Жобб шипов мектебінің ұжымы Жолдауды қолдайды



Дата10.04.2018
өлшемі29.76 Kb.
#66222
ЖОББ Шипов мектебінің ұжымы Жолдауды қолдайды

Елбасының әрбір жылғы Жолдауы - тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Елбасының 2017 жылы 31 қаңтарда жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында аталған бастамаларын ЖОББ Шипов орта мектебінің ұжымы толықтай қолдайтындығын мәлімдейміз. Еліміз азаттығымызды алған күннен бастап Қазақстан әлем сахнасында беделді орынға ие. Президент өзінің Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін келесі маңызды бағыттарға екпін қойды. Олар – экономиканы қарқынды түрде технологиялық жаңғырту, макроэкрнрмикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын көтеру, институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес.



Президент бастамаларының қазіргі заман талаптарына сай екенін, Жолдауда ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге ерекше назар аударғандығын айтып кеткім келеді. Адами капитал сапасын жақсарту Қазақстан билігінің басымдылығы болмақ. "Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет", — делінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауына. Осы орайда мектебімізде қазіргі уақытта ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында, мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша «Тәжірибедегі рефлексия» курсы жүргізілуде. Сонымен қатар жаңа форматта ІІ деңгей бойынша оқыған 1 мұғалім, ІІІ (базалық) деңгей бойынша 3 мұғалім жұмыстануда. Қазақстан цифрлық технологияларды дамытатын болады Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет екендігін айтты. Қазіргі кезеңде метебіміз толықтай ноутбук және компьютермен, интерактивтік тақтамен, ғаламтор желісімен қамтылған. 2015-2016 оқу жылынан бастап мектеп ұстаздары ҚР білім және ғылым министірлігінің және облыстық, аудандық білім бөлімінің қаржылай көмегі арқылы «Bilimland», «Itest» «Imektep» сайттарын сабақта тегін қолданады және 11сынып оқушыларына ҰБТ ге дайындалуға септігін тигізуде. Осы орайда 2015-2016 оқу жылында екі оқушымыз үздік аттестат иегері болып және ҰБТ орташа балл 90 болып аудан бойынша үздік үш мектептің қатрына ендік. Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшуде қазақ тілінің басымдығы сақталады. "Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды", — делінген жолдауда. "2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет", — деп көрсетілген құжатта.  Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі екенін түсінеді президент. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. "Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек. Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын", — делінген жолдауда.  Осы оқу жылында Аймуханов Р.Б. биология пәні бойынша ағылшын курсынң бірінші кезеңін аяқтап, екінші кезеңіне оқуға барады. Сонымен қатар мектебімізде сабақтарда термин сөздер үш тілде үйретіледі, және әр аптаның бейсенбісі ағылшын тілі күніне арналады. Оқы, оқы және оқы: Қазақстан еңбек нарығын жаңғыртады 2017 жылдан бастап Қазақстанда "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырыла бастады.  Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. "Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет", — деп санайды елбасы.  Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Мектебіміздің түлектері жыл сайын грант иегері атанып жоғары білім алуда және жұмыспен қамтылуда.

Қорытындылай келе айтарым, Елбасының жолдауы – болашақтың бағыты, ЖОББ Шипов мектебінің ұжымы ҚР Президентінің Жолдауындағы басым бағыттарды орындауға дайын және ұстаздар тарпынан толықтай қолдаймыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет