ЖҰмыс бағдарламасы пән: Жұқпалы аурулар Мамандығы: 0301013 «Фельдшер» Курс: 3 Семестр: 5 Сағат саны: 92 сағат



Дата03.06.2017
өлшемі224.9 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы


БЕКІТЕМІН

ТжКББФ деканы

__________ М.Ә.Отыншиев

«___» __________ 2014ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Жұқпалы аурулар
Мамандығы: 0301013 - «Фельдшер»
Курс: 3
Семестр: 5
Сағат саны: 92 сағат

Шымкент – 2014 ж.

Жұмыс бағдарлама Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылы 5 тамыз №604 бұйрығына сәйкес бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды


“____”_________ 20___ ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.проф.м.а. _______________ Абуова Г.Н.

Әдiстемелiк кеңес мәжілісінде бекітілді


“____”_________ 20___ ж. №___ хаттама
Әдістемелік кеңес төрағасы (төрайымы) ________________________

Дайындаған оқытушы: Калдарбекова.Г.М.



Бағдарлама:
1. Алғы сөз.

Студенттерді даярлауда жұқпалы ауруларды оқып үйренудің рөлі мен маңызы халық аурушаңдығы бөлігінде оның үлес салмағының барынша басым болуына байланысты және ол болашақ маманға кәсіптік біліктілігін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл пәнді оқып-білу фельдшерлер үшін қажет, өйткені олар жұқпалы аурулар көп тараған кезде халыққа сапалы емдеу-диагностикалық және профилактикалық көмек көрсете білулері қажет.


2. Тақырыптық жоспар




Тараулар мен тақырыптардың аттары

Сағат

саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1

Кіріспе










1.1


Мамандыққа кіріспе. Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностика және емдеу принциптері. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың алдын алу.Жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылымы, режимі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі.Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау.

5

2

3





2 тарау Ішек инфекциялары










2.1

Іш сүзегі. А және В паратифтері

5

2

3

2.2

Шигеллез

5

2

3

2.3

Сальмонеллез


5

2

3

2.4

Тырысқақ


5

2

3

2.5

Тағамдық уытты-инфекциялар

5

2


3

2.6

Иерсиниоздар

3

3

2.7

Ботулизм

5

2

3

2.8

А, Е, В, С, және Д вирустық гепатиттер

5

2

3

2.9


Бруцеллез.Лептоспироз

5


2


3





3 тарау Ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын инфекциялар










3.1

Тұмау және басқа да ЖРВИ

5

2

3

3.2

Менингококты инфекциялар

5

2

3




4 тарау Трансмиссивті инфекциялар










4.1

Риккетсиоздар: Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилл-Цинссер ауруы

Кенелік бөртпе сүзегі



5


2


3


4.2

Малярия

5

2

3


4.3

Оба

2

2

4.4


Туляремия.Геморрагиялық қызба

5


2


3




5 тарау АИТВ-нфекциясы және сыртқы жамылғы инфекциялары










5.1

АИТВ-инфекциясы

5

3

2

3




ЖИТС алдын-алу.

3

5.2


Сіреспе.Сібір күйдіргісі

5


2

3


5.3


Тілме .Құтыру

4


2


2





Барлығы

92

36

56



3. Пәннің мазмұны.

Кіріспе.

Студенттерді даярлау кезіндегі жұқпалы аурулардың рөлі мен маңызы жұқпалы аурулардың кең таралуымен, қоздырғыштардың эволюциясына байланысты жұқпалы аурулардың жаңа нозологиялық түрлерінің пайда болуымен, олардың түрлі вирулентті және антигенді штаммдармен көрінуімен, сондай-ақ иесінің резистенттілігі мен иммундық жауабының әртүрлі болуымен сипатталады. Пәннің актуальдылығы – қоғамдық-экономикалық жағдайдың эпидемиялық процесстің дамуына әсер етуіне, сондай-ақ белгілі тарихи және әлеуметтік жағдайларға байланысты жұқпалы аурулармен күресуге арналған іс-шараларды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты.

Қазіргі кезде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың даму заңдылықтарына негізделген, сонымен қатар жұқпалы аурулармен ауруды төмендету және аурулардың кейбір түрлерін толық жоюға арналған іс-шараларды жетілдіру бағытында дамып келе жатқан дисциплина.

Тарау 1. Кіріспе:

Тақырып 1.1. Мамандыққа кіріспе. Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностика және емдеу принциптері. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылымы, режимі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау

Жұқпалы аурулардың алдын алу негіздері. Аллергия және анафилаксия туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы эпид.процесстің объективті заңдылықтары туралы және адамдар арасында инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуы, алдын алуы туралы ғылым. Эпид.процессті инфекциялық аурудың таралуы, белгілі бір механизм арқылы берілуі деп түсінеміз. Эпид.процесс даму үшін 3 сатыдан өтеді: 1. инфекция көзі; 2. берілу механизмі; 3. микроорганизм қабылдаушы.

Жалпы және жеке эпидемиологияны бөледі. Жалпы эпидемиология теориялық дисциплина, эпид.процесстің жалпы заңдылықтарын және қарсы күресу жолдарын, инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алуын зерттейді. Жеке эпидемиология осы сұрақтарды бөлек нозологиялық формалы ауруларды зерттейді. Инфекциялық аурумен ауырған науқасты амбулаториялық поликлиникалық мекемеде жұқпалы ауруханада және бөлімшелерде арнайы шамандындырылған медициналық көмек көрсетіледі. Амбулатория поликлиникалық бөлімшелердің құрамына жұқпалы аурухана кабинетті, дәрігерлер және учаткелік дәрігерлердің қатысумен науқастарды қабылдайтн бөлме, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу, диагнозды анықтау, госпитализациялауды қаағалау, амбулаториялық нақастарға ем жүргізу, ауырып жазылған науқастарды қадағалау.


Тарау 2. Ішек инфекциялары

Тақырып 2.1. Іш сүзегі. А және В паратифтері

Іш сүзегі – интоксикация, бактериемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен, ащы ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен жүретін жедел жұқпалы ауру. Іш сүзегінің қоздырғышы Sallmonella tyрhi.Іш сүзегі қоздырғышы екі негізгі антигендік кешеннен: соматикалық О-антиген, талшықтық Н-антиген және О-антигенге қосымша Vi- антигеннен тұрады. Инфекция көзі адам және бактерия тасымалдаушы. Берілу механизмі фекалды-оралды, таралу жолы тағам, су және тұрмыстық қарым- қатынас арқылы. Берілу жолын құрайтын факторлар: су, жеміс-жидектер, көкөніс, сүт және сүт тағамдары, ет пен еттен жасалған тағамдар, ыдыс-аяқ, шыбын, тұрмыс құралдары. Маусымдылығы жаз-күз айлары. Аурудың даму механизмі кезектесіп келетін кезеңдерден құралады: 1) қоздырғыштың ену қақпасы ауыз қуысы, одан ащы ішектің лимфа фолликулаларында қабыну туғызып мезентериалды лимфа түйіндерінде көбейіп 1-2 аптаға созылатын біріншілік аймақтық инфекция; 2) бактериемия мен токсинемия, паренхиматозды ағзалардың дистрофиялық өзгеріске ұшырауы (аурудың 1-ші аптасы); 3) ОЖЖ, ішкі ағзалардың, қоздырғыш диссеминациясынан зақымдалуы, сүзектік гранулеманың дамуы, тері тамырларының зақымдануы, экзантеманың пайда болуы (өршу кезеңі, 2-3 апта); 4) иммундық – аллергиялық процестердің дамуы,олардың ұсақ тамырлар эндотелиін зақымдауы, тромбтар түзілуі, ішек қабырғасының некрозы, ішек жарасының пайда болуы (өршу, 2-3 апта); 5) процестің кері дамуы.



Тақырып 2.2. Шигеллез

Дизентерия жедел жұқпалы ауру, фекальдi-оралдi берiлу механизмi, шигелла тұқымдарының бактериясымен шақырылады, интоксикация симптомы және тоқ iшектiң дистомды бөлiктерiнiң зақымдалуымен көрiнедi. Шигеллдердiң 4 түрi бар: Shigella disenterial, Sh Hexneri, Sh boydi, Sh sonnei. Амебиаз – протозойлық ауру. Қоздырғышы E.histolytica. Аурудың негiзгi сипаты тоқ iшектiң ойықжара некроздық зақымдалуы, кейде терi мен генитамиялар зақым жүредi. Клиникалық белгiлерi полиморфты.



Тақырып 2.3. Сальмонеллез

Сальмонеллез – антропозоонозды, қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, интоксикациямен, асқазан-ішек трактісінің зақымдануымен, диареямен, су-электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жедел ішек инфекциясы. Сальмонеллездардың қоздырғыштары salmonella тұқымдастығына жататын, грам теріс боялатын, эшерихияларға ұқсас, факультативті аэробты, қозғалғыш перитрихты таяқшалар. Қоршаған орта факторларына төзімді. Әртүрлі орталарда ( сүт, ет тағамдарында және құс өнімдерінде) бірнеше аптадан 1,5 жылға дейін сақталады. Сальмонеллез қоздырғыштары экзотоксиндер, эндотоксиндер және цитотоксиндер бөледі. Әдеттегі физикалық, химиялық факторларға сезімтал.



Тақырып 2.4. Тырысқақ

Тырысқақ – организмнiң тез сусыздануымен жүретiн инфекциялық диареялық ауру. Қазақстанда 14.08.1993ж ОҚО-ның Келес районында тырысқақ бiрiншi рет тiркелдi. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибриотасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық қатынас жолдарымен тарайды. Залалдану ауыз арқылы залалданған су немес тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен тұзсыздану болады. Тырысқақты аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.



Тақырып 2.5. Тағамдық уытты-инфекциялар

Тағамдық токсикалық улану – бұл ағзадан тыс энтеротоксин өндіруге қабілетті, шартты- патогенді немесе патогенді бактериалар мен экзогенді немесе эндогенді зақымдалған азық-түліктерді тамақ ретінде пайдалану нәтижесінде пайда болатын жедел ішек инфекциялар тобы. Тағамдық токсикалық уланудың этиологиясының факторларына мына бактериалар жатады: Bacillus, Citrobacter, Clostridium, Enterobacter, Escherichia coli, Kliebsiella, Promius, Shigella, Salmonella, Serratia, Streptococcus және басқалары. Қазіргі кезде тағамдық токсикалық улануды шақыратын бактерияның 30 түрі анықталған, олардың кейбіреулері адамның ішегінде өмір сүреді. Тағамдық токсикалық уланудың қоздырғыштары әртүрлі әулетке жатқанымен, олардың энтеротоксин бөлу қабілеттілігі бірдей. Бұл бактериалар сыртқы ортаға төзімді, бүкіл жерге таралуға ие. Олар тағамдық өнімдердің қолдану және сақтау ережелері бұзылған кезде, тез көбейіп және жиналып қалатын энтеротоксиндер бөлуге қабілетті. Тағамдық токсикалық улану қоздырғыштарының табиғи қоры адам сияқты жануарларда да болуы мүмкін.



Тақырып 2.6. Иерсиниоздар

Тақырып 2.7. Ботулизм

Ботулизм - өте ауыр инфекциялық ауру. Ол Cl. Botulinumнің токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болады. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен сипатталады. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А,В,С,Д,Е,F,G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А,В,С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған.оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған объектілерде қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спор түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суға қайнатқанда 2-5 минуттың ішінде өледі. Кейбір штаммалардың спора түзетін түрлері, әсіресе А,В,С,F ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулин токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.



Тақырып 2.8. А, Е, В, С, және Д вирустық гепатиттер

ВГ-мен ауырған науқастарды сарғаю белгілері жоғалғаннан кейін, пигментті алмасулардың көрсеткіштерінің қалыптасуынан кейін және бауыр көлемінің кішіреуінен кейін ауруханадан шығарылады. ВГ-ның алдын-алу мақсатында бірнеше шаралар қолданылады. ВГА созылмалы вирустасымалдаушылық болмағандықтан ауру көзі типті және атипті түрімен ауыратын науқастар болып табылады. Диспансерлік бақылауды стационарлы гепатологиялық кабинетте өткізу қажет. Осындай кабинетті ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда учаскелік дәрігер бақылау жүргізеді. Ауруханадан шықаннан кейін алғаш рет 15-30 күннен кейін қарайды, қайталап 3 айдан кейін, қалдық көрсеткіштері жоқ болғанда реконвалесцент диспансерлік есептен шығарылады. Қатаң клиникалық көрсеткіш бойынша арнайы санаторияларға жіберіледі.



Тақырып 2.9. Бруцеллез

Сарып – адаммен малдарда кездесетін, жедел немесе созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Ауруды туыстығына жататын микробтар тудырады, ауру толқын тәрізді, рецидивті түрде өтеді, жалпы улану симптомы, көбінесе тірек-қимыл аппаратын зақымдалуымен сипатталады. Сарып инфекциясы – ауыл шаруашылығында үлкен социалдық-экономикалық шығын алып келедi және адамдарда үлкен асқынуларға алып келедi. Сарып мәселесі бойынша ҚР эпидемиологиялық жағдайы, 100 мың тұрғынның 12,3 құрайды. Аурудың тез дамуына мал-шаруашылығы бар аймақтар есептеледі, көбінесе балалар ауырады. 40 пайыз жағдайда ауру созылмалы ағымда өтеді, 10-15 пайыз инвалидизация болады. Қазіргі тексеру, емі, эпилемиологиялық қорғану, алдын-алу ұйымы, алғашқы 2 топқа бөлінген, ол аурудың төмендеуіне көмектеседі.

Лептоспироз – табиғи ошақты зооноздарға жатады, әр түрлi серотиптерiмен шақырылатын дене қызуының жоғарлауымен жалпы улану симптомдарымен, бүйрек, бауыр, зақымдауымен, типтi жағдайларда сарғаюымен, гемморрагилық ИТШ синдромымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Ауру адам сыртқы ортаға лептоспираларды бөлгеніменен инфекцияның таралуына оның ешқандайқатысы жоқ. Негізгі инфекция көзі болып кеміргіштер, үй жануарлары саналады. Лептоспироздың табиғи және антропургиялық ошақтарын ажыратады. Лептоспироз табиғи ошақты зооноздарға жатады. Өлім нәтижесі мен аяқталу жағынан 1-ші орындарда тұрады. Лептоспиралардың әртүрлі серотиптері мен шақырылатын дене қызуының жоғарылауы мен жалпы улану симптомдары мен бүйрек, бауыр жүйке жүйесінің зақымдалуымен геморрагиялық ИТШ синдромымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Тарау 3. Ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын инфекциялар

Тақырып 3.1. Тұмау және басқа да ЖРВИ

Тұмауқоздырғышы ауа-тамшы механизммен берілетін, эпидемия және пандемия тудыруға бейім, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін, жедел респираторлы инфекция. Қоздырғышы – ортомиксовирустар туыстығына жататын РНҚ-ы бар вирус, Вирустың А,В және С серотиптері белгілі. Вирустар жоғары температураға төзімсіз, төменгі температураға өте төзімді. Әдеттегі физикалық және химиялық дезерітінділерге жылдам жойылады. Бөлме температурасында бірнеше сағатта, 50-60С-та бірнеше минуттың ішінде жойылады. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Ауру адамнан ауаға бөлінген аэрозоль 1-3,5 метрге дейінгі қашықтыққа тарала алады.

Паратұмау – жалпы улану белгілерімен мұрынның және көмейдің шырышты қабаттарының көбірек зақымдалуымен сипатталатын, тыныс алу жолының жедел жұқпалы ауруы.

Аденовирусты инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының, көздің, ішектің кілегей қабаттарын және лимфоидты тіндердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Тақырып 3.2. Менингококты инфекциялар

Менингококты инфекция – жедел респираторлы, бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы жолмен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатын зақымдаумен сипатталатын және инфекцияның жайылмалы түріне өтуге бейім болып келетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы Neisseria meningitidіs, қозғалмайтын, грамм теріс, спора және капсула түзбейтін, морфологиялық тұрғыда «кофе дәндеріне» ұқсас микроорганизм. Беткейлік антигендеріне байланысты А, В, С, D, N, X, Y, Z және басқа да серотоптарын ажыратады, адам ағзасына А және В серотоптары аса уытты болып табылады. Менингококк жойылғанда эндотоксин бөледі, сыртқы ортаға төзімсіз, көптеген антибиотиктерге және дезинфекциялық ерітінділерге аса сезімтал. Менигококты инфекция – антропонозды жұқпалы ауру. Инфекция көзі болып ауру адам немесе бактериатасымалдаушы табылады. Аурудың берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы ауа-тамшылы, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде сөл тамшыларымен сыртқы ортаға бөліну арқылы жұғады. Маусымдылығы күз- көктем айлары.


Тарау 4. Трансмиссивті инфекциялар

Тақырып 4.1. Риккетсиоздар: Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилл-Цинссер ауруы

Бөртпе сүзегі – жедел инфекциялық ауру, провацека рекетциялары шақыратын, биттер арқылы берілетін және қызбаның циклдық ағымымен тифозды жағдай мен өзіндік экзотемамен, сонымен қатар нерв және жүрек-тамыр жүйесінің жедел зақымдануымен сипатталады. Бөртпе сүзегі – трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі тек қана адам, яғни эпидемиологиялық бөртпе сүзегі ауруы не Брилл ауруы. Қоздырғыш ауру адамнан биттер арқылы таралады. Биттің шағуынан зақымдану болмайды, негізінен бит безінің сілекейінен бөртпе қоздырғышы пайда болады. Бөртпе сүзегі қоздырғышы (провацека рикециясы) ұзындығы 30-40 мкм. Майда микроорганизмдер, полиморфозды, Рамановский болуына – көкшіл, ядросы ашық-қызыл түске боялады. Тек қана тканьды культурада және тауық эмбрионында өседі.

Кенелік бөртпе сүзегі – жедел инфекциялық ауру, провацека рекетциялары шақыратын, биттер арқылы берілетін және қызбаның циклдық ағымымен тифозды жағдай мен өзіндік экзотемамен, сонымен қатар нерв және жүрек-тамыр жүйесінің жедел зақымдануымен сипатталады. Бөртпе сүзегі – трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі тек қана адам, яғни эпидемиологиялық бөртпе сүзегі ауруы не Брилл ауруы. Қоздырғыш ауру адамнан биттер арқылы таралады. Биттің шағуынан зақымдану болмайды, негізінен бит безінің сілекейінен бөртпе қоздырғышы пайда болады.

Кенелік бөртпе сүзегі қоздырғышы (провацека рикециясы) ұзындығы 30-40 мкм. Майда микроорганизмдер, полиморфозды, Рамановский болуына – көкшіл, ядросы ашық-қызыл түске боялады. Тек қана тканьды культурада және тауық эмбрионында өседі.



Тақырып 4.3. Малярия

Безгек – қайталамалы ағымға бейім, бауыр, көкбауырдың ұлғаюымен және ұстамалы қызба кезеңімен сипатталатын, масалармен берілетін, маляриялы плазмодилермен шақырылатын паразитарлы ауру. Безгек плазмодияларының өмірлік циклі маса және адам ағзасында өтеді. Маса ағзасында спорогония – жыныстық циклі. Маса адамды шаққанда адамға беріліп, адам ағзасында – жыныссыз цикл өтеді, жыныссыз циклдің өзі екі стадиядан өтеді – ткандік немесе эритроциттерден тыс және эритрацитарлы. Залалданған маса шақаннан кейін, адам ағзасына спорозоидтар қанға түсіп, буырға жетіп, осында олардың бөлінуінің нәтижесінде ткандік шизонттардың көптеген саны түзіледі. Тканді шизогония кезеңнің ұзақтығы 6-15 тәулік. Спорозоидтардан көптеп бөліну, мерозоиттардың қалыптасуына, бұл қанға түсіп келесі – эритроцитарлы шизогония сатысының дамуына әкеледі. Паразиттер эритроциттерге еніп, осында көбейіп жыныстық және жыныссыз түрлерін түзеді. Осындай цикл түзу нәтижесінде эритроциттердің бұзылуы жүреді. Жыныссыз түрлерінің эритроцитарлы шизогония циклі көпреттік қайталануына байланысты безгектік ұстамалардың қайталануын осылайша түсіндіруге болады.



Тақырып 4.4. Оба

Оба – антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен, өте айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Туляремия жеке дара нозология болып, 1912 жылы бөлініп шықты. Жобалау бойынша, 1887 жылы Астрахань облысында обаның, жеңіл түрінің пайда болуы белгіленген, бірақ анығына келгенде, ол туляремия болып шықты. Туляремия-убиквитарлы инфекция. Аурудың ошақтары Америкада (барлық штаттарында). Еуропада, Азия да кездеседі. Ресей мен Қазақстанда аурудың ошақтары диффузды орналасып үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық ,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002ж. аурудың 17 жағдайы (шығыс -қазақстан облысында-13), 2003ж.-15 (Шығыс-Қазақстан облысында-7, Солтүстік қазақстан облысында -4, Ақтөбе облысында-3 , 2004ж. -7 (шығыс-қазақстан облысында-5, Алматы облысында -2, 2005ж. -9 (Шығыс-қазақстан облысында -8, Ақмола облысында-1) ресми түрде тіркелген. Тулермияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді.

Тақырып 4.6. Геморрагиялық қызба

Геморрагиялық қызбалар қоздырғыш берілуінің әртүрлі механизмдері бар, әмбебап капилляротоксикоздың дамуымен, жедел қызба жағдайындағы геморрагиялық синдроммен, жалпы интоксикациямен сипатталатын жедел вирусты зооноздық ауру.Қазіргі уақытта адамда 13 геморрагиялық қызбалар көрсетілген, олардың көп бөлігі тропикалық региондар үшін эндемиялық болып табылады. Ресейде конго-қрым геморрагиялық қызбасы, омбы геморрагиялық қызбасы және бүйректік синдромы бар геморрагиялық қызбасы көрсетілген.Біздің елімізде, әсіресе оңтүстік өңірінде қырым геморрагиялық қызбасы жиі кездеседі. Геморрагиялық қызбалардың қоздырғыштары арбовирустардың (тогавирустар және буньявирустар әулиеті) экологиялық тобына, ареновирустарға, филовирустарға жатады. Геморрагиялық қызбалар табиғи-ошақтық инфекциялар. Қоздырғыштардың негізі резервуарлары жануарлар ,яғни-приматтар, кемірушілер, ірі және майда қара малдар, кенелер, олардың организмінде латентті инфекция дамып, энзоотикалық ошақтарда қоршаған ортаға интенсивті түрде жүғуын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда инфекция антропонозды сипатқа ие болуы мүмкін. Геморрагиялық қызбаны жүқтыру механизмдері әртүрлі - арбовирусты геморрагиялық қызбалар кезінде-трансмиссивті, ареновирусты геморрагиялық қызбалар кезінде-алиментарлы жэне контакты, кейбір геморрагиялық қызбаларының қоздырғыштары парентеральды берілуі мүмкін.
Тарау 5. АИТВ-инфекциясы және сыртқы жамылғы инфекциялары

Тақырып 5.1.АИТВ-инфекциясы

АИТВ–инфекция - перкутантты зақымдалу механизммен жүретін, оппортунистік инфекция, қатерлі ісік және аутоиммунды эффектінің дамуымен болатын иммунды жүйені зақымдайтын өршімелі антропонозды ауру. Қоздырғышы – ретровирус әулетіне жататын (Retrovirus), баяу вирустар (Lentivirus) болып табылатын бірінші және екінші реттегі адамның иммунтапшылық вирусы (АИЖ-1,АИЖ-2) HIV-1, HIV-2, Human Immunodeufi ciency viruces, tupes I, II). Вириондар сфера тәрізді бөлікшелер диаме,трі 100-140 нм. Құрамында нуклеокапсид және суперкапсид болады. Нуклеокапсидте вирус геномы, ол қос тізбекті РНК және қайтымды транскриптазадан, екі қабатты ақ уызды футлярлы ревертазадан тұрады. Қабықша фосфолипид және гликопротеиннен тұрады. Глюкопротеин құрылымы қожайынын әртүрлі клеткаларын вирус троптылығын анықтайды HIV-CD4 –антигендердің ерекше ақуызды құрылымдарды мембранада тасымалдаушы клеткаларға тропты болады. Салмағы 120 кДж мембраналы вирусты гликопротеиндер нысана клеткалардың СД4 антигендерімен әсерлесіп, трансмембраналы gp 41 босап шығады, ол эндоцитоз арқылы вирусты геном және ревертазаның клетка ішіне енуін қамтамасыз етеді. Ауру жұқтырған адамдардың ағзасында HIV әртүрлі орталарда болып, көбіне көп мөлшерде қан, сперма, қынап бөліндісінде, ана сүтінде, жұлын сұйықтығында және ішкі мүшелерде аз мөлшерде көз жасында, сілекейде, тері бездерінің сөлінде болады.



Тақырып 5.2.Сіреспе

Сіреспе – қатерлі дерт, бұл аурудың қоздырғышы жарақаттанған тері және кілегей арқылы жұғады. Соңғы кездегі жарақаттанушылықтың жоғарылығына және оның түрлі мамандық дәрігерлерді практикасында кездесетіндігіне байланысты аталған аурудың тән клиникалық белгілерін, емін және жарақаттанған кездегі көрсетілген аурудың алдын алатын медициналық іс-шараларды жүргізуді меңгеруі тиіс.



Тақырып 5.3.Сібір ойық жарасы

Сібір ойық жарасы – жалпы уыттану белгілерімен, терінің серозды-геморрагиялық және некрозды зақымдануымен, лимфа түйідерінің және жайылмалы түрде ішкі ағзаларды зкақымдайтын, жедел бактериалды зоонозды инфекция. Сібір күйдіргісінің қоздырғышы – Bacillaceae туысына, Bacillus тұқымдастығына жататын, ірі спора түзетін, грам оң таяқша. Олар капсулалы және асоматикалық антигендерден тұрады, экзотоксин бөлуге қабілетті, белокты жиынтықтан тұратын және ісікті шақыратын протективті және леталды компоненттерден тұрады. Сібір күйдіргісінің қоздырғышының вегетативті формалары қайнатқанда және дезерітінділерге сезімтал. Көбінесе споралары шыдамды болып келеді. Олар топырақта бірнеше жылдар бойына сақталына алады. Спорацидті әсер ететін активті ерітінділерге мыналар жатады: хлорамин, ыстық формальдегид және сутегі тотығы.



Тақырып 5.4.Тілме

Тілме сыртқы тері жабындылар инфекциясына жатады. Инфекция көзіне қандайда болмасын стрептококкты ауруы бар адамдар, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар жатады. Тілме – терінің зақымдануымен, интоксикация белгілерімен, қайталамалы ағымымен сипатталатын инфекциялық-аллергиялық ауру. Бұл аурудың дамуында жұқпалы агентке қарағанда, жеке бейімділіктің ролі жоғары. Тілме науқастарының көбісі үйінде емдеуге қалдырылады. Ауру белгілерін уақытында анықтап, дұрыс емдеу оның қайталануларын болдырмауға септігін тигізеді, сондай-ақ басқа да терінің зақымдануларымен өтетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан ажырату диагнозын жүргізу үшін аталған тақырыпты оқып-үйрену қажет.



Тақырып 5.5.Құтыру

Құтыру – адам өліміне әкелетін орталық жүйе жүйкесінің зақымдалуымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың жедел зоонозды, вирусты жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Rabdoviridae тұқымдастығына, Lyssavirus әулетіне жататын нейротропты вирус. Ол оқ тәрізді формаға ие. Өлшемі 80-180 нм, нуклеокапсиді бір жіпшелі РНҚ-нан тұрады. Вирустың 2 нұсқасы бар: көшелік (немесе «жабайы») – табиғи жағдайда жануарлар арасында өрбуші; фиксирленген – антирабиалық егулерді дайындау үшін қолданылады;сонымен қатар, табиғи биоварлар. Құтыру вирусының нейрондарында көбеюі БабешНегри денешіктерінің қатысуымен жүреді, қышқыл бояумен рубинді түске боялады. Қоршаған ортада тұрақсыз. Қайнатқанда 2 мин., 2-3 % лизол және хлорамин, 0,1% сулема ерітінділерінде тез өледі. Төмен температураға тұрақты.


4. Оқу-әдістемелік жабдықталуы

4.1. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша:

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.


4.2. Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

1. Плакаттар

2. Стендтер

3. Проекторлар

4. Компьютерлер – 3

5. Ноутбук – 1


4.3. Тест тапсырмалары (220 тест тапсырмалары қосымша беріледі):

1) Кіріспе. Мамандыққа кіріспе. Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностика және емдеу принциптері. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылымы, режимі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау – 40 тест

2) Ішек инфекциялары. Іш сүзегі. А және В паратифтері, шигеллез, сальмонеллез, тырысқақ, тағамдық уытты-инфекциялар, иерсиниоздар, ботулизм, А, Е, В, С, және Д вирустық гепатиттер, бруцеллез, лептоспироз

– 135 тест



3) Ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын инфекциялар. Тұмау және басқа да ЖРВИ, менингококты инфекциялар – 65 тест

4) Трансмиссивті инфекциялар. Риккетсиоздар: Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилл-Цинссер ауруы, кенелік бөртпе сүзегі, малярия, оба, туляремия, геморрагиялық қызба – 60 тест

5) АИТВ инфекциясы және сыртқы жамылғы инфекциялары. АИТВ-инфекциясы, сіреспе, сібір күйдіргісі, тілме, құтыру – 70 тест


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет