Жол таңбасы және оның сипаттамалары (Қр ст 1124 және Қр ст 1412 бойынша)



Дата11.02.2017
өлшемі52.05 Kb.



Жол жүрісі қағидаларына

2-қосымша

Жол таңбасы және оның сипаттамалары

(ҚР СТ 1124 және ҚР СТ 1412 бойынша)
1. Көлденең таңба
Көлденең таңба (жүру бөлiгіндегі сызықтар, бағыттаушы сызықтары, жазулар және басқа белгiлеулер) жүрістің белгiлi режимдерi мен тәртібін белгiлейдi.

1.4, 1.10 және 1.17 сары түстi сызықтардан басқа көлденең таңбалардың түсi ақ болады.

Көлденең таңба:

1.1 – қарама-қарсы бағыттағы көлiктердiң ағынын бөлiп тұрады және жолдарда қауiптi жерлердегi жүру жолағының шекарасын белгiлейдi; кiруге тыйым салынған жүру бөлiгінің шекарасын белгiлейдi; көлiк құралдарының тұрақ орындарының шекарасын және автомагистральдарға жатқызылмаған жолдардың жүру бөлiгiнiң шетiн белгілейді (таңбалардың нөмiрленуi ҚР СТ 1124 сәйкес келедi. Жол таңбасының атауы мен суреттері 3-суретте келтiрiлген);

1.2 (жалпақ тұтас сызық) – автомагистральдардағы жүру бөлiгінің шетiн бiлдiредi;

1.3 – төрт және одан да көп жүру жолақтары бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлiк ағындарын бөледi;

1.4 – тоқтауға тыйым салынған орындарды бiлдiредi. Дербес немесе 3.27. белгiсiмен қолданылады және жүру бөлiгiнiң шетiне немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;

1.5 – екi немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлiк ағынын бөлiп тұрады; бiр бағытта жүруге арналған екi немесе одан көп жолақтар болған кезде жүру жолақтарының шекарасын бiлдiредi;

1.6 (жақындау сызығы – штрихтарының ұзындығы олардың арасындағы аралықтан 3 есе артық үзiк сызық) қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттардағы көлiк ағынын бөлетiн 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындау туралы ескертедi;

1.7 (штрихтары қысқа және аралықтары оларға тең үзiк сызық) – жол қиылысы шегіндегі жүру жолақтарының шекарасын бiлдiредi;

1.8 (жалпақ үзiк сызық) – екпінді жүру немесе тоқтау жолағы мен жүру бөлiгiнiң негiзгi жолағы арасындағы шекараны бiлдiредi (көше қиылыстарында, әртүрлi деңгейдегi жолдардың қиылысында, автобус аялдамаларының аймағында және осы сияқтыларда);

1.9 – реверстiк реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын бiлдiредi; реверстiк реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлiк лектерін бөледі (реверстiк бағдаршамдар сөніп тұрғанда);

1.10 – тоқтап тұруға тыйым салынған жерлердi бiлдiредi. Дербес немесе 3.28 – 3.30. белгiлерiмен қоса қолданылады және жүру бөлiгiнiң шетiне немесе бордюрдiң жоғары жағына қойылады;

1.11 – бiр жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етiлген жолдардың учаскелерiнде қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттағы көлiк ағындарын бөледi; бiр бағытта ғана жүруге рұқсат етiлген тұрақ алаңдарынан және осындай жерлерде кері бұрылуға, кiруге және шығуға арналған жерлердi көрсетедi;

1.12 (тоқтау-сызығы) – жүргiзушi 2.5. белгiсi немесе бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салатын сигналы кезiнде тоқтайтын орынды көрсетедi;

1.13 – жүргiзушi қажет болғанда қиылысатын жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, тоқтайтын орынды көрсетедi;

1.14.1, 1.14.2 («зебра» (ала) – реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өткелін бiлдiредi; 1.14.2 таңбасының бағыттаушылары жаяу жүргiншiлердің жүру бағытын көрсетедi;

1.14.3 – жүріс бағдаршаммен реттелетiн жаяу жүргiншiлер өткелін бiлдiредi;

1.15 – велосипед жолы жүру бөлiгімен қиылысатын жердi бiлдiредi;

1.16.1 – 1.16.3 – орындарда бағыттайтын аралдарды бiлдiредi: 1.16.1 – қарама-қарсы бағыттағы көлiк ағындарын бөлу; 1.16.2 – бiр бағыттағы көлiк ағындарын бөлу, 1.16.3 – көлiк ағындарының араласуы;

1.17. – маршруттық көлiк құралдарының аялдамаларын және такси тұрақтарын бiлдiредi;

1.18. – жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етiлген жүру бағыттарын көрсетедi. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгiлерiмен қолданылады; тұйықтың суреті бар таңба жақын маңдағы жүру бөлiгiне бұрылуға тыйым салынатынын көрсету үшін қойылады; сол жақтағы шеткi жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететiн таңба керi бұрылуға да рұқсат етедi;

1.19 – жүру бөлiгiнiң тарылуына (осы бағытта жүру жолақтарының саны азаятын учаскгеi) немесе қарама-қарсы бағыттағы көлiк ағындарын бөлiп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбасының сызықтарына жақындағаны туралы ескертедi. Бiрiншi жағдайда 1.19 таңбасы 1.18.1 – 1.18.3 белгiлерiмен қоса қолданылуы мүмкiн;

1.20 – 1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;

1.21 – («ТОҚТА» деген жазу) – 2.5 белгiсiмен қоса қолданылатын кездегi 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;

1.22 – жолдың (маршруттың) нөмiрiн көрсетедi;

1.23 – маршруттық көлiк құралдарына арналған арнайы жолақты көрсетедi.

1.1 – 1.3 сызықтарын кесiп өтуге тыйым салынады.

1.1 және 1.2 сызықтарын көлiк құралының жол жиегіне тоқтауы үшiн, ал 1.1. сызығын ерекшелiк ретiнде, егер оны бұл ерекшелiкті қолданбай орындау мүмкiн болмаса, кедергiнi айналып өту кезінде кесiп өтуге жол беріледі.

1.4 сызығы маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.

1.5. – 1.8 сызықтарын кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.

1.9 сызығын реверстiк бағдаршамдар жоқ болғанда немесе олар сөніп тұрғанда, егер ол жүргiзушiнiң оң жағында орналасса кесіп өтуге рұқсат етіледі; реверстiк бағдаршамдар қосулы кезде – егер ол жүру бiр бағытта рұқсат етiлген жолақтарды бөлiп тұрса, кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi. Реверстiк бағдаршамдар сөніп тұрса, жүргiзушi дереу 1.9 таңбасының сызығынан оңға орын ауыстырады.

Қарама-қарсы бағыттардың көлiк ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстiк бағдаршамдар сөнір тұрған кезде кесiп өтуге тыйым салынады.

1.10 сызығының күшi I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына және таксометрi iске қосулы таксилерге қолданылмайды.

1.11 сызығын үзiк сызық жағынан, сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейiн ғана тұтас жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.

Алып жүретiн тақтада орналасқан уақытша жол белгiлерi мен таңба сызықтарының мәні бiр-бiрiне қайшы келетiн жағдайларда жүргiзушiлер белгiлерді басшылыққа алуы тиiс.



2. Тiгiнен таңба
Жол құрылыстарындағы және жол жабдықтары элементтеріндегі қара және ақ түстi жолатың араласуы түріндегі тігінен таңба олардың габариттерін көрсетедi және көрiп бағдарлау құралы болып табылады.

Тiгiнен таңба:

2.1 – элементтер жүріп келе жатқан көлiк құралдарыына қауiп төндiрсе, жол ғимараттары элементтерiн (көпiр таянышы, жол құбырлары, парапеттердiң бүйiр бөлігі және сол сияқтылар) бiлдiредi;

2.2 – тоннельдердiң, көпiр және жолқұбырлары өту құрылымының төменгi шетiн бiлдiредi;

2.3 – бөлу жолақтарында немесе қауiпсiздiк аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны бiлдiредi;

2.4 – бағыттаушы бағаналарды, бағаншаларды, қоршау таяныштарын және сол сияқтыларды бiлдiредi;

2.5 – шағын радиустың айналыстарындағы, тiк құлама жарлардағы, басқа да қауiптi учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;

2.6 – басқа учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;

2.7 – қауiптi учаскелер мен биiктегi қауiпсiздiк аралдарының бордюрлерін бiлдiредi.


3-сурет.

 





ЖОЛ ТАҢБАСЫ

КӨЛДЕНЕҢ ТАҢБА





ТIГIНЕН ТАҢБА

________________






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет