ЖҰмыс бағдарламасы реанимация және интенсивті терапиясы пән бойынша



бет1/4
Дата12.07.2017
өлшемі0.81 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі

Педиатрия пәндерімен балалар хирургиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ОӘжТ жұмысы бойынша

проректор, м.ғ.к., доцент
_____________М.У. Анартаева

« ____ » _______2009 г.



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
_______Реанимация және интенсивті терапиясы пән бойынша

(пәннің аты)


________________________051102- Педиатрия ____ мамандығына арналған

(нөмері мен мамандық атауы)


_______7____ курсы
______ХIII-XIV____ семестр
Тәжірибелік сабақ – 108 сағат
Өзіндік жұмысы – 54 сағат
Диф. сынақ- ХIII-XIV
Жалпы сағат 162­
2009 жыл

Жұмыс бағдарламасы «Педиатрия» мамандығы дәрігер-интерн балалар хирургтарын дайындау үшін интернатураның Үлгілік бағдарламасы бойынша жасалған, Астана, 2007 ж.


Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ң клиникалық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

“____”_______2009 ж.
Төрайымы _________м.ғ.д., доцент Саркулова С.М.

ОҚМФА-ң Орталық әдістемелік Кеңесте мақұлданған


“___”_______2009ж. Төрайымы___________м.ғ.к., доцент М.У.Анартаева



III. Жұмыс бағдарламаның мазмұны:

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

1.1. Пән оқытудың мақсаты:

Интернатураның мақсаты: профилактикалық мекемелерінде өздігімен жұмыс жасауға мамандандырылған балалар хирургін дайындау болып табылады. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін оқыту кезінде интерндер балаларда инфузионды терапия және парентеральді қоректендіру негіздерін, операция алды дайындықпен операциядан кейінгі кезеңде науқастарға дұрыс ем жұргізу әдістерін меңгеруі тиіс.

1.2. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. Ауыр жағдайдағы балаларды тексеру әдістерін тәжірибелік дағдыда жетілдіру;

  2. Аурулардың диагностикасы мен заманауи зертханалық және құрал – жабдықты тексеру тәсілдерін талдаудағы интерндердің білімін тереңдету;

  3. Балалар жасындағы хирургиялық ауруларын заманауи патогенетикалық ем тәсілдерін тереңдету, асқынуларды болдырмау үшін іс-әрекетін меңгеру;

  4. Интерндерді ағымды дәрігерлік медициналық құжаттарды дұрыс жүргізуді үйрету;

Дәрігер-интерн білуі тиіс:

- балалар анестезиология және реаниматология қызметінің негізгі жұмыс принциптері, қолданылатын бұйрықтары мен құжаттары

- жабдықтануы және клиникалық талаптары, анестезиология және реанимациясының құқық сұрақтары

- ағзалармен жүйелерінің жіті функциялық бұзылыстарының клиникалық көрінісі мен диагностикасы

- жіті жарақаттанудың, қансыраудың, шоктардың, коагулопатиялардың патофизиологиясы

- гипотермиялар, ауырсыну синдромын, жедел тыныс және жүрек – қантамыр жетіспеушілігін

- клиникалық өлімінің патофизиологиясын, клиникалық өлімінен қайта орнына келу кезенің

- ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозда қолданылатын дәрілік заттардың клиникалық және фармакологиялық сипаттамасын

- операциядан кейінгі тексеру турлерін, операцияға және анестезияға дайындық, премедикация

- хирургия саласындағы жергілікті, жалпы және аймақтық жансыздандырулардың заманауи әдістері

- жіті хирургиялық инфекцияларды

- жіті респираторлы вирусты инфекцияларды

- бас-ми зақымдалуын

Дәрігер-интерн істей алуы тиіс:


  • операциялық емді қажет еттеін науқастарды клиникалдық, биохимиялық және функциолналдықзертету әдістеріне сүйене отырып бағалау;

  • инфузиялық емді, парентералдық, энтералдық зондпен тамақтандыруды қолдана отырып операция алдындағы дайындық жүргізу;

  • көрсеткіштер бройынша алдын-ала шеткі және орталық веналарға жету жолдарын дайындау;

  • операциялық ем кезінде наркоздық-тыныс алу және диагностикалық жаңа аппараттарды қолдана отырып науқасқа ең қауіпсіз анестезия түрін таңдау жүргізу;

  • операциядан кейінгі кезеңде керекті емдік-профилактикалық шараларды құрастыру және жүргізу;

  • ауыр және терминалды жағдайда жатқан науқастардағы негізгі синдромды тауып, бағалау;

  • жедел тыныс жетіспеушілігі, кіші жүрек лақтыруы, коагулопатия, экзо- және эндотоксикоз, белоктық-энергетикалық жетіспеушілік синдромдары кезінде ем жасау;

  • наркоздық картаны толтыру;

  • тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды іске асыру;

  • компьтерлік бағдарламаларды қолдана отырып организмнің өмірлік маңызды қызметтерін бағдарламалық-мақсатты түрде бақылау әдістерін қолдану;

- шоктың барлық түрін (трансфузионды, жарақаттық, септикалық, геморрагиялық, анафилактикалық, күйік), клиникалық өлімді, комаларды (гипо-, гипергликемиялық, диабетикалық), жіті қансырауларды, жұтқыншақ пен бас-ми ісінуін, нәрестелер асфиксиясын, жіті бүйрек, бауыр, тыныс алу және жүйрек жетіспеушілігін, нәрестелер геморрагиялық ауруын, балалардағы жіті улануларды, эпилептикалық статусты, ауыр бас-ми жарақатын, нәрестелердегі респираторлы бұзылыстарды, гипертермиялық, тырысу және обструктивті синдромды диагностикалау

-оказывать неотложную помощь при: угрожающих и неотложных состояниях, острой хирургической инфекции, синдрома острого живота, перитонит, кровотечений, ран, ожогов, обморожений;

-келесі манипуляцияларды істей алу: инъекциялартері ішілік диагностикалық және аллергиялық сынамаларды, магистральді қан тамырларды катетерлеу, венесекция, маскалық ЖӨВ, «Амбу» қапшығымен, кеңірдек интубациясын, ларингоскопия, дефибрилляция, тікелей емес жүрек массажын, «ауыз бен ауыз», «ауыз бен мұрын» жасанды тыныс алу, қан тобымен және резус сәйкестігін анықтау, түрлі қан және оның орнына қолданылатын заттарды орталық және перифериялық тамырларға құю, назоргастральды зондты қою, кеңірдек-бронх талдарын лаважын, ауыз қуысын санациясын, қуықты катетерлеу, жұлын-ми пункциясын, гликемияны глюкометрды қолданып анықтау, ацетонурияны анықтау;

- инфузионнді және дезинтоксикационнді терапияны тағайындау, еңгізілетін суйықтық көлемін және сапалық құрылымын есептеу;

- бөгде белоктарға сезімталдығын анықтау үшін адекватты серотерапия тағайындау;

- хирургиялық, соматикалық, инфекциялық аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар және асқынуларды анықтау;

- гиповолемиялық, инфекцио-токсикалық, анафилактикалық шоктар, жіті бүйрек және бауыр жетіспеушілікте, ішек қансырауында, өкпе, жұтқыншақ, бас-ми ісіңген кезде ауруханаға дейін және аурухана кезеңдерінің дәрілік көмек көрсету:;

- люмбалді пункция жасау үшін көрсеткіштерді анықтау

- жалпы қан, зәр және биохимиялық анализдердің нәтижесін бағалау;


    1. Дәрігер-интерндерге осы пәнді оқу үшін қажетті бөлімі (тақырыбы) көрсетілген пәндер тізбесі:



Балалар хирургиясы (тақырыптары «асқазан-ішек жолдарының ақаулары», «нәрестелердің шұғыл пульмонологиясы», «Балалардағы іріңді-қабыну аурулары», «Операцияға дайындық пен операциядан кейінгі науқасты жүргізу»)

Балалар аурулары (тақырыптары «Ревматизм», «Сарғаю синдромы», «Құрсақ қуысының созылмалы аурулары», «Дизуриялық бұзылыстар»)

Сәулелік диагностика және сәулелік терапия (тақырыптары «Бассүйек және омыртқа даму ақаулары мен ауруларын саулелік диагностикасы», «Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын, даму ақауларын және ауруларын саулелік диагностикасы», «Құрсақ қуысының аурулары мен ақауларын саулелік диагностикасы», «Зәр шығару жүйесінің ақауларын саулелік диагностикасы»)

Клиникалық фармакология (тақырыптары «Рациональді антибиотикотерапия принциптері»)

1.4. Дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен толық пән бойынша өз бетімен оқитын тақырыптар және олардың сағатпен берілген көлемі (№ 3 үлгі).



Жалпы сағат саны

Дәріс

Тәжірибе сабағы

Өз бетімен атқаратын жұмыс

Семестр

Бақылау түрі, семестр

162

-

108

54

ХІІІ-ХІV

Диф.сынақ

ХІІІ-ХІV





  1. Пәннің мазмұны.

2.1. Дәріс тақырыптарының атауы, олардың қысқаша мазмұны және сағаттағы көлемі (дәрістер жоқ)

2.2. Тәжірибелік және семинар сабақтары, оның аттары, мазмұны мен сағатта көрсетілген көлемі



Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Сағат көлемі


1

Балалар реанимациясы және интенсивті терапия бөлімшесінің ұйымастыру мен жұмысының принциптері

Анестезиология-реанимация және үстемелі терапияның балалар бөлімшелерін ұйымдастыру. Талаптар. Реанимациялық жәрдемнің құрылымы және кезеңділігі. Анестезиология және реаниматология қызметінің құрылымы және ұйымдастыру, негізгі жұмыс принциптері. Анестезиология және реанимация бөлімшелерінде жұмыс істейтін дәрігірлердің құқықтық аспектілері.

Наркозды-тыныс алдыру бақылау-диагностикалық аппараттармен жұмыс істеу. Анестезиология және реанимация бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық күнтізбесі белгіленген құжаттармен, нұсқаулармен танысу. Ауру тарихын, лабораториялық және тағайындау парақтарын (үстемелі терапия картасын) толтыру. Бөлімшенің жабдықталуы, санитарлы-гигиеналық жағдайы.



7,2

2

Реаниматологияның жалпы принциптері

Баланы наркозға дайындау. Жалпы, арнайы премедикация түрлері, психопрофилактика. Наркоз аппаратын балаларды анестезия жасауға бейімдеу. Балаларда кіріспе наркоздың ерекшеліктері. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз әдістері. Маскалық накозды жасау тәсілі. Комбинирленген жансыздандыру компоненттері мен эндотрахеальды наркозды жасау әдістемелері. Құрсақ қуысы, кеуде орындары, урология, травматология және ортопедия, нейрохирургиялық операциялар кезінде жансыздандырудың ерекшеліктері мен әдістері

7,2

3

Өкпелік-жүрек, церебральды реанимация

Жүрек-өкпе-ми реанимациясы. Постреанимациялық кесел, үстемелі терапия. Патофизиологиялық механизмдері, зерттеу. Жүрек-өкпе реанимациясы, үстемелі терапия.Жедел тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) түсінігі. Этиология, патогенез, жіктелуі, клиникасы. ЖТЖ патофизиологиялық механизмдері, ЖТЖ әртүрлі физиологиялық механизмдерін зерттеу.

7,2

4

Реанимациядан кейінгі ауру

Метаболикалық бұзылыстар: этиопатогенезі, жіктелуі мен клиникасы. Үстемелі терапия принциптері. ӨЖД қолдану көрсеткіштері. Балаларда инфузиялық терапия ерекшеліктері. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін есептеу фомуласы.

7,2

5

Балаларда жедел гемодинамикалық бұзылыстардың диагностикасы мен интенсивті терапиясының алгоритмі

Балаларда су-электролит балансының бұзылуы: этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, үстемелі терапия принциптері. Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігінің түсінігі. Метаболикалық бұзылыстар: этиопатогенезі, жіктелуі мен клиникасы. Балаларда инфузиялық терапия ерекшеліктері. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін есептеу фомуласы. Парентеральды қоректендіру, каларажды есептеу. Парентеральды қоректендіруге арналған ерітінділер. Жылдамдатылған диурез, көрсеткіштері

7,2

6

Балаларда жедел тыныс бұзылыстарының диагностикасы мен емінің алгоритмі

Жедел тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) түсінігі. Этиология, патогенез, жіктелуі, клиникасы. ЖТЖ патофизиологиялық механизмдері, ЖТЖ әртүрлі физиологиялық механизмдерін зерттеу. Бас-ми ісінуі: диагностика, клиника, ажыратпалы диагностика, үстемелі терапия.

7,2

7

Шок

Шок: жіктелуі, диагностика, клиника, үстемелі терапия. Әртүрлі шок формаларында инфузиялық терапияны есептеу. Инфекциялы-токсикалық шок: этиопатогенез, клиника, ажыратпалы диагностика, үстемелі терапия

7,2

8

Комалық жағдайлар

Тырысу синдромы: этиопатогенезі мен клиникасы, үстемелі терапия. Гипертермиялық синдром: этиопатогенезі мен клиникасы, үстемелі терапия.

7,2

9

Педиатрияда инфузиялық емінің негіздері

Балаларда су-электролит балансының бұзылуы: этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, үстемелі терапия принциптері. Балаларда су-электролит балансының бұзылуы: этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, үстемелі терапия принциптері. Гемостаз жүйесі, оның бұзылу механизмдері. Гемостазиограмма және оны клиникалық бағалау. Гемостаз жүйесінің бұзылыстарын лабораториялық жолмен анықтау. ТІҚҰ синдромы: этиопатогенез, клиника, лабораториялық диагностика. Үстемелі терапия принциптері.

7,2

10

Бауыр және бүйрек жетіспеушіліктерін диагностикалау мен интенсивті терапиясының алгоритмі

Жедел бүйрек жетіспеушілігі: этиопатогенез, клиника, диагностика. Организмдегі функциональды және биохимиялық өзгерістер. ЖБШ сатылары. ЖБШ кезіндегі үстемелі терапия. Табиғи детоксикацияны ынталандыру. Жасанды детоксикация. Гемодиализ, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Плазмоферез, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Гемосорбция, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Қанды лазерлі және ультра-күлгін сәулелендіру, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Кома: этиопатогенезі. Жарақаттан кейінгі гипоксиялық және диабеттік комалар. Үстемелі терапия. Бауыр комасы. Үстемелі терапия

7,2

11

Балалардың жедел уануында интенсивті терапияны ұйымдастыру мен принциптері

Балалардың улануы: жіктелуі, үстемелі терапия принциптері. Алғашқы дәрігерлік көмек, табиғи детоксикацияны ынталандыру. Экстрокорпоральды детоксикация әдістері. Экстрокорпоральды детоксикация әдістері. Гемодиализ, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Плазмоферез, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Гемосорбция, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары. Қанды лазерлі және ультра-күлгін сәулелендіру, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары.

7,2

12

Нәрестелер реанимациясы мен интенсивті терапиясы

Бір жасқа дейінгі балалардың анатомо-физиологиялқ ерекшілігі. Нәрестелерді операцияға дайындық және анестезияның болуы мүмкін асқынуы. Баланың оперативті жарақатт қа әсері. Дәрілік терапияның ерекшеліктері. Үстемелі терапия және реанимация шараларды жүргізу принциптері.

7,2

13

Анестезиология негіздері

Жансыздандыру препараттарының жіктелуі. Балаларды жансыздандырудың ерекшеліктері. Наркозды тыныс алдыру аппаратының құрылысы, эксплуатация ережесі. Наркоз аппараттарының түрлері, жұмыс принципі. Реверсивті және реверсивті емес жүйелер. Контурлар түрлері (ашық, жартылай ашық, жабық, жартылай жабық). Қысқа мерзімді хирургиялық операциялар мен манипуляциялар кезінде қолданылатын жансыздандыру әдісі. Анестезиология мен реаниматологияда қолдан гипотония жасау әдісі, жүргізу тәсілі, көрсеткіші, қарсы көрсеткіш, асқынулары мен оларды жою жолдары. Наркоз бен операция кезінде маңызды органдар мен жүйелердің жағдайын бақылау әдістері. Анестезиялық асқынулар, алдын-алу және емдеу. Анестезиологиядағы асқазанның тола болуының мәселесі. Мендельсон синдромы. Пневмоторакс мәселелері. Өкпелік – бронхиалді секреция мен трахеобронхиальды бұтақты тазалау әдістері. Операциядан кейінгі ерте кезеңнің асқынулары, емдеу және алдын-алу.

7,2

14

Науқастарды операцияға дайындау

Науқасты жоспарлы және шұғыл операция мен наркозға дайындаудың негізгі принциптері. Премедикация, мақсаты мен түрлері. Шұғыл операцияларды жансыздандырудың өзгешелігі. Түрлі жансыздандыру кезіндегі асқынулар, оларды алдын-алу және емдеу.

7,2

15

Науқастарды операциядан кейін жүргізу алгоритмдері

Жансыздандыру дан кейінгі асқынулар, алдын-алу және едеу. Операциядан кейігі кезеңінің ерекшеліктері, алдын-алу жолдары және метаболикалық пен гомеостаздың бұзылыстарының коррекциялау. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін және парентеральды қоректендіру есептеп тағайындау.

7,2




Барлығы

108 сағ




    1. 2.3 Дәрігер интерннің өз бетімен оқуға арналған тақырыптар, оның аттары, мазмұны, өткізу және бақылау түрлері мен сағатта көрсетілген көлемі.



Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Өткізу бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Нәресте реанимациясы және интенсивті терапия бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру

Анестезиология және реанимация жұмысын құрылымы. Медицина мекемелерінің қызметінің негізгі бағыттары. Наркозды-тыныс алдыру бақылау-диагностикалық аппараттармен жұмыс істеу. Анестезиология және реанимация бөлімшелерінің құрылымы мен штаттық күнтізбесі белгіленген құжаттармен, нұсқаулармен танысу.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

2

Реанимацияда аппараттармен жұмыс істеу принциптері

Наркозды тыныс алдыру аппаратының құрылысы, эксплуатация ережесі.

Тыныс алдыру аппараттарының түрлері: процесті-циклді, жиіліктегі, көлемді күтімі.



Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу

3,6

3

Жүрек-өкпе реанимациясы

Өкпе және ба-сми жетіспеушілігінің клиникалық кқрінісі. Патофизиологиялық механизмдері, зерттеу. Жүрек-өкпе реанимациясы, үстемелі терапия.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

4

«Кеңеттен өлу» синдромы

Патофизиологиялық механизмдері, зерттеу. Жүрек-өкпе реанимациясы, үстемелі терапия. Тікелей және тікелей емес жүрек массажын асқынуы

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу


3,6

5

Жедел гемодинамикалық бұзылыстар

Балаларда су-электролит балансының бұзылуы: этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, үстемелі терапия принциптері. Метаболикалық бұзылыстар: этиопатогенезі, жіктелуі мен клиникасы. Үстемелі терапия принциптері. Балаларда инфузиялық терапия ерекшеліктері.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау


3,6

6

Жедел тыныс жетіспеушілігі

Жедел тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) түсінігі. Этиология, патогенез, жіктелуі, клиникасы. ЖТЖ патофизиологиялық механизмдері, ЖТЖ әртүрлі физиологиялық механизмдерін зерттеу.

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу


3,6

7

Жарақаттық шок

Жарақаттық шок. Жіктелуі, диагностика, клиника, үстемелі терапия. Тырысу синдромы: этиопатогенезі мен клиникасы, үстемелі терапия.

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу

3,6

8

Гипоксиялық кома

Этиопатогенез, клиника, ажыратпалы диагностика, үстемелі терапия.

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу

3,6

9

Инфузионды ерітіңдер жіне инфузия көлемін есептеу тәсілі

Балаларда су-электролит балансының бұзылуы Балаларда инфузиялық терапия ерекшеліктері. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін есептеу фомуласы

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау


3,6

10

Жедел бүйрек жетіспеушілігі

Жедел бүйрек жетіспеушілігі: этиопатогенез, клиника, диагностика. Организмдегі функциональды және биохимиялық өзгерістер. ЖБШ сатылары. ЖБШ кезіндегі үстемелі терапия.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау


3,6

11

Балалардағы жедел уанулар

Балалардың улануы: жіктелуі, үстемелі терапия принциптері. Алғашқы дәрігерлік көмек, табиғи детоксикацияны ынталандыру. Экстрокорпоральды детоксикация әдістері. Гемодиализ, көрсеткіштері, жүргізу тәсілдері мен асқынулары.

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу


3,6

12

Нәрестелерді интенсивті терапиясының негіздері

Балаларда инфузиялық терапия ерекшеліктері. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін есептеу фомуласы

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

13

Жансыздандыруға арналған препараттар

Жіктелуі. Балаларды жансыздандырудың ерекшеліктері. Қысқа мерзімді хирургиялық операциялар мен манипуляциялар кезінде қолданылатын жансыздандыру препараттары. Наркоз бен операция кезінде маңызды органдар мен жүйелердің жағдайын бақылау әдістері. Анестезиялық асқынулар, алдын-алу және емдеу. Операциядан кейінгі ерте кезеңнің асқынулары, емдеу және алдын-алу.

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу


3,6

14

Науқастарды операцияға дайындау ерекшеліктері

Науқасты жоспарлы және шұғыл операция мен наркозға дайындаудың негізгі принциптері. Премедикация, мақсаты мен түрлері. Шұғыл операцияларды жансыздандырудың өзгешелігі.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау


3,6

15

Балалрдың операциядан кейінгі жағдайының ерекшеліктері

Операциялық стресс. Операциядан кейінгі кезеңінің ерекшеліктері. Инфузиялық терапия ерекшеліктері. Баланың жасы мен патология түріне қарай инфузия көлемін есептеу фомуласы

Тақырыб бойынша арнайы әдебиет оқу


3,6




Барлығы




54


Каталог: kafedra -> pediatr dets xir -> internatura
kafedra -> Апендицит Апендицит
kafedra -> Гемангиома. Лимфангиома. Нефробластома (опухоль Вильмса) Гемангиома
kafedra -> Інтракраниальные аневризмы
kafedra -> Інтракраниальные аневризмы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет