Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің



Дата13.10.2018
өлшемі190.43 Kb.





Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2014 жылғы 31желтоқсандағы

№ 364 бұйрығына 1-қосымша





«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің

ғарышаппараттарын басқару»

кәсіби стандарты



1. Жалпы ережелер





    1. «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару» кәсіби стандарты Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарынбасқару бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді.

    2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;

  2. біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

  3. ғарыш жүйесі – ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;

  4. еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесі міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;    

  5. еңбекті ғылыми ұйымдастыру – еңбекті ұйымдастыру саласында ғылыми және практикалық жетістіктерге негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі;

  6. Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау мен өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;

  7. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі – Жер беті және Жер беті құрылымы туралы кеңістіктік деректерді жинауға, жаратылыстық табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогендік факторлар мен түзілімдердің сипаттамасын және уақытша құбылмалылығын сипаттауға арналған жүйе;

  8. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару – Жерді қашықтықтан зондтау үшін бағытталған ғарыштық ұшу аппараттарын пайдалану;

  9. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;

  10. кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

  11. кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

  12. кәсіптік топ – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектісі, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан саланың қызмет түрлерінің жиынтығы;

  13. құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігін және тәжірибесін қолдану қабілеті;

  14. салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.

3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

  1. СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

  2. БА – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

  3. ЖҚЗ ҒЖ ҒА – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараты.



2. Кәсіби стандарттың паспорты

4. Кәсіби стандарттың атауы: «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару».

5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттіліктеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілеу.

6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару ЖҚЗ ҒЖ ҒА штаттық тәртіпте жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қамтиды.

7. Негізгі топ: Физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандар, табиғи және инженерлік ғылымдар саласының мамандары, ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары.

Кәсіптік топ: Электрондық есептеу машиналарына және әртүрлі компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету бойынша техниктер мен операторлар, физикалық және инженерлік қызмет бағыттары саласындағы біліктілік деңгейі орташа мамандар, инженерлер мен тектес кәсіптер мамандары, мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары, ұйым басшылары.




3. Кәсіптер карточкасы

8. Кәсіптер тізбесі:



  1. телекоммуникациялық жүйелер бойынша техник – СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейі;

  2. инженер – СБШ бойынша 5-біліктілік деңгейі;

  3. техникалық қызмет көрсету бойынша жетекші инженер – СБШ бойынша 6-біліктілік деңгейі;

  4. бас инженер (өзге де салаларда) – СБШ бойынша 7-біліктілік деңгейі;

  5. бас конструктор – СБШ бойынша 8-біліктілік деңгейі.

Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандартқа қосымшада көрсетілген.

«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш

жүйесінің ғарыш аппараттарын

басқару» кәсіби стандартына



қосымша
Кәсіптер карточкасы

«Телекоммуникациялық жүйелер бойынша техник» кәсібінің карточкасы


Кәсіп коды

3114

Кәсіп атауы

Телекоммуникациялық жүйелер бойынша техник

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

санатсыз, II санат, I санат

Кәсіби білім деңгейі

Техникалық және кәсіби білім, практикалық тәжірибе. Біліктілікті арттыру курстары (мүмкіндігінше).

Еңбек функциясы
Қабылдау-тапсыру құрылғыларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің және компьютерлік парктің қызмет көрсету және штаттық жұмысын қамтамасыз ету.

Біліктері және дағдылары:

  1. Стандарттық практикалық тапсырмаларды орындау.

  2. Қабылдап-тапсыру құрылғыларының жабдықтарын жөндеу/ қайта жөндеу, радиобайланыспен қамтамасыз ету.

  3. Сызбаларды, схемаларды, техникалық құжаттаманы оқып білу.

  4. Жалпы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу.

  5. Анықтамалық материалдарды қолдану.

  6. Кәсіптік мақсаттағы мәтіндерді құру және редакциялау дағдылары.

  7. Штаттан тыс жағдайда қызметтің практикалық және үлгілік дағдылары.

  8. Қойылған кәсіптік міндеттемелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.

  9. Бағдарламалау, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді жөндеу және қызмет көрсету дағдыларын меңгеру.

  10. Жұмыс жағдайларын өз бетінше талдауды қажет ететін әртүрлі үлгілік практикалық міндеттемелерді шешу.

  11. Бағдарламалық қамтамасыз етудің және компьютерлік парктің штаттық жұмысын қамтамасыз ету.

  12. Телеметрияны және телекомандаларды қабылдау-тапсырудың штаттық процесін қамтамасыз ету.

Білімі:

  1. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  2. «Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 Қаулысы.

  3. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін «Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары».

  4. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін «Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидалары».

  5. Радиотехника, электроникажәне телекоммуникация, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік модельдеу саласындағы білім.

  6. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар, жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері, арнайы және анықтамалық әдебиеттерінде, жұмыс нұсқаулықтарында қолданылатын терминология, қызмет бағыты бойынша қолданыстағы салалық стандарттар және техникалық талаптар.

  7. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, электр қауіпсіздігінің негіздері.

  8. Қабылдап-тапсыру құрылғыларының әрекет ету қағидалары.

  9. Бағдарламалаудың негіздері.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Дербестік.

Тәртіптілік.

Жауапкершілік.

Оқуға, жаңа білім, біліктер және дағдылар алуға қабілеттілік.

Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетіне ниеттілік.

Командада жұмыс істеу.



СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

2149

Инженер

«Инженер» кәсібінің карточкасы

Кәсіп коды

2149

Кәсіп атауы

Инженер

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

санатсыз, II санат, I санат

Кәсіби білім деңгейі

Техникалық және кәсіби білім, практикалық тәжірибе. Ортаданкейінгібілім, практикалықтәжірибе. Жоғарыбілім. Біліктіліктіарттырукурстары (мүмкіндігінше).

1-еңбек функциясы
Түсірілімнің жүзеге асырылуын бағалау арқылы ЖҚЗ ҒЖ ҒА түсірілімдер жоспарын құру

Біліктері және дағдылары:

  1. Қойылған кәсіптік міндеттемелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.

  2. Түсірілімнің мүмкіндігін бағалау дағдыларын меңгеру.

  3. Қазіргі заманғыбағдарламалық құралдарды қолдану.

  4. Ғарыш аппараттарының қашықтықтан зондтаужоспарларын құру дағдылары.

  5. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  6. Кәсіптік мақсаттағы мәтіндерді құру және редакциялау дағдылары.

  7. ЖҚЗ ҒЖ ҒА деректерін талдау негізінде практикалық міндеттемелерді шешу.

Білімі:

  1. ЖҚЗ ҒЖ ҒА-ның миссиясын жоспарлау, ғарыш аппараттарын басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы білімдер.

  2. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар, жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері, арнайы және анықтамалық әдебиеттерде, жұмыс нұсқаулықтарында қолданылатын терминология, қызмет бағыты бойынша қолданыстағы салалық стандарттар және техникалық талаптар.

  3. Техникалық ағылшын тілін білу.

2-еңбек функциясы
ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшуының динамикасын талдау

Біліктері және дағдылары:

  1. Қойылған кәсіптік міндеттемелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.

  2. ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшу динамикасын талдау дағдылары.

  3. Қазіргі заманғыбағдарламалық құралдарды қолдану.

  4. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  5. Кәсіптік мақсаттағы мәтіндерді құру және редакциялау дағдылары.

  6. Технологиялық сипаттамасы бар тапсырмаларды ұйымдастыру және шешу.

Білімі:

  1. ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару, ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшу динамикасын талдау саласындағы білімдер.

  2. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар, жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері, арнайы және анықтамалық әдебиеттерде, жұмыс нұсқаулықтарында қолданылатын терминология, қызмет бағыты бойынша қолданыстағы салалық стандарттар және техникалық талаптар.

  3. Техникалық ағылшын тілін білу.

3-еңбек функциясы
ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшуының штаттық тәртібін қамтамасыз ету

Біліктері және дағдылары:

  1. Қойылған кәсіптік міндеттемелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу.

  2. ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшуын басқару дағдыларын меңгеру.

  3. Қазіргі заманғыбағдарламалық құралдарды қолдану.

  4. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  5. Кәсіптік мақсаттағы мәтіндерді құру және редакциялау дағдылары.

  6. Технологиялық сипаттамасы бар тапсырмаларды ұйымдастыру және шешу.

Білімі:

  1. ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару саласындағы білімдер, ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшу динамикасын талдау.

  2. Жұмыс тақырыбы бойынша анықтамалық материалдар, жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері, арнайы және анықтамалық әдебиеттерде, жұмыс нұсқаулықтарында қолданылатын терминология, қызмет бағыты бойынша қолданыстағы салалық стандарттар және техникалық талаптар.

  3. Техникалық ағылшын тілін білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Дербестік.

Тәртіптілік.

Жауапкершілік.

Оқуға, жаңа білім, біліктер және дағдылар алуға қабілеттілік.

Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетіне ниеттілік.

Өзін-өзі бақылау.

Өз жұмысын ұйымдастыра білу.

Ынталылық.

Командада жұмыс істеу.

Басқарушылық қабілеті.



СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

2145

Техникалық қызмет көрсету бойынша жетекші инженер

«Техникалық қызмет көрсету бойынша жетекші инженер» кәсібінің карточкасы

Кәсіп коды

2145

Кәсіп атауы

Техникалық қызмет көрсету бойынша жетекші инженер

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

6

БА бойынша біліктілік деңгейі

санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Біліктілікті арттыру курстары.

Еңбек функциясы
ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдарстыру және бақылау

Біліктері және дағдылары:

  1. Алынған деректерді түсіндіру.

  2. Қойылған мақсаттарға сәйкес деректерді талдау әдістемесін таңдау, қорытынды мен тұжырымдарды жасау.

  3. Алынған деректерді жиынтықтау.

  4. ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

  5. Анықтамалық материалдарды қолдану.

  6. Кәсіптік мақсаттағы мәтіндерді құру және редакциялау дағдылары.

Білімі:

  1. ЖҚЗ ҒЖ ҒА-ның миссиясын жоспарлау, ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару, ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшу динамикасын талдау саласындағы білімдер.

  2. Жаратылыстану ғылымы және математикалық цикл пәндерін білу.

  3. Жерді қашықтықтан зондтауда қолданылатын физикалық қағидаттар.

  4. ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің мәндері және параметрлері.

  5. Ақпаратты талдау әдістемелері.

  6. Техникалық ағылшын тілін білу.

  7. Сапа менеджменті жүйесінің негіздері.

  8. Нормативтік құжаттар, мемлекетаралық, ұлттық, салалық стандарттар және ұйымның стандарттары.

  9. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, электр қауіпсіздігінің негіздері.

  10. Психология негіздері.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Тәртіптілік.

Өзін-өзі бақылау.

Өз жұмысын ұйымдастыра білу.

Өз бетінше оқу.

Орындаушылық, талдамалық қабілеттілік.

Ынталылық.

Жауапкершілік.

Басқару қабілеттілігі.

Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетіне ниеттілік.

Командада жұмыс істеу.



СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

1229

Бас инженер (өзге салаларда)

«Бас инженер (өзге салаларда)» кәсібінің карточкасы

Кәсіп коды

1229

Кәсіп атауы

Бас инженер (өзге салаларда)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

7

БА бойынша біліктілік деңгейі

санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. Біліктілікті арттыру курстары.

Еңбек функциясы
ЖҚЗ ҒЖ ҒА тіршілік етуін талдау және болжамдау

Біліктері және дағдылары:

  1. Жұмысын тиімді ұйымдастыра білу, қызмет нәтижелерін өздігінен бағалау, жұмыс тобының мақсатын қалыптастыру, қойылған міндеттемелерді бөлу мен орындауды үйлестіру, қызметкерлерге тәжірибе беру және көмек көрсету, алған ақпаратты талдау, ондағыбастыларынбөлу, оның негізінде жаңа білім жасау.

  2. Жаңа білім алудың әдістемесін және арнайы құралдарын пайдалана отырып, өзі немесе топ құрамында ғылыми ізденіс жүргізу.

  3. Анықтамалық материалдарды қолдану.

  4. Жекелеген бағыттар бойынша қызметті үйлестіру, өздігінен жұмыс істеу, құрылымдық шешім қалыптастыру, әртүрлі дереккөздерінен ақпаратты алу мен өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық кеңістікте жұмыс істеу.

  5. Компьютерлік модельдеуді, жалпы және арнайы бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы есептеуді жүзеге асыру.

  6. Жұмыс жоспарын әзірлеу, ЖҚЗ ҒЖ ҒА пайдаланудың озық тәжірибесін қолдану.

  7. Тәуекелді талдау, техникалық тапсырмаға, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу.

  8. Материалдарды дайындау, жариялауға ғылыми мақалаларды дайындау және техникалық есептемелерді ресімдеу.




Білімі:

  1. ЖҚЗ ҒЖ ҒА-ның миссиясын жоспарлау, ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқару, ЖҚЗ ҒЖ ҒА ұшу динамикасын талдау саласындағы білімдер.

  2. Жаратылыстану ғылымы және математикалық цикл пәндерін білу.

  3. Жерді қашықтықтан зондтауда қолданылатын физикалық қағидаттар.

  4. Іскерлік әкімшілік ету, жобаларды басқару салаларында білімдер.

  5. Ақпаратты талдау әдістемелері.

  6. Техникалық ағылшын тілін білу.

  7. Сапа менеджменті жүйесінің негіздері.

  8. Нормативтік құжаттар, мемлекетаралық, ұлттық, салалық стандарттар және ұйымның стандарттары.

  9. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Командалық жұмысты қалыптастыру.

Өз бетінше оқу.

Өзін-өзі бақылау.

Шапшаңдық.

Орындаушылық, талдамалық қабілеттілік.

Ынталылық.

Жауапкершілік.

Жүйелік ойлау.



Басқару қабілеттілігі.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

1210

Бас конструктор

«Бас конструктор» кәсібінің карточкасы

Кәсіп коды

1210

Кәсіп атауы

Бас конструктор

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

8

БА бойынша біліктілік деңгейі

санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. Біліктілікті арттыру курстары.

Еңбек функциясы
ЖҚЗ ҒЖ ҒА басқаратын кәсіпорын жұмысын талдау және бағалау

Біліктері және дағдылары:

  1. Кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау, күрделі өндірістік ғылыми процестерді басқару.

  2. Бір-бірімен байланысатын кәсіпорындармен және кооперация кәсіпорындарымен және саланың басқа ұйымдарымен өзара әрекет ету.

  3. Жұмысын тиімді ұйымдастыра білу, қызмет нәтижелерін өздігінен бағалау, жұмыс тобының мақсатын қалыптастыру, қойылған міндеттемелерді бөлу мен орындауды үйлестіру, қызметкерлерге тәжірибе беру және көмек көрсету, алған ақпаратты талдау, ондағы бастыларынбөлу, оның негізінде жаңа білім жасау.

  4. Жаңа білім алудың әдістемесін және арнайы құралдарын пайдалана отырып, өзі немесе топ құрамында ғылыми ізденіс жүргізу.

  5. Ақпараттық материалдарды пайдалану.

  6. Жекелеген бағыттар бойынша қызметті үйлестіру, өздігінен жұмыс істеу, құрылымдық шешім қалыптастыру, әртүрлі дереккөздерінен ақпаратты алу мен өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық кеңістікте жұмыс істеу.

  7. Компьютерлік модельдеуді, жалпы және арнайы бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы есептеуді жүзеге асыру.

  8. Жұмыс жоспарын әзірлеу, ЖҚЗ ҒЖ ҒА пайдаланудың озық тәжірибесін қолдану.

  9. Тәуекелді талдау, техникалық тапсырмаға, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу.

  10. Материалдарды дайындау, жариялауға ғылыми мақалаларды дайындау және техникалық есептемелерді ресімдеу.




Білімі:

  1. Іскерлік әкімшілік ету, персоналды басқару салаларында білімдер.

  2. Жаратылыстану ғылымы және математикалық цикл пәндерін білу.

  3. Жерді қашықтықтан зондтауда қолданылатын физикалық қағидаттар.

  4. ЖҚЗ ҒЖ ҒА мәндері және параметрлері.

  5. Ақпаратты талдау әдістемелері.

  6. Техникалық ағылшын тілін білу.

  7. Сапа менеджменті жүйесінің негіздері.

  8. Нормативтік құжаттар, мемлекетаралық, ұлттық, салалық стандарттар және ұйымның стандарттары.

  9. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

  10. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, электр қауіпсіздігінің негіздері.

  11. Персоналды басқару негіздері.

  12. Психология негіздері.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Командалық жұмысты қалыптастыру.

Тиімді коммуникация.

Өзін-өзі бақылау.

Өз жұмысын ұйымдастыру.

Орындаушылық, талдамалық қабілеттілік.

Ынталылық.

Жауапкершілік.

Басқару қабілеттілігі.



Жүйелік ойлау.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

-

Кәсіби стандарттың техникалық мәліметі

Әзірлеген

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы

1-нұсқа, 2014 жыл

Қайта қараудың болжалды күні

2017 жыл

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет