Жылқының АҢҚа бөгелегінің экологиясын кері гемагглютинация реакциясымен зерттеу



Дата20.04.2017
өлшемі107.61 Kb.
#8661
ӘОЖ 619:576:895:1217756

ЖЫЛҚЫНЫҢ АҢҚА БӨГЕЛЕГІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫН КЕРІ ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫМЕН ЗЕРТТЕУ

Ә.Н.Халила б.ғ.д.,профессор

Жылқының аңқа бөгелек личинкаларының жылқының бас қуыстарында тоғышарлық өмір сүру нәтижесінде ринэстроз ауруын тудырады. Балаң құрттардың танау қуысы, кеңсірік, маңдай қуысы мен көмейде өсіп, даму салдарынан қабыну, малдың жұмыс қабілеті мен жалпы жағдайының төмендеуі байқалады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бөгелектің екі түрі-ақбас және қортық бөгелек таралған. Ақ бас бөгелек шыбыны, ұзындығы 10-12 мм, қоңыр-қара-қошқыл түсті. Басы үлкен, ақ, ауыз аппараты жетілмеген. Құрсағы жұмыртқа тәрізді, түк баспаған жалаңаш, құмістей жылтыраған көк-сүр түсті, орта тұсында қара теңбіл дақтары бар. Қанаттары түссіз мөлдір түбірінде үш қара ноқат байқалады. Аяқтары қысқа, түсі ашық сұрыдан, қара-қоңырға дейін құбылып өзгереді.1 сатыдағы личинка ұзындығы 1 мм.сопақшалау, денесінің алдыңғы жағы сәл сүйірленген, арқасы сәл дөңестеу. Бас жағына екі мықты, өткір, ұзын ашық-қоңыр имек ілмектер орналасқан. Олардың астыңғы жағында ауызы байқалады. Денесі тікенектермен қапталған. Соңғы дене буынтағында тыныс тесігі ашылған. III сатыдағы личинканың ұзындығы 17,5 мм. Денесінің бауыры мен арқасы түгелдей тікенектермен қаруланған. Толық жетілген личинканың түсі ақ. Қуыршағы сопақшалау, артқы жағы сәл жуандалған.Қортык жылқы бөгелегі - дене ұзындығы 11-13 мм, арқаны бойлай орналасқан жолақтары қызыл-қоңыр. III сатыдағы личинкасының денесі жалпақ, ұзындығы -20 мм (1).

Аңқа бөгелектері - тірі табатын насекомдар. Ақ бас бөгелектің ұрғашысы 700-800, қортық бөгелегі - 640-1074, балаң құрт табады. Олар жылқы тұмсығына өте жылдам ұшып келіп, 8-ден 40 дейін личинканы бірден танау тесігіне шашып кетеді. Танау қуысына түскен личинкалар, тікенекшелері мен кілегейлі қабықшаға жабысып, бекиді де бірте-бірте жылжып, кеңсірікке, торлы сүйекке,жоғарғы жақ қуыстары мен көмейге жетіп, шоғырланады. Ол жерлерде екі рет түлеп, II және III сатысына ауысады. III сатыдағы личинкалар әбден жетілген соң, жылқы пысқырып түшкіргенде жерге түсіп, топырақтың үстіңгі қабатында, 1-2 күннен соң қуыршаққа айналады. Топырақ пен сыртқы ортаның температурасына байланысты, қуыршақ сатысы 15-45 күнге созылады (1-сурет).

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бұл бөгелек шыбындары екі ұрпақ береді, ал солтүстік жақтарында бір жылда бөгелектен бірақ ұрпақ тарайды. Оңтүстік жақтарда бөгелектің бірінші генерациясы сәуірдің соңы мен мамырдың басынан маусымның екінші жартысына дейін ұшады, ал екінші ұрпағы-тамыздың ортасынан қазан айының екінші жартысына дейін жылқыға жабылып, балаң құрттарын шашады. Солтүстік аймақтарда бөгелектер маусымда шығып, қыркүйекте ұшуын аяқтайды.

Ұрғашы бөгелектер 30-50 күн емір сүреді, ал еркектері - 16-40 күн. Ұрғашылары жұмыртқадан шыққан соң, бірнеше сағат өтісімен белсенді түрде ұшып, еркек бөгелектер шоғырланған жерге жиналып, шағылысады.

19

1-сурет. Жылқының аңқа бөгелегінің дамуы (Потемкин бойынша).

1 - бөгелек шыбынының аналығының танау қуысына личинкаларын шашуы;

2 - танау қуысында личинканың даму мерзімі 9-10 ай; 3 -жетілген личинкалардың сыртқы ортаға түсуі; 4-топырақта личинка 3-4 күнде қуыршақтанады; 5 - қуыршақтан қанатты көбелек 30-45 күннен соң шығады.

Одан соң мал қоралары, әртүрлі құрлыс, қоршау немесе жайылымда қолайлы таса жер тауып, шамамен 14 күндей қимылсыз отырады. Личинкалары дамып, жетілген бөгелектер тасадан шығып, жылқыға жабылып, балаң құрттарын танау қуысына шаша бастайды.

Оңтүстік Қазақстанда жылқы организмінде I сатыдағы личинкалардың ең көп шоғырланып, жиналуы екі рет байқалады: маусымның соңы мен шілдеде және қазаннан келесі жылдың қаңтар айына дейін. II сатыдағы личинкалар - шілдеден қазанға дейін және желтоқсаннан келесі жылдың мамыр айына дейін кездеседі. Қазақстанның басқа аймақтарында I сатыдағы личинкаларды қазаннан келесі жылдың ақпанына дейін табуға болады. II сатыдағысы қаңтардан маусымға дейін кездеседі.

Аурудың негізгі көзі - бөгелек личинкаларымен зақымдалған жылқы, есек, қашыр. Жылқы көп аймақтарда ринэстроз кең таралған. Бөгелек личинкаларымен көбінесе жас және кәрі жылқылар зақымдалады. Көп жерлерде жылқы жаппай (100%) ринэстрозға шалдыққан. Бұндай жағдайда ауру жылқылардың танау, кеңсірік, көмейдегі шоғырланған, әртүрлі даму сатыларындағы личинкалар саны кейде 400 ден асады.

Ауру көбінесе созылмалы түрде өтеді. Личинкалар өздерінің өткір ауыз ілмектерімен және дене тікенектерімен танау қуысы кілегейлі қабыршағын қатты жарақаттайды. Соның салдарынан кілегейлі қабыну мен қызарып, қанталау байқалады. Ринит пен ларингит пайда болады. Личинкалардың жабысқан орнында жалқаяқ пен домбығу байқалады. Жұтынуы қиындайды. Личинкалардың көптігімен олардың дамып, өсуіне сәйкес іріңді-өліеттену процессі пайда болып, малдың жалпы жағдайы нашарлайды. Ауру жылқы мазасызданып, басын шайқап, пысқырып, жөтеледі.

Ауруды анықтау клиникалық белгілерге қоса, эпизоотологиялық және патоморфологиялық зерттеулерге негізделген. Аурудың жасырын түрін аллергиялық әдіспен, яғни личинкалардан дайындалған аллергенді пайдаланып анықтауға болады. Ринэстроз ауруының алғаш басталган кезімен жасырын түрлерін серологиялық әдістермен анықтауға болады (2,3). Өзіне тән ерекшелігі мен сезімталдық қасиеті өте жоғары болғандықтан, қосалқы гемагглютинация реакциясы, ринэстрозбен ауырған жылқылардың сорасындағы личинкалар бөлген антигенді ажыратып, табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жылқы ринэстрозын анықтауда, иммуноферменттік талдау реакциясының антидене және антигенді ажырататын варианттары жақсы нәтиже береді (4,5).

Ринэстрозбен ауырған малдардың қан сарысуында паразит антигендері болатыны белгілі. Осы антигендерге қарсы иммунды қан сарысуын алу әдістері мен иммуноглобулинді эритроцитті диагностикумдар алу әдістерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып саналады.

Осыған байланысты біз ғылыми зерттеу жұмыстарымызда ринэстрозды анықтау үшін иммунологиялық әдістерді колдану жолдарын зерттедік.

Паразит антигеніне қарсы иммунды қан сарысуының титрін КГАР арқылы анықтау, алдында иммунды қан сарысуын тазартып алу қажет. Қан сарысуындағы гемагглютинация реакциясына кедергі келтіретін заттар жай формалинденген эритроцитпен тазартылады. Ол үшін 20% эритроциттің 2 көлеміне 1 көлем қан сарысуын араластырып, қоспаны тоңазытқышқа (4-8 °С) 12-16 сағатқа қояды.



Тұнбаға шөгіп түскен эритроциттен қан сарысуын шприцпен сорып немесе жайлап құйып бөліп алады. КГАР макротәсілмен қою үшін пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарының 1-шіден 8-ші шұңқырына дейін 0,5 мл еріткіш құяды. Еріткіш ретінде 0,007% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді (РН-7,2% пайдаланылады).

Жылқының аңқа бөгелегінің экологиясын кері гемагглютинация реакциясымен зерттеу



Малдың түрі

Малдың номері

Реакция нәтижелері

1:40

1:80

1:160

1:320

1:640

1:1280

1

Жылқы

3301

4+

4+

4+

3+

2+

-

2

Жылқы

3302

4+

4+

4+

4+

4+

-

3

Жылқы

3303

-

-

-

-

-

-

4

Жылқы

3304

4+

4+

4+

3+

2+

-

5

Жылқы

3305

-

-

-

-

-

-

6

Жылқы

3306

4+

4+

4+

4+

3+

-

7

Жылқы

3307

-

-

-

-

-

-

8

Жылқы

3308

4+

4+

4+

3+

2+

-

9

Жылқы

3309

4+

4+

4+

4+

4+

-

10

Жылқы

3310

-

-

-

-

-

-

11

Жылқы

3311

4+

4+

4+

3+

2+

-

12

Жылқы

3312

4+

4+

4+

4+

4+

-

13

Жылқы

3313

-

-

-

-

-

-

14

Жылқы

3314

4+

4+

4+

3+

2+




15

Жылқы

3315

-

-

-

-

-

-

16

Жылқы

3316

4+

4+

4+

4+

2+

-

17

Жылқы

3317

-

-

-

-

-

-

18

Жылқы

3318

-

-

-

-

-

-

Барлығы

18

10

10

10

10

4

-

Сонан соң 1-ші шұңқырға 0,5 мл 1:25 физиологиялық ерітіндідегі тексерілетін қан сарысуын құяды. Шприцпен 1-ші шұңқырдан 0,5 мл алып екінші шұңқырға ауыстырады. Осылай 7-ші шұңқырға дейін қан сарысуын титрлеп шығады.

7-ші шұңқырдан алынған 0,5 мл ерітінді төгіліп тасталынады. Барлық шұңқырларға 0,25 мл 1% эритроцит диагностикумын құяды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25 С) ұсталынады.

Реакция нәтижесі 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланады.

КГАР микротәсілмен қою үшін микротитратордың планшетінде қойылады. Шұңқырының түбі ойыс болу керек. Планшеттің бір қатарының 2-ші шұңқырынан 8-ші шұңқырына дейін 0,05 мл еріткіш құйылады. Ол үшін микротитратордың арнаулы микротамшылатқышымен 2 тамшы тамызу керек 1-ші және 2-ші шұңқырға 0,05 мл (2 тамшы) тексерілетін қан сарысуының 1:50 ерітіндісін тамызады. 2-ші шұңқырдан бастап 7-ші шұңқырға дейін 0,05 мл диллютермен қан сарысуы титрленеді. Сонан соң барлық шұңқырларға 0,025 мл 0,5% эритроцитті диагностикум тамызылады. Пластинка бөлме температурасында стол үстіне қойылады. Реакция 2-3 сағаттан соң оқылады. Әрбір қатардағы гемагглютинация жүруі, тексерілген қан сарысуының оң реакция көрсеткені. Оның титрі ең соңғы шұңқырдағы гемагглютинацияға сәйкес келеді. Гемагглютинация болмаған қатардағы қан сарысуы теріс реакция көрсетеді.

КГАР тексеру мақсатында малдардың қан сарысуларынан паразит антигендерін анықтадық. Реакция нәтижесінің сапалылығын бағалау үшін ауру емес жануарлардың қан сарысулары тексерілді.

КГАР нәтижесі 1-ші кестеде келтірілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде жылқының аңқа бөгелегі малдардың 10 басының қан сарысуынан, барлығы 55,5 пайызында табылды. КГАР нәтижелері мен лабораториялық көрсеткіштер бір-біріне сәйкес келіп, толықтырғаны байқалды.



Қорыта айтқанда жылқының аңқа бөгелегі экологиясын КГАР-сымен анықтау тиімді екендігін көрсетті.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций. Микробиология,1967, №7,с.104.

  2. Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиялық әдістермен анықтаудың биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А., 1997.

  3. Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992.

  4. Кузьмин Ю.А.,Шамардин В.А., Каральник Б.В., Волкош Л.П. Способ получения антительного диагностиума AC. СССР №889002 БИ, 1981 №46 стр. 29.

  5. Шамардин В.А. Научные основы приготовления эритроцитарных иммунолглулиовых диагностикумов. Автореф.докт. дисс. М.,1982.

Резюме

В статье приведены результаты определения оводовых антигенов серологической реакцией в сыворотке крови животных.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет