Жаздық бидай дақылы сорттарының жапырақ тат ауру қоздырғышымен зақымдануы



Дата27.12.2016
өлшемі67.96 Kb.
ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ДАҚЫЛЫ СОРТТАРЫНЫҢ ЖАПЫРАҚ ТАТ АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШЫМЕН ЗАҚЫМДАНУЫ
Тилеубаева Ж.С., Дигарбаева А.М., Текерова Т.М.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

Tileubayeva_KZ@mail.ru, Asima_1985.KZ@mail.ru, Tolganay_KZ@mail.ru
Puccinia triticiana – бидай жапырақ таты (қоңыр) саңырауқұлақ ауру қоздырғышы әлемде егістік алқаптарында неғұрлым кең таралған зиянды аурулардың бірі. Бидай жапырақ таты астық дақылының егін түсімін, қысқа және құрғақшылыққа төзімділігін бірден төмендетеді [1].

Вегетативті мүшелерінің зақымдануынан дән салуы кемиді, дәні майда болады, дән сапасы төмендейді, жапырақ тақтасында хлорофиллдәні азайады, өсімдіктің транспирациясы күшейеді, ассимиляция процесі бұзылады, нәтижесінде су балансыкеміп, жапырақ уақытынан бұрын солып қалады. Ауру салдарынан өсімдік бойы, сабағының жуандығы және масақ ұзындығы қысқарады, масақтағы масақша саны, дән саны, дән масассы кемиді.Жаздық бидайдың түптену кезінде пайда болған ауру өнімді 80 пайызға дейін, ал масақтану кезінде 20-30 пайызға дейін төмендетуі мүмкін [2].Жыл сайын аурумен зақымдану салдарынан 15-25% өнім түсімі төмендейді. Бидайдың сабақтану-масақтану кезеңдерінде ауру қатты дамып өнім түсімінің кемуі 30-40%-ға жетеді, ал дән құйылу және сүттеніп пісу кезеңдерінде ауру орташа байқалынып, өнім түсімі 7-10%-ға дейін азайады.Эпифитотия жылдары өнім түсімінің төмендеуі 50-60% дейін барады [3-5].

Бидайдан мол өнім алу себілетін тұқымның сапасына, сорттарды өсіру агротехникасына, жергілікті жердің экологиялық жағдайына, сонымен қатар сорттардың ауруға төзімділігіне тығыз байланысты.

Бидай жапырақ (қоңыр) тат ауруымен залалдану өсу кезеңіндегі ауа райы жағдайынан байланысты болады. Ауарайының ылғалды, әрі жылы болуынан фитопатогеннің дамуына қолайлы жағдай туындайды. Ауру қоздырғыштың таралып жаппай дамуы қоршаған ортаның қолайлы жағдайына ғана емес, сонымен қатар патогеннің вируленттілігіне және сорттардың ауруға төзімділігіне тікелей байланысты. Патоген мен ие-өсімдіктің қарым-қатынасын үздіксіз жүретін эволюциялық процесс. Ие-өсімдіктің төзімді болуы, аурудың таралуын басады және патоген популяциясының вируленттілік деңгейін төмендетеді.

Селекцияда алынған алғашқы материалды жан-жақты зерттеу, тиімсіздерін тиімділермен алмастыру ауру қоздырғыштың даму қарқынын басуға және эпифитотияның алдын алуға мүмкіндіктер береді.Өндірісте төзімді сортарды пайдалану бұл экономика жағынан ең тиімді және қоршаған ортаға қауіпсіз, шығынсыз әдіс. Алайда, төзімді сорт уақыт өте келе аурумен зақымдана бастайды [6, 7].

Аурудан қорғанудың экологиялық, экономикалық жағынан тиімділігі ие-өсімдік пен паразиттің биологиялық ерекшелігін, олардың өзара қарым-қатынасын ескере отырып жүргізігенде ғана жоғары болады және бұл үшін сорттардың ауруға төзімділігін сынау үздіксіз жүргізілу қажет.



Материалдар және әдістер

Зерттеу материалы ретінде жаздық жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.)дақылының сорттары, жапырақ (қоңыр) тат (Puccinia triticiana) спорасы пайдаланылды.

Зерттеу жұмысы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің зертхана жағдайында жүргізілінді. Зертхана жағдайында өсірілген жаздық бидай сорттарының өскіндеріне жапырақ қоңыр татының уредоспорасы бүрку әдісі бойынша жұқтырылды. Инокуляциядан кейін қолайлы жағдайда 24 сағатқа өскіндер ылғалды камераға қалдырылды. Бақылау сортында ауру белгісі байқалғанда зақымдану типі E.E.Mains, H.S.Jackson шкаласы бойынша балмен [8], қарқыны (деңгейі) R.F.Peterson, A.B.Campbell, A.E.Hannah [9] шкаласы бойынша пайызбен (%) анықталды. 0 баллға иммунды тип реакциясы,1-2 балды төзімді, 3-4 балды орташа төзімсіз тип реакцияларына жатқызылды.

Зерттеу нәтижелері

Бидайдың аса қауіпті патогенімен күресудің тиімді жолы, бұл төзімді гендермен қамтамасыз ететін, өнімділіктің төмендеуін тоқтатын және дән сапасын артыруға мүмкіндік беретін сорттардың жаңа гермоплазмасын, яғни ауруларға иммунды және өнімділігі жоғары бидай сорттарын шығару. Фитопатогеннің бейімделгіштік мүмкіндігі шексіз болғандықтан, селекцияда төзімді сорттарды алу жұмысы күрделі және үздіксіз жүретін процесс. Осы мақсатта жасанды инфекциялық (індет) ортада сорттардың ауруға төзімділігі сыналды.



Зерттеу нәтижесінде жапырақ татының (қоңыр тат) жасанды инфекциялық ортасында жаздық жұмсақ бидай дақылы сорттарының ауруға өскіндік төзімділігі бағаланды. Бастапқы кезде жеке майда пустулалар түрінде байқалғанмөлшері 19-22 мкм болатын бидай жапырақ татының ұсақ дөңгелек уредопустулаларыбір-бірімен бірігіп,жапырақ тақтасының үстіңгі жағын тұтастай қамтыды. Зақымдану типі және қарқыны бойынша зерттелген сорттарды төрт топқа жіктелінді. Кестеде көрсетілгендей төзімділігі жоғары сорттарда ауру белгісі байқалынған жоқ. Орташа төзімді сорттарда (2 балл) некрозды дақтармен қоршалған жеке пустулалар байқалынды,саңырауқұлақ ауру қоздырғышының даму қарқыны 20% болды. Орташа төзімсіз (3 балл) және төзімсіз (4 балл) сорттар жапырақ татымен 40-60% дейін зақымданды. Зерттелген сорттар арасынан Мильтурм және Омкая 20 сорттары ауруға иммунды болды. Бұл аталған сорттарда жапырақ тақтасының түсі өзегрген жоқ, яғни ауру белгілері көрінбеді (кесте 1, сурет ).
Кесте 1 – Жаздық бидай сорттарының жапырақ татына (Puccinia triticiana) төзімділігі

№ р.с.

Сорттар аты

Зақымдануы, балл/%

типі

деңгейі

1

Астана

4

50




Акмола

3

40

2

Байтерек

2

20

3

Қарашаш

3

40

4

Дауыл

2

20

5

Женис

3

40

6

Қазақстан 9

4

50

7

Қазақстан 126

4

60

8

Мирас

4

30

9

Мильтурм

0

0

10

Омская 20

0

0

11

Омская 37

1

5

12

St.Саратов 29

4

60

Онтогенездің барлық кезеңдерінде, сорттардың төзімділік деңгейінің жоғары болуы және ұзақ уақыт бойы сақталуы селекцияда аса маңызды болып саналады Әдебиет мәліметтерінде өсімдіктің дамуының алғашқы кезіңде, яғни өскін кезіңде татпен ауруы өнім түсімін қатты төмендететіні көрсетілген.

Кесте 2 көрсетілгендей зерттелген сорттардың 45,0%– ауруға төзімсіздік реакциясын (S), 30,0% – орташа төзімсіздік (MS) реакциясын көрсетті. Төзімді (R) – 15,0%, орташа төзімді (MR) –10,0% құрады.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде бидай жапырақ таты ауруына төзімділігі анықталынған сорттар селекция үшін құнды материал. Иммунды формаларды анықтау және сұрыптау ауруға қарсы жүргізілетін селекциялық процестердің жетістіктерін жоғарлататды.




dsc05645

Сурет – Жаздық бидай сорттарының Puccinia triticiana ауруына төзімділік реакциясы

Кесте 2 – Жаздық бидай сорттарының жапырақ татына төзімділік топтары



Төзімділік топтары

Pucciniatriticiana

Өсімдік саны,дана

%

R – төзімді (0-1 балл)

3

15,0

MR – орташа төзімді (2 балл)

2

10,0

MS – орташатөзімсіз (3 балл)

6

30,0

S – төзімсіз (4 балл)

9

45,0

Барлығы:

20

100

Әдебиеттер



  1. Прогноз развития и распространения болезней зерновых колосовых культур на территории Украины в 2011 году // http: // www. Exp: Agro.

  2. КойшыбаевМ. Защита зерновых культур от болезней с воздушно-капельной инфекцией // www.astana-nan.kz/.../7-защита-зерновых-куль.

  3. КойшыбаевМ. Болезни зерновых культур agrozharshy.kz/.../index.php.

  4. Мирошниченко Д., Филиппов М., Долгов С., Харченко П. Генетическая трансформация русских видов пшеницы // Сельскохозяйственная биология. 2003. №4. – С.30-34.

  5. Сидоров А.В. Селекция яровой пшеницы на устойчивость к грибным болезням // Селекция и семеноводство. 2001. №3. –С.20-23.

  6. Киселева М.И., Коваленко Е.Д. Жемчужина А.И., Куркова Н.Н. Вирулентность патотипов бурой ржавчины на линиях пшеницы с генами возрастной стойкости // АГРО XXI. 2004/2005. №7-12. –С.25-29.

  7. Лебедев В.Б. Ржавчина пшеницы // Саратовский государственный аграрный институт. 1998. –С.295.

  8. Mains E.B., Jackson H.S. Physiologic specialization in the leaf rust of wheat PucciniatriticianaErikss // Phytopathology. – 1926. – Vol.16. – №2. – P.89-120.

  9. Peterson R.F., Campbell A.B., Hannah A.E. A diagrammatic scale for estimating rust intensity on leaves and stems of cereals // Canad. J. Res. – 1948. – Vol.26. – P.496-500.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет