ЖҮйелі қызыл жегі және жүктілік



Дата24.04.2017
өлшемі74.8 Kb.
ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
Сулейменова А.С., 1 курс, Медицина, aygerim.s86@mail.ru

Тлеужан Р.Т., м.ғ.к., доц.м.а., tleuzhan76@mail.ru

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Түйін

Жүйелі қызыл жегі- жүйелі аутоиммунды ревматикалық ауру, ең алдымен, жас әйелдерде жиі кездеседі. ЖҚЖ бар жүкті әйелдерде ана мен ұрықтың өлімі мен сырқаттанушылық жиі кездеседі. Сондай-ақ жүктілік кезінде ЖҚЖ асқынуы тірі туылған балаларда дене мүшелері дамуына теріс әсері атап өтілді. ЖҚЖ-і науқастардың жүктілігіне соның ішінде анасына да, жатырішілік ұрыққа да кері ықпалы тиюі мүмкін, сонымен қоса аурудың ағымына жүктіліктің кері әсері байқалған. Кеш токсикоз, бала жолдасының уақытынан бұрын бөлінуі, жатырішілік ұрықтың өлуі, жүктілікті көтереалмаушылық деген асқынуының жиілігі жоғары. Және де жүктілік кезінде ЖҚЖ асқынуы физиологиялық өзгерістерді патологиялық процесстермен айырып тану кезінде проблема тудырады.



Кілт сөздер: жүйелі қызыл жегі,жүктілік, иммунды жүйе, лимфоциттердің субпопуляциясы, жүктілік ағымының ерекшеліктері.

Жүйелі қызыл жегі-ішкі ағзалардың иммунды қабынуын тудыратын,ядроның әртүрлі компоненттеріне және иммунды кешеннің арнайы емес кең спектрлі аутоантиденелердің түзілуін көрсететін,этиологиясы белгісіз жүйелі аутоиммунды ревматикалық ауру.Ауру,көбінесе репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі.Аутоиммунды аурудың ағымының ауырлығына және жиілігіне жыныстық айырмашылық осы иммунды жүйеге әйел жыныс гормондарының әсерімен түсіндіріледі.[1]ЖҚЖ-ның таралуы 500 әйелге бір жағдай.Ал жүктілік кезінде ЖҚЖ-ның кездесуі 1500-3000 босануға бір жағдайды құрайды.[2]Аутонтиденелердің түзілуінің себептері,ол генетикаық бейімділік,қоршаған ортаның токсиндерімен жасушаның зақымдануы(шылым шегу,газдың түтіндері және т.б.),вирустық инфекциялар. Генетикалық бейімділігі бар адамдарда ЖҚЖ түрткі болып келетін,ол ауыр эмоциональді күйзеліс және күннің ауыр экспозициясы.Аурудың дамуына ең негізгі әрі күшті түрткі,ол жүктілік және әсіресе түсік(жасанды және табиғи).

ЖҚЖ-нің ағымы ұзақ уақытқа созылып,соңында тіндердің зақымдануына алып келетін,аурудың индукциясы,өршуі және қозуы кіретін бірнеше сатыдан тұратын үрдіс.

Аутоиммунды үрдістің негізін құрайтын,ол поликлональді В-жасушасының гиперактивтілігінің нәтижесінде әртүрлі арнайылықтағы антиденелердің өндірілуінің жоғарылауы және иммунды реттеудің тепе- теңдігінің бұзылуынан дамиды.В-жасушасының бөлінуінің ауытқуы аутоиммунды ауруларға әкелуі мүмкін немесе ЖҚЖ-не тән қабыну процессінің екіншілік себебі болуы мүмкін.Жасуша бетіндегі ядролық және цитоплазмалық аутоантигендеріне қарсы бағытталған аутоантиденелердің түзілуі және көптеген В-жасушаның патологиясы ЖҚЖ-н ауыратын науқастарда кездесетіні көбімізге мәлім.В-жасушаның активтелген фенотиппен және стимуляцияға олардың жауабының төмендеуі,жасуша субпопуляциясының өзгеруі,иммунологиялық жадының бұзылуы,айналымдағы плазмалық жасушасанының жоғарылауы В-жасушалардың ауытқуында көрініс береді.[3]

ЖҚЖ-нің клиникалық көрінісі,ағымы мен нәтижесі кең ауқымды.Алғашқы клиникалық көріністерге бастапқыда бір мүшені зақымдау мүмкін,ал баска мүшенің зақымдануы кейіннен қосылады.

Тез шаршағыштыққа,бұшықетінің ауырсынуына,бас ауыруына,әсіздікке,себепсіз дене қызуының көтерілуіне науқастар жиі шағымданады.Әрине бұл симптомдар арнайы емес,бірақ басқа да арнайы симптомдармен қосылып ЖҚЖ-н науқастану болжамын жоғарылатады.

Дерматологиялық көріністер

ЖҚЖ-н науқастардың 65%-ында ең бірінші терілік көріністер болады, алайда тек 30-50%-ында көбелек пішіндес бет-мұрын аймақтарында классикалық макулопапулезді бөртпе болады,қолда дискоидты ошақтар, теріде қалың қызыл қабыршақты дақтар болады.Алопеция мен мұрын, ауыз шырышты қабықтардың ульцерациясы.Кейде трофикалық жаралар,шаштың түсуі,тырнақтың сынғыштығы көрінуі мүмкін.

Ортопедиялық көріністер

Науқастардың көбісі буындардың ауырсынуына шағымданады,жиі қол буындары.Артралгиямен көрінеді,сирек буындармен біріккен симметриялық полиартрит.Ревматоидты артритке қарағанда ЖҚЖ-де артропатия сүйек тінінін зақымдамайды,бірақ ЖҚЖ-мен тудырылған буынның деформациясы науқастың 20%-ында қайтымсыз сипатта болады.

Гематологиялық көріністер

ЖҚЖ-не LE-жасушалық феномен тән,оған LE-жасушаның құрамында басқа жасушаның фагоциттерленген ядро фрагменттері кіретін нейтрофильді лейкоциттердің пайда болуы тән (өз жасушаларын өзге жасушаға теңеп,соған сәйкес аутоантиденелердің түзілуі,осындай жасушаның фагоцитозы мен ыдырауы тән). Науқастың тең жартысында қаназдық байқалады.ЖҚЖ-нің нәтижесінде немесе емінің жанама әсерінен лейкопения,тромбоцитопения болуы мүмкін.

Жүрек- қан тамыр жүйесі бойынша көріністер

Перикардит,миокардит және эндокардит көрініс береді.ЖҚЖ-де жұқпалы емес эндокардит дамиды(Либман-Сакс эндокардиті),екі жармалы немесе үш жармалы қақпақшалардың зақымдануы тән.Сау адамдарға қарағанда ЖҚЖ-мен науқастарда атеросклероздың дамуы тез,әрі жиі.

Нефрологиялық көріністер

Люпус-нефрит.ЖҚЖ-де бүйрек тінінің зақымдануы шумақшаның базальді мембранасының қалыңдауы,фибриннің жиналуы,гематоксилинді деншіктерінің және гиалинді тромбтың түзілуі көрініс береді.Жиі жалғыз симптом-протеинурия немесе ауырсынусыз гематурия. ЖҚЖ-де ерте диагностика мен уақытылы емінің арқасында жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі 5%-дан аспайды.Қауіпті мүше зақымдануы есебінде бүйректің люпус-нефриті болуы мүмкін.Люпус-нефриттің дамуының жиілігі аурудың белсендігі мен ағымының сипатына орай,жедел және жеделдеу ағымында бүйрек зақымданса,ал созылмалы ағымында сирек зақымданады.

Психикалық және неврологиялық көріністер

Психоз,энцефаопатия,тырысу синдромы,парестезия, цереброваскулиттер дамиды және барлық өзгерістер қарқынды ағымда жүреді.

Т-жасушаның ауытқуы

СД45-фосфатаза құрамының төмендеуі, СД40-лиганд белсенділігінің жоғарылауымен ЖҚЖ-ін байланыстырады.


Жүктілік кезінде ЖҚЖ келесі түрде өтеді:

  1. Жүктілікке байланысты аурудың өршуі(62%)

  2. Жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрде ремиссияға тенденциясы байқалады (72,7%)

  3. Түсіктен кейін,босанудан кейінгі кезеңде және лактация кезеңінің соңында аурудың өршуі (50%)

Егер жүктілік кезінде ремиссия болса,онда босанудан кейін ауру көтергенге дейін қандай фазада болса да, сол фазаға оралады немесе күшейе түседі.Аурудың өршуі жиі босанудан кейін алғашқы екі айда көрініс береді,тек әйел туып болған соң алғашқы күндер немесе аптасында емес.Босанудан кейінгі асқынуларға:сепсис,нефропатияның қалдықты көріністері және т.б. жатады.

ЖҚЖ-і науқастардың жүктілігіне соның ішінде анасына да, жатырішілік ұрыққа да кері ықпалы тиюі мүмкін,сонымен қоса аурудың ағымына жүктіліктің кері әсері байқалған.Кеш токсикоз,бала жолдасының уақытынан бұрын бөлінуі,жатырішілік ұрықтың өлуі,жүктілікті көтереалмаушылық деген асқынуының жиілігі жоғары.Босанудың 3 кезеңі мен босанудан кейінгі ерте кезеңде қан ағудың жиілігі жоғарылайды,жатырдың бұлшықет қабатының жеткіліксіздігінен және ЖҚЖ-нің гематологияық көріністермен түсіндіріледі.

ЖҚЖ-мен ауырған әйелдерден туған балалар көбінесе бұл аурумен ауырмайды және бала жолдасы арқылы берілген ЖҚЖ факторы анықталса да баланың дамуы қалыпты болады.Жүктіліктің 12-16 аптасында ЖҚЖ факторы анықталады,бірақ ұрыққа теріс әсер етпейді.Сирек жағдайда ұрықта жүректің туа біткен- толық блокадасы дамиды,бұл антинуклеарлы антиденелердің бала жолдасы тосқауылынан өтіп,жүректің өткізгіш жүйесін зақымдайды.Кейбір балада туылғаннан кейін геморрагиялық диатездің өтпелі көріністері болуы мүмкін.Ол ЖҚЖ-нің факторымен байланысты, ал осы көрініс фактордың физиологиялық ыдырауынан кейін жойылады.

ЖҚЖ-мен науқастанған әйелдердің жүктілігін сақтау және жүргізу жоспарының сұрақтарын акушер-гинеколог пен терапевт-ревматолог аурудың сәйкес зерттеулерінен кейін бірлесіп шешуі керек.ЖҚЖ жедел ағымында жүктілік қарсы көрсеткіш болып табылады,әсіресе бүйрек және жүрек ақаулары болса.Ал клиникалық және зертханалық белгілері ұзақ уақыт бойы аурудың белсендігіне тән көріністері жоқ болғанда жеделдеу,созылмалы ағымы керісінше жүктілікті сақтап қалуға көрсеткіш.

ЖҚЖ-нің көріністері айқын емес және ұрыққа әсері болмаған кезде босану табиғи жолмен рұқсат етіледі.Жалпы жүктіліктің нәтижесі жақсы,егер:ұрықтануға дейін 6 айдың ішінде ЖҚЖ-нің белсендігі минимальді болса,бүйрек зақымдануы көріністері болмаса,гестоздың көріністері жоқ болса,антифосфолипидті антиденелері жоқ болса.
Әдебиеттер:

1.Клинико-иммунологическая характеристика беременных женщин с системной красной волчанкой. Авторы: Федорова Е.В.; МатвееваН.К.;Ванько Л.В.;Климеченко Н.И. http://www.fesmu.ru/elib/Article.aspx?id=290614 стр46-47

2.M.Petri,2006;M.E.Clowse et al.,2008

2.Системная красная волчанка при беременности статья http://vestnik.ukgfa.kz/vestnik/2012/vest_2_59_2012.pdf стр107

3. Особенности клеточного звена иммунитета у беременных с СКВ и их новорожденных. Статья http://www.fesmu.ru/elib/Article.aspx?id=308277 стр48-49

5. Насонов Е.Л.;Носонова В.А.; ред.Ревматология. Национальное Руководство. М:ГЭОТАР-Медиа; 2010. 720с.


СИСТЕМНАЯ КРАСНАЯ ВОЛЧАНКА И БЕРЕМЕННОСТЬ

Сулейменова А.С., 1 курс, Медицина, aygerim.s86@mail.ru

Тлеужан Р.Т., к.м.н.,и.о. доц., tleuzhan76@mail.ru

Южно- Казахстанская государственная фармацевтическая академия

г Шымкент Респубики Казахстан

Резюме

Системная красная волчанка является аутоиммунным заболеванием, в первую очередь оказывающее влияние на молодых женщин. Беременность у женщин с СКВ относятся к высокому риску в связи с высокими показателями материнской и эмбриональной смертностью и заболеваемостью. Также отмечается негативное влияние обострения заболевания СКВ во время беременности на живородивщихся детей.  Более высокий риск выкидыша, преждевременные роды, внутриутробное замедление роста плода являются основными проблемами развития плода.  Обострение СКВ во время беременности создает проблему в распознавании патологических изменении от физиологии.   Точно так же, преэклампсия и волчаночный нефрит может привести к диагностической путанице.

Ключевые слова:системная красная волчанка,беременность,иммунный статус,субпопуляция лимфоцитов,особенности течения беременности.

Summary

Systemic lupus erythematosus and pregnancy

Suleimenova A.S.,1 course,Medicine, aygerim.s86@mail.ru

Tleuzhan R.T.,c.of m.s.,i.o.dotsnenta, tleuzhan76@mail.ru

South Kazahstan State Medical Academy of Pharmacy

Shymkent Republic of Kazakhstan


Systemic lupus erythematosus is an auto-immune disease primarily affecting the young women. Pregnancy in a women with SLE remains a high risk situation with high rates of maternal and fetal mortality and morbidity. It is also noted the negative impact of exacerbation of SLE during pregnancy on children. A higher risk of fetal loss, prematurity, intrauterine growth retardation of the fetus are the main problems of development of the fetus. Exacerbation of SLE during pregnancy is a problem in the recognition of pathological changes of physiology. Similarly, lupus nephritis and preeclampsia can lead to diagnostic confusion.

Key words:systemic lupus erythematosus,pregnancy,immune status,lymphocyte subpopulation,the specific features of pregnancy.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет