Жедел респираторлық вирустық инфекция (жрви)



Дата24.10.2018
өлшемі29.73 Kb.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)


Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) (ОСТРЫЕ РЕСПИРАТОРНЫЕ ВИРУСНЫЕ ИНФЕКЦИИ (ОРВИ)- бізше Тума - дегеніміз вируспен туындайтын ( ауру барысында бакрериялық инфекцияда болу мүмкін ) тыныс алу жолдарының қабынуы жане ауа тамшы жолымен берілетін жедел вирустық инфекция. Вирустардың белсенділігі арта түсеуіне байланысты қыста адамдар жиі ауырады Белгілері: мазасыздық, дене қызуының жоғарылауы, тамақтың ауруы немесе жыбырлауы, мұрынның бітелуі, түшкіру жөтел, бас ауруы. ЖРВИ- ға грипп, парагипп, аденовирус, реновирус, реовирустар жане басқадайда вирустар жатады. Жане 300 жоғары подтипті вирусты қоздырғыштары осы ЖРВИ- ға жатады. Бәріде ауа тамшы жолымен жуғады. Аурудың негізгі көзі ауру адам болып табылады.
Ауа тамшы жолымен жуққан вирус бірінші мурын кенірдек шырышты қабаттарын закымдайды (жоғарғы тыныс жолдарын) бул кезде мурынның бітелуі, түшкірү, тамақытың ауыруы, жыбырлауы , қурғақ жөтел сияқты клиникалық симптомдар білінеді . Дене қызыуы қалыпты жағыдайда болуда мүмкін. Кейде көздің шырыштықабатының зақымдалуына байланысты көзден жас ағады. Сонсын вирус қанға тусіу нәтижесінде қызба жане жалпы улану симптом белгілері байқалады ( дене температурасның жоғарлауы, буын-булшық еттернің ауыруы, бастың ауыруы, әлсіздік). Организмде иммундық процесс белсенделігі артылып жанағы қандағы вируска қарсы антитела түзіледі де қан тазара түсіп жалпы улану белгілері азаяды. Яғни осы ауруға қарсы адам ағзасында иммунитет пайда болды деген сөз. Вирусты жуқтырғаннан бастап бірінші клиникалық белгі берілгенге деиінгі уақытты инкубационный период дейді, бірнеше сағаттан үш төрт күнге созылу мүмкін. Бул кезенде ауыру басқа адамға жуғатындығымен ерекшеленеді.
ЖРВИ-ді емдеу үшін , әр түрлі асқынулардын алдын алу үшін негізгі себеін, қандай қоздырғыш екенін білу керек. Көп кезігетін қоздырғыштардың бірі ол ГРИПП. Грипп А; В ; С типтеге бөлінеді. Грипп вирустары сыртқы ортаға турақты емес. С- типті грипп турақты, бір рет аурысаныз сіздің организіміңізде сол вирусқа қарсы өмір бойы иммунитет пайда болады деген сөз . В-типті грипп баяу өзгеріп турады, спецификалық иммуниетің узақтылығы 3-6 жыл . А- типті грипп өте катерлі, турақсыз , эпидемия шақыратын вирус яғни бул вирус тез өзгеріп туратындықтан адам организмінде турақты, қарсы туратын иммунитет жоқ деген сөз, сондықтанда ауруды тез жуқтырып, ауырамыз.Адам ағзасында осы вируске қарсы иммунитет болу үшін біз жылында бір рет тумауға қарсы вакцинды аламыз. Грипптын симптомдары басқа ЖРВИ уқсас болғанымен қатар жедел басталып , жалпы улану белгілерінің айқындығы жане жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының жиі зақымдалуымен ерекшеленеді. Әдетте грипп кезінде жедел басталып, тонғыштық (озноб), бастың ауыруы пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін дене температурасы 38-40 градуска деиін жоғарлайды, әлсіздік, булшық ет- сүйек- буындардың ауырсыну сезімі, тамаққа тәбетінің болмауы, бас ауыруы күшеиіп, көз алмаларының ауру сезімі пайда болып, жарыққа сезімталдығы жоғарлайды. Яғни айқын интоксикация белгілерін байқаймыз.Аурудың бірінші тәулігінде науқас мурын жутқыншақтағы қурғауына, аурыу сезіміне, мурынның бітелуіне шағымдалады . 2-3ші күндері қурғақ жөтел, кеуденің ауыру сезімі кейінен жөтелге қақырық қосылады. Асқынбаған жағыдайда қызба узақтығы А- гриппте 1-6 күн , В гриппте одан көбірек болады. Кей кезде науқасты қарап тексерген кезде 2-3 күні Herpes labiflis( ерінге ушық ) байқаймыз. Ауырудың ағымы ауыр болса тері жабындыларында бозғылт цианоз байқалады. Мурынның шырышты қабаты, жумсақ тандайды қарағанда қызаруы жане түйіршіктер( зернистость) байқаймыз. Өкпесін тындаған кезде везикулярлы тыныс немесе қысқа уақыт арасында қурғақ сырылдар естиміз. Пульс температураға байланысты тахикардия немесе брадикардия болады. Ауыр жағыдайда ас қорту жуиесі де зақымдалыды- тәбетінің жоғалыу, қарағанда тілі қурғақ, ақ жабындымен жабылғанын байқаймыз. Электрокардиограммада интоксикацияға тән өзгерістер болады, яғни Т- тістерінің төмендеуі , QT интервалының узаруын көреміз. Өкпенің R- граммасында тамырлар сүретінің күшеюі жане өкпе тамырларының күшеюін көруге болады. Перифериялық қанда лейкопения, нейтропения,эзинопения, моноцитоц СОЭ қалпында болуы мумкін. Негізі грипптің клиникалық белгілері оның женіл, орташа, ауыр деген ағым түрлеріне байланысты. Дене температурасы узаққа созылыуы асқынуларға байланысты. Мысалы: пневмония, лор мүшесінің зақымдалуы( ринит, фарингит, ларингит,синуситтер, отит и.т), нерв жүйесінің зақымдалуы ( менингоэнцефалит, арахноидит, полиневрит и.т) сияқты. Грипп деген диагноз қою үшін мынандай зерттеулер жасау керек: мурын жутқыншақтан мазок алу,қан вирусологиялық зерттеуге алыну. Серологиялық әдістемелердің маңызы да зор.Флюоресценциялаушы антиденелер әдісін қолдану.


http://s009.radikal.ru/i309/1012/9a/9a992702c356.jpg


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет