ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының



бет1/38
Дата25.02.2017
өлшемі7.02 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Терапия бакалавриат кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмыстар жөніндегі проректор

м.ғ.д. Анартаева М.У.

___________________

«____» _____________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Клиникалық медицинаға кіріспе

Пән коды КМК 3220

Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының

(кредиттің) көлемі 135 (3 кредит)

Курсы 3

Оқу семестрі 5-6

Шымкент 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған Клиникалық медицинаға кіріспе типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Астана 2009 ж.


Жұмыс бағдарламасы терапия бакалавриат кафедра мәжілісінде талқыланды


Кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.
Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.


Клиникалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды


Төрағасы, доцент Туртаева А.Е.
Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.


Әдістемелік Кеңесте бекітілді


Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Ұйымдастырушылардың қазіргі таңдағы міндетіне бірінші кезекте денсаулық сақтауды іске асырудың менеджмент пен маркетинг саласын қоямыз. Болашақ мамандар клиникалық қызметпен айналыспайды десек те болады, бірақ клиникалық медицинаның негізгі білімін меңгермей халыққа медициналық көмек көрсету процесін ұйымдастыру мен басқару мүмкін емес. Сондықтан осы бағыт бойынша мамандарды дайындау кезінде пациенттерді тексерудің жалпы принциптері, ішкі ағзалардың кең тараған ауруларының клиникалық-лабораториялық айқындалуы және оларды емдеу принциптері туралы негізгі білімді алуы қажет. Студенттерді адамның өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл көмек көрсетуге үйрету керек, себебі денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар өзінің кәсіби қызметінде мұндай оқиғаларға тап болуы мүмкін.



«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығында оқитын студенттерге «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәнін оқыту қажетті білімді алуға және болашақта денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелерінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Пациенттің медициналық мәселелерін шешуге, шұғыл жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге көмектеседі.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге науқастарды физикальды тексеру әдісін, ең көп таралған ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық көріністерін, олардың лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін, өмірге қауіп төнген жағдайда алғашқы және дәрігерге қаралғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптерін оқыту.

2.3 Міндеттері:

  • науқастарды тексеру әдісіне үйрету (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);

  • ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типті ағымында симптомдар мен миндромдарды анықтауға үйрету;

  • лабораториялық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін үйрету;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін үйрету;

  • деонтология және кәсіби этика негізін үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек:

  • кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін;

  • қалыпты және патология жағдайында зерттеудің физикальды әдісі туралы мәліметтерді;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларының симптоматологиясы мен синдромын;

  • зерттеудің негізгі лабораториялық және аспаптық әдістерін, оларды түсіндіруді;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін;

  • кейбір шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетудің симптоматологиясы мен принциптерін.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • физикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы науқасқа тексеру жүргізуді (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);

  • ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтауды;

  • зерттеудің лабораториялық - аспаптық әдістерінің нәтижесін түсіндіруді;

  • ішкі ағзалардың кең таралған аурулары кезінде ықтимал диагнозды негіздеуді;

  • шұғыл жағдайда (бронх демікпесі ұстамасында, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігінде, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем) диагнозды анықтау мен көмек көрсетуді.

Студент машықтануы қажет:




  • шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетуді жағдайда (бронх демікпесі ұстамасы, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігі, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем)

2.5 Реквизитке дейінгі: молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия, физиология, гистология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология, микробиология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: кәсіптік аурулар, эпидемиология, жұқпалы аурулар, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)






№1 Кредит







1

Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары туралы жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология негіздері.

Дәрістерді шолу

1

2

Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалау.

Мәселелік

1

3

Тыныс алу ағзалары зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.

Мәселелік

1

4

Жүрек-қантамыр жүйесі зақымдануының семиотикасы және зерттеу әдістері.

Мәселелік

1

5

ЖҚЖ ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.

Мәселелік

1




2 Кредит







6

Асқазан-ішек жолы зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.

Мәселелік

1

7

Асқазан-ішек жолы ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.

Мәселелік

1

8

Несеп шығару жүйесі зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.

Мәселелік

1

9

Несеп шығару жүйесі ауруларын тексеруде қолданылатын аспаптық және лабораториялық әдістердің маңызы.

Мәселелік

1

10

Эндокриндік жүйе зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.

Мәселелік

1




3 Кредит







11

Пневмония.

Мәселелік

1

12

Артериялық гипертония.

Мәселелік

1

13

Созылмалы гепатит және бауыр циррозы.

Мәселелік

1

14

Анемия.

Мәселелік

1

15

Қантты диабет.

Мәселелік

1




Барлығы:




15

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)






№1 Кредит







1.

Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Жалпы тексеру.

Кіші топтарда жұмыс, жағдайларды талдау

2

2.

Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі тексеру әдістері: сұрастыру, кеудені тексеру және пальпациялау, өкпе перкуссиясы мен аускультациясы.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2

3.

Тыныс алу ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: өкпе тінінің тығыздалуы, бронхтық өткізгіштіктің бұзылуы, плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы.

Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

2

4.

Қанайналым ағзалары ауруларын зерттеу әдістері (сұрастыру, ірі қантамырлар мен жүрек аймағын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация).

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2

5.

Қанайналым ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: коронарлық жеткіліксіздік, артериялық гипертония, жүрек функциясының жеткіліксіздігі. Шұғыл жәрдем.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2




2 Кредит







6.

Асқорыту ағзалары аурулары кезінде зерттеу әдістері: сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2

7.

Асқорыту ағзалары аурулары кезіндегі синдромдар: асқазан және ішек диспепсиясы, асқазан-ішектік қан кету, сарғаю.

Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

2

8.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезінде зерттеу әдістері: сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2

9.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі синдромдар: несептік, нефротикалық, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі.

Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау

2

10.

Эндокриндік жүйе зақымдануының семиотикасы мен зерттеу әдістері.

Тәжірибелік дағдыларды жасау

2




3 Кредит







11.

Жіті пневмониялар.

Кіші топтарда жұмыс, науқаспен

жұмыс жасау



2

12.

ЖИА. Миокард инфарктісі, стенокардия.

Кіші топтарда жұмыс

2

13.

Артериялық гипертония.

Курациялау, Cbl

2

14.

Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы.

Кіші топтарда жұмыс

2

15.

Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит.

Кіші топтарда жұмыс науқаспен жұмыс жасау

2




Барлығы:




30


Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны




Кредит №1

Презентация

Интеллект-карта

«Кейс-стади»

Постерлі баяндама

Тақырып бойынша эссе

Кластерлер



Тақырып бойынша Глоссарий ж/е т.б.





1

Науқасты жалпы тексеру.

3

2

Сүйек-буын жүйесін бағалау.

3

3

Өкпе аускультациясы: қосымша тыныстық шуылдар.

3

4

Сыртқы тыныс алу функциясын зерттеудің аспаптық әдістері. Пикфлоуметрияның маңызы.

3

5

Өкпе аурулары кезінде рентгендік және эндоскопиялық тексеру әдісінің диагностикалық маңызы.

3

6

Жүрек перкуссиясы мен пальпациясының диагностикалық маңызы. Пульсті тексеру, қан қысымы мен веналық қысымды анықтау.

3

7

Электрокардиограмма. Диагностикалық маңызы.

3

8

Эхокардиография. Диагностикалық маңызы.

3

9

Жүрек аурулары кезінде функциялық-жүктеме сынамасы туралы түсінік.

3




Кредит №2




10

Ішті пальпациялау, ішке терең пальпация жасаудың диагностикалық маңызы.

3

11

Көкбауыр перкуссиясы мен пальпациялаудың диагностикалық маңызы.

3

12

Helicobacter pylori –ді анықтаудың лабораториялық-аспаптық әдістері.

3

13

Бауыр функциясын зерттеудің лабораториялық әдісі.

3

14

АІЖ тексерудің аспаптық әдісі және оның маңызы: ФГДС, колоноскопия, морфологиялық тексеру, ішперде қуысы ағзаларын УДЗ.

3

15

Бүйрек функциясын зерттеудің лабораториялық әдісі.

3

16

Несеп шығару жүйесін тексерудің аспаптық әдісі және олардың маңызы: УДЗ, рентгенологиялық әдістер (урография, цистография), компъютерлік томография, биоптатты морфологиялық тексеру.

3

17

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің клиникалық-лабораториялық синдромы.

3

18

Қалқаншабездің гиперфункция және гипофункция синдромы.

3




Кредит №3




19

Бронх демікпесі. Ұстама кезіндегі шұғыл жәрдем.

3

20

Гастроэзофагальді рефлюксты ауру.

3

21

Жіті ревматизмдік қызба. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы

3

22

Жүрек функциясы жеткіліксіздігі: жіті және созылмалы. Шұғыл жәрдем.

3

23

Созылмалы гепатит және бауыр циррозы.

3

24

Жіті лейкоз.

3

25

Теміртапшылықты анемия.

3

26

Гломерулонефриттер.

3

27

Ревматизмді артрит. Остеоартроз.

3

28

Аралық бақылау (коллоквиум) 5-ші апта

«Жүрек аускультациясы: жүрек шуылы».



Тәжірибелік дағдылау, тесттер

3

29

Аралық бақылау (коллоквиум) 10-шы апта «Эндокриндік жүйені зерттеудің лабораториялық-аспаптық әдістері және оның маңызы (УДЗ, гормондық бағыттар, т.б.)».

Тәжірибелік дағдылау, тесттер

3

30

Аралық бақылау (коллоквиум) 15-ші апта

«Қантты диабет».



Тәжірибелік дағдылау, тесттер

3




Барлығы:




90

Каталог: kafedra -> terap bak
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Ішкі аурулар Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән Кәсіби аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» Оқу сағатының
terap bak -> Рабочая программа дисциплина: Профессиональные болезни Код дисциплины: рв 3218 Специальность: 5В110400 «Медико-профилактическое дело»
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың алдын алуы Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы Пән коды
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Коммуникативті дағдылар Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет