Жастардың Әлеуметтік бейімделуі салауатты өмір салты негізінде. Аймағанбетов А, эпс -101 т с



Дата07.07.2017
өлшемі51.13 Kb.
ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НЕГІЗІНДЕ.

Аймағанбетов А, ЭПС -101 т.с.

Ғылыми жетекшісі- Серикбаева Ш.А.

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі

Қандай да елдің ертеңін білгің



келсе, оның жастарына қара”

халық нақылы

Әр заман өз ерекшеліктерімен, дарынды өрендерімен , өрелі істерімен тарихта таңба қалдырады. Игілікті іскер дұрыс жолға салып, бастай білу, жолбасшылық көрсету кез келген адамның тәліміне бұйырмаған бақ пен бақыт. Адам денсаулығы, адам және адамзатқа төнген апаттардың жауапкершілігі туралы міндет ел тұтқасы мен тірегі болатын Мағжан сенген ”арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты” жастардың құзырлығында. Болашақ ұрпақтың қам – қарекетін арыдан болжап, аждаһаны өз Жарлығымен тұншықтырып, содан бері дені сау ұрпақ жалғасын қалыптастыруда көгілдір тумен қатар көтеріп келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қатар, аға буынның көргендігінің арқасында ”қазақстандық даму жолының” тоғысындамыз.

Жер бетіндегі тыныс- тіршіліктің иесі – адам баласы 7 млрд-қа жеткенде, түрлі факторлар негізінде қатар жүретін алапат аурулар да қалар емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінен бөлек, мұсылман елдерінің арасында медицина саласын толық қаржыландырған, барлық алға қойған мақсаттары шешілген, ұзақ жылдарды қамтыған стратегиялық бағдарламалары бар елдер санаулы.Дүние жүзінің саяси картасында небәрі 20 жыл орын тепкен Қазақстан Республикасы ”Қазақстан - 2030” даму стратегиясының өзінде 7 басымдықтың бірі – халық денсаулығын нығайту[1] , Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей ”Халық- мемлекеттің басты байлығы” болуының негізінде.[2]

Халық денсаулығының жағдайы мемлекеттің әлеуметтік бейімделуінің интергальдық көрсеткішін бейнелейді және азаматтардың алдындағы Үкіметтің жауапкершілігін анықтайды. Алайда саяси сахнаға көз жүргіртсек, Иран, Ауғанстан, Алжир, Гвинея тағы басқа мемелекеттерде безгек туберкулез, СПИД сынды ғасыр дертімен қатар, ана мен бала денсаулығы өршіп тұрған мәселелер қатарында болуы медицинаның артта қалуы деп түсінсек, онда заман иесі, болашақ тұтқасы – жастар өздерінің денсаулығына кепілдікті қайдан алады?! Бейбітшілікті пен жасампаздықты ұрандатқан Қазақстан халық денсаулығын нығайту мақсатында түрлі бағдарламалар жасап та үлгерді: ”Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекс, түрлі бағдарламалар, Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталық, медициналық кластер және Ұлттық медициналық холдинг, ”100 аурухана және 100 мектеп” бағдарламасы және халықаралық ”Назарбаев Университеті” медицина факультеті, ”Салауатты Қазақстан ” бағдарлама және т.б. Тәуелсіздік жылдары 500-ден астам денсаулық сақтау мекемелері салынса, 2010 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ІЖӨ 3,2 % құрады.[3]

Мемлекетіміздің іргесін көтеріп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосуға бар күш – жігерін тек дені сау жастар жалғастырады. Сондықтан жастар жоғары сапалы біліммен қаруланып, жоғары интеллектуалдық әлеуетін арттырса, сонымен қатар, заманауи технологияларды пайдалануды жігерлі жасынан бастаса, жастар үнемі өзін – өзі жетілдіру арқылы табысқа жетіп, ел ұйытқысын сақтайды. Сапаға қатты өте талғампаз және ымыраға келмейтін ұйым – FDA Департаментінің (АҚШ) рұқсат қағазын алғаш ТМД елдерінен алу Қазақстанның қолынан келді. Хайдутерапия технологиясымен жабдықталған медицина ілім – білімнің, ғылымның даму нәтижиесінде келіп отыр. Жастар “Даму мен өркендеудің басты мақсаты- тұрғын үй, денсаулық, білім, жанұя, жұмыс. Осылар ғана біздің жұмысымыздың негізгі бағыт – бағдары болуы керек” деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін басшылыққа алып, зор мүмкіндіктерді заман талабына сай қолданылуы абзал.

Еліміз өрлеуде, тұрақты дамуда. Егер 1994 жылы ІЖӨ 700 АҚШ доллары болса, 2010 жылы 9000 АҚШ долларына дейін өскені , туу көрсеткіші 25 % өсіп, өлім – жітім 11% төмендеді, халықтың табиғи өсу 1,7 есе болуы осының дәлелі емес пе?! (1-сурет)

1-сурет. ІЖӨ өсу траектриясы

Елімізде жастар денсаулығының жағдайын таразылайтын болсақ, халықаралық интеграция негізінде 2010 ж БҰҰ бірлесіп ұйымдастырылған жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саясатын жетілдіру мәселелері бойынша Ұлттық консультативтік мәжіліс өтті. Оның ішінде репродуктивтік денсаулығын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторлар: жыныстық қатынастардың ерте басталуы (14-15 жас), жастар арасында ВИЧ-тің өсуі, урбанизацияның ықпалы мен осы жас мөлшерінде темекішеушілікке, алкогольге және есірткілерге баулу, девианттық тәртіп қалыптастыру сынды жастар арасындағы өткір мәселелер қарастырылды. Жастар қашанда ел назарында. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық Күні болып бекітілді. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау белсенді түрде жалғасын таба берсе, жас ұрпақтың бойында сергектік пен тазалық орнығады. ДДСҰ мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 % экологияға, 40 % өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 % ғана дәрігерлік- медициналық көмекке тәуелді екен.[3] (2-сурет)



2-сурет. Адам денсаулығының тәуелділігі.

Жоғарыдағы диаграммада көрсетілгендей, әр адам өз денсаулығының бағбаны. Ғылыми- техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен ірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы- зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Ол үшін төменде көрсетілген «шаршы» қағидасын орындаса да жетерлік. (3-сурет)

3-сурет. Денсаулық сақтаудың «шаршы» кескіндемесі.

Дене еңбегі

Дұрыс тамақтану

Уақытты дұрыс пайдалану Уақытты дұрыс пайдалану

Демала білу

Қорыта келгенде, жұртым деп жұмылып, елім деп еңіреген жақсы мен жайсаң көре алмай кеткен, егемендіктің алтын арай шапағы нұр болып төгілген бақытты сәтті – Тәуелсіздік атты киені сақтап қалу тек дені сау ұрпақ қолында болмақ. Н.Ә.Назарбаевтың « Біздің болашағымызға бағытталған бағдарламаларымыздың барлығын іске асыратын бүгінгі жастар» деген сөзі әр жастың өмірдегі басты мақсатына айналуы қажет.



Әдебиеттер:

  1. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы.

  2. ҚР Конституциясы.

  3. А.Байгенжин. Жолбасшы.//Егемен Қазақстан.25.10.2100 жыл.

Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Түсінік хат Даму мүмкіндігі шектеулі 7-10 жас аралығындағы балалармен жұмыстың жүйесін құрастырған психология ғылымының кандидаты Н. Л. Васильева. Бағдарламаның мақсаты
oysywuou -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру
oysywuou -> АҚпараттық- коммуникациялық технологиялардың ҚҰзіреттілікті қалыптастырудағы маңыздылығЫ
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. "Боранды түнде" Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға "
oysywuou -> «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> Оқулықпен жұмыс Кристалл денелер балқығанда және қатайғанда олардың температурасы неліктен өзгермейді?
oysywuou -> Келісілді бекітемін «Қарағанды облысы Білім беруді Қарағанды облысы Білім дамытудың оқу- әдістемелік орталығы»
oysywuou -> Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет