Жылыжайларда қиярды өсірудің тиімділігі және оның агротехникасы аңдатпа



Дата05.07.2017
өлшемі67.99 Kb.
ƏОЖ 581.1

Ш.С. Муминова А. Қаюпов

Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі, Шымкент


ЖЫЛЫЖАЙЛАРДА ҚИЯРДЫ ӨСІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫ
Аңдатпа. Ғылыми іздену жұмысты жүргізу шағын жылыжайлар жүйесін дамыту арқылы экологиялық таза көкөністерді өсіру бойынша ауылды жерлерде бәсекеге қабілетті шаруашылықтарды құру, жоғары табыс алу мақсатымен жабық топырақта көкөніс өнімдерін жыл бойы шығаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақ елі шаруашылықтың қай түрін болса да, жете түсініп, толық пайдалана білген. Жаңа заманның иновациялық жаңалықтарынан біздің білім ордамыз да құр қалып жатқан жоқ. Жылыжайларда тамшылатып суғару технологиясын қолдану тиімділігін бізде зерттеп, қолдану үстіндеміз. Суарудың бұл түрі өте пайдалы əрі үнемді. Бұл əдіс жылыжайды толық қамтамасыз етуде. Тамшылатып суарудың тағы бір ерекше тұсы-өсімдіктің топырағын қатып қалудан, кеуіп кетуден сақтап, бір қалыпты ылғалдылықты сақтап тұрады. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы ХХІ ғасырдағы өсімдік шаруашылығы бойынша болжам, дамыған елдер толығымен жылыжайға көшуде екендігін көрсетті. Қазіргі таңда жұмыс істейтін жылыжайлардың ауданы Ресейде 3000 га, Польшада 6500 га, Турцияда 47000 га, Голландияда 12000 га, Қытайда 1700000 га, Қазақстанда бар болғаны 91,4 га. Жылыжай өндірісінен ауа райы мен климат жағдайларына қарамай ашық жерлерге қарағанда өте жоғары өнім алуда.

Қазіргі жылыжай ғимараттары жабық экологиялық жүйе ретінде, жарық өткізгіш материалдармен жабылып, жасанды климатта ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін, аз көлемді механизацияланған жəне автоматтандырылған технологиялық пакеттермен қамтамасыз етілген. Қазақстанда жеке шаруа қожалықтары жабық жерде ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге қызығушылық танытқанымен, жылыжай құрылысының қымбаттылығы жəне білікті мамандардың жоқтығы оны қолдануға толық мүмкіндік бермеуде. Сонымен қатар қандай жылыжай конструкциясын таңдауға болатындығы туралы ақпараттың жоқтығы да, бұл саланың дамуын тежеуде. Жылыжай комплексін Қазақстанда дамытуға ат салысып келе жатқан ірі компаниялар Голландия, Израйль, Россия, Турция, Қытай жəне Оңтүстік Корея елдерінің мамандандырылған фирма мен компаниялары. Израйль мемлекетінен осы саланы дамытуға зор үлес қосып жүрген үздік фирмалары Нетафим, AZRUM, Даган, AGS technology Россиядан ООО АгроСовГаз, Рессей Голландия біріккен фирмасы Венло – Проектен Холдинг, Интек, ООО «Гринкомплекс», ООО СпецСтройМонтаж, Турциядан ОЗТОПРАК, Қытайдан« NEGEV», Кореядан ВК graenhouses. Осы фирмалардың ішінде Израйль мен Россия елдерінің фирмаларының аттары біздің елде белгілі болғанымен басқа шетелдік фирмалар осы бағытта əлем рыноктарына енді шыға бастады. Жылыжайды таңдау кезінде бір қатар параметрлерді ескеру қажет атап айтсақ: жылыжайдың пайдалану ауданы –бұл параметр бойынша олар екі типке бөлінеді Фермерлік жылыжайлар ауданы 500м2 -қа дейінгілер. Өндірістік жылыжайлар ауданы 600м2 -тан жоғары. Осы екі типті жылыжайды дамытуда мына компаниялар əлем рыногында жемісті жұмыс істеуде;

1. ООО АгроСовГаз –компаниясы ауданы 60-тан 600 -ге дейін жылыжай салуға маманданған.

2. «Интек» компаниясы жылыжай ауданы 12150м2 салуға маманданған.

3. ООО ГринКомплекс, NEGEVауданы 600м2 -қа дейін,

4. ВК graenhouses ауданы 500м2 -қа дейін салуға маманданған.

Ал, Оңтүстік Қазақстанда шығарылатын дәлірек айтсам, Шымкент қаласының Асар-2 мөлтек ауданында орналасқан оңтүстік кореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының технологиялары бойынша «Zero Max KZ» ЖШС ұсынған құрал-жабдықтарды қолдану өте тиімді. Себебі, ол – несиелеу бағдарламасының талаптарына бағасы мен жоғары техникалық сипаттамалары жағынан да сәйкес келеді. Жылыжай екі қабат пленкамен жабылған цинкіленген металл қаңқадан, тамшылатып суару, желдету және жылу жүйелерінен тұрады. Жалпы, жылыжайдың құрылымы шағын мөлшеріне қарамастан - жинағанда оңай, мықты және тұрақты, экстремалды жағдайға, ылғал мен коррозияға төзімді етіп жасалынған.

Тамшылатып суғару технологиясын жылыжайларда қолданудың тиімділігі орасан зор. Әр бір жаңашыл заттарды зерттеу, анықтау жұмыстары негізінен 3 жылды қамтиды. Зерттеу барысы 3 негізгі бағытта жүргізілді:

1-ші жылда Вегетациялық

2-ші жылда Лизиметриялық

3-ші жылда Дала тәжірибесі негізінен анықталынады.

Соңғы зерттелген қорытынды шаруашылықта қолдануға тиімді немесе тиімсіз деген қорытындымен шектеледі. Біздің зерттелген өніміміз тамшылатып суғаруға бағытталған. Тамшылатып туғару технологиясын жылыжайларда және дала тәжірибесі негізінде зерттелінді. Жылыжайларда тамшылатып суғару әдісінде алынған өнімнің мөлшері көп, сапасы анағұрлым жоғары екені дәлелденді. Зерттеуге біз «Шым-14» деген жаңа будандастырылған сортты тәжірибе жүзінде зерттелінді.

«Шым-14» қиярын өсірудің агротехникасы. Қияр көшетін өсіру үшін жылыжайда əртүрлі субстраттар қолданылады. Құнарлы топырақты 12-15 см қалындықта толтырып, топырақты қосып оның тереңдігін 20-25 см-ге дейін жеткізеді. Көшеттерді топырақ температурасын 18-200 С- қа дейін жеткенде бір- бірінен 40-50 см- аралықта отырғызады. 3-ші жапырақ шыға салысымен, соның астынан оны күрмеп байлап, шпагатты жоғары көлденең сымға байлау керек. Қиярдың сабағы өскен сайын оны шпагат жіппен орап, өсіп шыққан мұртшаларды жұлып отыру керек. Сабақ өскен сайын 50 см- ден кейін барлық жапырақтар мен бүйір өскіндермен гүлдерді жұлып отыру керек, бұл негізгі өнім беретін сабақ бөлігін жақсы жарықтандыру үшін қажет. Неғұрлым жарық көп түссе, соғұрлым алынатын өнім көбейеді. Негізгі сабақта 5-8 –ге дейін салынған қиярды қалдырып ең жоғарғы сымға жеткен кезде, оны төмен қарай бұрып, сабақта шыққан 1-4 жапырақтарды жұлып тастау керек. Төмен қарай бұрылған негізгі сабақтағы 4-і жапырақтан кейін, олардың ұштарын шырпиды, ал бүйір өскіндерін əр 40-50 см сайын жерге 1 м қалғанша шырпып отырады. Сонымен қатар 2-ші ретті өскіндерді 2-3 жапырақтан кейін шырпу қажет. 10 күн сайын қияр дақылын үстеп қоректендіріп отыру қажет, яғни 10 л суға 1 л коровяк пен 10 г мочевинаны араластырып беріп отыру қажет. Өнімді жинай бастағанда, олардың түсіне жəне формасына назар аудару қажет. Топырақта азот жетіспесе өнімнің түсі ашық- жасыл, жоғарғы жағы гүл болған жері қысқарып, үшкірленеді. Калий- жетіспеген жағдайда сабақ жағы қысылып, жоғарғы жағы шар формалы болып үлкейіп кетеді. Өнімдердің 4-6 жапырақтары шығысымен негізгі сабақтан бүйір өскіндер пайда бола бастайды. Бірінші өнімді астыңғы жақтарынан, аптасына 2 рет жинап, жаппай өнім бере бастағанда 2-3 күнде бір рет жинауға болады. Қиярды жинаған кезде түп 130 жағынан кішкене ғана сабақ (хвостик) қалдырып кесіп алу керек, бұл қиярдың тез солып қалмауына ықпал етеді. Жылыжайда қиярдың тұқымын жерге отырғызған соң оның ең басты жауы- суық. Одан кейін күн жылына бастаған кезде жоғары температура да өте қауіпті.

Қияр - кəді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас біржаздық дақыл. Гректердің "аугурос", "огурец" аорос піспеген пісіп жетілмеген деген мағына береді. «Шым-14» сорты ерте пісетін (42-46 күнде) партенокарпикалық будан түйінді түрде гүлдейді, əрбір түйінде 15-18 данаға дейін жеміс болады. Өсіру жағдайына өте бейімделгіш бір сабақта 30-35 ке дейін жеміс салады.

Ұзындығы 13-15 см, жиі бұдырлы, ақ тікенекті, өте дəмді сорт. Бұл қияр сортын универсалды түрде пайдалануға болады, яғни оны тұздап та, салат жасап жеуге де болады. Өте өнімді, бірқатар қияр ауруларына төзімді сорт.

Жылыжайда тəжірибе барысында тамшылатып суару (Т), жаңбырлатып (Ж), дəстүрлі арықпен суару (А) жүйелерінің қияр өсімдігіне қандай дəрежеде əсер ететініне бақылау жүргіздік.



Нәтижесінде:

Тамшылатып суғару(Т) кезінде бір түптен 15-35 данаға дейін өнім алынды.

Жаңбырлатып суғару (Ж) кезінде бір түптен 8- 12 данаға дейін өнім алынды.

Дəстүрлі арықпен суару (А) кезінде бір түптен 9-16 данаға дейін өнім алынды.

Жылыжай жағдайында тамшылатып суару технологиясын қолданғаннан кейін өсімдіктің өсуі жылдамдап, өнімнің құрлымы жақсарып, түсімі жоғарылады. Сонымен қатар бұл «Шым-14» сортының белгілі ауруларға, атап айтқанда: жалған ақ ұнтақ пен ақ ұнтаққа, сары теңбілге, вирустық қияр мозайкасына, бактериозына тамшылатып суарғаннан кейін төзімділігі артты.

Осы жүргізілген тəжірибелердің нəтижелері бойынша қияр дақылдарының тұқымын сепкеннен кейін, тұрақты тамшылатып суарғанда, өскіннің ерте шығуы, сабағының толық жəне ұзын болуы, өнімнің артуы жылыжайда тамшылатып суғаруды кеңінен қолданылуды қажет етеді.



Қорытынды:

1. Жылыжайда қиярды өсіру технологиясын зерттеу, оларға күтім жасау жəне шаруашылыққа көкөніс дақылдарының тигізетін əсерін анықтау, зиянкестері мен ауру қоздырғыштарына қарсы шаралар қолдану туралы мəселелер ғылыми жұмысымда кең көлемде қамтылды. Бүгінгі күні көпшілікті толғандырып жүрген жылыжай кешендерінің құрылысы мен қолданылу аясы зерттеліп, тақырыпқа байланысты нақты дəлелдемелер жазылды.

2. Елімізде жылыжай кешендерін салу толық аяқталды деп айта алмаймыз. Алайда, соңғы кездері қиярларды жылыжайда өсіріп, өнім алу кең тарауда. Бұл технологияда жасанды субстратпен қатар жасанды жарық қолданылады, сондықтан көкөністі өндіру ауа райы жағдайына тəуелді болмайды.

Бұл озық технологияны көкөніс фабрикасы деп те атай аламыз. Алдағы күндерде, бізде аталмыш технологиялық қондырғыларды пайдаланып, жұмыс жасаймыз.

Сонымен қорытындылай келе, жылыжайда тамшылатып суғару технологиясы қолданылғанда өсірілетін қиярдың өнімділігі артты және де өз нəтижесін көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер:

1 Юсупов Ш.Б. Инновациялық негіздегі жылыжай. Әдістемелік топтама. 2011ж

2 Қарлыға Е.Е. Қазіргі уақытта жылыжайлардың маңыздылығы. Жаршы 2010/5 басылым

3 Абдуллаев С.А. Тамшылатып суғару технологиясы. Оқу құралы -2004ж



4 Саттарханов С.А. Тамшылатып суғару және тыңайтқыш қолдану жүйесі. Практикум -2000ж

Резюме

Научно-исследовательские работы в небольших теплиц для выращивания овощей путем разработки экологически безопасной системы для создания конкурентоспособных ферм в сельской местности, имеют высокий доход, с тем чтобы добиться освобождения круглогодичного производства овощей является обеспечение.

Summary

Scientific research work in small greenhouses for the cultivation of vegetables through the development of environmentally friendly system to create competitive farms in rural areas have a high income in order to obtain the release of year-round production of vegetables is to provide.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет