Жұмыс бағдарламасы Пән Фармакотерапия Код ft 3220 Мамандығы 051103 «Фармация» Сағат саны 135 (3 кредит)



Дата26.06.2017
өлшемі238.97 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы



044 -41/15

№ 2 Басылым

15 беттің -беті


«Фармакотерапия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы





«Бекітемін»

ОӘТЖ бойынша проректор

м.ғ.д. Анартаева М.Ұ.

________________________

____» ___________ 2014ж.
Жұмыс бағдарламасы

Пән Фармакотерапия

Код FT - 3220

Мамандығы 051103 «Фармация»

Сағат саны 135 (3 кредит)

Курс 3

Семестр 6

Жұмыс бағдарламасы 051103 «Фармация» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарлама (Астана, 2009) және ҚР МДСМБС – 2006ж. негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралған
Хаттама № ____ «_____» __________________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Орманов Н.Ж.

Циклдық әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралған

Хаттама № ____ «_____» __________________ 2014 ж.
Төрағасы, м.ғ.к., доц.__________________ Тұртаева А.Е.

Әдістемелік Кеңеспен бекітілген


Хаттама № ____ «_____» __________________ 2014 ж.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Медицина ғылымының дамуы, дәрілік құралдардың көп түрінің болуы (синтетикалық, өсімдік текті) қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі көз қарасынан дәрілік препараттарға қойылатын талаптардың өсуіне алып келуімен қатар науқастардағы дәрілердің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, бір-бірімен әсерлесуін және жанама әсерлерін зерттеу бойынша бірыңғай әдістемені құруға алып келеді. Бұл фармацевті дайындау бағдарламасына клиникалық фармакологияның элементтері бар фармакотерапия пәнін енгізуді негіздейді. Бұл алғашқы кезекте дәрілердің жекеленген қолдануы бойынша тәжірибенің, медико- биологиялық білім берудің көптеген аймақтарының интегрирленген тәжірибесі болып табылады.

Берілген пән үнемді фармакотерапия аймағында фармацевтермен дәрігерлердің тығыз қарым-қатынасы мақсатында фармацевтикалық білім берудің жүйесінде оқу бағдарламасына енгізілді. Сонымен бірге фармакотерапия курсын игеру процесінде студенттер патология бойынша білімдерін мықтылап, толықтырады, клиникалық пәндердің аймағында қажетті білімдер алады, аурудың негізгі симптомдарымен, синдромдарымен, сонымен бірге аурудың ағым ерекшелігімен, жіктелуімен танысады.

Демек, фармацевтикалық білім беру жүйесінде фармакотерапияны оқыту фармация мен клиниканы жақындатады, тиімді, қауіпсіз және экономикалық үнемді фармакотерапияның негізгі сұрақтарын бірге шешуде провизорлар мен дәрігерлердің тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Фармакотерапия бойынша бағдарлама нақты аурулар кезінде дәрілер қолдануын ескере отырып, нозологиялық ұстаным бойынша құрылған.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдау әдістемесін немесе дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, фармакогенетикасын, фармакоэкономикасын, бір-бірімен әсерлесу білімін ескере отырып, олардың қиыстырылуын жағымсыз дәрілік реакцияларын, дәлелді пән ұстанымдарын үйрету.



2.3 Міндеттері:

  • фармакотерапиямен клиникалық фармакологияның жалпы ұстанымдарын үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикалық параметрлерін бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакодинамикалық әсерлерінің әдістемесін үйрету;

  • дәрілердің жанама эффектілерін болжауды және бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының бір-бірімен қарым-қатынасымен бір-бірімен қамтылуын түсінуді үйрету;

  • дәрілік препараттардың бір-бірімен болуы мүмкін әсерлесуін бағалауды үйрету;

  • әртүрлі жасты топтарда (қарт, жас бала және жасөспірім жас), сонымен бірге жүкті әйелдерде қолданатын дәрілердің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын бағалауды үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент

білуі тиісті:

  • жиі кездесетін аурулардың негізгі клиникалық көріністерін және оларды емдеу принциптерін;

  • жүрек – тамыр, тыныс алу, жүйке жүйесі, ішек – қарын трактысының, бауыр және бүйрек, дәнекер ұлпаларының, қалқанша безінің ауруларында және қант диабетінде қолданатын дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін;

  • дәрілердің негізгі жағымсыз реакцияларының клиникалық көріністерін және қауіпті факторларын;

  • өмір сапасын бағалау әдістерін;

  • адам ағзасының патологиялық және физиологиялық параметрлеріне байланысты дәрілер мөлшерленуінің негізгі ұстанымдары;

  • дәрілердің бір-бірімен әсерлесуінің негізгі түрлерін;

  • негізгі фармакологиялық топ препараттарының клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауды жүргізудің әдістері;

  • дәрілерді белгілегендегі негізгі жанама байқалулар, жанама әсерлерді алдын-алу мен түзету әдістері.

жасай білуі тиісті:

  • препараттың әсер ету механизміне және ағза функциясының жағдайына байланысты белгілі-бір ауруды емдеуге қолданатын дәрілердің тобын анықтауды;

  • негізгі симптомокешендерді емдеу үшін қолданатын ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдауды жүргізуді;

  • дозалаудың ыңғайлы тәртібін анықтауды;

  • препараттың дәрілік түрін анықтауды;

  • дәрілердің емдік және уытты дозасында препараттарды енгізу ұзақтығына бағыт жасай білуді;

  • емді жүргізу қауіпсіздігіне бақылау әдістерін таңдауды және дәрілердің жанама әсерлерінің даму қаупін болжамдауды;

  • дәріхана тізбелеріне түсетін жаңа дәрілердің фармакодинамикасы, фармакокинетикасы жөнінде дәрігерлерді хабардар ету, препарат жоқ мақсатында үнемді алмастыруды ұсыну;

  • аналогты алмастырудың тізімін, емдік мекеменің формулярын құрастыруды;

  • препараттың дәрілік түрін, дәрінің дозасын, жиілігін және ұзақтығын таңдауда дәрігерлерге ақпараттық –кеңестік көмек беруді.

дағдыларды игеруге тиісті:

  • науқастарға фармацевтикалық кеңес беруді жүргізу;

  • дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты жанама реакциялар дамығанда жедел көмек беру;

  • клиникалық фармакология және дәлелді медицина бойынша оқу, ғылыми, нормативті, анықтама әдебиеттерімен мәліметтердің компьютерлік базаларын қолдану.

2.5 Реквизитке дейінгі: анатомия негіздерімен физиология, патологиялық физиология, микробиология, биохимия, фармакология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: фармацияның басқарылуы мен экономикасы, дәрілер технологиясы, фармацевтикалық химия, фармакогнозия, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.

2.7 Тақырыптық жоспар:
2.7.1 Дәрістер




Тақырыптары

Өткізілу түрі

Ұзақты-лығы

Кредит №1




1

Фармакотерапия пәні. Міндеттері. Фармакологиялық комитеті, құрылымы, міндеттері, функциялары. Емдеу стандарттары. Дәлелдерге негізделген медицинаның негізгі принциптері. Дәрілердің үнемді қолдануы. Дәрілік формуляр. Фармакоэкономика.

шолу

1

2

Фармакодинамикамен фармакокинетиканың клиникалық аспектілері.

проблемалық

1

3

Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі. Дәрілерді үнемді қиыстырудың принциптері. Дәрілердің жанама әсері.

проблемалық

1

4

Дәрілерді қолданудың жасты ерекшеліктері.


проблемалық

1

5

Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігімен қауіпсіздігін бағалаудың жалпы принциптері.

проблемалық

1

Барлық сағат саны:




5

Кредит №2




1

Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.

проблемалық

1

2

Ауырсыну синдромы фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптері. Критикалық жағдайлар фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.

проблемалық

1

3

Қабыну мен иммундық процесс бұзылысының үнемді терапиясының негізгі принциптері.

проблемалық

1

4

Инфекциялық – қабыну аурулардың үнемді антибактериалдық терапиясының негізгі принциптері.

проблемалық

1

5

Бронх-өкпе жүйесі ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдардың принциптері.

проблемалық

1

Барлық сағат саны:




5

Кредит №3




1

ЖИА және артериалды гипертензия фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдың принциптері.

проблемалық

1

2

Асқорыту мүшелерінің жүйесі ауруларының қазіргі фармакотерапиясының негізгі принциптері. Асқорыту мүшелерінің секреторлы және моторлы функциясына әсер ететін дәрілердің, өт айдайтын және ферментті препараттардың клиникалық фармакологиясы.

проблемалық

1

3

Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдардың негізгі принциптері.

проблемалық

1

4

Эндокринді жүйе ауруларының фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдардың негізгі принциптері.

проблемалық

1

5

Анемияның фармакотерапиясы үшін дәрілерді таңдаудағы клиникалық-фармакологиялық жолдардың негізгі принциптері.

проблемалық

1

Барлық сағат саны:

5

Жалпы сағат саны:

15


2.7.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

Кредит №1




1

Фармакотерапияға кіріспе. Негізгі категориялармен түсініктер. Үнемді фармакотерапияның негіздері. Дәрілерді «тиімді белгілеу» жүйесі туралы түсінік. Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігімен қауіпсіздігінің жалпы принциптері. Науқастарды зерттеудің әдістері мен принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

2

Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Фармакокинетикалық зерттеулердің қазіргі әдістері. Фармакодинамика және дәрілерді таңдауда олардың мәні, оларға қойылатын талаптар. Дәрілердің әсеріне әртүрлі факторлардың әсері. Дәрілердің жанама әсері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

3

Дәрілерді бір-бірімен әсерлесуі. Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуінің ерекшелігі. Дәрілерді үнемді қиыстырудың ұстанымдары.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

4

Дәрілердің жанама әсері, оларды анықтау, алдын-алу және коррекциялау әдістері. Науқастарда дамуы мүмкін жанама эффектілерді болжау әдістері және пайда болуы мүмкін механизмдері. Дәрілер, жанама әсерлерінің әртүрлі факторлерге байланыстылығы.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

5

Науқастарда дәрілерді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалаудың жалпы принциптері. Дәрілерді қолданудың тиімділігімен қауіпсіздігін бағалаудың клиникалық және аспапты әдістерінің мәні.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

Барлық сағат саны:




10

Кредит №2







1

Жүйке психикалық аурулар (невроздар, депрессиялар) фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері. Психотропты дәрілердің клиникалық фармакологиясы.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

2

Ауырсыну синдромы. Ауырсыну синдромы фармако-терапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

3

Дәнекер ұлпалар ауруларындағы негізгі симптомдармен синдромдар. Буын және дәнекер ұлпалары аурулары кезіндегі дәрілерді қолданудың клиникалық фармакологиясымен тактикасы.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

4

Аллергиялық аурулар фармакотерапиясының клиникалық - фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

5

Бронх-өкпе аурулар фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

Барлық сағат саны:




10

Кредит №3







1

Жүректің ишемия ауруының негізгі симптомдары мен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Жүректің ишемия ауруы фармакотерапиясының клиникалық -фармакологиялық принциптері.


Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

2

Гипертониялық ауруының негізгі симптомдарымен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Гипертониялық аурумен симптоматикалық гипертензия фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

3

Ас қорыту – ішек трактысы ауруының негізгі симптомдарымен, синдромдары. Диагностикалау әдістері. Ас қорыту – ішек трактысы ауруы фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

4

Несеп шығару жүйесі ауруларының негізгі симптомдарымен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

5

Эндокринді аурулардың негізгі симптомдарымен синдромдары. Диагностикалау әдістері. Эндокринді жүйе аурулары фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу

2

Барлық сағат саны:

10

Жалпы сағат саны:

30


2.7.3 Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ)



Тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

1 кредит







1

Қабылдай алушылықты, тиімділікті, бір-бірімен әсерлесуді бағалау үшін стационар жағдайында дәрілік препараттардың апробацияларының әртүрлі формаларын жүргізу. Сапалы практика ережелері (GСР) бойынша жаңа дәрілерді клиникалық сынамалаудың ұстанымдары.

Жаңа медикаменттерді құру және қолдануға бақылау және тіркеу жүргізуде ҚР ДС фармакологиялық және фармакопеялық комитеттердің орны. Фармакопеялық мақала, уақытша фармакопеялық мақала, препараттарға нормативті – техникалық құжат. Клиника алды, арнайы фармакологиялық белсенділік, токсикология, канцерогендік, мутагендік, аллергендік.

Қиыстырылған фармакотерапияның мәселелері. Фармацевтінің ақпараттық және кеңестік қызметі


Кеңес беру, оқулықтармен жұмыс істеу

6

2

Дәлелді медицинаның принциптері. Дәлелдердің түрлері (дәлелдеме деңгейлері). Жүйелі шолулар және мета-анализ. Формулярлы жүйе. Дәрілерді таңдау әдістері. Формулярлы жүйені құрастыру принциптері. Фармацевтикалық сұрау және науқастарға кеңес беру.

Емдеу мекемелерін фармацевтикалық қамтамасыз етуді жақсарту үшін фармацевтикалық экономика сұрақтары. Ақпараттық қызметті фармацевтикалық құрастыру принциптері, ақпараттық материалмен жұмыс. Клиникалық фармакология және фармакотерапия сұрақтарына медициналық мекемелер қызметкерлеріне ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және оқытудың басқа формаларын жүргізу принциптері.



Кеңес беру, оқулықтармен жұмыс істеу

6

3

Фармакогенетика негіздері. Дәрілерге жеке сезімталдығының генетикалық механизмдері.

Ана-плацента-ұрық жүйесімен дәрілік заттың бір-бірімен әсерлесуінің ерекшеліктері. Жүктіліктің асқынуларын алдын-алатын фармакотерапевтикалық дәрілер. Ерте және кеш токсикоздардың терапиясы. Туу кезіндегі фармакотерапия. Туудағы ұрықтың гипоксиясы.



Тест тапсырмаларын орындау

6

4

Клиникалық фармакологияның жас ерекшелігі аспектілері (ұрығы, туылу мерзімі, балалар, қарт адамдар).

Жүкті әйелдермен емізулі әйелдерде қолданатын дәрілердің клиникалық фармакологиясының ерекшеліктері



Тест тапсырмаларын орындау

6

5

Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік. Ішкі мүшелер ауруларын диагностикалау ұстанымдары. Ауру жағдайының ауырлығымен және ауру дамуының патогенетикалық механизмімен аурулардың клиникалық байқалуларының байланысы. Науқастың терминальды жағдайының симптомдары. Жедел және созылмалы симптомдар. Жүрек қан-тамырлар ауруларының бронх-өкпе жүйе, ішек–қарын трактысы, гепатобилиарлы зона ауруларының, дәнекер ұлпалары, бүйрек, эндокринді ауруларының, невроздардың, депрессиялардың, анемиялардың симптомдары мен синдромдары.

Қорытынды сабақ «Клиникалық фармакологияның жалпы мәселелері»



Ситуациялық есептерді шешу

6




Аралық бақылау










Барлық сағат саны:




30

2 кредит







1

Неврологияда қолданатын дәрілерді таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдың негізгі принциптері (тырысуға қарсы, ұйықтататын, паркинсонға қарсы дәрілер). Миорелаксанттардың клиникалық фармакологиясы.

Невралгия, невриттер, миастения шеткерлік жүйкелердің зақымданулары. Бұл аурулардың фармакотерапиясы. Менингиттер, полиомиелит, энцефалиттер, менинго-энцефолиттер секілді орталық жүйке ауруларының қабынған аурулары. Олардың фармакотерапиясының принциптері.



Ситуациялық есептерді шешу

6

2

Критикалық жағдайлар фармакотерапиясында дәрілерді таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдың принциптері.

Ми-қан айналым бұзылыстары. Ми-қан ағымының ауторегуляциялары. Ми-қан айналымының жедел және созылмалы бұзылыстары. Ми-қан айналым бұзылыстарын емдеудің негізгі принциптері. Ми-қан айналымын жақсартататын дәрілер. Мигрень фармакотерапиясы.



Реферат дайындау

6

3

Жүйелі аутоиммунды қабыну ауруларының фармако-терапиясының принциптері. Қабынуға қарсы иммуно-депрессивті дәрілермен иммуномодуляторлардың клиникалық фармакологиясы.

Ұзақ әсерлі қабынуға қарсы дәрілердің (алтын, хинолон препараттарының, комплексондардың) клиникалық фармакологиясы. Құрылымды–модифирлеуші препарат-тардың (хондропротекторлар) клиникалық фармакологиясы.



Реферат дайындау

6

4

Сепсис кезіндегі негізгі симптомдармен, синдромдар. Диагностикалау әдістері. Сепсиспен септикалық жағдайлар фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Инфекциялық аурулардың және инвазиялардың, тері, венериялық аурулардың, ЛОР-мүшелер, көз ауруларының фармакотерапиясы.



Презентация

6

5

Туберкулез. Тыныс алу мүшелері туберкулезінің клиникалық формалары. Туберкулездің асқынулары. Туберкулезді емдеу принциптері. Химиотерапиясы. Туберкулезге қарсы препараттардың клиникалық фармакологиясы.

Қорытынды сабақ «Клиникалық фармакологияның жеке сұрақтары»



Презентация

6




Аралық бақылау







Барлық сағат саны:




30

3 кредит







1

Қан айналымының жетімсіздігі, фармакотерапия принциптері, кардиотоникалық дәрілер.

Аритмия кезіндегі негізгі симптомдармен, синдромдар. Диагностикалау әдістері. Аритмия фармакотерапия-сының клинико-фармакологиялық принциптері.



Презентация

6

2

Атеросклероз: Липидті алмасуды коррекциялауға бағытталған қазіргі дәрілер. Гиполипидемиялық дәрілердің салыстырмалы тиімділігі. Атеросклерозға қарсы терапияны адекватты түрде белгілеуге мүмкіндік беретін биохимиялық және клиникалық-аспапты зерттеу әдістері. Гиперлипидемия типтері. Гиперлипидемия типіне байланысты гиполипидемиялық дәрілерді таңдау ерекшеліктері: емдеудің эфферентті және сорбциялық әдістері.

Презентация

6

3

Гепатабилиарлы жүйе аурулары фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Ішек биоценозының бұзылыстары. Ішек микрофлора-ының тепе-теңдігін қалпына әкелетін дәрілерді (пробиотиктер және эубиотиктер) таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдың принциптері.

Метаболитті дәрілердің клиникалық фармакологиясы. Витаминдер және туыс препараттар. Ферментті препараттар және ферменттердің ингибиторлері. Аминоқышқылдар. Метаболитті дәрілер фармакотерапиясының принциптері.


Портфолио

6

4

Анемия мен гемостаздың бұзылысы кезіндегі негізгі симптомдармен, синдромдар. Диагностикалау әдістері. Анемия мен гемостаз бұзылысы фармакотерапиясының клиникалық-фармакологиялық принциптері.

Дессиминирленген тамырішілік қан ұю синдромы; клиникалық фармакология және фармакотерапия принциптері. Парентеральды қоректенуге арналған препараттармен фармакотерапия. Плазмоалмастырғыш және дезинтоксикациялық ерітінділер. Ағзадағы қышқылды негізді жағдайды және иондық тепе-теңдікті коррекциялауға қолданатын препараттар.



Портфолио




5

АИВ және АИВ – ассоциирленген аурулар: диагностикалау мәселелері және алдын-алу және фармакотерапиялық негізгі принциптері.

Қорытынды сабақ: «Клиникалық фармакологияның жеке сұрақтары»



Портфолио

6




Аралық бақылау







Барлық сағаты:

30

Жалпы сағат саны:

90

2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері

Дәрістер – проблемалық.

Практикалық сабақтар – ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

Студенттердің өзіндік жұмысы – барлық пайда болатын сұрақтар бойынша кеңестер, жоспарда белгіленген тақыраптарды өздігінен меңгеру, презентациялар мен рефераттарды дайындау, ситуациалық есептерді шешу, кестелер мен атластармен оқулықтармен жұмыс, тестілік тапсырмаларды орындау, интерактивті оқытушы бағдарламалармен жұмыс, шағын топтағы жұмыстар, аралық бақылау жүргізу, әдебиетпен жұмыс, есептер мен жаттығуларды орындау, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.

2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: тест тапсырмаларын шешу, ситуациялық есептерді шешу, ауызша сұрау

  • Аралық бақылау: коллоквиум

  • Қорытынды бақылау: тест түрінде емтихан, ОҚТЕ

2.10 Әдебиет:

негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В. Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.



22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет