Мотивациялық қозғаушылық
|
«Мұхит дыбысы» үнтаспадан тыңдатылады .
Бүгінгі сабақ өте қызықты болмақ, Сабақтың тақырыбын білу үшін жұмбақты шешіп көрейік .
Сусыз өмір сүре алмайды,
Аяғы жоқ, жүре алмайды. (Балық-рыба)
|
Жұмбақты шешеді.
Шешуі : балық.
|
Ұйымдастырушылық ізденушілік
|
Балықтар қай жерде тіршілік етеді ?(Өзен , көл , мұхит ).
Балықтың денесі немен қапталған?
Қабыршақ сөзін бірнеше рет қайталату . Осы сөзге сөздік жұмысын жүргізу .
Қабыршақ – балық денесін жауып тұратын, бөлек – бөлек жұқа, қатты қабықша .
Кәнеки қос тілде айтып көрейікші : Балық – рыба, су – вода .
Аквариуммен танысу және бақылау. Тәрбиеші балалардың назарына алтын балығы бар аквариумды көрсетеді .
Балалар, мынау не?( Балық )
Аквариум –су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс . Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді .
Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады .
Онда өсімдіктер де өсіріледі . Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі . Суы мезгіл – мезгіл ауыстырылып тұрады . Балықтың денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар.
Желбезектерімен судағы еріген ауамен тыныс алады .
Саусаққа арналған «Балық» жаттығуы .
Балық жүзді, сүңгіді,
Таза суды бүлдірді .
Бір көрінді, жоқ болды,
Әдемілеп секірді .
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс . «Аквариумдағы және өзен – көлдердегі балықтардың тіршілігіндегі айырмашылықтар қандай?»
Сұрағын бірнеше балаға қояды.
|
Сұрақтарға жауап береді .
Суда( вода )тіршілік етеді .
-Қабыршақпен
қапталған.
Аквариумды қарастырады , балықты бақылайды . Сұрақтарға жауап береді .
Қайталау .
Аквариум .
-Балық .
Тыңдайды.
Сергіту жаттығуын орындайды .
Тапсырманы орындайды .
|