Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасын бекiту туралы



бет1/6
Дата05.07.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 шiлдедегi № 799 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жыл 17 қыркүйектегi № 440-444 (26837), 2011 жыл 30 қыркүйектегi № 467-471 (26863); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 47, 632-құжат "Казахстанская правда" от 17.09.2011 г., № 300-301 (26691-26692)

      "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 14 шiлдедегi
№ 799 қаулысымен    
бекiтiлген    

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың және мемлекеттiң жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдауға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында әзiрлендi.


      2. Қағида Қазақстан Республикасының темiр жолы арқылы темiр жол көлiгiмен жолаушыларды, қол жүгiн, багажды және жүкбагажын тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Темiр жол көлiгiмен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттiк қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
      1) аялдау пунктi – тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған жолаушылар поезының аялдауы жүзеге асырылатын пункт;
      2) бақылау-кассалық машина (бұдан әрi – БКМ) – фискалды модуль, фискалды жады блогы бар электронды құрылғы және (немесе) тауарларды сату және (немесе) қызметтердi көрсету кезiнде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың тiркелуiн және көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн компьютерлiк жүйе;
      3) темiр жол көлiгiндегi электрондық жол жүру құжаты (бұдан әрi – электрондық билет) – Интернет арқылы ресiмделген жол жүру құжаты;
      4) тiкелей қатынайтын вагон – екi және одан көп поездар құрамында қайта тiркелiп, қатынайтын вагон;
      5) жолаушылар поезы – жолаушыларды темiр жол қатынастарының барлық түрiмен тасымалдауға арналған поезд;
      6) уәкiлеттi орган – темiр жол көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын атқарушы орган;
      7) жолаушылардың жол жүру құны – плацкарт және билет бөлiктерiнiң жиынтығы;
      8) билет құны – жолаушыларды жүретiн маршруттың барлық темiр жол арқылы тасымалдау үшiн есептелген төлемдер сомасы ретiнде белгiленетiн жол жүру құнының бiр бөлiгi;
      9) плацкарт құны – жолаушыларды тасымалдаудың жалпы қашықтығымен белгiленетiн және вагонды пайдалану мен жол жүру барысында жолаушыларға қызмет көрсету ақысын қамтитын жол жүру құнының бiр бөлiгi.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасында белгiленген мағыналарда қолданылады.
      5. Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесi жарқағаздарда, әртүрлi анықтамалықтарда, Интернетте көрсетiледi.
      Тасымалдаушы темiр жол вокзалдарында және жолаушылар поездарында жолаушылар поезының қозғалыс кестесi туралы ақпаратты орналастырады.
      Жолаушылар темiр жол вокзалдарында жолаушылар поездарының аттану және келу уақыты, жолаушылардың жүру құны мен багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кiтабының орналасқан жерi, билет және багаж кассаларының жұмыс режимi, вокзал орын-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi туралы қажеттi де дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етiледi.
      Темiр жол көлiгi қызметтерiн пайдаланушыларға арналған барлық ақпарат тасымалдау шарттарының өзгеруiне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Анықтама бюросы жолаушыларға ауызша және/немесе жазбаша ақпарат бередi.
      6. Жолаушылар, багаж, жүк-багаж оларды тиiсiнше тасымалдау операцияларын орындауға арналған ашық темiр жол станциялары мен аялдау пункттерiнен темiр жол станциялары мен аялдау пункттерiне дейiн тасымалданады.
      Станциялар мен аялдау пункттерiнiң ашылуы мен жабылуы, олардың атаулары мен олар орындайтын коммерциялық операциялар сипатының өзгеруi туралы ақпарат тиiстi тарифтiк нұсқауларда жарияланады.

2. Жолаушыларды тасымалдау

§1. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды, олардың жарамдылық мерзiмiн ұзартуды ұйымдастыру және билет кассаларының жұмысы

      7. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттердi) ресiмдеу Автоматтандырылған басқару жүйесi терминалдарының (бұдан әрi – АБЖ) көмегiмен және жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға тiлек бiлдiрушiнiң жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде қол технологиясы бойынша немесе жолаушының талап еткен жерiне жеткiзу арқылы жүргiзiледi.


      Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату билет кассаларында және/немесе электрондық сату жүйелерi арқылы жүзеге асырылады. Жолаушының талап еткен жерiне жол жүру құжаттарын (билеттердi) жеткiзу қосымша ақыға жүзеге асырылады.
      Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда, сондай-ақ жолаушылар поездарының жалпы вагондарында, билет кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын жолсерiктердiң сатуына жол берiледi.
      8. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) өздерi жасақтаған поездарға сатуды ұйымдастырады. Басқа тасымалдаушылардың жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыруына жасалған шарттардың негiзiнде рұқсат етiледi.
      Вокзалдарда (станцияларда) билет кассаларының жұмыс уақытын жергiлiктi жағдайлар мен поездар қозғалысының кестесiн негiзге ала отырып, Тасымалдаушының уәкiлеттi тұлғасы белгiлейдi.
      Темiр жол вокзалдары ғимараттарынан тыс жерлерде орналасқан билет кассаларының жұмыс уақытын жергiлiктi жағдайларды негiзге ала отырып, жолаушылар агенттiгi белгiлейдi.
      Билет кассалары тәулiгiне 50 және одан да көп жол жүру құжаттары (билеттер) сатылатын барлық станциялар мен аялдау пункттерiнде ашылады. Тәулiгiне 50 жол жүру құжатынан (билеттен) аз сатылатын станциялар мен аялдау пункттерiнде жол жүру құжаттарының (билеттердiң) сатылуын ұйымдастыру туралы шешiмдi Тасымалдаушы жергiлiктi жағдайларды ескере отырып қабылдайды.
      Станциялардағы (вокзалдардағы) жолаушылар легiнiң мөлшерi мен сипатына байланысты жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуға арнайы кассалар бөлiнедi.
      9. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттердi) АБЖ терминалдарымен жабдықталған кассаларда және қол технологиясы бойынша сату поезды жасақтау пунктiнен және айналымынан 45 тәулiктен бастап және поезд аралық станциядан жөнелтiлгенге дейiн сату режимiне немесе орындар нормасына байланысты жүзеге асырылады.
      10. Жол жүру құжаттарын алдын ала сату 45 тәулiктен бастап поездың аттануына 1 тәулiк қалғанға дейiнгi мерзiмде жүзеге асырылады.
      Кететiн поезға жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды аяқтау уақыты станция (вокзал) жұмысының технологиялық үдерiстерiне байланысты белгiленедi. Көрсетiлген ақпарат жолаушыларға хабардар етiледi.
      Поездардың жасақталу немесе айналым станцияларынан керi қайтуға жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату жасақтау, айналым станцияларында және аралық станцияларда жүзеге асырылады.
      Тiкелей қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату осы вагондар баратын пунктке немесе поездың негiзгi жүретiн маршрутынан ауытқыған учаскеде орналасқан пункттерге дейiн баратын жолаушыларға жүргiзiледi.
      Тiкелей қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттердi) вагон жөнелтiлгенге дейiн 24 сағат бұрын сатуға аралық станциялардан отыратын және түсетiн жолаушыларға ғана рұқсат етiледi.
      Ауысып отыратын станция жөнелту станциясы болатын учаскелерге жол жүру құжаттарын ресiмдеу кезiнде поезды таңдау (келiсiлген поездар) жолаушының осы станцияға келуi мен оның осы станциядан жөнелтiлуiнiң арасындағы кемiнде 3 сағат айырмашылық ескерiлiп жүзеге асырылады.
      11. Жолаушы поездың жүру маршруты бойынша жолаушылар операциялары үшiн жол ашық кез келген станцияға дейiн кез келген санаттағы вагонға және поезға жол жүру құжатын (билет) сатып алады. Жолаушының келу станциясына дейiн тiкелей поезд болмаған жағдайда, оған басқа станциядан (ауысып отыру пунктiнен) поезда орын болған кезде екiншi жол жүру құжаты ресiмделедi.
      12. Бос орындар болған жағдайда, жолаушының жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан ерте жүретiн жолаушылар поезымен жүруiне жол берiледi. Бұл жағдайда жолаушыға жол жүру құжатын (билет) қайта ресiмдеу қажет.
      Ерте жүретiн поездың аттануына 24 сағаттан аз уақыт қалғанда, жол жүру құжатын (билеттi) жолаушының фамилиясын өзгертпестен қайта ресiмдеуге келесi жағдайларда жол берiледi:
      1) ерте жүретiн поездың нөмiрi ауысқанда;
      2) вагонның үлгiсi жоғары санатқа ауысқанда;
      3) поездың нөмiрi мен вагонның үлгiсi бiр уақытта (ерте жүретiнге) ауысқанда;
      4) бiр вагондағы орындар сол типтi басқа вагонның орындарына ауыстырылғанда;
      5) бiр вагондағы орындардың нөмiрлерi ауысқанда.
      13. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) қайта ресiмдеу бастапқы жол жүру құжаты (билет) ресiмделген сол тасымалдаушының поезына жүргiзiледi.
      АБЖ арқылы жол жүру құжаттарын (билеттердi) қайта ресiмдеу жаңа жол жүру құжатын (билет) беру арқылы жүргiзiледi, онда жол жүру құжаты (билет) қайта ресiмделетiн поезбен жол жүру жағдайларына байланысты жолаушыдан алынатын қосымша ақы сомасы көрсетiледi.
      Поездың жөнелтiлуiне 24 сағаттан аз уақыт қалғанда қол технологиясы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттердi) қайта ресiмдеу оларды қайта компостерлеу арқылы жүргiзiледi және тек бастапқы жол жүру құжаты (билет) ресiмделген Тасымалдаушының сол темiр жолы құрастырған, тiкелей қатынайтын поезға және вагонға ғана рұқсат етiледi.
      Басқа темiр жол немесе Тасымалдаушы жасақтаған тiкелей қатынайтын поезға немесе вагонға билеттердi қайта ресiмдеу бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) қайтарылған соң жүргiзiледi.
      Ерте жөнелтiлетiн поезға жол жүру құжатын (билеттi) қол технологиясы арқылы қайта ресiмдеу кезiнде, егер жолаушы сол санаттағы поезбен және вагонмен сол бағытта жүретiн болса, бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) өз күшiн сақтайды. Жол жүру құжатындағы (билеттегi) бастапқы компостерлiк белгiлер "компостер жойылды" деген жазумен крест тәрiздi жойылады және жолаушының аттанатын поезы мен күнi көрсетiлiп, жаңа компостер қойылады. Жазу станцияның (вокзалдың) тиiстi лауазымды адамның қолымен және станцияның (вокзалдың) мөрқалыбымен расталады. Бұл ретте жою күнi мен уақыты көрсетiледi. Егер жол жүру құжаты (билет) өте жоғары санаттағы поезға немесе вагонға немесе басқа маршрутқа қайта ресiмделетiн болса, онда жол жүру құнының айырмашылығы әр түрлi алымдар түбiртегi бойынша алынады. Өте төмен санаттағы поезбен немесе вагонмен немесе басқа маршрут бойынша жүргiсi келетiн жолаушының қалауы бойынша жол жүру құжатын (билеттi) қайта ресiмдеу кезiнде оған жол жүру құнындағы айырмашылық қайтарылады.
      14. Жол жүру құжатын (билет) ресiмдеу жолаушының жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, әскери билет, жеке куәлiк, босатылғаны туралы анықтама, уақытша жеке куәлiк, босқын куәлiгi 16 жасқа дейiнгi балалар үшiн туу туралы куәлiк), ал жеңiлдiкпен немесе тегiн жол жүру құжатын (билеттi) ресiмдеу үшiн жеңiлдiк құқығын беретiн құжаттар болған кезде жүргiзiледi.
      Отыруға арналған орындары бар вагоннан құрастырылған поездарға жол жүру құжаттарын (билеттердi) ресiмдеу кезiнде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету талап етiлмейдi.
      Жол жүру құжаты (билетi) қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу арқылы берiледi.
      Жол жүру құжаттары (билеттер) тiкелей қатынайтын қатынастарда жүру үшiн ғана ресiмделедi.
      15. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) АБЖ арқылы ресiмдеу кезiнде мәлiметтер осы жүйенiң терминалына қосылған билетбасқыш құрылғымен басып шығарылады. Жеңiлдiкпен және тегiн жол жүрудi АБЖ арқылы ресiмдеу кезiнде поездың санаты жоғарлағаны үшiн алынатын қосымша ақы туралы мәлiмет жол жүру құжатының (билеттiң) сол бланкiсiне басылады.
      Жол жүру құжаттарында (билеттерiнде) түзетулер жасауға болмайды. АБЖ арқылы ресiмделетiн жол жүру құжаттарында (билеттерде) егер жол жүру барысында поездың нөмiрi өзгеретiн болса, аралық станциялардағы билет кассирiне өз қолымен тек поездың нөмiрiн түзетуге рұқсат етiледi.
      Жолаушыға бiр купенiң барлық орындарына арналған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға рұқсат етiледi. Бұл жағдайда жолаушы сатып алынған купедегi орындардың жалпы саны бойынша жол жүру құнын толық тарифпен төлейдi. Бұл ретте жол жүру құжатында (билетте) көрсетiлмеген адамдардың жүруiне жол берiлмейдi.
      Бiр адамның атына бiр поезға төрт орыннан артық орынға жол жүру құжаттарын (билеттерiн) ресiмдеуге болмайды. Жол жүру құжатының (билеттiң) бiр бланкiсiнде (ұйымдасқан жолаушылар тобынан және арнайы тасымалдардан басқа) бiр адамның жол жүруi ресiмделедi.
      16. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) диспетчерлiк терминал арқылы автоматтандырылмаған тәсiлдермен ресiмдеу шариктi (көк, қара немесе күлгiн сиялармен) анық, сөздер қысқартылмай жүргiзiледi. Дайын мәтiнi бар мөрқалыптарды қолдануға болады.
      Жол жүру құжатының (билеттiң) екi жағындағы (бланк және түбiртек) тиiстi бағандар толтырылған соң жол жүру құнына, вагонның үлгiсiне, поездың санатына және (топтық жол жүру құжатында (билетте) жолаушылардың санына сәйкес бланктiң бақылау талоны қиылып алынады.
      Жолаушыға берiлетiн, қол технологиясы арқылы ресiмделген жол жүру құжатына (билетке) анық айыру деректерi: поездың нөмiрi, күнi, айы, жылы бар маститтi немесе инелi компостерлiк белгiлер қойылады. Жыл қажеттiлiкке байланысты тек бiр цифрмен ғана көрсетiледi.
      Жол жүру құжаттарын (билеттердi) инелi компостерлеу түбiртектерiмен бiрге олардың көлбеу сызықтың бойымен бiрiншi бөлiгiн қамти отырып, екi бүктелген жерiне жүргiзiледi, ал түбiртек жол жүру құжаты (билетi) бланкiсiнiң iшiне салынады.
      Маститтi компостер бланкiге және жол жүру құжатының (билеттiң) түбiртегiне қойылады.
      Компостерлiк белгiлер (крест тәрiздi) жойылғанда "компостер жойылды" деген мөртабан қойылады және жойылған күнi мен сағаты көрсетiледi. Бұл белгiлер станцияның (вокзалдың) лауазымды адамның қолымен және станцияның (вокзалдың) мөрқалыбымен расталады.
      17. Барлық жол жүру құжаттары (билеттер), оның iшiнде тегiн және жеңiлдiкпен берiлгендерi үшiншi адамдарға берiлмеуi тиiс және жолаушының жеке басын куәландыратын тиiстi құжаттар ұсынылған кезде ғана жарамды болады.
      18. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) қайта сатуға жол берiлмейдi.
      19. Құрамында тiкелей қатынайтын вагон келе жатқан поезд осы вагонды қайта тiркеу келiсiлген поезд кетiп қалған соң келген жағдайда, жолаушы қажеттiлiгiне қарай сол тасымалдаушының бос орындар бар, бiрiншi кететiн поезымен кету үшiн жол жүру құжатын (билетiн) қосымша төлемдер төлемей, ресiмдей алады. Жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда қалауы бойынша жүрiлмеген жолы (қашықтық) үшiн жол жүру құнын толықтай қайтарып алады.
      20. Қажет болған жағдайда, жолаушы жол жүру құжатының (билеттiң) күшiн сол тасымалдаушының басқа бiр поезына тиiстi құжаттармен (осы мекеменiң бұрыштама мөртабанымен және дәрiгердiң мөртабанымен расталған анықтаманы берген медицина ұйымының анықтамасы) расталған сырқаттану немесе жазатайым оқиғаға байланысты поезға поезд жөнелтiлген сәттен бастап 3 сағат бойы не 3 тәулiк бойы кешiккен жағдайда, плацкарт құнын қосымша төлеп, қалпына келтiре алады.
      Жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құнын қайтарып алады, бұл жағдайда плацкарт құны шегерiледi.
      21. Егер поезда бос орын болмаса, билет кассасы жол жүру құжаттарын сатудан бас тартады.
      22. Нөмiрленген орындары бар вагондарға (плацкарт, купе, жұмсақ) жол жүру құжаттары (билеттерi) сатылған кезде екi және одан да көп жол жүру құжатын (билетiн) сатып алатын жолаушыларға жоғарғы және төменгi орындар саны тең ұсынылады. Мүгедектерге, ауруларға (медицина ұйымынан анықтама болған жағдайда), қарттарға және баласы бар азаматтарға ерекше жағдайлар қарастырылуы мүмкiн.
      Жолаушыларға вагондардағы орындар санынан артық жол жүру құжаттарын (билеттер) беруге жол берiлмейдi.
      23. Уәкiлеттi адам (вокзал қызметкерi) жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн келесi жағдайларда ұзартады (жол жүру құжатына мерзiмiн ұзарту туралы белгi қою арқылы):
      1) жолаушыға орын ұсынылатын келесi поездың аттануына дейiнгi уақытқа поездан жолаушыға орын берiлмегенде (отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардан басқа);
      2) ауысып отыру пунктiнде транзитпен келе жатқан жолаушы оған жол жүрудi ұзарту мүмкiндiгi берiлгенге дейiн барлық кешiгу уақытына келiсiлген поездар кешiккен жағдайда;
      3) жолаушы жолда аялдағанда барлығы 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге.
      Жол жүру құжатының (билеттiң) әрекет ету мерзiмiн ұзартуға басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

§2. Тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеу тәртiбi

      24. Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiмен жолаушылардың жол жүруiн, багажды, жүк-багажды тасымалдауды ресiмдеу жол жүру және тасымалдау құжаттарының бланкiлерiнде жүзеге асырылады.


      25. АБЖ жол жүру құжаты – жол жүру құжаттарын (билеттердi) АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Жол жүру құжатын толтыру АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегiмен осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы бланкiде жүзеге асырылады және барлық қатынастағы жол жүрудi ресiмдеу кезiнде қолданылады.
      26. Өзiне-өзi қызмет көрсететiн транзакциялық терминалдың жол жүру құжаты – осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкiде жол жүру құжаттарын (билеттердi) ресiмдеу үдерiсiн жолаушылардың өздерi тiкелей жүзеге асыруы үшiн пайдалануға арналған.
      27. Электрондық жол жүру құжаты дегенiмiз, ол – жолаушыны тасымалдау шартын куәландыру үшiн қолданылатын құжат, онда жолаушыны темiр жолмен тасымалдау туралы ақпарат электронды-цифрлы нысанда ұсынылған және мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) тапсырыстың күнi мен уақыты;
      2) поездың нөмiрi;
      3) жөнелту және келу станциясы;
      4) поезды жөнелту күнi мен уақыты;
      5) вагонның нөмiрi мен үлгiсi;
      6) вагондағы орын нөмiрi;
      7) Тасымалдаушының СТН-i (болса БСН);
      8) купенiң белгiсi (әйелдерге, ерлерге немесе аралас – егер қолданылса);
      9) жолаушы туралы мәлiметтер – тегi, аты, әкесiнiң аты (немесе аты-жөнi), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы және нөмiрi;
      10) тариф (билет, плацкарт);
      11) тасымалдаудың қорытынды құны;
      12) төлеу нысаны;
      13) алымдар (егер қолданылса);
      14) электронды билет тапсырысының сәйкестендiргiшi.
      Тасымалдаушының қалауы бойынша электрондық билет тасымалдау шарттары немесе жолаушыға қызмет көрсету ерекшелiктерi туралы басқа да ақпаратты қамтуы мүмкiн.
      28. Коды 11 "толық" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттердi) барлық қатынастарға автоматтандырылмаған тәсiлмен диспетчерлiк терминалдың көмегiмен ресiмдеуге арналған. Жол жүру құжатының бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбiртегi. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, түбiртек пен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушы белгiлеген тәртiпке сәйкес пайдаланылады.
      29. Коды 12 "балалар" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 5 жастан 10 жасқа дейiнгi балалардың басқа темiр жол әкiмшiлiктерi жасақтаған поездармен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жүруi үшiн жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Балалар жол жүру құжатының бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбiртегi. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, түбiртек пен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушының iшкi қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      30. Коды 21 "жеңiлдiктi" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеңiлдiктi жол жүру құжаттарын, оның iшiнде облысаралық қатынаста 7-ден 15 жасқа дейiнгi балалардың жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Жеңiлдiк жол жүру құжатының бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбiртегi. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, түбiртек пен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушының iшкi қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      31. Кодтары 22 және 32 топтық жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша топтық жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Коды 22 балалар тобының облысаралық қатынаста, ересектер тобының халықаралық қатынаста жеңiлдiктi тарифпен жол жүруi үшiн пайдаланылады. Коды 32 жол жүру құжаты жолаушылар тобының барлық қатынастарда жол жүруi үшiн пайдаланылады.
      Топтық жол жүру құжатының бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбiртегi. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiнде жолаушылар саны көрсетiлген тор бар. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, түбiртек пен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушының iшкi қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      32. Әскери жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшасыз әскери жол жүру құжаттарын белгiленген нысандағы әскери талап ұсынылған кезде автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Әскери жол жүру құжатының бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: әскери билет, жолаушылардың саны туралы бақылау талоны, әскери билеттiң түбiртегi. Әскери билет  жолаушылардың саны туралы бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, әскери билеттiң түбiртегi мен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушының iшкi ережелерiне сәйкес пайдаланылады.
      33. Ауданаралық (облыс iшiндегi қалааралық) және қала маңындағы қатынас билетi – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын ауданаралық (облыс iшiндегi қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеуге арналған. Ауданаралық және iшкi қатынас билетiнiң бланкiсi бiр парақтан тұрады, ол үш бөлiкке бөлiнген: ауданаралық және iшкi қатынас билетi, бақылау талоны мен ауданаралық (облыс iшiндегi қалааралық) және маңындағы қатынас билетiнiң түбiртегi. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесiлiп алынған бөлiгiмен бiрге жолаушының қолына берiледi, түбiртек пен бақылау талонының басқа бөлiгi тасымалдаушының iшкi қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      34. Катушкалық билеттер – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша билет кассалары жоқ станцияларда поезға отырған жолаушылардың жол жүруiн ресiмдеу үшiн тiкелей поездарда, сондай-ақ жолаушылар поездарының жалпы вагондарында қолданылатын жол жүру құжаттары (билеттер). Көрсетiлген жағдайларда жол жүрудi бақылау чегiн бере отырып, БКМ арқылы ресiмдеуге жол берiледi. Тасымалдаушы iшкi есептiк саясатқа сәйкес басқа да төлем шарттарын белгiлейдi.
      35. Бақылау чегi – тасымалдаушы мен жолаушының арасындағы ақшалай есеп айырысу фактiсiн растайтын БКМ бастапқы есептiк құжаты, бұл ретте тасымалдаушы жолаушыны баратын пунктiне дейiн апаруға мiндеттенедi.
      36. ЛУ-12 нысанды багаж түбiртегi, ЛУ-12б нысанды жүк-багаж түбiртегi, ЛУ-12п нысанды пошта вагонының жүру түбiртегi багаж бен жүк-багажы тасымалын, арнайы вагондар мен пошта вагондарының жүруiн автоматтандырылмаған тәсiлмен тасымалын осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресiмдеуге арналған. ЛУ-12, ЛУ-12б, ЛУ-12п нысанды түбiртектердiң бланкiлерi үш парақтан тұрады:
      1) багаждың, жүк-багаждың жол ведомосi, пошта вагонының жүруiне арналған жол ведомосi қабылдап-тапсырушының пайдалануына және багаж, жүк-багаж бен поштаны алып жүруге арналған;
      2) багаждың, жүк-багаждың түбiртегi мен пошта вагонының жүруiне арналған түбiртек багажды, жүк-багаж бен поштаны жөнелтушiлерге берiледi;
      3) багаж, жүкбагаж түбiртектерiнiң түбiршектерi мен пошта вагонының жүруiне арналған түбiршек тасымалдау құжатын ресiмдеген тасымалдаушыда қалады.
      37. АБЖ багаж бен жүкбагажына арналған тасымалдау құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша багаж бен жүк-багажды барлық қатынастарда тасымалдауды ресiмдеу үшiн қолданылады. Тасымалдау құжатын ресiмдеу АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегiмен автоматтандырылған тәсiлмен жүргiзiледi.
      38. МД 4-3 түбiртегi осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалдау ақысын, комиссиялық алымды және темiр жол көлiгi ұйымының қосалқы қызметiнен түсетiн басқа да түсiмдерiн қабылдап алу үшiн қолданылады. Темiр жол көлiгi ұйымының қосалқы қызметiн көрсету түбiртегi жолаушының қолына берiледi, темiр жол көлiгi ұйымының қосалқы қызметiн көрсету түбiртегiнiң талоны мен түбiршегi тасымалдаушының iшкi ережелерiне сәйкес пайдаланылады.
      Тасымалдаушы iшкi есеп саясатына сәйкес басқа да төлем шарттарын белгiлейдi.
      39. АБЖ әр түрлi алымдар түбiртегi жолаушылар паркi вагондарының жүруiн, жолаушының қолындағы багажды тасымалдау, топтық өтiнiмдер бойынша орындарды броньдау, резервтеу кезiнде өтiнiмдiк алымдар төлемдерiн, сондай-ақ жол жүру және тасымалдау құжаттарын қайтару туралы ақпаратты, билет және багаж кассаларында төленетiн халыққа көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпаратты қабылдап алу үшiн пайдаланылады, АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсiлмен ресiмделедi.
      Әртүрлi алымдар түбiртектерiн толтыру нысан бойынша бланкiде АБЖ терминал жабдығының басып шығару құрылғысының көмегiмен жүзеге асырылады.
      40. 3, 3А, 3К, 4 нысанды қызметтiк билеттер (тұрғылықты жерiнен жұмыс орнына дейiн жол жүру), 6, 6-В нысанды әр түрлi билеттер темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң жүруiне арналған. Қызметтiк және әр түрлi билеттер бланкiсi билеттен және билет түбiршегiнен тұрады. Қызметтiк және әр түрлi билеттер иесiнiң қолына берiледi, ал қызметтiк билеттiң түбiршегi билеттi берген ұйымда қалады.
      41. ГУ-26п тапсыру тiзiмi поезға багажды және жүк-багажын қабылдау және оларды беру кезiнде қолданылады. Оны багаж бен жүк-багажын қабылдап-тапсырушы жасайды және жол багаж ведомостерiнiң немесе түбiртектерiнiң жолдама құжаты болып табылады.
      42. Плацкартты алу құқығына арналған талон – қызметтiк және бiр реттiк билеттерге берiледi. Талонды толтыру кезiнде темiр жол (қызметтiк немесе бiр реттiк) билетiнiң нөмiрi, адамдар саны және жол жүру маршруты көрсетiледi. Қызметтiк және жеке қажеттiлiктер бойынша жол жүрудi ресiмдеу кезiнде талон билет кассасында қалады.
      Жолаушыны билет кассасы жоқ станциядан отырғызу кезiнде жолсерiкте қалатын қызметтiк билетке берiлген плацкартты алу құқығына арналған талон толтырылады.


Каталог: images -> npa
npa -> Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
npa -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
npa -> Авиация қызметкерлерге денсаулық жағдайы бойынша
npa -> Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»
npa -> Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі №156-xiii
npa -> «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет