол кіндік артериясының (a.a umbilicales dextra et sinistra) қалдығы.

  • Foramen ovale fossa ovalis



Қорытынды

  • Қорыта айтқанда, ұрықтың қан айналым жүйесі плацента және ананың гемодинамикасымен тығыз байланысты. Ананың көңіл-күйі, қабылдаған қоректік заттары, сыртқы қолайсыз факторлар тікелей ұрыққа да әсер етеді. Ұрықтың қан айналым жүйесінің мүшелерінің қалыптасуы қауіпті кезеңдердің бірі боып саналады, яғни бұл кездегі бұзылыстар салдарынан туа біткен жүрек-тамыр жеткіліксіздігі және жүрек-тамыр жүйесінің күрделі ауытқуларына әкеледі. Жүрек-тамыр жүйесінің бұндай аурулары түсік тастауға, нәрестенің өмір сүру қабілетінің төмендеуіне және созылмалы ауруларға әкелуі мүмкін. Жүрек-тамыр жүйесі организмнің барлық жүйелерімен тығыз байланысты, сондықтан оның бұзылыстары организмнің жалпы өзгерістеріне әкеледі.



Қолданылған әдебиеттер

  • Алшынбай Рақышев “Адам анатомиясы”

  • Ж.О. Аяпова “Цитология, эмбриология және гистология”

  • Мухит Нурышев “Гистология және эмбриология негіздері”

  • www.google.kz

  • www.yandex.kz



Каталог: uploads -> ppt -> 102994
ppt -> Изучить этиологию, патогенез и функциональные нарушения при частичной адентии; Изучить этиологию, патогенез и функциональные нарушения при частичной адентии
ppt -> Любая опухоль состоит из паренхимы (клеток) и стромы, отличающихся от нормальных структур тканей, из которых она возникла
ppt -> От нем bugel дуга) это съемный протез, состоящий из основных элементов: (от нем bugel дуга) это съемный протез, состоящий из основных элементов
ppt -> Энтеробактериялар. Шигелла. Сальмонелла. Тырысқақ вибрионы
ppt -> Системная профилактика кариеса Показания, средства, механизм действия, методика проведения
ppt -> Исследовательская работа на тему: Галитоз
ppt -> Грибковые поражения слизистой оболочки полости рта. Этиология, патогенез, диагностика, лечения и профилактика
ppt -> Проявления в полости рта при заболеваниях жкт. Тактика врача-стоматолога


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет