Жастар денсаулық сақтау орталығы жағдайындағы жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту (репродукциялық) денсаулығын сақтау бойынша орталығы жас ұрпаққа медициналық-санитариялық көмек көрсету жаңа ұйымдастыру түрі ретінде



Дата25.02.2017
өлшемі87.69 Kb.
#4880
Қ.Қ. Өтепберген
Жастар денсаулық сақтау орталығы жағдайындағы жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту (репродукциялық) денсаулығын сақтау бойынша орталығы жас ұрпаққа медициналық-санитариялық көмек көрсету жаңа ұйымдастыру түрі ретінде
«Демеу» АМСК орталығы жанындағы ЖДО, Астана қ.
Ұрпақ жаңғырту денсаулығының мәселелері өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы саласында қазіргі уақытта қоғамдық денсаулықтың көкейкесті мәселесі болып табылады, оның себебінен болашақта ұлт денсаулығы ауыр зардап шегуі мүмкін (туып көбею деңгейінің төмендігі сақталуы, нәрестелік өлім-жітімінің жоғары көрсеткіштері, жүктілік пен босану ақаулықтары). Сонымен қатар, қауіпті ықпалдарға бүгінгі жасөспірім мен жастардың репродукциялық әлуетін төмендету қауіп-қатерлі ықпалдарына апарып соғатын қауіпті мінез-құлық салалары жөнінде ақпараттанулықтың төмен деңгейі, ұрпақ жаңғырту нұсқамаларының қалыптаспағандығы, сондай-ақ, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі медициналық-санитариялық сүйемелдеу кемшіліктері жатады.

Жасөспірім мен жастар денсаулығының үлкен әлеуметтік маңызы бар, себебі олар қоғамның репродукциялық, парасаттық, экономикалық, әлеуметтік, саясаттық және мәдени резервы болып танылған. Сондықтан да «Жас отан» жастар бағытының съезінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан жастары елдің ең басты дәулеті деп ескеріп қойды [1].

Сонымен қатар, көп жағдайда жасөспірім мен жастар мүддесі есепке алынбайды. Айтарлықтай, БҰҰ Қорының ЮНФПА тұрғын халық аумағындағы деректері бойынша БҰҰ мыңжылдық Декларациясында жарияланған даму мақсаттарының бүгінгі жастар буынына қатысы жоқ (олар әлемнің жартысы дерлік – үш миллиард адамнан астам). Алайда жастар осы мақсаттарға жетуге ықпал етеді де, өздеріне де оның әсері тиеді. Тіпті, 2015 жылы қазір онға толған жасөспірімдер мыңжылдық мақсатына жету жұмыстарын атқаруға толығымен дайын болады [2, 55-б].

Қазіргі күні Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдындағы бірінші кезектегі міндет – жасөспірім мен жастардың денсаулығын сақтау бойынша жас ұрпақ денсаулығының бүгінгі күн жағдайын барабар көрсететін, олардың мұқтаждарына сай болатын, сондай-ақ, өз денсаулығын сақтауды реттеу бойынша шешім қабылдауға белсене қатысуды көздейтін медициналық көмекті ұйымдастыру. Біздің ойымызша, жастар ұрпақ жаңғырту мәселелерінің медициналық-әлеуметтік жоғары маңыздылығы мен көкейкестілігін ескере келе, оларды шешуге арналған ұлт денсаулығын қалыптастыру негізі болып табылатын ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтаудың жаңа қағидатты үлгісін құру болып табылады.

Жас ерекшеліктеріне қарай жасөспірім мен жастарға көрсететін қызмет түрінің ересек пен балаларға көрсететін қызметтерден айырмашылығы бар. Мұндай қызмет, әлем тәжірибесі бойынша, жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталықтарында ұйымдастырылған «жастарға қамқор клиникалары» шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін (мұнан былай - ЖҚК). Сарапшылар пікірінше, ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау «жасөспірім мен жастарға қамқор» орталықтарын құру дәлелдігі ретінде келесі өзара байланысты жайттар болып танылды: 1) жасөспірімдер денсаулығының әлеуметтік маңыздылығы; 2) жасөспірімдер денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуы күрт төмендеуі; 3) негізгі медициналық көмектің жетіспеушілігі, медициналық-әлеуметтік көмектің жоғары қажеттілігі; 4) жасөспірімдердің психикалық және әлеуметтік жетілмегендігі, өз денсаулығына деген саналы түрде ұғынған көзқарастың және өздігінен көмек сұрау дағдыларының жоқтығы, өзін-өзі аңғару және өз сезімдері мен ойын барабар білдіру дағдыларының жоқтығы; 5) «қауіпті мінез-құлық ауруларының» үлес салмағы үдей түсуімен қоса жастар ауруларының құрылымы өзгеру; 6) ұрпақ жаңғырту денсаулығының мәселелері бойынша жасөспірімдер ақпараттанулығының төмен дәрежесі; 7) жасөспірім мен жастар денсаулығын сақтауда кешенді тәсілдер мен идарааралық өзара әрекет қажеттілігі [3, 5].

ЖҚК шеңберінде қолданылатын медициналық-санитариялық тәсілдерінің әдіснамалық негізі болып тұрғын халық және даму бойынша Халықаралық конференциясында 1994 жылы қабылданған ұйғарым саналады. Бұл ұйғарым денсаулық сақтаудың басқа салаларымен салыстырғанда ұрпақ жаңғырту және нәпсіқұмарлық денсаулықтың бірегейлігін құрайтын негізгі ерекшеліктерін қоса көрсетеді. Соның ішінде, ұрпақ жаңғырту денсаулығы жеке басы белгілеген мөлшер мен мерзімде дені сау ұрпақ өрбітуге сәйкес келетін қауіпсіз және нәтижелі жыныстық өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ететін толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлық ретінде қарастырылады [4].

Жастарға қамқор клиникалары – бұл денсаулық сақтау мәселелері бойынша жасөспірім жасының ерекшеліктерін алдын ала ескере келе еріктілік, ыңғайлылық, тілектестік пен сенім ұстындар негізінде кешенді медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсететін мекеме [3, 17]. Жасөспірім мен жастарға олардың мәселелерін түсіну арқылы, мінез-құлықтарын өзгерту жолын қоса іздестіру арқылы денсаулық сақтауға бағдарланған ЖҚК көмегі басқа медициналық ұйымдардан ерекшеленеді.

Жасөспірім мен жастардың денсаулық мәселелерін шешу мақсатында «Демеу» АМСК Орталығында қызметі ЖҚК идеологиясы (пайымдаулар, түсініктер жүйесі) қағидаларына негізделген Жастар денсаулық орталығы жасалды. Жастар денсаулық орталығының шеңберінде жасөспірім мен жастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үрдісінде біз ұрпақ жаңғырту денсаулық жағдайының аңғарымнамасын жүргіздік. Негізінде әлеуметтік және психологиялық себептерге байланысты осы халық тобының ұрпақ жаңғырту денсаулығының саласында көптеген түйінді мәселелері айқындалды.

Жыныс жолы арқылы жұғатын ауыруларға байланысты пайда болатын мәселелерін, жүктілігін жасөспірімдер жасырып, емдеу мекемелеріне қаралуға ұялады екен. Сондай-ақ, жасөспірімдер көп жағдайда өз денсаулығын сақтау мәселелерінде сауатсыз екені анықталды. Жасөспірімдердің ертерек басталған жыныстық белсенділігі ең басты әлеуметтік түйінді мәселе болып шықты, және де еске сала кететін жайт: жастар жыныстық өмір сүруге физиология жағынан болсын, психология жағынан болсын даяр емес, олардың жыныстық жолы арқылы жұғатын аурулар жөнінде жеткілікті білімі жоқ, жыныстық өмірді ерте бастағанның жағымсыз салдары болатынын әрі жүктіліктің үзілуі мүмкін екенін білмейтіні анықталды.

Келесі кезең жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау Орталығының қызметін ұйымдастыру болып табылды. ЖҚК пәлсапасына сүйенсек, жастардың репродукциялық денсаулығын сақтау Орталық қызметінің мақсаты – жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау және оларды әлеуметтеудің жағымды жағдайымен қамтамасыз ету. Сонымен бірге біз көздеулі топ мұқтажына негізделген идеологияны қалыптастыруға зер салдық. Біз дәрігердің жай қабылдағаны емес, дәрігер, психолог, психотерапевт немесе арнайы даярлықтан өткен маманның кеңесі ретінде көрсетілген көмек жастарға пайдалылау болатынын түсінеміз. Бұл деген жастар басынан кешетін күрделі мәселелермен нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Жасөспірім мен жастардың репродукциялық денсаулық сақтау мәселелерін шешу тәсілдерінің әдеттегі медициналық мекеме мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау Орталығы арасындағы айырмашылығы келесіде:




Әдеттегі жасөспірімдерге арналған медициналық мекеме

ЖДО жанындағы жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау Орталығы (іДемеу» АМСК Орталығы)

  • Көрсетілетін көмек көбінесе ауру адамға арналған

  • Көрсетілетін көмек сау және ауру адамдарға арналған

  • Емдеу

  • Сапа өлшемі – дерекке негізделген баға

  • Сапа өлшемі – қайта қаралу

  • Көмектің тар шеңберлілігі

  • Кешенді көмек, медициналық, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық




  • «Дәстүрлі» мәселелер, алдымен, тәндік ауруларды емдеу

  • Директивті үлгі – шешімді маман қабылдайды

  • Ынтымақтастық үлгі – қаралушының қатысымен шешім қабылданады






Біздің қызметімізде ЖҚК-гың келесі қағидаларды іске асырылады: 1) ыңғайлылық – жас адам қызмет алуға нақты мүмкіндігі бар: қаралу жосығының оңайлығы, тегін медициналық көмек кепілдігінің орындалуы, көрсетілген көмек құзырлылығы, кез келген қажет ақпаратты білу мүмкіндігі, қаралған күннен бастап көмек алуы; 2) тілектестік – қызметкерлер тарапынан жасөспірім ерекшелігін түсініп, қабылдауға негізделінген, сыйлау, құпиялық сақтау және олардың өзіндік пікірін білдіруін қолдауда барынша тілектестік қарым-қатынаста болу; қызметкерлер жастардың тұрмыс қалпын түсініп, қабылдауға тырысуы; 3) сенім – қызметкерлердің тілектестік қарым-қатынасынан, жасөспірім мен жастарды тұлға ретінде сыйлау және құпиялық сақтау қағидаларынан құралуы; 4) еріктілік – жас адамның ауруға ғана байланысты емес, аурудын алдын алу мақсатында өздігінен, жете түсіне дәрігерге қаралу уәждемесі, сондай-ақ, қызмет талғауда әрі ЖҚК қызметкерінің ұсынысын қолдануда еркіндік білдіруі [3, 17-20].

Сонымен, қазір Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің алдында жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау бойынша мамандандырылған қызметтер жасау қажеттілігі жетті. Жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту бойынша жұмысының негізі профилактикалық бағдарлы басымдық, санитариялық ағарту басымдық қажеттілігі келесі бағамдарды дамыту жолымен жүзеге асырылу керек: 1) ақпараттық – саламатты өмір салтын насихаттау, мұқтаж болған кез келген жас адамды жоғары сапалы кәсібилік, оңтайлы және түсінуге ыңғайлы ақпаратпен қамтамасыз ету; 2) білім беру – жасөспірім мен жастарды гигиеналық білім беру мен тәрбиелеуге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және нәтижелілігін бағалау; 3) үйлестірулік – денсаулық сақтау саясаты мен саламатты өмір салтын қолдауға бағдарланған түрлі мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жасөспірімдер мен жастардың өзара іс-қимыл жасасуы.



Пайдаланған әдебиет тізімі

  1. Н.Ә. Назарбаевтың «Жас отан» жастар бағытының съезінде сөйлеген сөзі. Астана, 2008 жылғы 14 мамыр. ҚР Президентінің ресми сайты. www.akorda.kz

  2. 2005 жылы әлемдегі тұрғын халық. ЮНФПА. Тұрғын халық саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоры, 2005. – 140 бет.

  3. П.Н. Кротин, А.М. Куликов, Т.Ю. Кожуховская. Жастарға қамқор клиникалары (Жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау орталықтары) Дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларына нұсқау. СПб: Санкт-Петербургтік дипломнан кейінгі білім беру академиясы; РФ-дағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), 2006. – 55 бет.

  4. Д.П. Коновалов. Ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау. Инновациялық білім беру бағдарламасы. М.: МГМСУ, 2007. Саламатты өмір салты мен әлеуметті елеулі аурулардың алдын алу. http://www.msmsu.ru/zob/spec/spec_1. htm





Тұжырымдама

Жастар денсаулық сақтау орталығы жағдайындағы жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту (репродукциялық) денсаулығын сақтау бойынша орталығы жас ұрпаққа медициналық-санитариялық көмек көрсету жаңа ұйымдастыру түрі ретінде
Мақалада жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жасөспірім мен жастар денсаулығының әлеуметті маңыздылығы жөнінде ерекше көңіл аудара айтылды. Жасөспірім мен жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтаудың заманға сай жағдайларын барабар көрсететін, мұқтаждарын көздейтін, сондай-ақ, өз денсаулығын реттеу бойынша шешімдер қабылдауға белсене қатысуын көздейтін негізі жаңа үлгісінің қажеттілігі туралы мәселе қозғалды «Жастар денсаулық орталығы» . («Демеу» АМСК Орталығы жанындағы) шеңберінде ұйымдастырылған жасөспірім мен жастар репродукциялық денсаулығын сақтау орталықтарын құру жөнінде ой қарастырылды.
Резюме

Охрана репродуктивности здоровья поддерживается и молодежью в условиях МЦЗ как организация нового вида медика санитарной помощи молодому поколению.

К.К.Утепбергенова

В статье рассматриваются проблемы организации медицинской помощи по охране репродуктивного здоровья подростков и молодежи. Подчеркивается социальная значимость здоровья подростков и молодежи. Ставится вопрос о необходимости создания принципиально новой модели охраны репродуктивного здоровья подростков и молодежи, которая адекватно отражает современную ситуацию со здоровьем молодого поколения, отвечает их потребностям, а также предполагает активное участие в принятии решений по регулированию собственного здоровья. Предлагается создание центров охраны репродуктивного здоровья подростков, подобных центру, организованному в рамках «Молодежного центра здоровья» (при Центре ПМСП «Демеу»).


Summary

Security reproduction health of teenagers and young men in condition of medical Centre of Health as organization of a new type of medical sanitary helps of young generation.

K.K.Utepbergenova
This article concede problems of medical helps of security reproduction health of teenagers and young men. Social meaning of health of teenagers and young men is the main problem of the country at present time we put the question about needing a new principle model of security reproduction health of teenagers and young men which adequate shows modern situation of the health young generation answer their requirements and so prefere take active part in discussion about own health.




Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет