ЖОБА
Азаматтық қорғаныс объектілерін
құру және пайдалану қағидаларын
бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «__»_________
№____ қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-1 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық қорғаныс объектілерін құру мен пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайданаланылады:
1) азаматтық қорғаныс объектiлерi: басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары.
2) басқару пункттері – азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
3) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы (паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар) халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
4) паналайтын жерлер – қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларынан, радиоактивті заттардың әсерінен, сондай-ақ улайтын заттар мен бактериалдық құралдардың өртенуі кезінде жоғары температуралардан және жану өнімдерінен паналаушыларды қорғау үшін арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;
5) радиацияға қарсы жасырын пана – жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде иондаушы сәулелердің әсерінен паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;
6) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай қырып-жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
7) азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары – азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға, олардың сақталуын және беруге әзірлігін қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған оқшауланған үй-жайлар.
2. Азаматтық қорғаныс объектілерін құру
3. Соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын жедел басқару үшін қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құрады.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қызметкерлерді қорғау үшін запастар құрады және ұжымдық қорғану құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды.
4. Азаматтық қорғаныс объектілерін құру кезінде Қазақстан Республикасының 2.04-09-2002 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары», 2.04-14-2003 «Радиацияға қарсы жасырын паналарды жобалау жөніндегі нұсқаулық» құрылыс нормалары мен қағидалары ескеріледі.
5. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын құру:
1) жаңа құрылысты, сондай-ақ үлгі жобалар бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын салу ;
2) қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттардың, имараттар мен құрылыстардың цоколь және жер үстіндегі қабаттарындағы үй-жайларын қорғау құрылыстарына бейімдеу немесе жеке тұрғандарын салу;
3) жер астындағы кеңістіктің құрылыстарын, атап айтқанда:
түрлі мақсатта жаңадан салынып жатқан және қолданыстағы ғимараттардағы, имараттар мен құрылыстардағы жертөле және цоколь үй-жайларды;
жаңадан салынып жатқан және қолданыстағы түрлі мақсаттағы жеке тұрған тереңдетілген құрылыстарды, метрополитендерді, жер асты тау қазбаларын, үңгірлер мен басқа да жер асты қуыстарын бейімдеуді және пайдалануды ескере отырып, халықты қорғау мүддесіне экономиканың қажеттілігі үшін кешенді игеру жолымен бейбіт уақытта жүзеге асырылады.
6. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда азаматтық қорғаныстың қалалық қосалқы басқару пункттері азаматтық қорғаныстың паналайтын жерлерде орналастырылады.
7. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған аудандарда және қалаларда қалалық қосалқы басқару пункттері радиацияға қарсы орналастырылады.
8. Қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан 20-дан 100 шақырымға дейінгі шекте ықтимал апаттық су басудан тыс аймақтардағы паналайтын жерлерде орналастырады.
9. Қосалқы басқару пункттерінен күштер мен құралдарды басқару қиындаған немесе мүмкін болмаған жағдайларда белгілі бір уақыт кезеңіне көмекші басқару пункттері құрылады, олар азаматтық қорғаудың төмен тұрған басқару органдарының қолданыстағы басқару пункттерінің базасында орналасады.
10. Жылжымалы басқару пункттері өтімділігі жоғары автомобильдердің, әуе кемелерінің, теңіз, өзен және темір жол көлігінің базасында құрылады.
11. Азаматтық қорғаныстың паналайтын жерлері азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда:
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымының, сондай-ақ жұмылдыру және соғыс уақыты кезеңінде өз қызметін жалғастыратын ұйымдардың қызметкерлерін қорғау үшін;
медициналық ұйымдардағы тасымалдануы мүмкін емес сырқаттарды, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін персоналды қорғау үшін құрылады.
12. Атом станцияларының жұмыс істеуін және тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін станция персоналын, жұмысшыларын және қызметшілерін (әскери және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамын қоса алғанда) паналайтын жерлерде қорғау көзделеді.
13. Соғыс уақытында паналайтын жерлердің болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын жасырын паналату үшін тез тұрғызылатын жасырын паналарды салу жоспарланады.
14. Радиацияға қарсы паналайтын жерлер:
жұмылдыру және соғыс кезінде өз қызметін жалғастыратын ұйымдардың қызметкерлерін;
жергілікті халықты және азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан эвакуацияланған халықты қорғау үшін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда және ықтимал күшті қираулар аймағынан тыс ауылдық аудандарда құрылады.
15. Қойма үй-жайлары (сақтау орындары) жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарын және жақын жерде қауіпті өндірістердің болмауын, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау (беру) қолайлылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс объектілерін пайдалану
16. Азаматтық қорғаныс объектілерін бейбіт уақытта пайдалану кезінде паналаушылардың тұруына және 24 сағат ішінде паналаушыларды қабылдау үшін әзірлікке келтіруге, ал атом станциялары мен күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланатын ұйымдарда паналаушыларды шұғыл қабылдауға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін талаптар орындалады.
17. Азаматтық қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету және жұмылдыру тапсырмаларын орындау үшін жедел басқару немесе шаруашылық жүргізуші құқығындағы заңды тұлғаларға берілген азаматтық қорғаныс объектілері мақсаты бойынша пайдаланылады және әзірлікте ұсталады.
18. Азаматтық қорғаныс объектілерін бейбіт уақытта пайдалану кезінде:
үй-жайларда температуралық режим;
атмосфералық жауын-шашыннан және жерүсті суларынан қорғау;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үй-жайлары мен жабдықтарын сырлау және жөндеу;
сіңіргіш сүзгілерге, регенерациялау құрылғылары мен көміртек тотығынан ауаны тазартуға арналған сүзгілерге дейін және олардан кейін орнатылған герметикалық клапандарды жабу және оларға сүргі соғу;
қосалқы үй-жайларды, сондай-ақ шаруашылық мақсатта қолданылмайтын санитариялық тораптарды жабу және оларға сүргі соғу;
ауыз судың қысымды ыдыстардағы авариялық қоры және судың 2 тәулік ішінде толық ауысып ағуы;
ауыз суға арналған авариялық қысымсыз ыдыстарды таза ұстау;
дизельді электр станцияларын консервациялау;
қорғау-герметикалық және герметикалық ашылатын қақпалар мен есіктерге тіреулер;
инженерлік-техникалық және арнайы жабдықтарды, байланыс пен құлақтандыру құралдарын жарамды күйде және мақсаты бойынша пайдалануға әзірлікте ұстау;
ауамен жабдықтау жүйелерін таза желдету режимі бойынша пайдалану;
құрылыстың және оның жеке элементтері: авариялық кіру мен шығу жолдарының, қорғау-герметикалық және герметикалық есіктер мен терезе қақпақтарының, жарылысқа қарсы құрылғылардың, инженерлік-техникалық жабдықтардың қорғау қасиеттерін сақтау;
объектіні герметикалау және гидрооқшаулау;
қолданыстағы нормативтерге сәйкес өрт сөндірудің техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
19. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары инженерлік-техникалық және арнайы жабдықтарының мынадай элементтері:
қорғалған дизельді электр станцияның желдету жүйелері;
сіңіргіш сүзгілер;
сүзгі алдындағы сүзгілер;
көміртек тотығынан ауаны тазартуға арналған сүзгілер;
ауаны регенерациялау құралдары;
гравиялық ауа салқындатқыштар;
нәжістерді жинауға арналған авариялық резервуарлар пайдаланылмайды.
20. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының үй-жайларын:
санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар;
мәдени қызмет көрсету үй-жайлары және оқу сабақтарына арналған үй-жайлар;
адамдарға қауіпті зиянды сұйықтықтарды, буларды және газдарды бөлмейтін және табиғи жарық түсіруді қажет етпейтін технологиялық процестер жүзеге асырылатын өндірістік үй-жайлар;
технологиялық, көліктік және жаяу жүргіншілер үңгіжолдары;
кезекші электриктердің, байланысшылардың және жөндеу бригадаларының үй-жайлары;
жеңіл автомобильдерге арналған гараждар, автокөліктерге арналған жерасты тұрақтары;
автоматты өрт сөндіру жүйесі болған жағдайда жанбайтын, сондай-ақ жанатын материалдарды сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
сауда және тамақтану үй-жайлары;
спорттық үй-жайлар;
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары;
емдеу мекемелерінің қосымша (қосалқы) үй-жайлары ретінде пайдаланылады.
21. Азаматтық қорғаныс объектілерін қойма үй-жайлары, автомобиль тұрақтары, шеберханалар ретінде пайдаланған кезде құрылыстың есептік сыйымдылығынан (сақталған мүліктен босатпастан) паналаушылардың 50%-ын қабылдауды қамтамасыз ету есебінен үй-жайларды жүктеуге рұқсат етіледі. Паналайтын жерлер режиміне ауыстыру кезінде үй-жайды мүліктен босату 24 сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Мүлікті орналастыру және қаттап сақтау техникалық үй-жайлар мен инженерлік-техникалық жабдықтарға тұрақты еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жүзеге асырылады.
22. Азаматтық қорғаныс объектілерінің үй-жайларына паналаушыларды қабылдауға әзірлікке келтіру кезінде, оларды бөлшектеу мүмкіндігін ескере отырып, жанбайтын және улы емес материалдардан уақытша оңай алмалы-салмалы ара қабырғалар орнатуға рұқсат етіледі.
23. Бейбіт уақытта пайдаланылатын азаматтық қорғаныс объектілерін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы режиміне көшіру, оларды толтыру және паналаушыларды шығару, инженерлік-техникалық жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану үшін 200 паналаушыға 5 адам есебінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына қызмет көрсету бойынша топ құрылады.
24. Азаматтық қорғаныстың қосалқы басқару пункттерінде азаматтық қорғаудың басқару органдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар соғыс уақыты штатының 30 %-на дейін есебінде жедел топтар құрады.
25. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысында мына құжаттамалар әзірленеді:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналы;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;
азаматтық қорғаныс объектісінің жоспары;
объектіні әзірлікке келтіру жоспары;
жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесі;
басқару органдары телефондарының тізімі;
қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топ жеке құрамының тізімі;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасы (желдеткіш, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);
дизельді электр станциясына, сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар (болған кезде).
4. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ұстау
26. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына кiреберiс және авариялық шығатын жерлерді үйіп тастауға жол берілмейді.
27. Қорғану-герметикалық және герметикалық есiктер бейбiт уақытта ғимаратты пайдалану кезiнде тұғырларда ашық тұрады және жиналмалы жеңiл перделермен жабылады.
28. Үй-жайлардың қабырғалары және төбесі сыланбайды. Қорғаныш құрылыстарының үй-жайларын ішкі әрлеу жанбайтын немесе тез жанбайтын материалдармен жасалады, ал қабырға, төбе, қалқалар көбінесе ашық түстермен боялады.
Фильтрлік желдеткіш камера үй-жайларында қабырғалар мен төбелер поливинилацетат бояуларымен боялады.
29. Темір есіктер мен қою заты синтетикалық бояулармен боялады. Резеңке бөлшектерінің тығыздықтарын, резеңке амортизаторларын, мақта-мата бұйымдарын, резеңке және резеңкеленген майысқақ бұйымдарды, темір жеңдерді, әзірлеуші зауыттың аты және инженерлік техникалық жабдықтың техникалық деректері көрсетілген тақталарды бояуға жол берілмейді.
5. Қорғаныш құрылыстардың инженерлік-техникалық жабдықтарын пайдалану
30. Инженерлік-техникалық жабдықтарды ұстау, пайдалану, ағымдағы және жоспарлы жөндеу қорғаныш құрылыстың пайдалану ерекшеліктерін есепке ала отырып, жасаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық сипаттама және пайдалану жөніндегі нұсқаулық тиісті агрегаттарға (құрылғыларға) қоса беріледі.
31. Бейбіт уақытта ауамен жабдықтау жүйесі таза желдету режимде пайдалынылады.
32. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын ауамен жабдықтау таза желдету (I режим) және өткiзгіш-желдету режимi бойынша (ІІ-режим) көмегiмен сүзгiш-желдету жүйесiмен және паналайтын жерлерді толықтай және жартылай оқшаулау (III режим) режимі арқылы жүзеге асырылады.
33. Радиацияға қарсы жасырын паналарды ауамен жабдықтау механикалық қозғағышы бар табиғи желдеткiш есебiнен жүзеге асырылады.
34. Зақымдандыру құралдары ықпал еткенге дейiн азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары І режим бойынша ауамен жабдықталады, бұл ретте:
1) таза желдету жүйесiнiң желдеткiш агрегаттары iске қосылады;
2) таза желдету жүйелерiндегi ауа тартқыштарға қойылған герметикалық қақпақтар мен басқа да герметизацияланатын қондырғылар ашылады;
3) ауаны көмiртегi тотықтарынан тазартатын сүзгiш-сорғыштар мен сүзгiштерге дейiн және одан кейiн орнатылған герметикалық қақпақтар, сондай-ақ таза желдеткiштiң ауа тартқышы мен сүзгiш-желдеткiш аралығындағы жалғастырушы гермоқақпақ жабылады.
35. Зақымдандыру құралдарын қолданғаннан кейiн азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының желдеткiш жүйелерi тоқтатылады, сыртқы ортамен байланыста тұрған барлық ауа тартқыштар мен тесiктер бір сағатқа дейін мерзімге қайта жабылады. Бұл ретте паналайтын жерлерде қалқандар жасауға арналған III-режимнiң арнаулы жүйелерi қосылмайды.
Содан соң паналайтын жерлер сыртындағы жағдай анықталады және олар қалыптасқан жағдайда қажет болатын желдету режимiне көшiрiледi.
36. Химиялық және биологиялық құралдар ықпал еткен кезде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары II режимге көшiрiледi, бұл ретте:
1) таза желдеткiш жүйелерiнiң ауа өткiзгiштерi мен жалғастырушы ауа өткiзгіштердiң қақпақтары жабылады;
2) сорғыш желдеткiштердi (егер олардың жұмысы II режимде ескерiлмесе немесе ғимарат герметикалық мәнiн жоғалтса) үзiп тастайды;
3) II режимнiң қиыстырылған желдеткiштерiн қосады;
4) сүзгiш-сорғыштарға дейiн және кейiн қойылған герметикалық қақпақтарды ашады.
37. Жану өнімдерімен ауаның қауіпті газдалуы пайда болған кезде және күштi әсер ететiн улы заттардың қауiптi шоғырлануы байқалған кезде қорғаныш құрылыстары ІII режимге ауыстырылады.
38. Өрттер аймақтарында паналайтын жерлерде қалқандар сүзгiшi арқылы берiлетiн сыртқы ауа есебiнен ауаны ұстау сақталынады, бұл ретте сүзгіш арқылы ауа берудi қамтамасыз ететiн қақпақтардан басқасы, ағынды және тартпа жүйелеріндегі барлық герметикалық қақпақтар, қайта жабылады және көмiрқышқылды газды (СО2) жұтуға және оттегінi (О2) бөлуге арналған ауаны регенерациялау қондырғылары қосылады. I режим желдеткiштерi үй-жайлардағы ауаның айналымын қамтамасыз етедi.
39. Қорғаныш құрылыстарын толық оқшаулау кезінде ауаның жиналуы баллондардағы сығымдалған ауа есебінен іске асырылады, оны мөлшерлеу редуктордың көмегiмен жүргізіледі.
40. Қорғаныш құрылыстарындағы ауа ортасының жағдайына баға беру үшiн мына басшылыққа алу қажет:
ауа температурасының 0 - ден 30 С дейiн болуы, көмiртегі қос тотығының 3% дейiн, оттегінiң 17% дейiн, көмiртегі тотықтарының 30 мг/м3 дейiн шоғырлануы орынды болып саналады және қосымша іс-шаралар жүргiзудi талап етпейдi;
ауа температурасының 31-ден 33 С дейiн болуы, көмiртегi қос тотығының 40% дейiн, оттегiнiң 16% дейiн, көмiртегі тотықтарының 50-70 мг/м3 дейiн шоғырлануы паналаушыларға дене салмағын түсiрудi шектеу мен олардың жағдайына бақылауды күшейтудi талап етедi.
41. Қорғаныш құрылыстарында адамдардың одан әрi болуына қауiптi ауа ортасының негiзгі факторларының параметрлерi:
1) ауа температурасы - 34 С және жоғары;
2) көмiртегi қос тотығының шоғырлануы - 5% және одан жоғары;
3) ауадағы оттегi құрамы - 14% және одан төмен;
4) көмiртегi тотығының құрамы - 100 мг/м3 және жоғары.
Бір немесе бiрнеше факторлар осындай деңгейге жеткен кезде қорғаныш құрылыстарындағы ауа ортасын жақсарту жөнiндегi мүмкiн болатын барлық шараларды қолдану немесе адамдарды қорғаныш құрылыстарынан шығару мәселесiн шешу қажет етiледi.
6. Паналаушыларды қабылдауға қорғаныш құрылыстарын дайындау
42. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары режиміне бейбіт уақытта пайдаланылатын үй-жайларды көшіруді объектінің азаматтық қорғаныс бастығының өкімі бойынша белгіленген мерзімдерде осы объектіге қызмет көрсететін топ жүзеге асырады.
43. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында ауа ұстайтын және ауа тарту тесiктерi мен желдету үшiн пайдаланылмайтын техникалық ойықтар жабылады және герметизацияланады, үй-жайларды жылыту жүйелерi тоқтатылады.
44. Дизельдi электр станцияларын тоқтату және сынау үшiн iске қосу жүргiзiледi, авариялық жарық түсiру құралдарының, сүзгiш-желдеткiш жабдықтарының, сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, электрмен жабдықтаудың және тоқтататын қондырғылардың (ажыратқыштар, суағарлар, ысырмалар және т.б.), сондай-ақ қорғау-герметикалық және герметикалық есiктердiң, қақпақтар мен жарылысқа қарсы қондырғылардың ақаулары тексерiледi. Тексеру кезiнде анықталған ақаулар жойылады. Үй-жайларды бейбiт уақытта пайдалану үшiн қосымша орнатылған есiктер алынып тасталады.
Паналайтын жерлердің авариялық шығатын есiктерi әзірлікке келтiрiледi, тоннельдер мен қуыс-қуыстардан барлық өзге заттар шығарылып тасталады.
45. Радиацияға қарсы жасырын паналарға арналған үй-жайларды дайындау кезiнде (қажет болған жағдайда): ойықтарды (терезенiң, есiктiң және т.б.) таспен, басқа материалдармен бiтеу, қосымша экрандар орнату, есiктерде жақтауларымен қабысқан жерлерiнде есiктердi тығыздау жүргiзiледi.
46. Қолда бар (немесе қосымша орнатылатын) сыйымдылықтар (резервуарлар) сумен толтырылады.
47. Дизельдi электр станциялары үшін жанар-жағар май материалдарының қорлары дайындалады.
48. Азық-түлiк қоймасы жоқ азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында сақталынатын азық-түлiктiң орналастырылуы мен сақталуын, орауды, жинақтауды және азықтық жиынтықты берудi қамтамасыз ететiн орындар жабдықталады.
49. Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердi, дизельдi электр станциялар мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайларды, санитарлық тораптарды, су тарату пункттерiн, санитарлық бекеттерді орналастыру орындарды көрсететiн белгiлер iлiнедi. Өртке қарсы құралдарды орнату орындарына белгi қойылады және жарық берiледi.
50. Байланыс пен құлақтандыру құралдарының жұмысы, қорғаныш құрылысты пайдалану бойынша құжаттардың бар болуы тексерiледi.
7. Қорғаныш құрылыстарды толтыру
51. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын толтыру «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша жүргiзiледi.
52. Қорғану-герметикалық және герметикалық есiктердi жабу, объектiнiң азаматтық қорғаныс бастығының командасы бойынша немесе оның командасын күтпей-ақ, құрылысқа қызмет көрсету жөнiндегі топ командирiнiң шешiмi бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын белгiленген сыйымдылыққа дейiн толтырғаннан кейiн жүргізiледi.
53. Тамбур-шлюздер бар болған жағдайда толтыру қорғану-герметикалық есiктердi жапқаннан кейiн де жүргiзiледi. Бұл ретте тамбур-шлюздердiң сыртқы және iшкi қорғану - герметикалық есiктерiн кезектесе ашу және жабу арқылы азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөнiндегі топ орындайтын шлюздеу әдісі қолданылады.
54. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын толтыру кезiнде паналаушылардың бiр бөлiгi радиактивi жауын-шашынның түсуi басталғанға дейiн құрылысқа енiп үлгермесе, онда паналайтын жерге кiрер алдында киiмдерi мен аяқ киiмдерiне iшiнара дезактивациялау жүргiзедi, ал кiре берiсте үстiндегi киiмдерiн шешiп тастайды және оларды кiрлеген киiмдердi сақтайтын үй-жайда қалдырады.
55. Паналушылар, сондай-ақ азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын жеке қорғану құралдарымен, табель бойынша қажеттi радиациялық және химиялық барлау, байланыс, медициналық құралдары және басқа мүлікпен келеді.
56. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында паналаушылар сәкiлерге орналастырылады. Қорғаныш құрылыстарын екi немесе үш ярусты сәкiлермен жабдықтаған кезде жату орындарын кезек бойынша пайдаланады.
57. Азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарында адамдар артығымен орналастырылғанда паналаушылар, сондай-ақ кiре берiстер мен тамбур-шлюзге орналастырылуы мүмкiн.
58. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы толған кезде қызмет көрсету жөніндегі топ ауа соғатын ортаның параметрлерін бақылауды жүзеге асырады және микроклиматтың және ауа құрамындағы газдың көрсеткіштерін журналға тіркейді, ал паналайтын жерлерде бұдан басқа ауаның келуі бақыланады.
8. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында паналаушылардың жүріс-тұрыс тәртiбi
59. Жабдықтарға қызмет көрсету мен үй-жайларды жинауды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы жүргiзедi.
60. Санитарлық тораптарды өңдеуге айырықша көңiл бөлiнедi. Сантораптарда болып шыққаннан кейiн қолды хлораминнiң 0,3% ерiтiндiсiмен дезинфекциялау қажет. Санторабынан шыққаннан кейiн аяқкиiмдi хлораминнiң 0,5% ерiтiндiсi сiңірiлген кенеп төсенiшке сүрту арқылы дезинфекциялайды.
61. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарынан тыс жағдай мен түсiп жатқан сигналдар және командалар туралы паналаушыларды құлақтандыру қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі топтың командирi немесе радиотарату желілерімен тiкелей жүзеге асыралады.
62. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын паналаушылар мына:
1) үй-жайда көрсетілген орындарға тездетiп, әбiгерленбей орналасуға;
2) iшкi тәртiп қағидасын, қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі топ (буын) жеке құрамының барлық өкiмдерiн орындауға;
3) сабырлылық сақтауға, дүрбелеңге және қоғамдық тәртiптi бұзуға жол бермеу, электр жарығын өшiрген жағдайда өз орындарында қалуға;
4) қарт адамдарға, әйелдерге, балаларға, мүгедектер мен ауруларға көмек көрсетуге ;
5) үй-жайларда тазалық пен тәртiпті ұстауға;
6) жеке қорғану құралдарын әзірлікте ұстауға ;
7) топ командирiнiң өкімі бойынша қолмен реттелетiн электр желдеткiштiң көмегiмен ауа беру бойынша жұмысты орындауға;
8) аварияларды жою және инженерлiк-техникалық жабдықтардың ақауларын жөндеу кезiнде қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөнiндегi топқа көмек көрсетуге;
9) қауiпсiздiк техникасы қағидасын сақтауға міндетті.
63. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында болу кезінде:
1) темекi шегуге және спирттi iшiмдiк iшуге;
2) үй хайуанаттарын (иттердi, мысықтарды және т.б.) әкелуге;
3) тез тұтанатын, жарылу қаупі бар және өзiндiк күштi немесе өткiр иiстi заттарды сақтауға;
4) шулауға, дауыстап сөйлеуге, құрылыс бойынша орынсыз ерсiлi-қарсылы жүруге, есiктердi ашуға және құрылыстан шығуға;
5) радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды және басқа да радиоқұралдарын қосуға;
6) ашық отпен жарықтандыру көздерiн қолдануға міндетті. Көрсетілген жарықтандыру көздері аса қажет жағдайда - авариялық жұмыстарды жүргізген, зардап шеккендерге көмек көрсеткен кезде және басқа жағдайларда қысқа уақытқа қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі тек топ командирінің рұқсаты бойынша қолданылады.
9. Қорғаныш құрылыстарынан паналаушыларды шығару
64. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарынан шығару мына:
1) "Әуе дабылы тоқтатылды" сигналы бойынша (құрылыс ауданында радиациялық жағдай анықталғаннан соң);
2) паналаушылардың құрылыста болуының белгiленген мерзiмi өтiсiмен, сондай-ақ қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі командир айқындаған кезектiлiк тәртiбiмен құрылысты мәжбүрлі тастап кету кезінде жүргізіледі.
65. Паналаушыларды қорғаныш құрылыстарынан мәжбүрлі шығару:
1) паналаушылардың одан әрi болуына жол берілмейтін құрылыстар зақымданған кезде;
2) құрылысты су басқан кезде;
3) құрылыста өрт шыққан және онда зиянды газдардың қауiпті шоғырлануының пайда болуы кезiнде;
4) микроклимат пен ауадағы газ құрамының шектеулi-төзу параметрiне жеткен кезде жүргізіледі.
66. Паналаушылардың қорғаныш құрылысынан мәжбүрлі шығу қажеттілігі ағза жай-күйі жеке көрсеткіштерінің сыни шегіне жеткен кезде пайда болуы мүмкін. Адамдардың қорғаныш құрылысында одан әрi болуына мына:
1) жүрек соғуы санының бiр минутта 120-ға қысқаруы және қозғалмай отырғанда жүрек соғуының артуы немесе 35-тен кем болуы;
2) дене температурасының 38 С және одан жоғары болуы болып табылады. Егер осы кұбылыстар паналаушылардың көпшiлiгiнен байқалса, онда қорғаныш құрылысынан шығудың және онда қалудың қауiптiлік дәрежесін бағалау қажет.
10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру
67. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын пайдаланатын ұйым жыл сайын:
қоршайтын конструкциялар мен қорғану қондырғыларын;
сүзгiш-желдеткiш жүйесі мен герметикалығын;
сумен қамтамасыз ету, кәрiз жүйесі мен энергетикалық қондырғыларын;
әзірлікке келтіру мүмкіндігін;
тау-кен қазбалары мен қорғау-герметикалық бөгеттері жабындарының және бүйір жақ беттерінің жай-күйін;
өрт сөндіру құралдарының болуы мен жай-күйін;
жерасты мен жерүсті суларының ағуының және сіңуінің болмауын;
үй-жайлардағы ауа температура режимінің және салыстырмалы ылғалдылығының сәйкестігін кешенді тексеруді жүргізеді.
68. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және азаматтық қорғау саласындағы аумақтық органға жіберіледі.
69. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру кезінде қоршайтын конструкциялардың, қорғану қондырғылар мен ішкі жабдықтардың жай-күйіне байланысты қорғаныш құрылыстарын паналаушылардың:
- әзір;
- шекті әзір
- паналаушыларды қабылдауға әзір емес деп бағаланады.
70. Пайдалану кезінде азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін төмендетпейтін кейбір:
- қақпаларда, терезе қақпақтарында, есіктерде олардың төзімділігін төмендетпейтін болмашы тоттануына;
- жабу механизмдеріндегі майлаудың болмауы;
- қақпалар мен есіктер астында тұғырықтардың болмауы;
- жасырын жинақтауға қажетті жекелеген крандардың, жиһаздың, аспаптар мен басқа мүліктің болмауы;
- электр жарықтандырғыштар аспаптар бөлігінің ақаулығы;
- ауа ортасының параметрлерін өлшеуге арналған құралдардың болмауы;
- белгіленген түстерді бұза отырып, қорғану құрылғылары мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін бояу сияқты кемшіліктерге жол беріледі.
71. Шекті әзірге қорғану қасиетіне әсер етпейтін және паналаушылардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің өнімділігі, герметикалығы бойынша нормативтік көрсеткіштерді төмендетпейтін:
- тығыздалған резеңкеде және оның бояуында жарықтың болуы;
- қорғау секциялары реттелуі мен майлауының болмауы;
- жекелеген үй-жайлардағы, тамбурлардағы, ауа жинайтын камералардағы, авариялық шығу жолдарындағы және с.с. сыз;
- құрылыстың топырақ үйіп қорғануын бұзу;
- кіру, шығу жолдарының, тамбурлардың қоршалуы немесе қоқырсуы;
- жекелеген унитаздардың, раковиналардың және с.с. болмауы;
- суға арналған ыдыстарды үнемі шаймау, оларда жылу оқшаулаудың, су өлшегіш әйнектің болмауы;
- сүзгіштердің таттануы және ластануы, оларға майдың сіңбеуі;
- пайдалану техникалық құжаттаманың, телефон мен радионүктенің болмауы;
- азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі топтың нашар оқытылуы сияқты кемшіліктері бар Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жатады.
72. Паналаушыларды қабылдауға әзір емес, төменде аталған:
- паналайтын жер герметикасыздандырылған;
- құрылыстың тірек қабілетін төмендететін негізгі құрылыс конструкциялары зақымдалған;
- жерасты немесе ағынды судың басуы;
- паналайтын жерлерде қорғау-герметикалық қақпаларды, есіктерді, терезе қақпаларын дұрыс орнатпау;
- паналайтын жерлерде жарылысқа қарсы құрылғылардың және ауа жинайтын және ауа таралу кеңейтілген камералардың, гермоклапандардың болмауы немесе ақаулығы;
- су құбыры, кәріз, жылумен жабдықтау желілерінде ажырататын жапқыштың болмауы;
- паналайтын жерлерде желдеткіштердің, сүзгіш-сіңіргіштердің, ауа оттегі баллондардың, зәрнәжіс сорғылары мен басқа да жабдықтардың ақаулығы немесе болмауы;
- суға арналған ыдыстың, дизельді электр станцияларына арналған отын мен майдың болмауы;
- қорғау құрылғыларында тығыздайтын (толық немесе ішінара) резеңкенің болмауы сияқты кемшіліктердің бірі бар азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жатады.
11. Қоршау конструкциялары мен қорғау құрылғыларын тексеру
73. Қоршау конструкцияларын зерттеу азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының барлық үй-жайларында қабырғалар, төбелер, едендер бетін сырттан қарау арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұрған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында топырақ үйіп қорғанудың (шымды жабынның) жай-күйі; кіріктірілгенде – төсеніш және іргелес аумақ қаралады.
Қорғау-герметикалық және герметикалық қақпақтарды, есіктерді, терезе қақпақтарын және олардың механизмдерін жабуды тексеру сыртқы байқаумен және іс жүзінде сынаумен жүзеге асырылады.
Қорғау қондырғылары мен олардың жаппасы матасының жай-күйі барлық қақпақпен жаба отырып, тексеріледі. Бұл ретте қақпақтар бірдей күшпен матаға сықпаланады. Есіктер мен терезе қақпақтары бір адамның күшімен жабылуы тиіс.
Жобамен көзделмеген қоршау конструкцияларындағы саңылаулар мен ойықтар құрылғысы құрылыстың қорғау қасиетін өрескел бұзған болып табылады.
Қоршау конструкциялары мен қорғау құрылғыларының жай-күйі туралы нақты қорытындылар герметикалыққа азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру нәтижелері бойынша жасалады.
12. Қорғаныш құрылыстардың сүзгіш-желдеткіш жүйелері мен герметикалығын тексеру
74. Сүзгіш-желдеткіш жүйелерін тексеру барлық агрегаттар мен құрылғыларды (желдеткіштер, сүзгіштер, герметикалық клапандар, артық қысым клапандары, жарылысқа қарсы құрылғылар, регенеративтік құрылғылар, ауа жинағыш, өлшеу құралдары) сырттай байқау арқылы, ал оларды орнату дұрыстығы - оларды пайдалану жөніндегі шығарушы зауыттардың нұсқаулық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің жұмыс істеу қабілетін тексеру электрқозғалтқыштарды іске қосумен, ал электрлі-қол желдеткіштері – қолмен іске қосу көмегімен жүргізіледі.
Боялған таңбаланған жазулармен майысқан және басқа зақымданған корпустармен сүзгіш-сіңіргіштер мен регенеративті патрондарды орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Сүзгіш-сіңіргіштер тұғырықта құрастырылады.
Сүзгіш алды құрылғылар ауа қозғалысының бағыт тілі бойынша орнатылады. Сүзгішті қосу ернемектері герметикалық түрде ауа айдағышпен байланысады.
Артық қысым клапандары тек тік түрде ғана орнатылады, клапан тарелі корпусқа тығыз сығымдалады, тектік жеңіл өсте айналады. Клапан жеңіл ашылады және жабылады.
Тоқтар тұрған жай-күйдегі клапанның жарамдылығы паналайтын жердің жарықтанбаған үй-жайында тамбур жағынан оны жарықтандыру арқылы сыналады. Егер ершіге іргелес тарельдің периметрі бойынша жарықтандырылмаған жақта көрінбесе клапан герметикалық болып саналады.
Ауа өткізгіштегі герметикалық клапанды нақтылау үшін ауа қозғалысы бойынша жабық клапан алдында диаметрі 6 -8 мм саңылау бұрғылап тесіледі, ағын саңылауының біреуінен басқасының (клапанға жақыны) барлығы жабылады және желдеткіш жүйесінің жұмысына қосылады. Одан кейін тесілген саңылауға мүсәтір спиртінің 50-75 г пульверизаторымен бүркіледі. Жақын жердегі ағын саңылауында (клапаннан кейін) аммиак иісінің болмауы клапанның герметикалығын растайды. Сынау өткізілгеннен кейін саңылау бекітіледі.
Барлық герметикалық клапандар, желдеткіштер және оларға іске қосқыштары таңбаланады, ал ауа өткізгіште ауа қозғалысының бағыты белгіленеді.
75. Паналайтын жерлердің герметикалығы мына ретпен тексеріледі:
барлық кіру қақпақтары, есіктері, терезе қақпақтары люктер жабылады; артық қысым клапандары тоқтатылады; тарту жүйелерінің ауа өткізгіштеріндегі гермоклапандар мен бітеуіштер жабылады; сифондар сумен толтырылады;
жобамен берілген өнімділікке реттелген желдетудің ағынды жүйесі қосылады және желдеткіштердің өнімділігі бойынша паналйтын жерге берілетін ауа мөлшері айқындалады.
шам отының ауытқуы бойынша немесе сабын көбігінің көмегімен ауаның таралу орындары (қажет болған жағдайда) айқындалады.
Ауаның ықтимал таралу орындары: герметикалық құрылғылардың (есіктердің, люктердің, клапандардың және өзге) саңылаулар, қоршау конструкцияларына есіктер және терезе қақпақтары қорапшаларының жанасуы, сынама бітеуіштер тығыздамасы, коммуникацияны әртүрлі енгізудің қоршау конструкциялары арқылы өту жолдары, басқа салынатын бөлшектерді, жинақталған темірбетон элементтері мен басқа элементтер қиысқан жерлер.
Барлық анықталған тығыз болмаулар жойылады, одан кейін герметикалыққа паналайтын жерді қайта тексеру жүргізіледі. Талап етілетін герметикалыққа жеткізбей паналайтын жерлер пайдалануға қабылданбайды.
76. Ауамен жабдықтау жүйелерін тексеру үшін сүзгіш-желдеткіштегі режимде ауадағы артық қысымның белгіленген көлемін ұстау (тірек) қабілетіне осы режимдегі ағынды желдету жүйесі мен тарту желдеткіші жүйесі қосылады. Бұл ретте тиісті герметикалық клапандар ашылады, ағу клапандары бос күйде болады. Бұл ретте паналайтын жердегі ауаның тірек көлемі 50 Па кем емес (5 мм ст. су) болуы тиіс.
13. Сумен жабдықтау, кәріз және энергетикалық құрылғылар жүйесін тексеру
77. Сумен жабдықтау, кәріз жүйелерін тексерген кезде шұраның, жапқыштың, крандардың, сорғылардың, құбыржоладыр мен магистральдардың жұмыс істеу қабілеттілігі сыналады.
Ауыз су қорының ыдыстары сілтеуіштермен, су бөлетін крандармен жабдықталады, ішкі беттерді тазалау және бояу мүмкіндіктері үшін люктармен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте қысымды ыдыстардағы судың болуына, ал авариялық қысымсыз ыдыстарда – олардың жарамдылығы мен құрамының тазалығына аса назар аударылады.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексерген кезде дизельді электр станцияларына сынау жүргізіледі. Сынаулардан кейін электр станциялары консервациялауға жатады. Бұл ретте консервациялау сапасына, дизель-генератор мен іргетастағы салқындату торабының орнату көлденеңділігіне назар аударылады. Паналаушыларды қабылдауға және оқу-жаттығулар кезеңінде әзірлікке келтіру кезінде дизельді электр станцияларын қайта консервациялауға рұқсат беріледі.
Электрді іске қосуы бар агрегаттарда аккумляторлық батареяларды зарядтау тексеріледі. Сығылған ауамен іске қосуы бар агрегаттарда іске қосу баллондарында қысым тексеріледі.
________________
Азаматтық қорғаныс
объектілерін құру және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
№ ____ паналайтын жер (радиацияға қарсы жасырын пана)
паспорты
Жалпы мәліметтер
1. Мекенжайы_____________________________________________________________
(қала, аудан, көше, үй нөмірі)
2. Кімге тиесілі _________________________________________________
3. Жобалау ұйымының атауы және жобаны кім бекіткен ___________________________________________________________________
4. Паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы) салған құрылыс-монтаждау ұйымының атауы
_____________________________________________________________________
5. Бейбіт уақытта паналайтын жердің (радиацияға қарсы жасырын пананың) мақсаты
_____________________________________________________________________
6. Бейбіт уақытта паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы) пайдаланатын ұйым
________________________________________________________
7. Пайдалануға қабылдау күні______________________________________
(жылы, айы, күні)
8. Әзірлікке келтіру уақыты ____________________________________
Техникалық сипаттама
1. Сыйымдылығы (адам.) _______________________________________________
2. Жалпы алаңы (м2) _______________________________________________
3. Жалпы көлемі (м3) _________________________________________________
4. Пананың (радиацияға қарсы паналау орны) орналасуы:
ғимаратқа қосылып салынған ______________________________қабаттар,
жеке тұрған ___________________________________________
тау-кен қазбаларда ________________________________________
5. Кіру жолдарының саны ________________________________________________
6. Авариялық кіру жолдарының саны ______________________________________
7. Есіктер мен терезе қақпақтарының саны (маркасы немесе шифрін көрсетіп):
қорғау –герметикалық _______________________________________________
герметикалық______________________________________________________
8. Пана (паналау орны) қорғау сыныбы ___________________________________
9. Желдету жүйелерінің техникалық сипаттамасы:
Желдету жүйесі
|
Желдеткіштер
|
Генерациялау сүзгілері мен құралдары
|
Герметикалық клапандары
|
Жарылысқа қарсы құрылғылар
|
Түрі
|
Саны
|
Өнімділігі
|
Түрі
|
Саны
|
Түрі
|
Саны
|
Түрі
|
Саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сорғылар
|
Калориферлер немесе ауа салқындатқыштар
|
Тоңазытқыш машиналар
|
Түрі
|
Саны
|
Өнімділігі
|
Түрі
|
Саны
|
Өнімділігі
|
Түрі
|
Саны
|
Өнімділігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10. Өлшеу аспаптарының болуы және тізбесі ____________________
11. Герметикалық дәрежесі (тіреу шамасы) _____________________
12. Жылыту жүйесі ____________________________________________
13. Энергиямен жабдықтау жүйесі_______________________________________
14. Сумен жабдықтау жүйесі ________________________________________
(су құбырының түрі, ұңғыма, авариялық резервуарлар сыйымдылығы) __________________________________________________________________
15. Кәріз түрлері және санитариялық құрал-саймандар саны_____________________
_______________________________________________________________________
16. Паспортты толтыру күні _____________________________________
Қорғау құрылысын пайдаланатын
ұйымның жауапты өкілі ________________________
қолы
Азаматтық қорғау саласындағы
уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің
өкілі ________________________
қолы
____________________
Азаматтық қорғаныс
объектілерін құру және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Азаматтық қорғаныс объектілерін тексеру № ____ журналы
____________________________________________________________________
(Объект тиесілі ұйымның атау)
____________________________________________________________________
____________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
Тексеру күні
|
Тексеру жүргізген адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні
|
Тексерілген конструкциялар, механизмдер және жабдықтар
|
Тексеру нәтижелері және кемшіліктер
|
Кемшіліктерді жою мерзімі
|
Кемшілік-терді жою күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
_______________________
Азаматтық қорғаныс
объектілерін құру және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
Паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауа құрамындағы газдың көрсеткіштерін тіркеу
№ ____ журналы
________________________________________________________________
(Кәсіпорынның, ұйымның, цехтың атауы және т.б.)
Күні мен уақыты
|
Өлшеу орны
|
|
Өлшеуді жүргізген адамның тегі және қолы
|
Ауа темпера турасы °С
|
Ауаның салыстыр- малы ылғал- дылығы,%
|
СО2 құрамы, %
|
О2 құра
мы, %
|
СО
құра
мы,
мг/м3
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
__________________
«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 31-тармақшасына сәйкес
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Болжанбайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары
|
Жобаны іске асыру үшін келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат бөлу болжанған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
003 «Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің құрылысы және жаңғырту»: 2014 жыл – 13 541 737,0 мың. теңге; 2015 жыл – 11 688 670,0 мың теңге; 2016 жыл – 5 061 890,0 мың тенге;
2) Жергілікті атқарушы органдар:
- Ақтобе облысы 421 «имараттар мен ғимараттар үй-жайларына күрделі жөндеу» 2014 жыл – 2 200 мың. теңге;
- Алматы облысы 007 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» 2014 жыл – 2 900 мың. теңге;
- Павлодар обласы 007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» 2014 жыл – 4 600 мың. теңге.
|
5.
|
Жоба қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі
|
Осы Қағида «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныстың объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды.
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Үкіметінің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер
|
Қабылданған жоқ
|
7.
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестендіру қажеттілігі
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа) жүргізген жағдайда, оның нәтижелері
|
Жүргізілген жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) жіберуге
|
Рұқсат етілмейді
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің www.emer.gov.kz веб-сайтына орналастырылған, 2014 жылғы 23 мамырда, 100 кб.
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасының баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсының «Басты жаңалықтар» бөлімінде орналыстырылды (баспасөз релизінің атауы - «ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚРҮҚ жобасы әзірленді», орналастыру күні – 2014 жылғы 23 мамыр)
|
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
2014 жылғы «___»______________
Достарыңызбен бөлісу: |