Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары



бет1/3
Дата08.07.2017
өлшемі0.59 Mb.
#27987
  1   2   3





Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 1142 бұйрығына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 23 ақпандағы № 143

бұйрығымен бекітілген



Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары

1-тарау. Жалпы ережелер


        1. Осы Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына сәйкес әзірленген.

2. Оқыту курсының ұзақтығы:

жеке күзет ұйымының басшыларын даярлау бойынша – 99 оқу сағатын;

заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау бойынша – 99 оқу сағатын;

жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау бойынша – 146 оқу сағатын;

жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бойынша –
19 оқу сағатын;

заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 32 оқу сағатын;

аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерде заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау және объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 36 оқу сағатын;

жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 72 оқу сағатын құрайды.

3. Жеке күзет ұйымдарының басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде екі жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

Күзетшілердің біліктілігін арттыру лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде жыл сайын және өтілі бір жылдан аса үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылдау кезінде жүргізіледі.

4. Мамандандырылған оқу орталықтарына жергілікті жағдайларға байланысты тақырыптық жоспарлар және тақырып мазмұндарын жасауға, тапсырыс берушінің келісімі бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары шеңберінде теориялық және практикалық сабақтар арасында оқу сағаттарының ара қатынасын түзетуге құқық берілген.

5. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу кезінде жеке күзет ұйымдарының басшыларының не күзетшілерінің келісімі бойынша қажет болған жағдайда электрондық және пневматикалық тирлерді пайдалануға жол беріледі.

6. Даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін оқу орталығында өткен тақырыптар бойынша емтихандар өткізіледі. Емтихандарды құрамында кемінде 3 адам бар комиссия өткізеді, оның төрағасы барлық күзет қызметі субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізетін бөліністің уәкілетті органының өкілі болып табылады.

Білім алушылардың емтиханды қайта тапсыруы емтиханды алғаш тапсырғаннан кейін кемінде 2 аптадан соң өткізілуі мүмкін.

7. Емтихандарды табысты тапсырған адамдарға оқу орталығының басшысы және емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қойған мамандандырылған оқу орталығының біліктілікті беру/растау туралы куәлігі беріледі.

Даярлау/біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы куәлік баспаханалық офсеттік тәсілмен дайындалады, түсі жасыл, көлемі 115х75мм болады.

Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке күзет ұйымдары басшыларын даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.

Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына


2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.

Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына


3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.

Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына


4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік

Куәлікті дайындау кезінде мемлекеттік нышандарды пайдалануға жол берілмейді, куәліктердің саны мен қорғалу дәрежесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісіледі.



2-тарау. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

1) құқықтық білім негіздері – 28 сағат;

2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері – 38 сағат;

3) жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері –


11 сағат;

4) психологиялық даярлық – 6 сағат;

5) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат;

6) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет –


6 сағат.

3-тарау. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары


р/с



Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық білім негіздері

1

Қазақстан Республикасының күзет қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, тапсырмалары және қағидаттары. Күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

8

4

4

2

Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері.

5

4

1

3

Еңбек заңнамасының негіздері.

4

2

2

4

Жеке күзет ұйымының жұмыскерлері қолданатын мәжбүрлеу шараларының құқықтық сипаттамасы.

2

2

-

5

Жеке күзет ұйымының кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының құқықтық негіздері.

2

1

1

6

Қылмыстың ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс).

3

3

-

7

Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар.

2

1

1

8

Емтихан

2

-

2




Барлығы:

28

17

11

2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері

9

Жеке күзет ұйымдарының қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, жіктеу, күзетуге қабылдау. Келісімшарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау.

8

4

4

10

Жеке күзет қызметін басқару.

8

4

4

11

Әр түрлі мақсаттағы объектілерді күзетудің ерекшеліктері.

6

2

4

12

Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

4

2

2

13

Жеке күзет ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3

3

-

14

Күзет ұйымдарының оның ішінде құқық қорғау органдарымен, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасу.

3

3

-

15

Жеке күзет ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негіздері.

4

2

2

16

Күзет қызметтері маркетингінің негіздері.

2

2

-




Барлығы:

38

22

16

3. Жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері

17

Қызметтік және арнайы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

4

-

4

18

Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

4

-

4

19

Террорға қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

3

-

3




Барлығы:

11

-

11

4. Психологиялық даярлық

20

Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері.

1

1

-

21

Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. «Мінезі қиын» қарамағындыларға психологиялық ықпал ету әдістері.

1

1

-

22

Жеке тұлғаның қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы. Қысылтаяң жағдайдың ұғымы. Қысылтаяң жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық даярлық. Психоэмоционалдық қобалжуды басу.

4

-

4




Барлығы:

6

2

4

5. Терроризмге қарсы даярлық

23

Терроризмге азаматтық қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.

2

2

-

24

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары.

2

1

1

25

Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі.

3

1

2

26

Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі.

3

1

2




Барлығы:

10

5

5

6. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету

27

Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу. Төтенше жағдайларда ескерту және әрекет ету бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы.

1

1

-

28

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.

1

1

-

29

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

1

1

-

30

Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары.

2

2

-

31

Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.

1

1

-




Барлығы:

6

6

-



4-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
9. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

1) құқықтық білім негіздері – 10 сағат;

2) қызметтік даярлық – 17 сағат;

3) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат;

4) криминалистика – 8 сағат;

5) атыс даярлығы – 17 сағат;

6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 19 сағат;

7) медициналық даярлық – 4 сағат;

8) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат;

9) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету – 10 сағат.



5-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары


р/с



Тақырыптың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

дәрістер

практикалық сабақтар

1

2

3

4

5

1. Құқықтық білім негіздері

1

Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары.

2

2

-

2

Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік.

2

2

-

3

Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері.

2

2

-

4

Қызметтік қаруды және арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері.

2

2

-

5

Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы.

2

2

-




Барлығы:

10

10

-

2. Қызметтік даярлық

6

Күзет қызметін ұйымдастыру, тапсырмалары мен негізгі бағыттары.

1

1

-

7

Құқық қорғау органдарымен оның ішінде құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасу.

2

2

-

8

Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілердің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі

2

2

-

9

Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тексеру жүргізудің негіздері мен тәртібі.

2

-

2

10

Құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.

2

-

2

11

Стационарлық күзетілетін объектілерде, айналып өтетін бекеттерде және мобильдік топтарда қызмет өткеру тәртібі.

2

2

-

12

а) Банктерде және басқа да ауқымды материалдық құндылықтар сақталатын орындарда;
б) сауда мекемелерінде қызметті ұйымдастырудың және өткерудің ерекшеліктері.

2

2

-

13

Оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау.

1

1

-

14

Қысылтаяң жағдайлар. Жағдайға баға беру психологиясы. Қысылтаяң мән-жайлардың дамуын болжау. Өзін-өзі ұстай білу.

2

1

1

15

Кәсіби мәдениет және әдеп.

1

1

-




Барлығы:

17

12

5

3. Арнайы техника мен байланыс құралдарының негіздері

16

Қазіргі заманғы сигнализация құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары. Бөтен адмадар кірген жағдайда іске қосылу белгілері.

1

1

-

17

Орталықтандырып басқарған пульттерінің және автономды сигнализацияның көмегімен объектілерді күзетуді ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті сигнализация құру арқылы аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары.

1

1

-

18

Күзетте пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары.

1

1

-

19

Күзет-өрт сигнализациясы құралдарының объектілерді күзетуді қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы.

1

-

1




Барлығы:

4

3

1

4. Криминалистика

20

Оқиға орнын қарау әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау.

3

3

-

21

Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері.

2

2

-

22

Сөзбен сипаттау портретін іздестіру мақсатында пайдалану.

3

-

3




Барлығы:

8

5

3

5. Атыс даярлығы

23

Атыс негіздері. Баллистика

2

2

-

24

Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі.

3

3

-

25

Қызметтік қарудың мақсаты, жауынгерлік ерекшелігі, құрылысы. Қызметтік қарудың материалдық бөлігі.

4

2

2

26

Қарудан ату тәсілдері мен ережелері. Қарумен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

2

-

2

27

Қызметтік қаруды қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары.

1

-

1

28

Қызметтік қарудан атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі.

2

-

2

29

Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу бойынша сынақ. Практикалық атыстар.

3

-

3




Барлығы:

17

7

10

6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы

30

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын және қол кісендерін қолданудың құқықтық негіздері.

2

1

1

31

Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданатын жұмыскерлердің құқықтары мен жауапкершілігі.

1

1

-

32

Сырттай тексеру тәсілдері. Қауіпсіздік шаралары.

2

1

1

33

Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану.

2

-

2

34

Әр түрлі қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау.

2

-

2

35

Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған адамның соққыларынан қорғану.

2

-

2

36

Қарумен қауіп төндіруден қорғану және қылмыскерді қауіпсіздендіру.

2

-

2

37

Қылмыскерді босату, ұстау және оған ілесіп жүрген кезде әріптесіне көмектесу.

3

1

2

38

Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары.

3

1

2




Барлығы:

19

5

14

7. Медициналық даярлық

39

Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.

1

-

1

40

Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны байлау.

1

1

-

41

Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек.

1

1

-

42

Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері.

1

1

-




Барлығы:

4

3

1

8. Терроризмге қарсы даярлық

43

Терроризмге азаматтық қарсы іс-қимыл жасасудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.

2

2

-

44

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты.

2

1

1

45

Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі.

3

1

2

46

Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі.

3

1

2




Барлығы:

10

5

5

9. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету

47

Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу.

1

1

-

48

Төтенше жағдайларда ескерту және әрекеттер бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы.

1

1

-

49

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.

1

1

-

50

Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2

2

-

51

Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары.

3

1

2

52

Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу.

2

2

-




Барлығы:

10

8

2



Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты Жалпы ережелер
mvd nb doc -> Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісім
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Салыстырмалы кесте
mvd nb doc -> Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері
mvd nb doc -> Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет