Жоба батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесiн бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата18.12.2017
өлшемі55.53 Kb.


ЖОБА

Батыс Қазақстан облысының

аудандары мен қалаларында

ауыл шаруашылығы жануарларын

бағу және ұстау ережесiн бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесi бекітілсін.

2. Шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ауылды дамыту, аграрлық саясат және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Т.Рысбеқов

Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

ЖОБА


2014 жылғы «___» ___________ №___

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында

ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау

ережесі
1. Жалпы ережелер


  1. Батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген.

  2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері;

ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік басқару органы;

ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - жеке немесе басқалай меншігінде ауыл шаруашылығы жануары бар жеке немесе заңды тұлға;

жер қатынастары бойынша уәкілетті орган – қаланың, ауданның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.



  1. Ереже меншiк түрiне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады және Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

  2. Осы Ереже Батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстауды реттеу мақсатында әзiрленді және ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау


5. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы оқшауланған немесе көршiлерге кедергi келтiрмейтiндей ыңғайландырылған аулада ұсталуы тиiс.

6. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың міндетті талаптары:

1) қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық-санитарлық шараларды өткізу;

2) карантин және шектеулі шаралар белгіленген жағдайда олардың талаптары мен шарттарын сақтау;

3) ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;

4) он жұмыс күнінен кешіктірмей ветеринарлық мекемеде төлді және жаңадан сатып алған малды тіркеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында жаңадан сатып алынған малдардың түрі мен саны жөнінде нақты ақпарат беру;

5) ветеринар мамандарға ветеринарлық шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы жануарларын қарау, диагностикалау, зерттеу және емдеу-алдын алу шараларын жүргізу үшін уақтылы алып келу;

6) барлық жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

7) ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмау;

8) ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алған, жоғалтқан немесе өлім-жітімі орын алған кезде ветеринария саласындағы уәкілетті органға уақтылы хабарлау;

9) ауыл шаруашылығы жануарлары адамға және басқа жануарға зақым келтірген кезде жақын маңдағы медицина мекемесіне және ветеринар мамандарға хабарлау қажет.

7. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, әкелу және әкету ветеринария саласындағы уәкілеттi орган берген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық сертификат және/немесе анықтама бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

8. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау көлік түрлерімен тасымалдаудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес әуе, су, темiр жол көліктерімен жүзеге асырылады.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру тәртібі
10. Жеке сектордағы малды бағуды тиісті елді мекеннің әкімі ұйымдастырады және ауыл тұрғындарының жалпы жиналысына өз ұсынысын енгізеді, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің малдарын бағу шаруашылық жетекшісіне жүктеледі.

11. Елді мекен тұрғындарының жалпы жиналысында мал бағу жөніндегі комиссия сайланады және мал баққаны үшін төлемақы белгіленеді.

12. Тиісті елді мекеннің әкімі мал бағу жөніндегі комиссиямен бірлесіп жеке сектордың малдары бағылатын участокты анықтайды.

13. Қажет болған жағдайда тиісті елді мекеннің әкімі жайылымдық кезеңде (сәуір-қараша) мал бағатын жайылымдық жерлерді ұйымдастыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға арнайы жер қорынан уақытша пайдалануға жер телімін бөлу жөнінде өтініш береді.

14. Жеке сектордағы малдарды бағу негізінен бақташы мен мал иесі немесе бақташы мен жалпы жиналыста сайланған уәкілетті тұлға арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

15. Келісімшартта:

1) мал бағу мерзімі, уақыты;

2) орындалған жұмыс үшін төлемақы жинау уақыты;

3) малды қабылдау және оны иелеріне тарату уақыты;

4) малдың жоғалғаны жөнінде талап арыздарды қабылдау тәртібі;

5) мал жоғалған және ауыл шаруашылығы жануарлары иттермен зақымданған кезде, форс-мажорлық жағдайлар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну, дауыл) кезінде бақташының жауаптылығы анықталуы тиіс.

16. Ауыл шаруашылығы жануарларын шығару, жаю және айдау кезінде тұрғындардың қауіпсіздігіне келісімшарт болған жағдайда бақташы, келісімшарт болмаған жағдайда малдың иесі жауап береді. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, жалпы пайдаланудағы басқа да қоғамдық орындарда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ келісусіз автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулер шегiнде белгiленгеннен тыс жерлерде, темір жолдарға арнап оқшауланған жерлерде және орман қоры жерлерінде мал жаюға тыйым салынады.



17. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды жолдың бойымен айдағанда, сондай-ақ темiр жол арқылы арба көлiгiмен және мал айдап өту кезінде жол және темiр жол көлігі қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелері талаптарын сақтауы қажет.
4. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерiнің ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктерi
18. Осы Ережені бұзғаны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Каталог: assets -> old -> fileadmin -> user upload -> docs
docs -> Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
docs -> Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
docs -> Бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы 16 сәуір 2015 жыл
docs -> «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінің қоғамдық тыңдау бойынша Хаттамасы Өтетін уақыты: 10 қаңтар 2014ж. Өтетін орны: БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекені. «Монтажспецстрой»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет