«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»



бет1/4
Дата03.07.2017
өлшемі0.91 Mb.
#21770
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘК

042-18.36.1. /01 – 2016

"Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша

ОӘК


№ 1 басылым

08.09.2016 ж




«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В060700-«Биология»

мамандығына арналған

Семей


2016

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Білімалушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары

5. Қолданылған әдебиеттер және интернет ресурстары.



1. Глоссарий

Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.

Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.

Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.

Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.

Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі.

Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.

Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.

Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.

Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.

Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.

Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.

Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері жетіледі.

Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.

Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.

Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.

Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.

Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.

Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа құрылысы.

Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.

Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.

Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.

Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.

Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасұан, өсчімдіктің сыртқы формасы.арқылы дамуы.


2 Модуль 1 Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы

Блок 1 Даму циклінде гаметофиті басым болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер

Дәріс 1 Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы курсына кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеті. Даму тарихы.

Дәріс жоспары:

Өсімдіктер систематикасының мақсаты, міндеті. Даму тарихы.

Систематика деген ғылым біздің планетамызда кездесетін өсімдіктердің түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастыруымен айналысады.

Жер шарында қазіргі кезде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 – мыңға жетеді.

Өсімдіктер систематикасының негізгі мақсаты:


  1. Қазіргі кездегі және жойылып кеткен жер бетінде тек қана қалдықтары қалған өсімдіктердің әртүрлілігін сипаттап, жазып зерттеу

  2. Филогенетикалық, (туыстық) және жеке-жеке топтардың арасындағы қатынасын өзара айқындау, зерттеу

  3. Өсімдіктер дүниесінің эволюциясын және түрдің өзгеру процестерін айқындап, анықтап шешу.

Өсімдіктер дүниесінің п.б. және эволюциясы жердегі тіршіліктің п.б.

тарихымен тығыз байланысты. Жердің жасы 6 млрд. жыл болса, тіршіліктің п.б. – 3 млрд. болды.

Ең бірінші қандай организм п.б. деп айту қиын, себебі жарық, оттегі,

органикалық заттар болмаған, тек химиялық процестің нәтижесінде бастапқы организмдер өзіне қажетті реакция арқылы қоректенген. Темір бактериясы химиялық – процесс, гетеротрофты организм. Оттегі де, органикалық заттарда керек болған жоқ, хемосинтез арқылы өзіне органикалық затты алған. Кейбір ғалымдар алғашқы организм – бактерия мен көк - жасыл балдырлар, яғни прокариоттар деп айтады. Бертін келе өсімдіктер дүниесінің жасыл түсі бар өкілдерінің пайда болуы хлорофиллмен байланысты дейді. Бұл автотрофты өсімдіктерге әкелді. Көк - жасыл балдырлар фотосинтез жүретін жер бетінде оттегі және органикалық заттардан пайда болды дейді. Жерде климат бірнеше рет өзгеріске ұшырады, соның нәтижесінде әр түрлі топтар, жаңадан формалар пайда болды. Табиғи сұрыптау процессі жүргеннен кейін негізгі өсімдіктерді жер бетіндегі 6- дәуірге бөлуге болады:



  1. Бактериялар

  2. Балдырлар

  3. Псилофиттер

  4. Теломофиттер (папоротник, қырықбуын, плаун )

  5. Жалаңаштұқымдылар

  6. Жабықтұқымдылар

Өсімдіктер систематикасының тарихы:

  1. Шаруашылықпен байланысты (керекті, керексіз, зиянды)

  2. Өте ертедегі классификация (тағамдық, дәрілік, улы)

  3. Ертедегі Египетте б.э.д. 3 мың жыл бұрын болған Рим, Грециядағы әр түрлі бағыттағы ғалымдар Теофраст, Ибн-Синна, Плинийлер, Гипократ бұлардың көбі философ және дәрігерлер олар өсімдіктерді жіктеп жазып кеткен

  4. ХУІ ғ. бастап Батыс Европада травниктер, аптекарлық бақ болды, негізі өсімдікті дұрыстап сипаттау, тек ботаника бақтары ашылғанда болды. Материктің ашылуына байланысты басқа материктерде өсетін өсімдіктер зерттелді, оларды ботаника бақтарында егіп, жерсіндіріп, көбейтіп пайдаланды.

Таксондар (систематикалық бірліктер)

Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классифи-

кациялау), жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систе -

матикалық бірліктің негізінде жүзеге асады:

1.Бөлім (Divisio); 2.Класс(Classis);3. Қатар(Ordo);

4.Тұқымдас (Familia); 5.Туыс (Genus); 6. Түр (Species).

Бұл таксономиялық бірліктерден жаңадан категорияларды шығаруға болады. Мыс:тұқымдас (семейства) – тұқымдас тармағы (подсемейства);

класс - класс тармағы (подкласс). Филогенетикалық классификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы – түр. Түр организмнің тарихи дамуы мен оның тіршілік жағдайына байланысты өзгерісінің негізгі түйіні. Сондай ақ түр тірі материяның сапалық ерекше өлшем бірлігі. Сондықтан органикалық дүние өсімдіктер мен жануарлардың ақиқат түрлерінен тұрады. Түр туралы ұғымға алғаш анықтама берген Джон Рей түр дегеніміз деді ол, бірер өсімдік тұқымдарының пайда болған индивидумдар жиынтығы. Ч.Дарвин түр табиғи сұрыпталу жолымен п.б. түр табиғаттағы ақиқатқа бір мысал. Түр өзіне ғана тән ерекше белгісі бар тұқымқуалаушылық қасиет белгіленген индивидиум. Түрдің ішінен сыртқы ортаның өзгерісінен форма п.б., ал сорт тек селекция жолымен алынады. Систематикада номенклатура деген ұғым бар, өсімдіктерді латынша атайды. Өсімдіктердің ең кіші өлшем бірлігі түр екі атаумен немесе К.Линейдің бинарлық системасымен аталады, яғни өсімдіктердің түрін жазғанда әуелі туыс, одан кейін түрдің атауын жазады, оның соңында сол түрді анықтаған автордың бастапқы әрпі тұрады.

Мыс: Күйдіргі сарғалдақ – Ranunculus acris L;

Жатаған сарғалдақ - Ranunculus repens L.



Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobionta

I. Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы - Procytobionta

1. Вирустар бөлімі – Virophyta


П.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы -

Thallobionta procariota

2. Дробянкалар бөлімі - Schizophyta

3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі –Cyanophyta


III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі

сатыдағы автотрофты өсімдіктер) – Thallobionta eucaryota

4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі - Chrysophyta

5. Сары жасыл балдырлар бөлімі – Xanthophyta

6. Диатомды балдырлар бөлімі – Diatomophyta

7. Пирофитті балдырлар бөлімі – Pirrophyta

8. Эвгленалы балдырлар бөлімі – Euglenophyta

9. Қоңыр балдырлар бөлімі – Phaeophyta

10. Қызыл балдырлар бөлімі – Rhodophyta

11. Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta

12. Хара балдырлар бөлімі – Charophyta

13. Қыналар бөлімі – Lichenophyta


IV. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы – Thallobionta aplastidae

14. Кілегейлер бөлімі –Myxophyta

15. Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta

Жоғары сатыдағы өсімдіктер – Cormobionta

V. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы – Procormobionta archegoniatae

16. Риниофиттер бөлімі – Rhyniophyta

17. Псилот тәрізділер бөлімі - Psilotophyta

18. Мүк тәрізділер бөлімі -Bryophyta

VI. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы –

Cormobionta archegoniatae

19. Плаун тәрізділер бөлімі – Lycopodiophyta

20. Қырықбуын тәрізділер бөлімі – Eguisetophyta

21. Папоротник тәрізділер бөлімі – Polypodiophyta

22. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі - Cymnospermatophyta (Pinophyta)


VII. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы – Cormobionta

gynoeciatae

23. Жабық тұқымдылар бөлімі - (магнолиялар) – Angiospermatophyta

(Magnoliophyta).

Жер бетіндегі барлық өсімдіктерді екіге бөледі: төменгі және жоғары

сатыдағы өсімдіктер .

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі мүшелерге ажыратылмағанталлом немесе қатпаршақ деп атайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктер автотрофты және гетеротрофты жолмен қоректенеді. Автотрофты организмдер балдырлар мен қыналар, ал гетеротрофты бактериялардың көпшілігі, саңырауқұлақтар. Гетеротрофты қоректену паразитті және сапрофитті деп бөлінеді.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге бактериялар, вирустар, саңырауқұлақ-

тар, қыналар жатады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктерге - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер (мүктер, папоротниктер, қырықбуындылар, плаундар).

Тұқымды өсімдіктер екіге бөлінеді : Жалаңаш тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер деп. Жалаңаш тұқымдыларға қарағай, самырсын, шырша, балқарағай т.б., ал жабық тұқымдыларға барлық гүлді өсімдіктер жатады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Өсімдіктер систематикасының мақсаты қандай?

  2. Қандай организмдер автотрофтылар деп аталады?

  3. Қандай организм гетеротрофтылар деп аталады?

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж.
Дәріс 2. Риниофиттер бөлімі.

Дәріс жоспары:

Бұл бөлімге жататын өсімдіктер палеозой дәуірінде тіршілік етіп, жер бетіне мүлдем жойылған. Қазіргі кездее бұл топқа топтастырылған өсімдіктер тек жер асты қалдықтаоы арқылы ғана белгілі. Ең бастысы, жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы даму эволюциясын көрсететін белгілері сақталған өсімдіктердің қатарына жатады.

Негізінен батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер, сонымен қатар қайтадан сулы ортада және қүрылықта тіршілік ететін формалары да болған. Бүлардың спорофиті дихотомиялк түрде тармақ талған, тамырлары, нағыз жапырақтары жоқ телом дел аталатың сабақ түрінде болған. Қарапайым түрлерінде көбінесе бір клеткалы, кейде көп клеткалы ризоидтары, ал курделі формаларында ризомоидтары (тамырсабақ түріндегі теломньщ төменгі бөлігі) тамыр қызиетін атқарған. Жапырқтары жоқ, тек күрделі формаларында жапырақ қызметін атқаратын тікенек тәрізді өскіндер - филлоидтер болған.

Псилофит тэрізділердің теломдарының анатомиялық қүрылысы өте қарапайым. Сыртында устьицалары бар бір қабатты эпидермис, оның астыңда кеп қабатты хлоропласты клеткалардан түратын қабың, ортасында протостель (спиральді немесе сақиналы түрде, кейде басқаша жуанданған трахеидтерден туратын, ксилеманы флоэманың үзынша келген клеткалары қоршап жатады) орналасқан. Камбийі жоқ, сол себепті екінші реттік жуандану тэн емес, өсімдіктердің өсуін төбелік меристема атқарған. Теломның жоғарғы үшында жалғыз бір ұялы, қабырғасы көп қабатты спорангий орналасқан. Спорангийдің ішіндегі спора-лар түзілген. Риниофиттер тең споралы өсімдіктер, олардың спорангийінің үш сэулелі саңылауы болған. Риниофиттердің төменгі силур дэуірінде тіршілік еткен түрлері тек споралары арқылы, ал жоғарғы силур дәуірінде тіршілік еткен куксония (Сооквопіа) туысы макроқалдықтары бойынша сипатталған. 1895 жылы американдық палеоботаник Даусон риниофиттердің ең алғашқы өкілін псилофит (Рзііорһуіоп) деп атаған. Ол тамы-ры мен жапырақтары жок, жалаңаш өсімдік деген мағынаны береді. Алғашкы жер бетіндегі псилофит туыстарына жататьш барлық өсімдіктер топтары псилофиттер деп аталған. Кейіннен Рзііорһуіоп туысының ең алғашқы атауы қайта реттелуіне байланыстызаңсызданып жойылды. Қазіргі кезеіде риния (Кһупіа) туыстарьның біршама толык сипатталуына байланысты, бүл топтағы 5арлық өсімдіктер риниофиттер некесе риниофитон-дар (ИіуаіорһуШ) деп аталады. Риниофиіте]: кейінгі папорот-ник тэрізділердің ішінде папоротниктер, сыіа жапырақтылар, илаундар, жалаңаш түдымдылардың (гроголосеменные) негізгі аті — тектері болып саналғандықтан, оларға папорот-ник тәріздлер (Ргор^егісіорһуіа) деп басқаша агау берген. Қазба қалдықтарынан альгаған өсімдіктердщ дүрнс сақталмауына байланысш көптеген авторлар риниофиттерді екі бөлімге, яғни риниофиттерге жэне зостерофиллофиттерге бөліп қарастыру толық түрде дэлелдеуді қажет ететіндіғш көрсеткен. Сонымен қатар, екі топтағы өсімдіктердің белгілері коп жағдайда өте ұқсас болуына байланысты шартты түрде риниофиттер бөлімі риниялықтар жэне зостерофиллиялыктар кластарына беліп қарастырады.Риниопсидтер (Rhупіорsidа) класыБұл кластың негізгі ерекшелігі спорангиялары бұтақтың ұшыyда орналасады Риниялар (RhупіаІis) қатары. Өсімдіктің дихотомиялық типті бұтақтары вегетативтік және спора түзуші бұтақтарға анық бөлінбеген. Осы қатарға жататын, жер асты қазба қалдықтарынан табылған куксония (Сооіссопіа) өсімдігі силур дәуірінің соңғы мерзімінде жэне де-вон дэуірінің бастапқы кезеңдерінде тіршілік еткен. Өсімдіктің бұтақтары әр типті дихотомиялық бутақтанған. Кейбір бұтақтарының ұшында шар немесе бүйрек тэріздес орналасқан спорангиялары жоғарғы жағында түзілген саңылаулары арқылы ашылуы мүмкін.

Бул қатарға толық түрде зерттелген үлкен рииия (Rhупіа mаіог) мен Гвин - воона риния (Rhупіа gwуппе-уаиghапіі) түрлері жатады. Үлкен риния ылғалды ортада көп мөлшерде тығыз жинақталып өсуіне байланысты, қазба қалдықтарында көп мөлшерде сақталған.

Өсімдіктгер көбінесе батпақты жерлерде тіршілік еткен. Жер астіы «тамырсабақты» (ризомоид) ризоидтарынан жер үсті сабақтары түзіген. Тамырлары жоқ. Жер бетіңдегі дихотомиялық типті бүтақіанған сабақтарының үшында споран-гиялары орналасқан. Анатомиядуқ қүрылысы өте қарапайым Телом қарапайым протостельден түрады. Өткізгіш шоқтарь ксилема және флоэманы шеңбер бойымен қоршап орналасқан Теломның сыртында қарапайым қүрылысты устьицалары бар нағыз эпидерма қабаты түзілген.





1-сурет. Риниялықтар: А-хорнеофитон (Ногпеорһуіхт): 1-спорофитгің реконструкциясы; 2-дихотомды бұтақтанған спо-рангий; 3-спорангийдің тігінен кесіндісі: кс-ксилема, фл-флоэма, қ.п.-қабық паренхимасы, біл-білеу, сп-споралар, сп.қ.-спорангий қабырғасы; Б-лионофитон (Ъуопорһуіоп): 1-гаметофиттің рекон-струкциясы; 2-гаметангиофор; 3-антеридий; 4-архегоний; В-Хедея (Несіеіа) спорангийі; Г-ярравийдің (Үаггауіа) синангийі; Д-тениокарда (Таепіосгасіа) спорофитінің реканструкциясы; (ан-антеридий; арх-архегоний; ж-жұмыртқа клеткасы; спг-спорангий).

Гвин-Воона риниясы сабағының үзындығы 15-20 см дихотомды бүгақтанған. Бүйір бұтақтарындағы көп қабатгы спорангияларда споралар орналасқан. Спорангий қабықшалары шіріген кезде қалың қабатты сиоралары жерге шашылған. Хор-неофитон (Ногпеорһуіоп) туысы девон дэуірінің ортасында тіршілік еткен өсімдіктер қатарына жатады (1-сурет). Жер асты түйнек тәрізді ризомоидтарынан, жер бетінде уіьндығы 20 см-ге жететін дихотомиялық типті бүтақгары жетілгш. Ризомоид-тарында коп мөлшерде ризоидтар ориаласқан, олардың өткізгіш жүйелері болмаған. Ризоидтардың паренхималык клеткалары-на микориза құбылысы тэн. Анатомиялық құрылисы жағынан хорнеофитондар риниялықтарға үқсас. Екі немесе үш ретгі дихотомиялық типті бүтактанған, спора түзетін спорангиялар теломдардьщ ұштарында орналасқан. Сыртқы пішіндері жағынан өздері орналасқан теломдарынан айырмашылыгы жок, цилиндр тэрізді споронгиясының үзындығы 4 мм болады. Паренхималык клеткалардан тұратын көп қабатты спорангий қабырғалары теломның шет жақтарында орналасқан қабықтарынн ксилеманың жалғасы тәрізді күмбез білек (колонка) флоэма орналасқан. Хорнеофитон спорангийі, кейбір белгілеріне қараганда, сфагналық мүктердің қорапшасына үқсас болған. Бұл қатар өкілдеріне жататын хедея (Несіеіа) туысының спорангийлері топн бір-бірімен кірігіп өсуі нәтижесінде синангий түзген.

Тримерофитои (Тгітегорһуіаіе^) қагары

Бүл қатардаіғы өсімдіктерді риниофиттер мен папоротник тэрізділерді байланыстырушы тізбек ретінде карастырады.Тримерофитондарда жиі тармақталған жанама бұтақтары бар негізгі бүтағы жақсы жетілген (2-сурет), Жанама бұтақтардың үшьгнда бір-бірііне өте тақау, қысқа келген бүтақтар топтасып орналасқан.. Осы қатардағы пертика (Регііса) туыстарына жататьш өсімджтердің бшктіктері 3 м-ге дейін барган.Спорангишюрі біірнеше рет дихотомиялық типті тармақталған бүтақтардың үшында жетілген. Тримерофитгер бүтақтары арнайы вегетативтік жэне сіюра түзуші бұтақтарға бөлінген. Бұл бүтақтар бір-бірінен морфологиялық қ^ірылыстары ғана емес, сол сияқты анатомиялық кгүрылысгары арқылы да өзгешеленеді





2-сурет. Тримерофиттер және зостерофиллдер: А-пертика (Регйса); 1-спорофиттің реюнструкциясы; 2-споралы осьтер; Б-савдонияның (Залусіоша), реконструкция; В-зостерофиллумның (2о8{егорһу]1шп) ре-конструкциясы.

Риниофиттер класына жататын тениокрада (Таепіосгайа) туысы екінші реттік сулы ортада тіршілік етуі мұмкін. Олардың дихотомиялық типті түрде тармақталған жалпақ теломда-ры болған. Кейбір спорангийлері теломдардың үшында, енді біреулері буйір жақтарында орналасқан. Сонымен, тениокрада қатарына жататын өсімдіктер риниофиттер мен зостерофиллум кластарын байланыстырушы қатар ретінде қарастырылады.

Зостерофиллопсида (Zоsterophy11орsida) класы

Бұл класс өкілдеріне тэн қасиеттердің қатарына спорангийлерінің бүйір бұтактарыңда орналасуы жатады. Спорангийлері дөнгелек немесе жоғарғы жағында саңылауы бар сопақша пішінді. Бүл кластың 3 туысы жақсы зерттелген. Госслингия (Gosslingia) туысының дихотомиялық тапті тармақталған бүтақтарында селягинелланың ризофоры (тамырға ұқсас өсінді) тэрізді жанама бұтақ түріндегі өсінділері түзіледі. Олардың жанама қысқа бүтаксщрында бүйрек тэрізді спорангий орналасқан. Жоғаргыда көрсегілген ерекшеліктеріне байланысты, бұл зостерофшлдер мен плауш тэрізділерге жақын туыс ретіңде қарастырылады. Савдония (Sаwdопіа) туысының бұтақтарыңда


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 3. “Мүктәрізділер бөлімі”. Мүктәрізділерге жалпы сипаттама. Мүктәрізділердің көбею жолдары. Мүктәрізділердің классификациясы.

Дәріс жоспары:

1. Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

2. Систематикасы.

3. Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.

4. Систематикасы.

Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен  көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.



Систематикасы

Мүктәрізділер 3 класқа бөлінеді: антоцероттылар, бауыр мүктері, нағыз мүктер.

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Блок 4 Даму циклінде спорофиті басым болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер

Дәріс 5. “Плаунтәрізділер бөлімі”

Дәріс жоспары:

1. Плаунтәрізділерге жалпы сипаттама.

2. Плаунтәрізділердің көбею жолдары.

3. Плаунтәрізділердің классификациясы.

Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун  тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.

Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады

Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.

Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi. Плундардың өскiншелерi қос жынысты, ұзындығы 20 мм аспайды. Өскiншенiң үстiнгi бетiнде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң тамырының, сабағының және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан – нағыз жапырақ қалыптасады. Нәтижесiнде плаун өсiмдiгi пайда болады. Жер асты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жiп шумақтарымен селбесiп өсiп, қос жынысты өскiншеге айналады. Ұрықтанған клеткалардан келешекте жас плаун өсiмдiгi пайда болады.

Плаундардың маңызы.  Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi — дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет