Жұмыс бағдарламасы Пән: Биологиялық химия Пән коды: bh 2202



Дата16.07.2017
өлшемі219.19 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы



044 -30/15-04.2-72 (415)

14 беттің беті



«Биологиялық химия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




“Бекітемін”


Оқу әдістемелік жұмысы және

тәрбие ісі жөніндегі проректор,


м.ғ.д., Анартаева М.У.

___________________

“___” _________ 2013ж
Жұмыс бағдарламасы

Пән: Биологиялық химия



Пән коды: BH 2202
Мамандық: 5В110400 «Медициналық - профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 2-ІІІ

Шымкент -2013ж

Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС және 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 2011 ж. типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қайта қаралды, хаттама № “ ” 2013ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. : ___________ Есіркепов М.М.

Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында қайта талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.


Төрағасы: Патсаев А.Қ.


Әдістемелік Кеңесте мақұлданды, хаттама № ___ “___” _________ 2013ж



2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Заманауи биохимия – стастикалық биохимия, динамикалық биохимия, функционалды биохимия, молекулалық биология, молекулалық генетика, энзимология, экологиялық биохимия салаларын қамтитын іргелі биологиялық ғылым.

Медициналық ЖОО-дағы «Медициналық профилактикалық іс» мамандығына арналған биологиялық химия курсының негізгі мазмұнына студенттерде адам ағзасының биохимиялық құрамын оқып-білу, заттар алмасуы мен оның реттелуі және қоршаған ортаның қолайсыз факторлары (радиация, ауыр металдардың тұздары, пайдаланылған газдар және т.с.с.) туралы түсініктерді қалыптастыру, экологиялық қолайсыз әртүрлі факторлардың әсер еткендігі бұзылған биохимиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру әдістерін оқыту кіреді.

Биохимия пәнінен бағдарламада жасушаның құрылымының молекулалық негізінде, оның құрамдас бөліктерінің қызметтері мен метаболизмінің реттелуінің іргелі мәселелері, сонымен қатар экологиялық биохимия сұрақтары қамтылған.

Биохимия іргелі биологиялық ғылым ретінде жасушаның, тіннің және тұтас организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін заңдылықтарды зерттеуді, өмірді сақтау мен ұзартуға ықпал ететін механизмдер мен процестерді, бұзылған динамикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруді зерттеу мақсатын ұстанады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге ағзаның тіршілігінің негізіне жатқызылатын негізгі метаболиттік үрдістердің өтуі, өзара байланысы мен реттелуі және олардың қолайсыз экологиялық факторлардың әсер етуі кезіндегі өзгеруі туралы білімді қалыптастыру.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студенттерде ағзаның тіршілігіндегі қалыпты биохимиялық үрдістердің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;

  • ағзадағы көмірсулар, белоктар, липидтер алмасуы, олардың метаболизмінің реттелу механизмдері, әртүрлі тіндерде өтетін негізгі биохимиялық үрдістердің ерекшеліктері туралы көзқарасты қалыптастыру;

  • қоршаған орта факторларының әсері кезіндегі адам ағзасында өтетін биохимиялық бұзылыстар туралы көзқарасты қалыптастыру;

  • қоршаған орта факторларының әсерін бағалауға арналған негізгі биохимиялық маркерлер туралы көзқарасты қалыптастыру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек:

  • биологиялық қосылыстардың: белоктардың, ферменттердің, витаминдердің, көмірсулардың, липидтердің және гормондардың құрылысын, қасиеттері мен атқаратын қызметтерін;

  • көмірсулардың, липидтердің және белоктардың метаболизмінің негізгі жолдарын, энергия алмасуын;

  • ағзаның биохимиялық жүйелерінің гормоналдық реттелуінің негізгі заңдылықтарын;

  • негізгі мүшелер мен тіндердің тіршілігінің негізіне жатқызылатын биохимиялық үрдістердің ерекшеліктерін, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының метаболизмге әсерін;

  • тәжірибелік гигиеналық зерттеулерде және зиянды экологиялық факторлардың әсер етуі кезіндегі зақымдаудың маркерлері ретінде биохимиялық зерттеу әдістерінің негізгі қағидаларын қолдану, негізгі биохимиялық көрсеткіштердің референттік шамаларын.

үйреніп алуы қажет:

  • ағзаның тіршілігін бағалау үшін негізгі биохимиялық зерттеу әдістерін таңдауды және зиянды экологиялық факторлардың әсерінен болатын ағзадағы өзгерістерді анықтауды;

  • негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін пайымдап, түзету әдістерін ұсыну, метаболизмді және дамитын өзгерістердің алдын алуды зерттеу

машықтануы қажет:

  • биологиялық субстраттардағы (қандағы, зәрдегі) негізгі метаболиттерді анықтау бойынша базалық биохимиялық әдістерді жүргізу.

2.5 Реквизитке дейінгі: медициналық биология, генетика, радиобиология, химия,

экология және тұрақты даму, гистология, физиология, медициналық

биофизика.

2.6 Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена, қоғамдық денсаулық және денсаулық

сақтау, тамақтану гигиенасы, кәсіби аурулар.



2.7 Тақырыптық жоспар:

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы


Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылы

ғы

(сағат түрінде)

1.

Биохимияға кіріспе. Метаболизмге кіріспе. Көмірсулар, липидтер және белоктар алмасуының негізгі сатылары.

жалпы шолу

1

2.

Қоршаған ортаның зиянды факторларының метаболизмге тигізетін әсерін бағалаудың биохимиялық критерийлері.

жалпы шолу

1

Барлығы: 2 сағат.






2.7. 2 Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақты

лығы (сағат түрінде)

Кредит №1

1.

Толық бағалы тағамның негізгі компоненттері: көмірсулар, липидтер, белоктар. Маңызы мен құрылысы. Тағамның алмастырылмайтын факторлары туралы түсінік. Тағамда белоктың жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлы маразм). Витаминдер. Витаминдерге жалпы сипаттама. Жіктелуі. Суда еритін витаминдердің құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, коферменттік функциясы. Майда еритін витаминдердің құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, функциясы. Гипервитаминоздар туралы түсінік.

ауызша сұрау, алғашқы білім деңгейін бағалау

3

2.

Ферменттерге жалпы сипаттама. Ферменттердің жіктелуі және жалпы қасиеттері. Биокатализдің механизмі. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Қоршаған орта факторларының ферменттердің белсенділігіне әсері.

ауызша сұрау, тестілеу

3

3.

Көмірсулардың, белоктардың және липидтердің катаболизмінің арнайы жолдары. Үшкарбон қышқылдарының циклі. Биологиялық тотығу. Тотығудан фосфорлану. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық функциясы. Глюкозаның тотығу жолдары. Энергиялық балансы.

ауызша сұрау, жағдайлық есептер, тестілеу

3

4.

Зертханалық практикум: «Қан мен зәрде глюкоза мөлшерін анықтау».

Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуі. Липидтердің тасымалдану формалары. Липидтердің негізгі метаболизм жолдары: липолиз, липогенез. Бос май қышқылдарының тотығуы мен синтезі.



зертханалық жұмыс

ауызша сұрау, тестілеу



2 (1/1)

5.

Белоктардың қорытылуы және амин қышқылдарының сіңірілуі. Белоктардың шіруі және шіру өнімдерінің залалсыздандырылуы. Амин қышқылдарының катаболизмінің негізгі жолдары: қайта аминдену, декарбоксилдену, дезаминдену. Аммиактың түзілуі және оны залалсыздандыру жолдары.

ауызша сұрау, жағдайлық есептер, тестілеу

3




Барлығы: 14 сағат.

Кредит №2

6

Гормондар туралы түсінік. жіктелуі, Жалпы қасиеттері. Әсер ету механизмдері. Көмірсулар, липидтер, белоктар және минералды заттар алмасуының гормональдық реттелуі.

пікірталас, шағын топтармен жұмыс істеу, тестілеу

3

7.

Зертханалық практикум: «Қан мен зәрдегі жалпы белок мөлшерін анықтау».

Бауыр биохимиясы. Антитоксикалық қызметі.



зертханалық жұмыс, ауызша сұрау,тестілеу

2 (1/1)

8.

Зертханалық практикум: «Қандағы аминотрансферазалардың белсенділігін анықтау».

Қан плазмасынаң химиялық құрамы және оның қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен өзгеруі.



зертханалық жұмыс, ауызша сұрау,тестілеу

2 (1/1)

9.

Эритроциттер биохимиясы. Гемоглобиннің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдаудағы рөлі. Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары.

ауызша сұрау, пікірталас, мәселелік есептер

3

10.

Зертханалық практикум: «Қандағы билирубинді және зәрдің патологиялық құрамдас бөліктерін анықтау».

Гемоглобиннің ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі.



зертханалық жұмыс, ауызша сұрау,тестілеу

2 (1/1)

11.

Бүйрек биохимиясы. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы несептің негізгі компоненттерінің сипаттамасы.

ауызша сұрау, тестілеу

2

Барлығы: 14 сағат.

Жиыны: 28 сағат.


2.7.3. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ)



Тақырыбы

Өткізу

түрі

Сағат саны




1 – кредит

ІІІ семестр

1

Белоктарға жалпы сипаттама және олардың атқаратын қызметтері. Тыныс алуды бақылау. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың ажыратушы заттары.

Рефераттар

Презентация

Органикалық қосылыстар

дың формулалары,

құрылысы, биохимиялық процесстердің реакциялары,

мәселелік есептер

кроссвордтар

тақырып бойынша эссе

мылқау карталармен жұмыс

тақырыптық альбом




6

2

Көмірсулардың жіктелуі және негізгі кластарының атқаратын қызметтері. Кори циклі. Гликолиз бен глюконеогенездің өзара байланысы. Тіндердегі пирожүзім және сүт қышқылының өзгерістері. Сүт және сүт өнімдерінің биохимиясы.

6

3

Липидтердің жіктелуі және негізгі кластарының атқаратын қызметтері. Май қышқылдарының жіктелуі мен атқаратын қызметтері. Эйкозаноидтардың құрылысы, номенклатурасы. Простагландиндердің рөлі. Холестерин алмасуы.

4

4

Витамин тәрізді заттардың құрылысы мен рөлі. Витаминнің жетіспеушілігі: гипо - және авитаминоздар туралы түсінік. Макро- және микроэлементтердің биологиялық рөлі.

4

5

Гликогенді және кетогенді аминқышқылдары. Биологиялық рөлі. Биогенді аминдер. Аминқышқылдарының азотсыз қалдықтарының өзгерістері.

4

6

Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік. Нуклеопротеиндердің қорытылуы. Несеп қышқылының түзілуі. Нуклеопротеиндер алмасуының бұзылуы.

4

7.

Аралық бақылау

коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

2







Барлығы:

30 сағат




2 - кредит

ІІІ семестр

8

Гипоталамус, гипофиз және эпифиз горомондары: құрылысы, әсер ету механизмдері, физиологиялық әсерлері. Метаболизмнің нейрогуморальдық реттелуі туралы түсінік.

Рефераттар

Презентация

Органикалық қосылыстар

дың формулалары,

құрылысы, биохимиялық процесстердің реакциялары,

мәселелік есептер

кроссвордтар

тақырып бойынша эссе

мылқау карталармен жұмыс

тақырыптық альбом




4

9.

Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондарының биохимиясы. Ұйқы безінің гормондарының биохимиясы . Бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты гормондарының биохимиясы. Бүйрекүсті безінің милы қабаты гормондарының биохимиясы.

4

10

Қанның белокты емес құрамдас бөліктері. Қан ұюының биохимиясы. Қан ұюына қарсы жүйе. Қанның буферлік жүйелеріне сипаттама.

4

11

Хромопротеиндер алмасуы бұзылуы. Темір алмасуы. Ферритин мен трансферриннің рөлі. Темір алмасуының бұзылуы.

4

12

Бауырдағы этанол метаболизмі. Химиялық канцерогенез негіздері.

4

13

Тамақтану кезіндегі бұзылыстарды (витаминдердің, көмірсулардың, липидтердің және белоктардың тапшылығы мен артық мөлшерде түсуі.) биохимиялық тұрғыдан бағалау әдістері.

4

14

Қоршаған ортаның зиянды факторларының метаболизмге тигізетін әсерін бағалауда биохимиялық критерийлерді қолдану.




4

15.

Аралық бақылау

коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

2







Барлығы:

30 сағат







Жалпы жиыны:

60 сағат


    1. Оқыту мен сабақ берудің әдістері

Дәрістер: жалпы шолу

Тәжірибелік сабақтар: семинар, ауызша сұрау, шағын топпен жұмыс, мәселелік есептер және тест сұрақтарын шығару

Зертханалық сабақтар: адам организмі биологиялық сұйықтарының биохимиялық көрсеткіштерінің сандық мөлшерін әртүрлі әдістермен анықтау

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ): шағын топтармен жұмыс, реферат, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді құрастыру, дайындалған рефераттарды және презентацияларды қорғау.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, химиялық қосылыстардың формуласын, биохимиялық процесстердің реакцияларын жаза білу, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау.

Құрал-жабдықтар:

Құралдар: термостат, спектрофотометр, фотоэлектроколориметр, биохимиялық анализаторлар, гематологиялық анализатор, су моншасы, рН метрлер, таразылар, центрифугалар, дистиллятор, компьютерлер, мультимедиялық проекторлар.

Жабдықтар: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған реактивтер жиыны, зәрдегі глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар, зертханалық шынылар (пробиркалар, стакандар, колбалар, цилиндрлер), сүзгіш қағаздар.
2.9. Білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: жазбаша/ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс жасағанда өзін-өзі және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум

Қорытынды бақылау: емтихан тест түрінде (КТБО), іс-тәжірибелік дағдыларды қабылдау (ОҚТЕ).

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялық химия, Алматы-2011 ж.

  2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж

  3. 3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.

  4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.

қосымша:

  1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011

  2. Г.К.Асилбекова, А.Б.Ордабекова, Гормондар биохимиясы, Шымкент-2012ж

Орыс тілінде

негізгі:

1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.

3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011

4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,

5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007



қосымша:

1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008

2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007

3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,

под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде


  1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.

  2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.

  3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.

1 үлгі


2.11 Биологиялық химия пәні бойынша жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы



Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

Реквизитке дейінгі

1

Медициналық биология, генетика, радиобиология

Медициналық биология, генетика, радиобиология курсындағы оқу материалдарының мазмұнын және олардың берілу тәртібін мақұлдау. Сондай – ақ, мына аталған қосылыстардың- нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың құрылысы; генетикалық ақпараттардың негізгі берілу жолдары, нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың биосинтезі мен қызметтері; тірі ағзаларға иондаушы сәулелер әсерлерін қайтаратын реакциялардың жалпы заңдылықтарын анықтау мәселелеріне үлкен мән берілуі керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013ж.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к:

_____________ Есіркепов М.М.


2

Химия

Химия пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Келесі бөлімдерге: заттар құрылысы, бейорганикалық және органикалық қосылыстар класстарының химиялық құрылыстарына, физика – химиялық қасиеттеріне, химиялық кинетикаға, химиялық реакциялар түрлеріне, микро- және макроэлементтерге мән берілуі керек. Курсты оқытуда келесі тақырыптарға: биологиялық маңызды қосылыстардың химиялық құрылысына- нәруыздардың (аминқышқылдары), көмірсулардың, липидтердің, нуклеин қышқылдарының және бұл маңызды қосылыстардың медико-биологиялық маңыздылығына ерекше мән берілуі қажет.

Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі, профессор:

_____________ Патсаев А.Қ.


3.

Экология және тұрақты даму

Экология пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Бұл курста жалпы экологияның, адам экологиясының, сондай-ақ қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері туралы мәселелер қарастырылады. Осы мәселелердің қарастырылуында өндірістің қоршаған ортаға, сонымен бірге адам организміне де әсеріне ерекше мән берілуі керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013ж.

Гигена-1 кафедрасының меңгерушісі,

доцент:

____________ Долтаева Б.З.



4.

Гистология

Гистология пәні бойынша оқулық материалының талдауының реттілігі мен мазмұнын қолдау. Гистология курсында организмінің әртүрлі тіндерінің: эпителий, ішкі орта, бұлшық ет, жүйке жүйесі құрылысының ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, тіндердің барлық типтерінің жасуша аралық заты құрамында негізгі гистология элементі болып табылатын жасушаның құрылыс сұрақтарына ерекше мән беру керек. Тіндердің биохимиясын оқу процесінде білімнің тереңділігі қарастырылады.

Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Морфологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор:


____________ Сисабеков К.Е.

5.

Физиология

Физиология пәнінде әр түрлі бөлімдерін талдау реттілігін мақұлдау. Сондай – ақ, пән бойынша дәріс оқуда және тәжірбиелік сабақтардың жүргізілуінде келесі сұрақтарға ерекше көңіл бөлуі тиіс:

  1. биологиялық сұйықтықтардың бөлінуінің жүйкелік реттелуінде: сілекейдің, асқазан сөлінің, өттің және қорытылудағы асқазан сөлі;

  2. қан тақырыбын оқыған кезде, кафедра келесі нормативтерге тоқталады: формалық элементтер 44 – 48%, плазма – 25 – 56%, жалпы нәруыз – 60 – 80%, глюкоза – 3,3-5,5% ммоль/л;

3. қанның ұйу процесі және оған қатысатын факторларға.

Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Қалыпты және пат.физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.:

______________ Жолымбекова Л.Д.


6.

Медициналық биофизика

Мед. биофизика пәнінің әртүрлі бөлімдерінің талдауын нақтылау. Пәннен дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында келесі сұрақтарға ерекше көңіл бөлу керек:

1. биомембраналардағы физикалық процесстерге;

2. рефрактометрия әдісі және оның медицинадағы қолданылуына;

3. жарықтың жұтылуы, жұтылу спектрлері, СФ мен спектроскоптардың

жұмыс істеу ережелеріне.

Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Медициналық биофизика, математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, профессор:

_____________ Құдабаев Қ.Ж.


Реквизиттен кейінгі

1.

Жалпы гигиена

Биохимия пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Жалпы гигиена курсында қоршаған ортаның, яғни: топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсері зерттеледі. Жеке гигиена мәселелеріне және оның халық арасында таралуына медицина қызметкерлерінің үгіт-насихат жұмыстарына ерекше назар аудару керек.

Хаттама №__, «___»____2013ж.


Гигена-2 кафедрасының меңгерушісі, доцент:
____________

С.Ө. Ескерова



2.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау

Биохимия пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін, яғни биомолекулалардың химиялық құрамын, қасиеттерін, адам организмінде жүретін алмасу үдерістерін қарастыруды қолдау. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау пәнін үйренуде денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтар, медициналық статистиканың негіздері, халыққа емдеу-профилактикалық жәрдемді ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласының басқарылуы, экономикасы және қаржыландырылуы туралы мәселелер қарастырылады.

Хаттама №___

«___» _____ 2013

ҚДС-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д:

______________

А.М.

Жақсыбергенов



3.

Тамақтану гигиенасы

Биохимия пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Бұл курстың оқытылуында мына мәселелерге: тағамдық заттардың, яғни, нәруыздардың (аминқышқылдарының), көмірсулардың, липидтердің, дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің құрылысы және қызметтеріне, олардың биологиялық құндылықтары мен организмдегі зат алмасуындағы маңызына ерекше тоқталу керек. Тамақтану гигиенасы пәнін оқытуда тағамдану биохимиясы туралы білімді тереңдету жоспарланады: тағамданудың физиологиялық, биохимиялық және гигиеналық негіздеріне, оның ішінде, тағамдық заттарға, олардың тамақтанудағы маңызына және тағамдардың құрамындағы мөлшері туралы толық мәліметтер беру.

Хаттама №__, «___»____2013ж.


Гигена-2 кафедрасының меңгерушісі, доцент:
____________

С.Ө. Ескерова





4.

Кәсіби аурулар

Биохимия пәні бойынша оқу материалдарының мазмұны және берілу кезектілігін мақұлдау. Биохимия пәні базалық пән ретінде тірі организмде жүретін алмасу процесстерін үйрене отырып, аурулардың, негізінен кәсіби аурулардың пайда болу себептерін түсіну үшін қажет. Кәсіби аурулар курсын оқып-үйренуде өнеркәсіптік зиянды заттардың немесе өндіріс орталығының әсерінен дамитын патологиялар себептері қарастырылады.

Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Бакалавриат терапиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор:



____________ Бекмурзаева Э.Қ.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет