Жүк тасымалдауға қойылатын экологиялық талаптар



Дата25.06.2017
өлшемі63.53 Kb.
#13938
УДК 911.3:33:504.06
Жүк тасымалдауға қойылатын экологиялық талаптар

Жумадилова Г.А. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



Аңдатпа. Жүктанудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамаларын зерттеу, жүктерді тасымалдау, тиеу және сақтауда қолданылатын техникалық құралдар мен шарттарды анықтайтын арнайы қасиеттерді зерттеу және экологиялық қойылатын талаптарға сай болу. Жол арқылы тасымалданатын барлық жүктердің тасымалдануы адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға ешбір зиян келтірмеуі катаң ескерілуде.

Аннотация. Основная задача при перевозке грузов – соблюдение экологической безопасности для населения и окружающей природной среды. Это особенно важно при перевозках нефти, газа и других грузов.

Әр күн сайын автокөлік жолдары арқылы шикізат, отын, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері сияқты әртүрлі мыңнан астам тауар өнімдері тасымалданады. Жіберу бекетінен тасымалдауға қабылдағаннан бастап және бекеттен берместен бұрын барлық тауарлық өнімдер “жүк” деген атқа ие болады. Жүктанудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамаларын зерттеу, жүктерді тасымалдау, тиеу және сақтауда қолданылатын техникалық құралдар мен шарттарды анықтайтын арнайы қасиеттерді зерттеу және экологиялық талаптарға сай болу. Жол арқылы тасымалданатын барлық жүктердің тасымалдануы адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға ешбір зиян келтірмеуі катаң ескерілуде.

Жүктің көліктік сипаттамасына: көлемді-салмақтық сипаттама; қауіптілік дәрежесін, тасымалдаудың техникалық жағдайын анықтайтын қасиеттер; сонымен қатар ыдыс пен орау жатады. Ол жылжымалы құрамды, тиеп-түсіру машиналарының түрлерін, пакеттеу құралдарын тасымалдау тәртіптері мен басқа да тасымалдау процесінің басқа да техника-технологиялық элементерін дұрыс таңдай білуді анықтайды.

Жүктердің көліктік сипаттамалары мен тасымал процесіндегі техника-технологиялық элементтер бір бірімен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелді. Тіптен жүктің көліктік сипаттамасының кішкене бөлігінің ғана өзгертілуі тасымал процесінің бір немесе одан да көп техника-технологиялық элементтерінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, төгіп тасылатын цемент немесе минералды тыңайтқыштар сияқты жүктерді ыдыспен тасуға көшу жылжымалы құрамның, қоймалардың, тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының басқа түрлерін қолдану қажеттілігін тудырады. Бұл жағдайда пакеттеу құралдары қажет. Сонымен бірге, жүк тасымалдаудың рационалды технологиялық процестерін құруда жүктердің көліктік сипаттамаларының жеке құраушыларының қажетті жағдайларын есепке алу және өзгерту керек, яғни: көлемдік салмағын, ыдыс пен орау түрлерін, жеке орындардың сызықтық өлшемдерін, ылғалдылығын және т.б. Осылайша, жүктердің көліктік сипаттамаларын жақсы меңгеру көліктің негізгі міндеттерін-уақытында және сақталған түрде, сапалы түрде, жүкті белгіленген орынға жеткізуді орындаудың қажетті шарты болып табылады.

Отын, шикізат, жартылай фабрикаттар және өнімдердің басқа түрлерін жоспарлау мен есепке алу үшін оларды белгілі бір белгілеріне қарай біріктіреді: номенклатура жүктердің негізгі массасын қамтитындай, қысқа әрі салыстыруға болатындай, көлікпен қамтамасыз ету шарттарын анықтауға, жылжымалы құрамды таңдауға мүмкіндік беретіндей, сонымен қатар жоспарлау процесінде рационалды емес тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп біріктіреді. Тасымалдау түрлері мен оны жоспарлау кезеңіне байланысты теміржол көліктерінде тиеуді жоспарлау мен есепке алудың келесі жүк номенклатурасы құрылған: жылдық жоспарлау; кварталдық жоспарлау; аралас теміржол-су хабарламаларында тікелей жоспарлау; экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдауды жоспарлау.

Көлікке тиеу мен сақтау процесінде жүктің салмағы сандық және сапалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Шындығында жүктің салмағында пайда болатын өзгерістерді келесі фактор топтарымен түсіндіріп көрсетуге болады: жүктің сыртқы ортамен өзара байланысы; тиеп-түсіру жұмыстарының өнімділігі мен қозғалысы процесінің жүкке механикалық әсері; жылжымалы құрам мен қойма құрылғыларының қанағаттанарлықсыз жағдайы. Ал жүктің сапасына қоршаған ортаның ылғылдылық, температура мен ауаның газ құрамы, сонымен қатар шаң-тозаң болу, оның құрамында микробиологиялық формалар мен жарықтың болуы сияқты көрсеткіштері көлемді әсерін тигізеді. Көрсетілген факторлар әсерінен жүк құрамында өнімдердің жеке түрлеріне тән әртүрлі биохимиялық, физика-химиялық және микробиологиялық процестер өтеді.

Ауа құрамына келесі газдар енеді: оттегі - 23.1 %; азот - 75.5 %; аргон - 1.3%; көмірқышқыл газы - 0.08 %. Осылардан басқа тұрақты компоненттерге сәйкес, ауа құрамына сандық құрамы өзгеріп отыратын мындай қосылыстар енеді: су булары; микроорганизмдер; тозаң тәріздес дисперсті жүйелер. Ауа ортасында су буының болуы абсолютті ылғалмен; ылғал сыйымдылығымен; салыстырмалы ылғал және шық нүктесімен анықталады.

Абсолютті ылғал уnбұл 1 м3 ауадағы су буының граммен берілген саны. Егер берілген температурада су буымен ауаны толық қанықтырылу орын алса, онда абсолютті ылғалдық Е деп белгіленеді және қанығу деп аталады. Ауаның ылғал сыйымдылығы d берілген температурада ауаның ылғалды сіңдіру қабілетін сипаттайды.



d=E-yn (1.1)

Ылғал сыйымдылығы ауаның температурасымен тікелей байланыста. Сондықтан ауаның құрғақтық немесе ылғалдық дәрежесі оның салыстырмалы ылғалдылығымен сипатталады.

Салыстырмалы ылғалдылық φ бұл ауаның абсолютті ылғалының оның сол температурадағы қанығуына қатынасының пайызбен берілген өрнегі болып табылады:

φ = (yn /E)•100% (1.2)

Шық нүктесі деп берілген ауа құрамының ылғал сыйымдылығы 0-ге тең температураны айтады. Температураның ары қарай төмендеуі ылғалдың тұман, шық немесе қырауға айналуына әкеледі.

Ауаның ылғалдылығының жүктің ылғалдылығына, сонымен бірге оның сапалық жағдайына да тигізетін әсері мол. Құрғақ ауа кептіріп, кейбір жүктер қатарының (тері, талшықтар , кепкен балықтар және т.б.) сыртқы пішіні мен технологиялық қасиеттерін төмендетеді. Ылғал ауа өнімдірде базданудың пайда болуы мен шіру процесінің дамуын тездетіп, жүктің өздігінен қызып, соңынан бұзылуына (дән-дақыл, терілер, ет өнімдері және т.б.) әкелетін жүк массасындағы биохимиялық процесті белсендіреді.

Температура, ылғалдылығы, ылғалсыйымдылық және шық нүктесі бір бірімен белгілі бір заңдылық бойынша өзара байланысқан. Соның негізінде оның көмегімен ауаның сипаттамасын біліп, қалғанын анықтауға болатын кестелер, номограммалар, диаграммалар жасалып шығарылды.

Жүкке механикалық әсер статистикалық немесе динамикалық жүктеме түрінде байқалады. Максималды мәнге статистикалық жүктер штабельге жинақталған жүктердің төменгі қатарында жетедіде, ол жоғары жатқан жүктер қысымымен түсіндіріледі. Динамикалық жүктемелер жүк орындарының жығылуы, жүктердің өзара соғысып қалуы, тиеп-түсіру жұмыстары, автопоездардың дұрыс құрылмаған қозғалу тәртібінің негізінде автомобильдердің тіркемелерінің соғысып қалуы нәтижесінде пайда болады. Бұл жүктерді механикалық әсерден қорғау үшін сәйкес көлік ыдыстары қолданылады, амортизациялайтын орау материалдары пайдаланылып, жылжымалы құрамда жүкті нық бекітеді.

Қойылатын экологиялық талаптардың ішінде мұнай мәселесі ерекше назарда. Мұнай әртүрлі химиялық қоспаларды алуға таптырмайтын бағалы шикізат, мысалы, синтеикалық шайырлар, каучуктер, бояуыштар, жуатын құралдар, медициналық препараттар, т.б. алуға болады. Сондықтан қазіргі уақытта мұнайды тек қана отын ретінде ғана қолдану тиімді емес екендігі айқындалып отыр. Әйткенмен де мұнай өнімдерінің қолдануға, тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы жоғары калориялы сұйық отын ретінде де мәні зор (9300—11000 ккал/кг).

Мұнай өнімдерін мұнайды термикалық және термохимиялық өңдеуден өткізу арқылы алады. Олардың халық шаруашылығындағы мәні қол жетерлікпен және көптеген тауарлардың өндірісінде қолдану облыстарының әр алуандығымен анықталады. Мұнай сұйық, қатты және газ тәрізді көмірсутектердің қоспасынан түзеледі (парафинділердің-қанықтырылған; нафтендердің-циклдік қанықтырыған және ароматты). Оның құрамында сонымен қатар нафтен қышқылдардың қоспасы, оттек, азот, күкірті бар күкіртті және басқа қоспалар бар. Бірақ әр жерден алынған мұнайлардың айырмашылығы бар, десек те олардағы негізгі компонент болып парафинді көмірсутектер табылады.

Экологиялық талаптарға сай шикі мұнайды қайта өңдеуде оны ластайтын қоспалардан тазартып (әсіресе су мен тұздардан) сусыздандыру мен тұзссыздандыру әдісі арқылы өңдейді. Бұдан соң мұнайдан отынның әр түрін, еріткіштерді, майлау майларын алады. Қоспалардан тазартылған мұнайды толассыз жұмыс істейтін түтікше тәрізді жылытқышта ауа жібермей 250 тан 400°С-ға дейін қыздырып, ректификациялық колоннаға енгізеді. Осылайша мұнайдан бензин, керосин, реактивті және дизельді отынды бөліп алады.

Әдебиеттер:



  1. Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері. І бөлім: оқулық / С.Е. Бекжанова, З.С. Бекжанов, З.К. Битилеуова / - 2010

  2. Правила перевозок грузов железнодорожным транспортом. М.: Юридическая фирма «Юртранс», 2003. 290 с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет