Қармақшы
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 17 ақпанындағы
Кезектен тыс 25- сессиясының
№147 шешімімен бекітілген
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы
ауданының даму бағдарламасы
Жосалы кенті, 2014 жыл
|
|
Мазмұны
1.
|
Бағдарламаның төлқұжаты
|
2.
|
Ағымдағы жағдайға талдау
|
2.1
|
Қармақшы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
|
2.2
|
Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Экономикалық даму
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылымдық кешен
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология
Мемлекеттік қызметтер
|
2.3
|
Қармақшы ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
|
2.4
|
Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау
|
3.
|
Өңір дамуының көрінісі
|
4.
|
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.
|
|
1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;
|
|
2 бағыт: Әлеуметтік даму;
|
|
3 бағыт: Инфрақұрылым;
|
|
4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;
|
|
5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.
|
5.
|
Қажетті қаржы
|
6.
|
Бағдарламаны басқару
|
|
|
|
|
|
|
|
|
БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Бағдарлама атауы
|
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
|
Бағдарламаны дайындауға негізі
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамасы
|
Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым, немесе облыс аумағының 13,7% алып жатыр. Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеледі.
Ауданның негізгі экономикалық бағыты-ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру.
|
Бағыттары
|
- Экономикалық даму
- Әлеуметтік даму
- Инфрақұрылым кешені
- Аумақтарды дамыту
- мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы
|
Бағдарламаның мақсаттары
| -
Агроөнеркәсіп кешенінде, өнеркәсіпте жоғары өнімді инновациялық технологияларды енгізу, туризм саласында қызмет көрсету сапасын жоғарлату негізінде аймақ экономикасының жылдамдатылған дамуы;
-
Әлеуметтік саланы және адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін жоғарылату, барлық сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету;
-
Сапалы тұрмыс-коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз ету және экономиканың индустриализациясына жол беретін инфрақұрылымдық жиынтықты түрлендіру;
-
Депрессивті аймақтардың динамикалық дамуы арқылы әкімшілік-аумақтық қалыптасулардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін тегістеу;
-
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы.
|
Бағдарламаның міндеттері
|
- Жалпы өңірлік өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тұрақтандыру
- Жоғары қосымша құннымен жаңа өндірістер ашу.
- Экономиканың өңдеу өнеркәсібін дамыту.
- Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту.
- Агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірудің тұрақты өсуінің есебінен ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Ауданның мал шаруашылығының негізгі құрам бөлігі ретіндегі асыл тұқымды және жоғары өнімді малды дамыту.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау
- Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру.
- Инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау.
- Ауданның инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызметтер сатып алуда қазақстандық және жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту.
- Мектепте білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту. Педагог кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының абыройын жоғарылату.
- Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту.
- Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау.
- Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату.
- Халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету.
- Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау.
- Халықтың табысының өсуіне ықпал жасау.
- Қиын өмірлік жағдайдағы адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету.
- Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру.
- Дене тәрбиесін және спортты насихаттау және спортшылардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету
- Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату.
- Ауданда өмір сүріп жатқан барлық этностардың мәдениеттері мен дәстүрлерінің даму бостандығын одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
- Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету.
- Қоғамдық тәртіпті нығайту, қажетті деңгейде азаматтардың өмір қауіпсіздігін қолдау, есірткі бизнесі және қылмыспен күрес тиімділігін арттыру.
- Зілзала, алай-дүлей, техногендік апаттарды азайту тәуекелдігі бойынша жағдайлар жасау.
- Телекоммуникация және байланыс саласында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
- Жергілікті бағыттағы көлік жолдарының дамуы .
- Көлік қызметтерін , такси, автостанцияларды дамыту.
- Ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметің дамыту.
- Ауыз су жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету.
- Елді мекендерінің әлеуметтік саласының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету.
- Экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау.
- Орман ресурстарын үнемді пайдалануын сақтау, қайта өндіруді қамтамасыз.
- Жергілікті атқарушы тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
- Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
|
Мақсатты индикаторлар
|
- Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
- Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі
- Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі
- Электр энергиясын өндіруді арттыру
- Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі
- Ауыл шаруашылығы малдарының жалпы санындағы асыл тұқымды мал үлесінің артуы
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімінің нақты көлем индексі
- Бөлшек сауда көлемінің нақты индексі
- Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі
- Инновация саласында кәсіпорындар мен ұйымдар белсенділігінің өсу деңгейі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.)
- Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн көлемінің үлесін ұлғайту
- Халықтың білім сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану деңгейі - Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеумен қамту
- Техникалық және кәсіби біліммен 14-24 жастағы жастарды қамту үлесі
- Медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі
- Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы
- Халықтың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімін төмендету
- Жұмыссыздық деңгейі
- Табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындар үлесі
- Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың үлес салмағы (көмекті қажет ететіндердің жалпы санынан)
- Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі
- Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі
- Дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықты қамтуды арттыру
- Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту
- Туристік қызмет саласындағы ұйымдардың жиынтық табысының ұлғаюы
- Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң қолдайтын халық үлесін арттыру
- 14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі
- Халықтың ішкі істер органдарына сенімділігінің болжамдық деңгейі
- Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды азайту
- Халықтың телекоммуникация және байланыс саласында қызмет көрсетудің сапасына қанағаттану деңгейі
- Құрылыс жұмыстары көлемнің индексі
- Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, мың шаршы метр
- Елді мекендерінің даму сызбаларымен қамтамасыз ету деңгейі
- Қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі
- Жүк айналымы
- Жолаушылар айналымы
- Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі
- Халықтың орталықтандырылған ауыз суға қол жетімділігі деңгейін көтеру
- Жылумен қамтамасыз ету қызметімен қамтылу деңгейін арттыру
- Халықты су алу қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру
- Даму әлеуеті жоғары елді мекендердің санын арттыру
- Жалпы залалды заттардың шығарылуын азайту
- Мемлекеттік орман қорының орманды алқабының алаңы
- Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қаңағаттану деңгейі
|
Қаржыландыру көздерімен көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.
Қаржыландыру көлемі:
2011 жылы 5 334,0 млн. теңге
2012 жылы 5 370,8 млн. теңге
2013 жылы 6 488,1 млн. теңге
2014 жылы 5 834,1 млн. теңге
2015 жылы 5 232,7 млн. теңге
Барлығы : 22 425,6 млн теңге
|
2.Қазіргі жағдайға талдау
2.1 Қармақшы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оның Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық дамуына әсері.
Салалық мамандандыру есебінен Қармақшы ауданы ағрарлық аймақ болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту деңгейінің өсуі оң тенденция болып табылады. Жоғарғы даму деңгейі құрылыс секторында байқалады, оның ішінде тұрғын үй құрылысында.
2012 жылдың қорытындысы кезенінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жағымсыз мезет болып, рейтингтің даму деңгейі бойынша және серпінділік көрсеткіштері бойынша аудан 7 орынға ие болды.
Экономикалық әлеует.Қармақшы ауданының күріш өсіру әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Қызылорда құрамында Қармақшы ауданы көлемі 14,0 пайыз жерді құрайды және Қызылорда облысы бойынша 20,0 пайыз сапалы күрішті өндіреді.
Ет, сүт бағытында мал шаруашылығы дамып келеді.Жайымдылық жерлер мал басын көбейтуге және мал шаруашылығы өнімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ауданның туристік әлеуетін аудан бойынша дамытуға өте үлкен мүмкіндік бар, басымшылығы негізделген тарихи-архитектуралық ескерткіштер және тарихи маңызды жерлер. Оның ішінде «Қорқыт ата», тарихи орталығы, «Байқоңыр» кешені болашақ дүниежүзілік туристік кешенді құруға ықпал етеді.
Транспорттық әлеует. Қолданыстағы транзиттік әлеует Азиат аймағы, жақын және орта Шығыс, Еуропа мемлекеттермен өзара байланыстыратын аудан аумағында орналасқан экономикалық тиімділікпен айқындалады.
Халықтың өмір сүру деңгейі. 2012 жылы демографиялық сферада көрсеткіштердің төмендеуі атап айтқанда туудың азаюы және өлімнің көбеюі байқалуда.
Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту. 2012 жылы 2041 бірлік тіркелген, оның ішінде 4836 адам жұмыспен қамтылған.
Өсімдік шаруашылығы дақылдарын өсіруге негізгі су ресурсының жетіспеушілігіне қарамастан ауданда мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер және перспективалар бар.
Мал шаруашылығы сапасын тиімді дамыту мақсатындағы жұмыстар:
-асыл тұқымды малдың базасын дамыту және малдың генетикалық потенциялын жоғарылату;
-тұрақты жем базасын жасау, малды толық бағалы және баланс жасалған жеммен тамақтандыру, ол үшін мал азықтық егіс алқаптарын көбейту, мал азақтық тұқым себу айналымын енгізу, жайылымдарды және шөп шабуды рациональды түрде пайдалану.
Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет аудан территориясы арқылы өтетін автомобиль және теміржол торабтарын дамыту, тасымалдың инфрақұрылымын дамыту.
Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар. Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалап отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық-техникалық базасың әлсіздігінде. Білім және мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Көптеген ауылдық клубтары күрделі жөндеуді қажет етеді.
Ауданның еңбек рыноғы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыноғындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның агротехникалық колледжінің материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы.
Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары. Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі өте аз.
Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады.
Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі. Арал теңізінің кебуі және Байқоңыр кешенінің қызметін, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағар май сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.
2. 2 Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Өнеркәсіп
2012 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары (қолданыстағы бағамен) өндірген өнім көлемі 2 860 млн теңгені құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,9 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 3,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 89,3 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 7,5 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2011 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға өсті. Ал кен өндіру өнеркәсібі 2011 жылмен салыстырғанда 93,1 пайызға орындалды.
2013 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 3 751,0 млн теңгені құрайды. 2013 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 145,7 пайызды құрады.
Инновациялар мен инвестициялар
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жоба ұсынылып, картаға енді.
Картаға енген «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын бұл жобаның есепті кезеңде 90,0 пайыз құрылыс жұмыстары атқарылды. Инфрақұрылым тарту жұмыстары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Аман-Құрылыс» ЖШС-і 197,0 млн.теңгеге жүргізуде (электр желі, қосалқы станция, ауыз су желісі, аяқ су, насос станциясы). Қазіргі таңда аяқ су жинайтын қазандық құрылысы салынуда. Электр желісі тартылған, насос стансасы орнатылған, ауыз су Қорқыт станциясына тартылып жұмыс көлемі 95,0 пайызы аяқталған.
Жобаны жүзеге асыру барысында 57 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда, жоба іске қосылғанда тұрақты 15 жұмыс орны ашылады.
Жоба бойынша «Қорқыт Ата зиярат етушілер орталығында» мейрамхана, намазхана, қонақ үй, автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекеті, ұлттық қолөнер шеберханасы, туристер демалатын бақ жұмыс жасайтын болады. Қазіргі жағдай бойынша намазхана, мейрамхана, қонақ үй нысандарына сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
2013 жылы облыстық өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге аудан тарапынан екі жоба ұсынылып картадан тыс бақылауға алынды. Олар «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаратын кіші зауыты» - құны 51,0 млн.теңге, «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехын ашу» құны 64,0 млн.теңге. Жобалардың іске асыру мерзімдері 2013-2014 жылдар аралығы.
Инвестициялар
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 617,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 32,4 пайыз, басқа көздер үлесі 67,6 пайызды құрады.
2013 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 38 470 млн. теңге болып, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,9 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 10,0 пайыз, басқа көздер үлесі 90,0 пайызды құрады.
Аграрлық сектор.
2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 20 246 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды.
Өткен жылы егін жинау науханы жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде қарқынды жүргізілді. Сонын нәтижесінде 11770 гектардан 61 536 тонна сыр маржаны қанбаға құйылды. Сонымен қатар 160 тн мақсары, 12273 тонна көкөніс, 13148 тонна бақша, 21789 тонна картоп өнімдері алынды. Аудан бойынша 51331 тонна шөп дайындалды.
Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан егілген ауылшаруашылық дақылдарына 212 781 мың теңге, минералды тыңайтқышқа 106 359 мың теңге, барлығы 319 140 мың. теңге субсидия берілді.
Мал саны 2011 жылмен салыстырғанда түйемен құс басынан басқа төмендеп кеткен. Атап айтқанда мүйізді ірі қара 97,4 пайызға, қой 90,5 пайызға, ешкі 96,9 жылқы 95,2 пайызға төмендесе , түйе 103,8 пайызға, құс 105,9 пайызғы өсті.
3 325 тонна ет, 4 618 тонна сүт, 905,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда сүт өнімдері 101,8 пайызға өсіп, ет 99,7 пайызға, жұмыртқа 72,4 пайызға төмендеді.
Мал басын асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие арқылы шаруа қожалықтары 9 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырының бұқасын және 92 бас аналық сиыр сатып алды.
Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 009,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға артты.
2013 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 059,5 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 102,5 пайызға артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда
2012 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2041 бірлікті құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 4836 адамды құрап, 3,3 пайызға көбейген.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 916,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), 2011 жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға өсіп отыр.
Сондай-ақ, 2012 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен түсім көлемі 356,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өсті.
Аймақтық үйлестіру кеңесіне индустрияландыру картасына енгізілуге 2012 жылы 4 жоба ұсынылып, қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба ұсынылып 3-і қолдау тапты. Оның ішінде 2 жоба бағдарламаның 1-ші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша және 1 жоба 3-ші бағыты «кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» бойынша қанағаттандырылды.
Өткен жылы аудан кәсіпкерлері мен тұтынушылары түрлі қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 807,8 млн теңгенің несиесіне қол жеткізді.Оның ішінде 558,0 млн теңгесі тұтыну несиесі болса, 249,0 млн теңгесі нақты жобалар бойынша бөлінген.
2013 жылдың 11 айында ауданда тіркелген шағын субъектілердің саны 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 113,9 пайызға артты.
Өнім өндіру, қызмет көрсету көлемі 105,5 пайызға өсіп, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 101,0 пайызды құрады.
2012 жылы бөлшек сауда көлемі 2 235,5 млн теңгені құрады, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті.
2013 жылдың 11 айында бөлшек сауда көлемі 1 878,9 млн теңгені құрады, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 112,8 пайызға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі аудандағы көтерме саудамен айналысатын 5 кәсіпкерлік субъектімен азық-түлік бағасын көтермеу жөнінде меморандум жасалды.
Аудандағы нан және ұн өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 4 оператормен меморандум жасалынып, қазіргі уақытта 7 вагон арзандатылған ұн жеткізілді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ауданда 16 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды.
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ
Білім
Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты 21 орта, 1 орталау мектеп, 22 мектепке дейінгі мекемелер, аудандық оқушылар үйі, аудандық балалар әуез мектебі, кешкі мектебі бар.
2011-2012 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестке 599 оқушының 434-і қатынасты. Оқушының орташа балдық көрсеткіші - 64,92 құрады. Біздің аудан облыс көлемінде ІІІ-орынды иеленді.
Биылғы жылдың жазғы кезеңінде аудандағы 1-10 сынып аралығында жазғы демалыс және еңбекпен қамтуға 8584 оқушының 7556-сы, немесе 88 пайызы қамтылды. 1 сыныпқа қабылданған 878 оқушы ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылып отыр.
Мектептерге оқулық сатып алуға 12,9 млн теңге бөлініп, жалпы 21626 дана оқулықтар алынды. 2012-2013 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы орташа 74,0,0 пайызды құрады. 1 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасындағы оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.
Тасымалдау қажет ететін ауданда 158 мектеп оқушысы бар, атап айтқанда №250 лицей-мектебінің 102 оқушылары мен Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің 56 оқушыларын тасымалмен қамту мәселесі толығымен шешіліп отыр.
№12 кәсіптік лицейде бүгінгі күн талабына сай газо-электросварщик, электр-монтер, тігінші, тас қалаушы, автокөлік жөндеу слесары сияқты мамандықтар бойынша мамандар даярлануда.
«Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 22 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1727 бұлдіршін тәрбиеленсе, 18 мектепалды даярлық топтарында және «Балапан» шағын орталығында 365 бүлдіршін тартылған. Яғни 3-6 жас аралығындағы балалардың 75,9 пайызы балабақшамен қамтылып отыр.
Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 632 бала тұр, оның ішінде 390-ы 3 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі таңда балаларды балабақшамен қамту мақсатында «Толғанай» және «Тоғжан» балабақшаларында 2 топтан 80 бөбектер қабылдауға жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар Ақай ауылында 60 орындық жеке балабақша ашылуда. Биылғы жылы Төретам кентінде 280 орындық балабақшаның құрылысы басталады.
Аудан бойынша 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықпен 100 пайыз қамтылып отыр.
Төретам кентінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. 2012 жылы Қызылтам елді мекенінде 100 орындық мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 2013 жылы Төретам кентінде 600 орындық мектеп, Көмекбаев ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.Төретам кентінде 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық
Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жедел медициналық көмек көрсету қызметіне 3 санитарлық автокөлік және жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.
Дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту жұмыстары әлі де өз жалғасын табуда. Аудан бойынша жыл көлемінде 9 жас дәрігер келіп жұмыс жасауда.
100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 89,5 пайызды құрады.
Туу көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 99,1 пайызды құрады, Халықтың өлім - жітім көрсеткіші бойынша 109,8 пайызды құрап, өсу тенденциясы байқалуда.
Төретам кентінде ауылдық емхана,Алдашбай ахун, Иркөл ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы салынып пайдалануға берілді.
Биылғы жылы көптен шешімін таппай жүрген Жосалы кентіндегі бір ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы басталды.
Сонымен қатар Ақай және ІІІ-Интернационал ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4822 мың теңге бөлініп отыр.
Халықты әлеуметтік қорғау
2012 жылы жұмыс іздеуші ретінде жұмыссыздыққа 2550 жұмыссыз азамат тіркеуге алынды. Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 147 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 0,3 пайызды құрайды. 858 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 801 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекет тарапынан 297,0 млн теңгеге әлеуметтік төлем түрлері төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында кресло-арбалар, таяқтар мен балдақтар және басқа да құралдармен, қамтамасыз етіліп келеді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы кәсіптік оқу курстарына 150 азамат жолданып, 113 азамат оқу орындарымен қамтылды. Олар «тігінші», «Оптикалық және электронды құрал жабдықтар», «Жолаушылар мен жүк тасымалды ұйымдастыру», «Мұнай және кең орындарын ұйымдастыру», «Бухгалтер», «Газ жабдықтауды пайдалану» «Мейірбике» тағы басқа мамандықтар бойынша оқытылуда.
Сонымен қатар қайта даярлау курстарына 75 азамат оқу курстарымен қамтылды.Қазіргі таңда қайта даярлау курстарынан өткен азаматтардың 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Осы бағдарлама аясында дипломнан кейінгі жастар тәжірибесіне 132 жас маман жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 249 азамат жолданды.
«Нұр-Рай» шағын несие ұйымы арқылы 46 азамат 78 млн теңге шағын несие алып, өз жоспарларына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Т.Көмекбаев ауылында инженерлік инфрақұрылымымен 30 тұрғын үй салынып, шалғай орналасқан Шобанқазған, Кекірелі елді мекендерінен көшуге ниет білдірген 30 отбасы орналастырылды.
Төртінші бағыты бойынша әріптестік аясында мемлекет тарапынан 21,0 млн теңге бөлініп, Жаңажол ауылының 1 көшесі жарықтандырылып, орталық алаңы абаттандырылды. Тағзым алаңы, шаруашылық ғимараты, сауда орталығы мен мейрамхана жеке сектор арқылы абаттандырылды. Бұған «Жаңажол» ЖШС тарапынан 120,0 млн теңге жұмсалды.
Сонымен қатар Ш-Интернационал ауылына 20,0 млн теңге бөлініп, орталық алаңы абаттандырылды.
2013 жылға жұмысқа орналастыру 850 адамды көзделген болса, 2013 жылдың 1 желтоқсанына 752 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 12 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды .
Жыл көлемінде 9 рет «Бос жұмыс орындары» бойынша жәрменкелер өткізілді. Жәрменкі барысында 155 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Кәсіптік оқумен -75 адам , қайта даярлау-90 барлығы 165 жұмыссыздарды оқумен қамту жоспарланған. «Қайта даярлау» оқу курсына Қармақшы аграрлық – техникалық колледжіне «даяшы», «ағаш ұстасы», «тасқалаушы» 45 азамат, Байқоңыр қалалық «Космос » колледжіне «Плитамен қаптаушы», «Бояушы», «Байланыс технигі», «Құрғақ әдіс құрылысының маманы» 58 азамат, барлығы 103 азамат жолдама алып, қазіргі таңда 57 азамат толық курсын аяқтап,43 азамат оқуларын жалғастыруда. Аяқтаған 57 адамның 15 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Қызылорда облысы көлеміндегі арнаулы орта оқу орындарына «Кәсіптік оқу » курстары негізінде 10 айлық оқу курстарына 75 жұмыссыз азамат жолданды .Осыған орай «Кәсіптік оқу» курсына жіберілген 75 азамттың ішінене жұмысқа қабілетті 3 мүгедек , 2013 жылы жалпы білім беретін мектеп түлектерінен 15 азамат 10 айлық оқу курстарына жолданды.
2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесіне» 90 жас маманды жұмыспен қамтуға 20900,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі таңда 67 жұмыс беруші мекемелерге 123 жас маман жолданған, тәжірибе жинақтаған жас мамандарымыздың ішінен сол жұмыс орындарына 8 жас түлек тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 143 адамға 252250 мың теңге шағын несие берілді
2013 жылдың 1 желтоқсанына жалпы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасы саны 115, оның ішінде адам саны 534. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 407 адамға азайды. Көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті адамдардың үлесі 175 адам болып, 32,8%-ды құрады.
2013 жылы Бура шипажайына 28 жолдама беріліп, бүгінгі күнге 25 мүгедек шипажайға жіберіліп демалып қайтты. Сондай-ақ, Тараз Resort SPA шипажайына 48 жолдама беріліп, бүгінгі таңға 37 мүгедек шипажайға жіберілді.
Қызылорда қаласы,Талсуат округіндегі «Мүгедектер мен мүгедектерді оңалту орталығына» 37 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 41 зейнеткерге жолдама берілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Мәдениет саласы бойынша жалпы жыл басынан бері 674 мәдени шаралар өткізіліп, оған 12531 көрермен тартылды.
Өткен жылы аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға бу қазандығы ғимараттан тысқары орналастырылып, ішкі беті қайта жаңғыртылып, шатыры жаңартылды.
2012 жылы Төретам кентіндеге 150 орындық клубтың құрылысы пайдалануға беріліп, Тұрмағамбет, Ақжар, Ақай елді мекендерінде дәл осы жобадағы клубтардың құрылысы басталып, 2013 жылы пайдалануға беріледі.
Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасына сай аудандық бюджеттен 400 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Орыс ұлт өкілдерінің арасында «Тіл-достықтың тірегі» атты қазақ тілі білгірлернің сайысы өткізілді. ІІІ-интернацинал ауылында қазақ,түрік, кәріс ұлттарының арасында «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты достық фестивалі өткізілді. «Тілдің үш тұғырлы» саясатына байланысты «Тіл дарын – 2012» аудандық олимпиада өткізілді.
Дене шынықтыру және спорт, туризм
Спорт саласында дене шынықтыру және спортты дамытудағы ең басты көрсеткіштердің бірі - дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі артты. Кент және ауыл округтерінде осы мақсатта өткен жылы 15 әдіскер-инструкторлар жұмыс жасаған болса, ағымдағы жылы 25 штат бірлігі болып көбейді.
Ерекше айтып кетейік, Байқоңыр қаласына 2011 жылы 3 әдіскер - инструктор штаты болса, өткен жылы 2 инструктор штаты қосылып, Ақай, Төретам, Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін барлығы 7 инструктор қызмет көрсетуде.
2011 жылы аудан халқының 20,4 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданған болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 22,00 пайызға жетті.
Ауыл жастарының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруда мақсатында өткен жылы Жосалы кентінде, Абыла, Иіркөл, Алдашбай ахун, Қуандария елді мекендерінде спорт алаңдары салынды. Сонымен қатар Жосалы кентінде 300 орындық стадион құрылысы пайдалануға берілді.Үстіміздегі жылы 7 спорт алаңдары салынуда.
Ішкі саясат
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Аудан бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен 15 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. Аудан әкімдігі тарапынан азаматтық қоғам құрылымдарымен әріптестік байланыстар орнатылған. Үкіметтік емес ұйымдар да өз кезегінде ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді.
Үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын ауданның өзекті мәселелерін шешуге пайдалану мақсатында өткен жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы 3 млн 96 мың теңге қаржы қаралып, түрлі бағыттағы 7 әлеуметтік маңызы жоғары жоба жүзеге асырылды.
Аудан бойынша бүгінгі күнге тұрақты діни ахуал қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта ауданда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 10 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, 2012 жылы Қорқыт бекетінен «Қорқыт ата» мешіті пайдалануға берілді. Ақтөбе ауылынан мешіт үйі тұрғызылып, осы жылдың наурыз айында жамағатқа қызмет көрсетеді деп күтілуде.
Аудан әкімдігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2012 жылы «Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба орындалды.
Саяси партиялар қатарында ауданда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының филиалы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, «Ақжол» демократиялық партиясы мен Қазақстан халықтық коммунистік партияларының аудандық өкілдіктері жұмыс істейді. Саяси партия өкілдіктерімен ынтымақтастық және әріптестік байланыстар орнатылған.
Жастар саясаты
2012 жылы «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 796 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 2 әлеуметтік тарсырысқа конкурс өткізілді. Соған сәйкес, «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизмнің көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» лоты бойынша, «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» лоты бойынша жұмыстар жүргізді.
Жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен 2012 жылы діни экстремизм және дінге байланысты басқа да өзекті мәселелер жөнінде барлық кент, ауылдық округтерде «Дін және зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам» және басқа да тақырыптық 13 семинар, 31 мамыр – саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зобалаңы зардапты» атты митинг, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына орай «Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым» атты мерекелік шара, дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз болашақ!», Елбасы Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты шығарма байқауы, «Болашақ бүгіннен басталады!» атты акция аясында «Гүлденсін Қармақшы!» тақырыбында тазалық шарасы, «Ескерткіштер - ел мұрасы» атты аудандық акция, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жас ақындар мүшәйрасы, тазалық акциясы, спорттық сайыстар мен мерекелік кеш және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану бағытында түрлі спорттық, мәдени шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, 2012 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан «Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы жастары арасында әріптестік пен қарым-қатынас орнату бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасына жарияланған конкурстың жеңімпазы болып танылып, Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерінің жастары арасында түрлі мәдени-танымдық, спорттық шаралар ұйымдастыруда.
Қоғамдық тәртіп
2012 жылы аудан көлемінде 311 қылмыс тіркелді, оның ішінде 63,0 пайызын ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,0 пайызға өсіп отыр. Қылмыстың ашылу деңгейі 21,0 пайызды құрайды. Арнайы-оперативтік "Допинг", "Канал", "Мак" шараларын жүргізілді. 2012 жылы Нашақорлықпен және наша саудасымен күрес шарасын жүргізу нәтижесінде ауданда қылмыс тіркелген жоқ.
Аудан аумағында мерзімдік су алу, қыс мезгіліндегі төтенші тұрмыстық, өндірістік және ландшафттық өрттер болып тұрады. Төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпін барынша азайту, адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлардан болатын зияндардың және материалдық шығындардың мөлшерін төмендету үшін ауданда тұрақты түрде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып тұрады.
Азаматтық қорғау іс-шаралары индустриялық-инновациялық дамыдың қарышты қадамдарына сай болуы керек және техногенді апаттардың пайда болу қауіптерің барлық факторларын есепке ала отырып құралады, оның ішінде террористік актілерден туындайтын себеп-салдарлар да ескеріледі. Ауылдық елді мекендер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен, оларға жедел қызмет көрсету радиусынан қашықты орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімшелеріне дейінгі қашықтық 20 және одан да көп шақырымды құрайды.
Қысқы-көктемгі мерзімдегі су тасқынынан болатын жағымсыз жағдайлар көктемгі ауақытта аудандағы 4 елді мекендеріне су алу қаупін туғызады.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КЕШЕНІ
Құрылыс
2012 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 17 410 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға өсті. Оның ішінде мемлекеттік меншік 14,2 пайызды құраса, жеке меншік 85,8 пайызын құрап отыр.
2013 жылдың 11 айында тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 14 962 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 пайызға өсті.
2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 9 883 млн теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 118,4 пайызға артты.
2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 13 767,2 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өсті.
Жосалы кентінің кіреберісіндегі «Қобыз» композициясы, қайта жаңғыртылған «Рәміздер алаңы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ, абаттандырылған К. Рүстембеков атындағы жыраулар үйі, орталық көшелерге 8 жерден орнатылған аркалар және түрлі орнаментпен өрнектелген электр бағаналары бүгінгі күні халық игілігіне айналды.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі көшеге тротуар, яғни тас төсеніштер төселді.
Жол және көлік
Облыстық бюджеттен 140,0 млн теңгеге 7 елді мекеннің ұзындығы 13 шақырым болатын көшелеріне, аудандық бюджет есебінен 50,0 млн теңгеге Жосалы кентінің ұзындығы 4 шақырымдық 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 100,0 млн теңгеге Жаңажол ауылындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 19,7 млн теңгеге аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Жаңажол» автомобиль жолының 1,3 шақырымға жөндеу жұмыстары атқарылды.
2012 жылы жүк тасымалдау көлемі 5 873,2 мың тоннаға жетіп, 104,7 пайызға, жүк айналымы 804,8 млн.тонна шақырым болып, 101,4 пайызға, жолаушылар тасымалдау 4 037,5 мың адамды тасып, 119,1 пайызға, жолаушылар айналымы 99,3 млн.жолаушы шақырымды құрап, 109,2 пайызға өсті.
2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кентінің 11 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 286135,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кенті, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданның 4 елді мекенінің көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 25656,0 мың теңге бөлініп жұмыстары атқарылды.
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелері абаттандырылды.
Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 25 943,0 ,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Жақсылық» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстары атқарылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.
Ауданда барлығы 73 көпқабатты тұрғын үйлер бар (Жосалы кенті – 54, Төретам кенті – 12, ІІІ Интернационал ауылы – 7). Онда барлығы 719 пәтер орналасқан (Жосалы кенті – 463, Төретам кенті – 188, ІІІ Интернационал ауылы – 68). Аталған нысандардың тозуы 60-70 пайыз аралығында.
Ауданда 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жоғарыда аталып өткен үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында көпқабатты үйлер пәтер иелерінің «Жосалы» кооперативі құрылды.
«Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде орналасқан 8 көпқабатты үйді жөндеу үшін құжаттары дайындалып, 5-уі мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда 4395,0 мың теңгеге Жосалы кентінің Көмекбаев көшесі №1 және №3 тұрғын үйлердің пәтер иелерінің толық келісімімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
Кезен кезенмен аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселері шешілуде.
Елбасының 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қазіргі таңда аудан тұрғындары 100% таза сумен қамтамасыз етіліп отыр.
Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық және облыстық бюджеттен 237,1 млн теңге бөлініп, Ақжар, Ақтөбе елді мекендегі ауыз су жүйесін тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 746 үйге су құбыры кіргізілді және 252 көру құдығы қойылды.
АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ