Жоба Басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы



Дата21.12.2017
өлшемі55.53 Kb.
#50049
Жоба

Басым ауылшаруашылығы

дақылдарының тізбесін

және субсидиялау нормаларын

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Төмендегі:

  1. басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

  2. Көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 37/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2701 болып тіркелген, 2014 жылдың 30 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 5 тамыздағы № 135 (21656) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 5 тамыздағы № 146 (21780) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі


_____________ А. Мамытбеков
« » __________ 2015 жыл

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ________
№ _____ қаулысына 1-қосымша



Басым дақылдардың тізбесі


р/н



Басым дақылдардың атауы

1

арпа

2

сұлы

3

астық қоспалары

4

бұршақты дақылдар

5

жармалық дақылдар

6

біржылдық шөптер

7

көпжылдық шөптер

8

сүрлемдік жүгері

9

майлы дақылдар

10

көкөністік - бақша дақылдары

11

1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақтағы көкөністерден басқасы)

12

2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақтағы көкөністерден басқасы)

13

қорғалған топырақтағы көкөністер

14

картоп


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ________
№ _____ қаулысына 2 қосымша

Көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)


р/н



Басым дақылдардың атауы

1 гектарға бюджеттік субсидия (базалық) нормалары, теңге

1

арпа

2 500

2

сұлы

2 500

3

астық қоспалары

2 000

4

бұршақты дақылдар

2 500

5

жармалық дақылдар

2 500

6

біржылдық шөптер

8 000

7

көпжылдық шөптер

8 000

8

сүрлемдік жүгері

10 000

9

майлы дақылдар

3 000

10

көкөністік - бақша дақылдары

20 000

11

1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақтағы көкөністерден басқасы)

150 000

12

2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақтағы көкөністерден басқасы)

30 000

13

қорғалған топырақтағы көкөністер

4 000 000

14

картоп

4 500



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет