Жеке тұЛҒаның психикалық Қасиеттері мен процестері



Дата12.11.2017
өлшемі337.56 Kb.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ

ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ПРОЦЕСТЕРІ

(студенттердің дербес дайындалуына

әдістемелік құрал)

Көкшетау - 2002 ж.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ПРОЦЕСТЕРІ.

Құрастырған Құрмашева Б.А.

педагогика, психология кафедрасының аға оқытушысы



Ұсынылып отырган бұл құралдыц мацсаты - өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыруда студенттерге көмек беру. Сынақ пен емтиханға даярлануға көмегін тигізетін, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар енгізілген.

Пікір жазған: педагогика, психология кафедрасының аға оқытушысы, доцент,психол,ғылми,кандидаты Ауталипова Ұ.Ы.



МАЗМ¥НЫ

1. Кіріспе сөз.

2. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері.

3. Социометрия әдісін қолдану.

4. Қызығулар мен бейімділік.

5. Қабілет, пысықтау сұрақтары.

6. Мінез, пысықтау сұрақтары.

7. Темперамент, пысықтау сұрақтары.

3

КІРІСПЕ СӨЗ



Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің әр салаларымен тығыз байланысты.

Соңғы жылдары адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуге ұстаздар, психологтар, социолог мамандар жете зер салып отыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, оқушымен мұғалімдердің қатынасы, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген сұрақтарға жауап іздестіру қазіргі заман талабы.

Ұсынылып отырған құралда жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін, қызығулар мен қабілет, мінез және темперамент тақырыптарына байланысты студент өздігінен жұмыс жасай алатын, білімін тереңдетуге әлеуметтік өлшеу әдісі туралы да сөз болып, адамдар арасындағы қатынасты орнату, оның үйлесімді әрі тиімді болу жолдарын психологиялық түрғыдан дәлелдей білуге көмектесетін жаттығулар мен тапсырмалар қамтылған.

Қазақ тіліндегі психологиялық әдебиеттер әлі де болса жеткіліксіз болғандықтан, бұл құралды мұғалімдер дайынтайтын және басқа да факультеттің студенттері көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады.

Мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру міндетін шешуге байланысты мұғалімдердің теориялық даярлығын жетілдіру ерекше мәнге ие болады. Оқытудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу жұмысының барлық түрі - аудиториялық сабақтар, өздігінен оқу, консультация, семинар және басқалар.

Лекцияда оқытушылар бағдарламаның негізгі бөлімдерін, тақырыптарын, кейбір мәселелерді жан-жақты, енді біреулерін ішінара ашып көрсетсе, енді біреулерін студент өздігімен оқып үйренетін түпнұсқаулар ұсынылады.

Семинар сабақтары оқу қызметінің тиімді түрі болып табылады. Семинар дегеніміз - бұл белгілі бір тақырыптық

4

түйінді мәселелерін оқытушының басшылық етуімен ұжым болып талқылау, сабақ кезінде студенттердің пікір алысуы болады, олар салыстыра білуге, одан қорытынды шығаруға, жинақтауға үйренеді. Семинарларды ойдағыдай өткізудің негізгі шарттарының бірі - студенттердің даярлығы, әрқайсысының ұсынылған әдебиеттерді терең оқып үйренуі және конспект жасай білуі болып табылады.



Лабораториялық-практикалық сабақтар - оқытушының басшылығымен жүргізілетін өздігінен атқаратын жұмыстың бір түрі. Олардың мақсаты - теориялык білімді тереңдетіп және бекіту, тәжірибелік дағдыларды дамыту.

Әдебиетпен жүмыс істеу барысында керекті жерлерді жазып отырған жөн. Жазудың түрі шығарманың көлеміне, күрделілігіне және мәнділігіне байланысты түрліше болуы мүмкін (көлемді жоспар, тезистер, конспект). Шығармаларды оқу кезінде библиографиялық карточкалар жасауды ұсынамыз. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген ережелер бойынша: кітаптың авторы, кітаптың аты, шығарылған жылы, баспаның аты, жылы, мақалалар үшін - авторы, аты, газеттің немесе журналдың аты, шыққан жылы, нөмері, айы, күні, беті жазылады.

5

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



МЕН ПРОЦЕСТЕРІ.

Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі.

Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы - қажеттілік десек, қажеттілік - адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады.

К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі - адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған.

Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия”

6

- әлеуметтік өлшеу - деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы



психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі - сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі - өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.

I тапсырмада социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді - деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ. (5-7 сыныптарда).

Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде қамтылған адамдардың өзара қатынасын зерттеу;

2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;

7

3) зерттеуге катысушылардың шынын айттыру үшін олардың жауабын өзгелерге жария етпеуді ескерту;



4) тапсырма орындалғаннан кейін әркімнің қалағандары мен қалаудан тыс қалғандарды анық көрсететін кестемен диаграмма жасау;

5) диаграммада көрсетілген мәліметтер бойынша тәжірибеге қатысушылардың өзгелерді қалауы мен қаламауы туралы тиісті дәлелдер мен себептерін білу.

Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:

1 . Сыналушының аты

2. Құрбыларыңның қайсысын туған күніне шақырар едің?

3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен бірге барғын келеді?

Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.

Социометрия арқылы жинақталған мағлұматтарды қорытып диаграма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген.



Пысықтау сұрақтары:

1. Адамдар арасындағы қатынастарды зерттеуде қандай әдіс қолданылады?

8

2. Қажеттіліктің кандай түрлері жалпы психологияда белгіленген?



3. Сапаға негізделген нәтижелі ме, дағды арқылы

орындалған іс нәтижелі ме?

4. Ойнау тек ерігуден пайда бола ма?

5. Оқу мен ойын арасындағы айырмашылық қандай?

6. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің дауысы қандай болғаны жөн?

Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет.

Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты - ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға.

Ал психикалық процестерге жататын - түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін.

Эмоциялық қасиеттер - сезімдер.

Жігерлік қасиеттер - ерік.

Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады.

Жеке тұлғаның бағыты - көзқарас, пікір, қажеттіліктер,

9

қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.



Қызығулар мен бейімділік.

Қызығу - жеке тұлғаның қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы және сонымен қанағаттануы.

Бейімділік - өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы.

Оқушылардың бойында тұрақты қызығуларды қалыптастыру және дамыту - ең маңызды мұғалімнің мақсаты, өйткені қызығулар себептер мен қатар оқу әрекетінде басты себептер болып саналады.

Мұғалімнің қызығуы мен бейімділігі өз пәні бойынша

балалардың бойында да сол пәнге деген қызығуды дамытып

отырады. Оқушының бойында қызығуын дамыту үшін оны нақты оқу әрекетіне қатыстырып теориялық білімді пайдалануды көрсетіп отырған жөн, өзінің сол білімін пайдаланып отырса, оқушы қызығып істе өз беделін көтере түседі, ал керісінше қиын орындай алмайтын тапсырмалар, төмен баға оқушыда қызығуын сөндіріп әлсіздетеді.

10

Сондыктан төмен оқитын оқушыға мұғалім көмек беріп, мадақтап, кішкене болса да оның жетістіктерін көріп, жоғары бағалап отырғаны жөн, өйткені оқу ісіндегі жетістіктер, жақсы бағалар баланы алға қарай жетелеп отырады, ол өз күшіне сеніп одан да жоғары биіктерге жетемін деп қанаттанады.



Мұғалім үшін өте маңызды нәрсенің бірі - баланың қызығуларын анықтап отыру, сонда ғана жеке оқушы мен жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беріп дамытуға мүмкіндік туады.

Осы нәрселерді толық атқару жолында, бірінші - жақсы, тиімді және үйлесімді қатынас жасап оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жеке тұлға ретінде танып білетіні және адам бойында анықтайтыны - оның қабілеті, мінез ерекшеліктері мен темперамент қасиеттері.

Қабілет.

Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар

11

әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.



Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді - дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи

12

алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.



Қабілет негізінен екіге бөлінеді.

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін

көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.

Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан

13

капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.



Қабілет және нышан. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу

14

жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің



оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.

Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.

Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық

15

кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.

Жас балаларда әрекеттің әр түрлі байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділікті айырған дұрыс. Нағыз бейімділік

Адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал : алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз.

Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе,ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе,оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.

Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтары

16

да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі --зеректілігімен, екіншілері - байқағыштығымен, үшіншілері -материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі.



Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты.

Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан, бүларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мүғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалімнің осындай жұмыстарының бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру.

Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең-жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Баланың

17

практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән-күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.



Пысықтау сұрақтары:

1. Қабілет туралы жалпы түсініктеме беріңіз.

2. Қабілеттің қандай түрлерін білесіз?

3. Баланың қабілеттерін дамыту жолдарын атаңыз.

4. Адам психикасының басты ерекшелігін атап көрсетіңіз.

5. Қабілеттің дамуы қандай нәрселерге байланысты?

6. Қабілетті неден көруге, байқауға болады?

7. Адамның қандай мүмкіншіліктері қабілет арқылы ашылады?

8. Нышан мен қабілеттің байланысы барма? Бар болса қандай?

Мінез туралы жалпы ұғым.

Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.

А.С. Макаренконың айтуынша “адамның

18

жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның



өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды - сараң, батыл солқылдақ, жүректі - қорқақ, еңбекқор - жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал

19

жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.



Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да

20

тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері



адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.

Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.

Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акцентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген

21

психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард,



А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген.

Сөитш мшез акцентуацияның өте маңызды типтері

ажыратылған. 1. Мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.

Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады. Келесі ІІ.- эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді. ІІІ.Жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ нерв жүйесінің әлсіздігі оны тез

22

тоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен



аяқталады. Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай жеткіншектер үлкен, әсіресе жаңа ұжымдарға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауыпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі класстың алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Сензитив жеткіншектерде өздерінің жарымдылықтарының сезінуі ерекше көрініс беретін гиперкомпенсация реакциясына итермелейді. Олар өздеріне бекімдік жасайды қабілеттері ашылатын саладан емес, әсіресе өзін жарамсыз сезетін жақтардан іздейді. Қыздар өздерінің көңілділігін көрсеткісі келеді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Бірақ батылдық пен өжеттілікті керек ететін жағдайлар мен кездесе қалса, сол сәтте дәрменсіздік танытады. Егерде осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын

23

ақиқаттайды. Күтпеген жылы шырай және жанашырлық



оларды қатты жылатып, дөрекілік пен сотқарлықты басады.

Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эюцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару)- осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Мысалы: жоғарғы класста оқитын 3, деген қыз бала өзін қорқытқан және балағаттаған анонимдік хаттар ала бастаған. Ол жылап, осы хаттарды мұғалімдерімен құрбыларына көрсетіп, олардан көмек сұраған. Тексере келгенде бұл хаттарды өзінің кара басына бүкіл мектептің назарын аудару үшін жазған өзі болады. Сөйтіп мінез акцентуациясының бірнеше типін атап, олардың ерекшеліктерімен таныстық. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалар мен жеткіншек- тердің мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік ситуацияаларды болдырмауға тырыссады. Осындай көпшілікпен бірлесіп жасаған жұмыста

24

ұялшақ пен көңілдеп ауыртпалықтан арылу жеңіл түседі.



Мінездің дамуы мен қалыптасуы.

Шетел психологтарының көптеген өкілдері мінез туа бітіп, оның дамып қалыптасуы нәсілдік заңдылыққа тәуелді болады дейді. Психолог Маслсу А.: “Адамның тағдыры оның ата тегімен болады, ешкім өзінің жаратылыс үкімін өзгерте алмайды” - дейді. Неміс психологтары Энке және Гонштальд бір жұмыртқадан пайда болған, адам туғаннан кейінгі дамуы мен кісілік қасиеттерінің қалыптасуын бақылап, мынадай қорытынды жасаған:

“Нәсілдік пен өмірден алатын ерекшеліктері 2/1 “пропорциясында болады” - деген. Яғни адамның кісілік қасиеттерінде нәсілдік жағы екі есе артық деген сөз. Дегенмен бұл психологтардың тұжырымы шындыққа жаққындау деуге болады.

Швейцар психологі Бобен: “Нәсілдік баланың кешегі ортасы, ал қазіргі кезең -нәсілдің ертеңгі күні” - дейді. Тіпті баланың бір жылға жақын шешесінің құрсағында болып сыртқы ортаның ықпалын алатыны айғақ.

Совет психологтары мінездің дамуыу өмір жағдайларымен, тәрбиемен байланыстырады, жеке адамның

25

ортамен қарым-қатынасында екі шешуші фактор болады. Бірі өмір жағдайларының адамға жасаған әсерлерінің ерекшелігі, екіншісі адамның өз басының белсенділігі. Кейде адамды қоршаған орта оның дамып, өніп- өсуіне қалайсыз, тіпті тосқауыл болуы да мүмкін. Бірақта осындай ортадан адамның жеке басының белсенділігінің арқасында қиыншылықтармен тайсалмай қажырлы куресіп, жеңіске жету нәтижесінде тамаша кісілік қасиеттері бар азамат қалыптасады. Осыған орай көптеген ғұлама ақын иелерін атап өтуге болады.



М.В. Ломоносов. М. Горький, Н. Островский, С. Мұқанов, Чарли Чаплин- осылардың бәрі өмірдің қатыгез қиыншыльщтарын басынан өткізіп, бірақта оған мойымай, кажырлы, табанды күресіп, жеңіп, барысынша шынығып, жаппай жұртқа үлгі болатын кеменгерлік тұлғаға айналды. Дегенмен әлеуметтік ортаның адамның мінезінің дамуы мен қалыптасуына жасайтын ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Ол туралы пікір өмір мектебінен де, жазылған кітаптардан да көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен Абайдың “Болыс болдым мінекей...” өлеңіндегі сол уақыттағы байлардың мансапқорлығы, ата-құмарлығы, озбырлығы, менмендігі тағы басқа жағымсыз мінез құлықтары жиі экерленеді. Әрине, байлардың бәрі осындай деген түсінік емес. Бірақ сол мастанып, бар білгені болыстықты арман еткендері болғаны

26

шындық.



Мінездің дамып, қалыптасуы баланың өмірге келіп туысымен басталады деген пікірді көптеген ғалымдар растайды. Осыған орай А.С. Макаренко өзінің “Балаларды тәрбиелеу атты лекциялар” атты еңбегінде халық ауызындағы тәрбиелік маңызы бар мынадай әңгімені келтіреді. Бір жас әке парасатты, көпті көрген кемеңгер адамға сұрақ қойыпты: “Өмірге келген менің балам бар. Қай жастан оны тәрбилей бастаған дұрыс?” Сонда кеменгер жас әкеден сүрапты: “Балаң неше жаста?” Ол: “Туғанына алты ай болды” - депті. Кемеңгер түрып; “Ендеше тәрбие беруден алты ай кеш

қалдың. Күнделікті өмірде осы сөздердің шындығына көзіміз

жетіп жүр. Кейбір ата-аналар бала екі үш жасқа келгеннің өзінде ол сәби ғой, түсінігі жоқ, өсе келе ақылы кіріп, адам болып кетеді ғой деген философияны бетке ұстайды. Сөйтіп баланың ойына келгенін жасатып, оның кейбір қылықтарын қызықтап, соған байланысты есерлік мінез-құлыққа итерлегенін аңдамаи қалады. Өсе келе мұндай баланың мінезінде дөрекілік, өзімшілдік, қатыгездік басым келеді. Мектепте тәрбиелеудің орнына осындай балаларды қайта тәрбиелеуге мәжбүр етеді. Сөйтіп оқу-тәрбие жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады, өйткені адамның әдеті оның екінші табиғаты, ол табиғаттағы кемшіліктерді жоқ қылу

27

қолдан келе бермейді.



От басы тәрбиесінің басты факторы ондағы ата-анасының мінез құлқындағы жасайтын үлгісі халық: “Ұяда не көрсе ұшқанда соны жасар”- деп тегін айтпаған. Орыс халқының ұлы педагогі

Қ. Д. Ушинский: “Мінез мінезбен тәрбилейді” - деген болатын, ал біздің атақты совет педагог А. С. Макаренко: “Ата-аналардың балалар алдындағы беделінің басты негізі олардың өмірі мен жұмыстағы қызметі, адамгершілік қасиеттері, олардын мінез-құлқы” - дейді. Осыған орай отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің көбісін ол ата-аналардың балалар алдындағы беделінің көріністерімен байланастырды. Ол көріністерді А.С. Макаренко “ақылтойысу”, “жазалау”, “даңдайсу”, “жақсы көріну”, “алдап қызықтыру” т.б. беделдердің түріне жатқызып, өте орынды терең мағына беріп өтті.

Осы жалған беделдердің әрқайсысы балалар мінезінің жағымсыз көріністерінің пайда болуына себепкер болады. Мәселен ақылгойшы ата-аналар балаларының кемшілік жағын көруге дағдыланып, қия басқан сайын ақыл айтып, сөйлеп оларды мезі қылады. Осының салдарынан балалар үлкен кісінің сөзін жүре тыңдап, құлақ аспай, тіпті керісінше қылық көрсетуге бой ұрады. Сөйтіп кісіге деген сенімсіздік, қырсықтық, дөрекілік мінез бітістері көрініс бере бастайды.

28

Баланың ынжық, жасқаншақ, жалтақ болуы ата ананың “жазалау” беделімен байланысты. Ал менсінбеушілік, күндестік, безбүйректік, өркөкіректің беделі бала мінезінде ата-ананың “даудасқанынан” пайда болады. “Жақсы көріну”, алдап қызықтыру” беделдерін басшылыққа алған ата аналар балаларын “мен саған, сен маған” моралін өмірде жетекші принцип жасауға итермелейді. Ал бұл принципке жүгінген адам дүниеқор, алдамыш, қатыгез, пайдақор келеді. Оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мәселен бір адамның жарқындығы мен ашықтығын байқасақ оның басқаларға деген жақындығын, ақкөңілдігін, ылтипаты бар деп есептейміз. Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз:



1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.)

2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік)

3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.)

4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады. Мәселен

29

“ұжымдық мінез ұжым арқылы және ұжым үшін”



тәрбиелеудің нәтижесі іспеттес. Сондай-ақ белгілі тарихи дәуір тұғызған типтік мінез болады. Ондай мінез осы типке жататын жеке адамның басын сипаттайды. Мәселен, белгілі бір ұлтты адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерін нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды, қазақ азаматының жеке басындағы ұлттық ерекшеліктеріне оның кеңпейілдігі, қонақ-жайлығы, ағайыншылдығы т.б. бітістері жатады, бұлқынысына әлде бір қалыпты болуына қатысты келеді. Сондай ақ темперамент шыдамдылық және төзімділікті талап ететін қабілеттен байқалады. Бірақ мінез де темпераментке әсерін тигізіп, тіпті оны бүркемелеу мүмкін қалыптасқан әдеттен дағды, мінез бітістері темпераментке ықпалын тигізіп мшез-құлықты өзгертеді. Осыны ескерш И.П.Павлов керенау Флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқан. Содай-ақ сангвиниктердің бірі істе белсенділік көрсетсе, екіншілері әбігер, бас сөзді, той-дағазаға құмар келеді. Сөйтіп мінез бен темперамент өзара қатынасын біріне-бірі әсерін тигізіп, өзгерістер жасап отырады. Бірақ темперамент мінезге қарағанда өзгерістерге өте аз беріледі, өйткені нерв типтерінің қызметтерінің көпшілік

30

ерекшеліктері туа бітеді. Соған қарамастан өмірдің талқысы темпераментке де ізін қалдырмай қоймайды.



Мінез құрылымы.

Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез - бір бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін жүйесі; және еріктік ерекшелектері білуге болады. Олар белплі бір жағдаида тұрақты көріністер беріп, мінездің бітістеріне айналады. Мінездің бітістері деп осы ортамен қарым қатынаста, іс-әрекетте көрінетін мінез-құлықтарын айтамыз. Адамның мінез-құлқы оның іс-әрекеттің итермелеуші күші болып отырады. Мысалы біреу жұмыс жасағанда абырой алғысы келеді, енді біреу қорқа соғады, тағы бірі атаққұмар келеді. Мінез-құлықтың қасиеттері өмірдің қиындығын жеңуде, осы бағыттағы күресте айқын көрініп отырады. Бұл қасиеттердің негізінде ерік қасиеттері болады. Мінез адамға туа бітпейді, бірақ ол оның табиғаты, мәселен нерв

31

қызметінің ерекшеліктерімен байланысты келеді. Нерв процестерінің (козу мен тежеудің) тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі -осылардың бәрі мінез көріністеріне түрліше рең береді.



Сөйтіп мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы - табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі,

32

адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке



адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.

Пысықтау сұрақтары:

1. Мінезді қалай түсенісіз?

2. Акцентуация дегенді қалай көрсетуге болады?

3. Акцентуацияның түрлері қандай болады? (мысал келтіріңіз)

4. Мінезді дамыту және қалыптастыру жолдары қандай?

5. Мінездің қалыптасуындағы негізгі факторларды атап көрсетіңіз.

6. Мінез қасиеттері жүре пайда бола ма әлде туа біткен бола ма?

Темперамент

Темперамент туралы жалпы ұғым: Темперамент- нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума

33

қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент



адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп

34

түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” - қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.



Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау - сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше

35

физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.



Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-гелкілігіне байланысты деді.

Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу

36

қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қаблеттілігін айтады. Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын тектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен



37

басым; флегматиктерді - нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі

бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; мгленхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттеріңің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”. Соңғы жылдары көрнекі орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Ефер И.П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі

38

адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі



В.Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше вариантарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге иемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған арай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді.

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.

Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді

39

жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ--көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.



Флегматик - темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик - темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды,

бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз

40

ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық - осы темпераменттің ең бір нашар жағы.



Орыс жазушыларының көрнекі өкілдері Герценді сангвиник, Гогольді меланхолик, Крыловті -- флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.

Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұ ның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің балаЦыі^ жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға

41

болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі



темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.

1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері:

ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-

қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді,

басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяф байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.

Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста

42

аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық,



бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осынді баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қышр, қисық келеді.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топрақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент — адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.

5. Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай

43

әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір



дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғадардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Пысықтау сұрақтар:

1. Темперамент дегеніміз не?

2. Темпераменттің неше түрі бар?

3. Темперамент пен іс -әрекетінің байланысы барма және қандай?

4. Темперамент ашык көрініс береме?

5. Темперамент қасиеттері қандай?

6. Темперамент пен ақыл-ойдың дамуында байланыс бар ма?

7. Темпераменттің негізінде не жатады?

8. Темперамент пен нерв жүйесінің жұмысы бір-біріне байланыса ма?

44

Әдебиеттер:

1. Итбаев Н.М. “Жалпы психология”. А-1986

2. Муканов М.М. “Жас және педагогикалық психология” Ф-1982

3. Жарықбаев Қ. “Психология”- А-1986

4. Зимняя И.А. “Педагогическая психология” - М-2001

5. Ляудис В.Я. -“Методика преподавания психологии” М-2000.

6. Елеусизова С. “Қарым-қатынас психол огиясы” А-1995



7. Ляудис В.Я. “Формирование учебной деятельности студентов” М-1989.

45
Каталог: Книги -> 255
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет