«МЕЙІРБИКЕ» КОЛЛЕДЖІ»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«КОЛЛЕДЖ «МЕИРБИКЕ»
Товарищество с ограниченной ответственностью
ТӘРБИЕ БӨЛІМІ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ
|
|
БЕКІТЕМІН:
ЖШС «Мейірбике» колледжі директоры Сағымбаев Ә.Ү.
Педагогикалық кеңесте
қаралып бекітілді
___________________________
«____» ______________ 20___ж.
№ ______ хаттамамен бекітілді
|
ЖШС «МЕЙІРБИКЕ» КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ЕРЕЖЕСІ
|
Бекіту уақыты 28 тамыз 2016 ж. Педагогикалық кеңес хаттама №1
Өзгертілу енгізілген уақыт:
ЖШС «Мейірбике» колледжі
Студенттердің әлеуметтік-мәдени әлеуетін дамыту бағытындағы студенттік парламент ережесі
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1). «Мейірбике» колледжінің Студенттік Парламенті (келесіден бастап СП) - ұжым қызметінің демократиязацияланған формасы түріндегі жастар ұйымы. Жастар саясатын жүзеге асыру, корпоративті басқару және корпоративтік этика принциптерін,студенттердің күнделікті жұмыстарда ғана емес, колледждің стратегиялық дамуында да шешім қабылдаудағы белсенділігін арттыру мақсатында құрылады.
2). СП өз қызметінде еріктілік, еркіндік, жариялылық, теңдік және заңдылық принциптерге, сондай-ақ ҚР конституциясына, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті биліктің құқықтық-нормативтік актілеріне, колледж уставына, колледж ішілік ережелер мен заңдылықтарға сүйенеді.
3). Студенттік үкімет студенттік ұжымның қоғамдық ұйымы болғанымен, өз алдына заңды тұлға бола алмайды және өз қызметін колледж әкімшілігі арқылы жүзеге асырады.
4). Студенттік Парламенттің негізгі күші- студенттер, болашақ мамандар.
5). Негізгі құжат колледждегі студенттік үкіметтің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жолындағы барлық жұмыстарының жүйесін бекітеді.
2.СП қызметінің негізгі мақсат-міндеттері, бағыттары:
* Азаматтық белсенділікті арттыру:
* Азаматтық мәдениетті,студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; олардың әлеуметтік толысуы, өз бетімен әрекет етуі, жауапкершілігі, кәсіби дайындығын жақсарту, өзін-өзі басқаруы мен өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;
* Колледж имиджін арттыратын және үрдісті дағдыларды жалғастыратын корпоративті мәдениет пен корпоративтік рух себу;
* Студенттерді жоғары квалификациялы мамандар- болашақ мейірбикелер мен емдеу ісі, фармацевтика, басқа да мамандықтар иелерін дайындау жолындағы барлық мәселенің шешімін табуға араластыру, бейімдеу;
* оқу- тәрбие,әлеуметтік-тұрмыстық, рухани-адамгершілік, мәдени-көпшілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы түйткілді проблемаларды шешуге жұмылдыру;
* білім және ғылым жолындағы міндеттемелердің шешімін табуына, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға, өзін-өзі басқаруға мүмкіндік жасау;
* Колледждің әкімшілік жұмыстарына студенттер қоғамы арқылы араласу,колледж әкімшілігімен және ұжымымен тікелей байланыс жасау;
* Студенттер проблемасын сауалнама, рейдтер, және уақытша комиссиялар арқылы анықтау және сараптау;
*Студенттердің құқықтарын мойындау, сақтау, қорғау, даулы мәселелерді шешу;
* Студенттердің әлеуметтік маңызды жобаларын жасақтау, жүзеге асыру, студенттер бастамашылығын қорғау;
* Студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысуына негіз қалау, көмектесу, тәжірибе алмасу;
*Студенттердің белсенді қоғамдық, азаматтық позицияларын қалыптастыру жолында жұмыстану, басқа қоғамдық ұйымдармен араласу, шыңдалу;
*Колледждің дәстүрлі үрдістеріне патриоттық сезіммен қарау және жалғастыру;
*Студенттердің ғылыми жұмыстарға қызығушылығын, оқу-тәрбие, мәдени процестердегі белсенділігін көтермелеп отыру, марапаттау;
3. Студенттік Парламент қызметінің бағыттары:
* Ұйымдастыру-ақпараттық бағыт;
* Оқу - методикалық бағыт;
*Ғылыми-зерттеу бағыты;
*мәдени-көпшілік бағыт;
1). Ұйымдастыру-ақпараттық бағыт:
- конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру;
- Студенттер қызметін ақпараттандыру, пресс-клуб, веб-сайтта студенттер өмірі мен қызметін жариялау, қабырға газеттерін шығару;
-қоғаммен байланыс, телехабарларға қатысу, мақалалар жазу.
2). Оқу-методикалық бағыт:
* студенттік парламент жүйесін ұйымдастырушылармен методикалық әдістемелер;
* студенттердің оқу тәртібі мен үлгерім мәселелері бойынша оқу бөлімі меңгерушілерімен тікелей байланыс орнату;
*оқу процесін ақпараттандыру- үлгерім көрсеткішін веб-сайтарда жариялау, оқу озаттары туралы ақпараттар беру;
* оқу озаттарының тізімін жасау, сараптама жасап отыру;
* оқу және оқудан тыс мәселелер бойынша студент пен мұғалім арасындағы даулы мәселелерге араласу;
3). Ғылыми-зерттеу бағыты:
* Студенттердің ғылыми-зерттеу машықтарын дамыту, жетілдіру;
* неғұрлым қабылетті, дарынды балаларды анықтау, тізімдеу;
*студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығын құру (НИРС)
- Қаланың, облыстың ғылымижетістіктері туралы ақпараттар мен материалдар жинақтау;
- Басқа оқу орындарындағы ғылыми жұмыстармен айналысатын оқушылармен байланыс,
тәжірибе алмасу;
- ғылым кандидаттарымен, профессорлармен тренингтер өткізу.
-қалалық, облыстық, республикалық конференцияларға, байқауларға қатысу.
4).Мәдени-көпшілік бағыт:
*дарынды студенттерді колледж ішілік, қалалық, облыстық шараларға қатыстыру, таланты мен дарынын жетілдіру; белсенділігін арттыру;
* өз қалауы бойынша секциялар мен үйірмелерге қатысуына мүмкіндік жасау;
* қоғамдық-пайдалы еңбекпен айналысуын (сенбілік, көгалдандыру) ұйымдастыру;
*1-курс студенттерін колледж өміріне бейімдеу, таныстыру, болашақ белсенділерді қалыптастыру мақсатында жоғарғы курс студенттерінің тәлімгерлігін ұйымдастыру;
* Колледждің мәдени-көпшілік шараларына араласу, ұйымдастыру: «Колледж күні», «Студенттер күні, «Наурыз, «Жыл студенті», «Жыл кураторы», «Үздік топ» сайыстарын өткізіп тұру.
*мәдениет, салт- дәстүр, ұлтаралық байланыстарды дамыту мен насихаттау бағыытында ақпарат алмасу, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру;
*мәдени кештер, кездесулер, кітап күні,мұражай күні, жарыс, сайыс, дебат, пікірталастар өткізу;
*мемлекеттік тілдің мәртебесін асыру бағытындағы шараларды өткізу:
* орыс топтарымен байланыс орнату, қазақ тілді өзге ұлттарды көпшілікке таныстыру, құрметтеу.
5). Азаматтық-патриоттық бағыт:
* Қазақстан Республикасының мелекеттік сиволикаларын: Ән ұран, Ту, Елтаңбаны қадірлеу. Ән ұранды жатқа білу және алғашқы сабақты ән ұранмен бастау.
* жастар саясатын жүзеге асыру, студенттердің азаматтық тұлғасын қалыптастыру;
* Облыс, республика көлеміндегі айқын бағыттар мен қоғамдық маңызды шараларға, саяси оқиғалар мен тың бастамаларға қатысу;
* Жастар ұйымдары мен саяси қозғалыстарға, діни топтар мен басқа да түрлі бағыттағы топтарға қатысатын студенттерді анықтау, зерттеу;
* Өзі оқитын оқу ордасының құндылықтарын қадірлеу, дәртүрлі қағидаттарын сыйлау және жалғастыру.
4. Студенттік парламенттің қызметіне қатысу
1). Бекітілген ереже бойынша СП қызметіне колледждің барлық студенттері қатыса алады;
2) СП қызметіне қатыспау студенттердің өздері бекіткен органның шешімдерімен келіспеу болып есептелмейді;
5.Студенттік ұйымды құрудың ұйымдастыру бағыттары мен тәртібі:
1). Колледждің Студенттік Парламенті (СП) –колледж көлемінде, студенттік бөлімдердің, үйірмелердің барлығын үйлестіретін, колледж әкімшілігі алдында студенттердің мүддесін қорғайтын ең жоғарғы студенттік орган (Студенттік Үкімет)
2). Қалыптастыру тәртібі. Студенттік парламенттің төрағасы көпшіліктің жабық даусымен 1 жылға сайланады (уақытынан бұрын сайлау мүмкіндігімен). Төрағалыққа кандидат сайлауға дейін «1 жылдық қызметінің» бағдарламасын, сондай-ақ, парламенттің мүшелігіне кандидаттардың тізімін ұсынады.
3). Үкіметтік құрылымы, оның қызметінің бағыттары.
Студенттік парламент министрлер басқаратын 4 бөлімнен құралады. (Министрлерді команданың барлық мүшелері 2/3 –тен төмен емес дауыспен сайлайды).
Парламенттің жоғарғы органы- айына 1 рет болатын министрлер кеңесі. Кеңес құрамына кіреді: төраға, төрағаның орынбасары, 4 бөлімнің министрлері және 4 министрдің орынбасарлары. Кеңес Үкімет төрағасының ұсынысымен өтеді. Төраға орынбасары кеңестің болатындығы, уақыты, орны жөнінде бөлім минмистрлерін құлағдар етеді. Кеңестің шешімі көпшілік ашық дауыспен қабылданады. Үкіметтің жылдық жоспары осы ретпен қабылданады. 2 аптада 1 рет үкіметтің жалпы отырысы өтеді. Онда төраға кеңес отырысы және оның алдағы жоспары туралы хабарлайды, көпшіліктің пікірін тыңдайды. Жалпы жиналыстың құзырына кіреді:
* Үкіметті құру, қайта құру, тарату жөніндегі мәселелер, уставқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, құрамның санын анықтау, Үкімет мүшелерін сайлау және шақыру, қабылдау және шығару.
4) Студенттік парламенттің құрылымы.
а). Парламент төрағасы: директор мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын Үкіметтің қызметі жайлы хабардар етеді.
* колледж әкімшілігіне парламент қызметімен танысуға ұсыныс жасайды, Үкімет кеңесінің өтетін уақыты мен орны туралы хабарлайды.
* Парламент қызметіне басшылық жасайды, қажетті құжаттарға үкімет атынан қол қояды, үкімет мүшелеріне қатысты (жалпы жиналыста шешілуге тиісті мәселеден басқа) бұйрықтар мен шешімдерді қабылдауға құзырлы.
b). Төрағаның орынбасары:
* кеңесті ұйымдастырады және министрлерге хабарлайды. Төрағаға бағынады, төраға жоқ жерде барлық құзыретті өз мойнына алады.
c) бөлім министрі:
* бөлімді басқарады, кеңес отырысына дайындық жасайды. Үкімет төрағасына бағынады. Төрағаны жаңа идеялар мен бөлім мүшелері және олардың жұмыстары жөнінде күнделікті хабардар етіп отырады.
* Үкімет жоспарының орындалысын қадағалайды; бөлім басшыларының үкімет жұмысына белсенді араласуына басшылық жасайды
d) министрдің орынбасары:
* бөлім министріне бағынады. Министр болмаған жағдайда, барлық құзырды өз мойнына алады
5). Студенттік парламенттің құзыреті:
* Ережеде көрсетілген СП-тің барлық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға жұмыстанатын бөлімдердің қызметін үйлестіру; Оқу-тәрбие жұмыстарының орындалысы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін колледждің оқу-тәрбие бөлімдері басшыларымен байланыста болу; Жастар саясаты жөніндегі стратегиялық жоспарлардың орындалысын бақылау және жүйелеу.Педагогикалық кеңеске, басқа да түрлі комиссияларға қатысу арқылы, сондай-ақ, директордың өзіне тікелей бару арқылы студенттердің құқықтары мен талаптарын қорғау.
6.Студенттік парламенттің колледж әкімшілігімен және басқа да құрылымдармен байланысы:
*Студенттік парламент колледж әкімшілігімен, оқу ісі және тәрбие бөлоімдері басшыларымен тығыз байланыста болады.
* Директорат немесе оқу,тәрбие бөлімдері студенттік Үкіметке оқу-тәрбие процесіне қатысты жекелеген мәселелердің қаралуын, талқылауды, шара алуды ұсынады.
* СП-тің аталмыш мәселе бойынша шешімі ұсыныс түрінде болады.
*СП төрағасы педагогикалық кеңеске, этикалық кеңеске, басқа да құрылым жиналыстарына кеңес беруші тұрғысында қатыса алады.
* СП өкілдері студенттер өмірі мен қызметіне, тәртібіне қатысты кез-келген жиналыс не шараларға қатыса алады.
* СП белсенділері студенттерге қатысты (әлеуметтік комиссия, т.б.) комиссиялардың құрамына кіреді.
7. СП қызметін қаржылық-жабдықтау, қолдау көрсету.
* Колледж басқармасы студенттік парламенттің жұмына қажетті материалдық қолдау көрсетеді.
* Оқу орнының әкімшілігі студенттер активін кабинетпен, байланыс құралдарымен, оргтехникамен, басқа да қажетті дүниелермен жабдықтайды.
*СП қызметінің қосымша қаржысы студенттер кәсіподағының қоры арқылы және «Колледж түлектерінің Қауымдастығыныңң демеушілік көмегі арқылы жинақталады.
8.Студенттік Парламенттің белсенділерін қызықтыру, көтермелеу, марапаттау.
1) СП қызметін моральдық қолдау- көтермелеу:
* дипломдармен, алғыс хаттармен, куәліктермен марапаттау, жеке ісі құжатына тіркеу;
* колледждіңоқу-ағарту, мәдени-көпшілік, спорттық өміріне, өзін-өзі басқару ісіне белсене араласқаны үшін колледж директорының алғыс хаты мен дипломын беру;
* дипломға студенттің әлеуметтік белсенділігі жөнінде қосымша парақша салу;
* колледж имиджін көтеруге үлес қосқан жекелеген белсендіге: республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, чемпиондар, жоғарғы статусқа ие болған қабылет иесін қаржылай немесе басқа жолдармен көтермелеу (сауықтыру орнына, лагерлерге, олимпиадаларға, семинар, тренингтерге жолдама беру, қоғамдық көліктерге тегін міну, жеңілдікпен тамақтану, тегін емделу т.б. мүмкіндіктерді жасау)
*СП мүшелері өзіне тиісті емес әрекеттерге барған күнде келесі санкциялар жасалады:ескерту, сөгіс, жеке іс қағазына жазылатын қатаң сөгіс, СП қатарынан шығару.
9. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ
1). Негізгі құжаттаманың (ереженің) редакциясы, актив конференциясымен толықтырылып, колледж директорымен бекітіледі. Студенттік парламент құрылғаннан кейін оның мүшелері Негізгі ережені толықтырып не өзгеріс енгізетін болса, СП активінің конференциясында және директордың келісімімен ғана жасай алады.
2).Студенттік актив конференциясының 1-ші шақырылымына дейін директордың бұйрығымен белсенді студенттерден тұратын уақытша үкімет құрылады. Уақытша студенттік үкіметтің міндеті- белсенді студенттердің бірінші конференциясын шақырады және студенттік парламент сайлауын ұйымдастырады.
Лауазымы
|
Қолы
|
Аты-жөні
|
Дайындаған:
|
|
|
Директор кеңесшісі
|
|
Серік Қ.Т.
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы
|
|
Таласбаева А.Т.
|
Достарыңызбен бөлісу: |