Жедел іш синдромы



Дата24.10.2018
өлшемі16.5 Kb.
Жедел іш синдромы

Жедел іш синдромы - бұл құрсақ қуысы мүшелерінің жедел қабынуы аурулары кезінде болатын науқастың халін сипаттайтын медициналық термин болып табылады.

Көбінесе бұл термин науқастың жедел ауырып, тағат таппастан жылдам хирург маманның кеңесінен өтуі қажеттігін білдіреді. Кез келген медицина қызметкері осы бір сөз тіркесін естігенде бірден хирург маманын еске алады.

Жеке - жеке тарқата кетсем - құрсақ қуысы ауырып, науқас мазасызданғанда бірден барлығымыз жедел аппендицит ауруын еске аламыз. Жедел аппендицит ауруы тоқ ішектің бүйіріне ашылатын түтікшелі соқыр аяқталатын ішек бөлігі. Ол негізінен иммундық қызмет атқаратындықтан, жедел асқазан - ішек жолдары жұқпалы ауруына ұшырағанда, аппендикс токсинді өз бойына жинап, қан арқылы сыртқа шығаруға тырысады, осы кезде қызметі бұзылып, өзі қабынуға ұшырайды. Іштің оң жақ бөлігі бүріп ауырып, науқаста дене қызуы көтеріледі, әлсіреп, тәбеті қашады. Құсуы, кейде іші өтуі мүмкін. Бұдан басқа ұйқы безінің қабыну ауруы - Панкреатит ауруы сирек емес. Оның себебі қазіргі тамақтардың өндірушілерінің ұзаққа сақталуын қамдап, құрамына консерванттар қосады, дәм - тұзын көбейтеді, осы себепті қышқыл, боялған тағамдарды балалар әуестене жегендіктен іштері ауырады, ұйқы безінің қызметі бұзылып, өт бөлінісінің бұзылысын шақырады, астың қорытылуы бұзылады, науқастың тәбеті қашып, құсу пайда болады. Әлсіреп, құсу себепті сусыздануы ағзаның ауыр күйіне әкеледі. Құрсақ қуысында дәл осылар себепті асқазанның қабынуы, өт жолдарының қызметі бұзылғанда іш ауырады. Мына дамып жатқан техника заманында жарақаттар да аз емес, құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттануы - жедел іш синдромы тобына кіреді, ол бауырдың, көк бауырдың жарақаты, ұйқы безінің езілген жарақаты, ішектердің соққы немесе ене кіретін жарақаттан тесілуі сынды ауруларында - іштің қатты ауруы болады. Бұл кезде науқасты жедел ауруханаға жеткізіп, хирургтың кеңесінен өткізу қажет. Бұл кезде қысқа уақытты оперативті ем алды даярлықтан кейін, науқастарға сәйкес жарақат түріне сай оперативті ем көрсетіледі. Жарақаттың түрінен басқа, ауруханаға дейінгі жеткенше кеткен уақытта науқастың жанын аман алып қалуда маңызы зор.



Қорыта айтқанада, егер ішіңіз ауырып, мазаңыз кетсе міндетті түрде дәрігердің кеңесінен өткеніңіз дұрыс, өз еркіңізбен емделіп, уақыт жоғалту болашақта құтылмас қиындықтарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын сақтанғанды сақтайды дейді дана халқымыз!

Балалар хирург - дәрігері: М.К. Акшолаков


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет