Жасөспірім және заң сапалы ұрпақ, саналы қоғам



Дата10.04.2018
өлшемі86.23 Kb.
Жасөспірім және заң - сапалы ұрпақ, саналы қоғам
«Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға

басылған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды, кім қолдайды?» деп ойлау керек.

Н.Назарбаев
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Ішкі істер органдары тарапынан ұдайы жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар және қала көлеміндегі жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік мәні бар лекциялардың үлесі көп жасалынғанмен бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар оқу жылы басталарда көп тіркеледі. Себебі жан-жақтан, ауыл-ауылдан, ауданнан әр түрлі мінезді балалар келіп, бір-бірімен келіспей жатады. Соның салдарынан құқық бұзушылықтар орын алып отыр.

Десекте, оқу жылында құқықбұзушылықпен қылмыстылықтың алдын алу бойынша іс-шара жоспары дайындалып, «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жасалған құқық бұзушылық пен қылмыс» бойынша жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы жұмыс жоспары дайындалып, колледж директорымен бекітілді. Жоспар бойынша «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, жол қозғалыс ережелерінің қағидаларын және жаяу жүргіншілер арасында жол-көлік оқиғаларын алдын алу, топтық төбелес, ұрлық, бопсалау, сонымен қатар әрбір білім алушының орнын, жүріс-тұрысын, тұрмыс-тіршілігін анықтау мақсатында сыртынан жедел бақылау жұмыстарын жүргізу, күдік тудыратын студенттерден тәуекелді топ болған жағдайда, тізімге алу, жастардың бұзық ортаға кіріп кетпеуінің, құқық бұзушылыққа жол бермеуінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында сауалнама жұмыстары қарастырылып, атқарылып келеді. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы бойынша іс-шаралар атқарылылып келеді.

Осыған орай, «Абылай хан» атындағы колледжімізде жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі міндеті - барлық тәрбие сатыларына оқытушылардың, ата- аналардың колледж өміріне қызығушылық, өзара әрекеттестік пен ықпалдастық әрекеттерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау болып табылады. Колледжімізде «Жастар мен жасөспірім арасындағы құқық бұзушылық» іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында тәрбие берудің тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып біршама нақты бағытталған жұмыс түрлері жоспарға сәйкес жүргізіп келеді.

Осыған орай, «Жасөспірім және заң - сапалы ұрпақ, саналы қоғам» («кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және бос уақыттарын тиімді пайдалану») атты тәрбие бөлімінің профилактикалық, рухани-танымдық апталығы болып өтті.

Профилактикалық, рухани-танымдық апталықтың мақсаты - білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру болып табылды.

Апталық дүйсенбі 12 ақпан күні «Таңертеңгі көңіл күй»  сауалнамасынан басталды. Барлық қатысушылар өздерінің көңіл күйіне сәйкес келетін түстерді таңдап, қораптарға салды.

«Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады» атты сала мамандарымен кездесу болып, кездесу барысында колледж психологы А.Тұрғамбай кездесудің басты мақсат-міндеттерін, бала құқықтары туралы заңнамаларымен таныстырып өтті. Облыстық жастар денсаулық орталығының психологы бала құқығының бұзылуы себептерінің бала психикасына әсері туралы айтып өтсе, колледж медбикесі қол жетімді медициналық көмек тұрғысында сөз қозғады. Колледж инспекторы Б.Зиябілов «Колледжде балалар құқығының қорғалу, бала құқығы қорғалмаған жағдайда қолданылатын шаралармен таныстырып, бейнероликтер көрсетті.

Іс-шара барысында «Менің құқығым бар» деген сөзден не ұқтыңдар? сауалнамасы арқылы білім алушылармен пікірлесіп, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

«Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру, білім алушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Сондай –ақ профилактикалық, руханы-танымдық іс-шараға Жол-патрульдык полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Серікбаев Ермек ағамыз білім алушылармен кездесіп, бүгінгі таңда ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктердің ерсілі-қарсылы көбейіп, автокөліктердің барлық түрлерінің еселеп артып келе жатқандығын ескерте отырып, соңғы 12 ай бойынша болған жол-көлік оқиғаларына тоқталды. Және де машина жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп, колледж білім алушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтау керек екендігін атап көрсетті. Білім алушалар тарапынан сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Ағайларына рахметін айтып, арнайы дайындалған бейне роликтерді тамашалады.

«Мен жарқын өмірді қалаймын» атты семинар-тренинг болып өтті.

Семинар - тренингтің мақсаты – Жасөспірімдердің өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, жасөспірімдік жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау, ерекшеліктерін түсінуге, өз өмір тәжірибелерін басқа балалармен салыстыру, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлекцияны дамытуға көмектесу.

Сондай –ақ, жасөспірімдер семинар-тренинг соңын жағымды тілектер айтып, болашаққа деген жақсы армандармен, үміттерін ортаға салды. Кез келген тығырықтан шығар жолдың бар екенін, өздері жалғыз емес, әрқашан қолдаудың бар екенін түсінісіп, бір-бірімен қол алысты.

Барлық білім алушылар жақсы көңіл-күймен белсенділік танытты.

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы колледждің студенттер сарайында жазушы, драматург Р.Отарбаевтың «Қанды Өзек» спектаклын қойды.

Қойылымның мақсаты – жастарды нашақорлық, алькоголдық секілді үлкен дерттен бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, есірткіге тәуелділіктің азабын көрсету және нашақорлыққа қарсы күреске үндеу.

Автордың бұл туындысы қоғам індеті – нашақорлық, есірткіге тәуелділікжайындағы терең мәні бар трагедиялық қойылым. Сахналық қойылымдағы есірткіге еліріп, аласұрған бейнелердің жанталасқан жанұшыра айқайыоқиға желісіне көрерменді қызықтыра түседі. Шынайы жылап, шеберлікпен құлап жатқандарға қарап, режиссердың таланты, әртістердің кәсібилігіне еріксіз риза боласың. Сахнаға арнап жазылған шығарманы сомдауға еңбектенген театр әртістеріне алғысымыз шексіз. Бұл қойылымның студенттерге берер тәлімі мол болды және өскелең ұрпақ үшін маңызды көрініс болары сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні бар сахналық қойылымдарды студенттеріміз асыға күтетініне сенімдіміз.

Профилактикалық, рухани-танымдық іс-шара барысында «Жастар ісі кеңесінің» жанынан құрылған үйірмелерінің тыныс-тіршілігімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты оқу орнымыздағы жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану барысында үйірмелер жұмысын күшейту.

Шара барысында «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшылары, қаламыздағы іргелі және арнаулы оқу орындарының Жастар комитетінің төрағалары қатысып, Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуының жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жастар аясында кеңінен насихаттау жүргізілді. Сонымен қатар колледжіміздегі үйірме жұмыстары таныстырылып, күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Іс-шара барысы Студенттер сарайында жатақхана жастарының «Бір үйдің баласындай» атты шығармашылық кешімен жалғасын тауып, шара соңын «Жастар ісі кеңесінің» ұйымдастырылуымен түсірген «Путь к общяге» атты қысқа метражды киносының тұсауы кесіліп, көрермендер назарына ұсынылды.

«Кәмелет жасқа толмағандардың девиантты және деликвентті мінез-құлқының алдын алу» мақсатында колледж білім алушыларымен семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты – тәрбиесі қиын балалардың тәртіп ережелерін дұрыс түсінуіне жағымсыз жағдайлардан алшақ болуына, өз –өзіне баға беруіне тәрбиелеу және білім алушылармен ауызбіршілікте болуға шақыру.

Жағымды аудитория жабдықталып, бірінші курс білім алушыларынан тәртібі қиынға соғатын білім алушыларды топтастырып, тренингті жүргізуші Қорқыт ата атындағы ҚМУ «педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Б.Қойшыбаева білм алушыларға жағымсыз жағдайлардан алыс болуға, жағымды қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастықта болуға байланысты бірнеше жаттығулар жүргізді.

Тренинг соңында білім алушылар өз сезімдерімен, өз ойларымен бөлісіп, көңілді ән шырқады.

«Қауіпсіз колледж, қауіпсіз балалық шақ» ұранымен студенттер арасындағы құқық бұзушылық іс-әрекеттерінің алдын-алу (Топтық төбелес, ұрлық, бопсалауға) байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық, руханы-танымдық іс-шараға Қызылорда қалалық Ішкі Істер Басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Е.Құдайбергенов, Қызылорда қалалық Ішкі Істер Басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Ж.Уксикбаев, Қызылорда қалалық Ішкі Істер Басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Э.Бектемір арнайы қатысып, баяндама оқып, білім алушылармен пікір алмасты. Жиын барысында еркін түрде, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттер бойынша сөз қозғап, 1-4 курс білім алушыларының арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ішкі тәртіп ережелерін қатаң орындау міндеттелді. Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, оларға құрметпен қарау керек екендігін қатаң түрде ескертілді. Осы тақырыпта қатысушылар арасында өз пікірлерін айтып, ортаға салды. Студенттер тарапынан сұрақ қойылып, жауаптар берілді.

«Қиын балалармен қалай жұмыс жасаймыз» тақырыбында оқытушыларға арналған семнар-тренинг болып өтті.

Семинар – тренингтің мақсаты – қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі қиын (девиантты) балалардың, құқық бұзулары жиі орын алуы. Осыған орай оқытушыларға қиын балалармен жұмыс жасаудың жолдарын, әдістерін, түзету мен алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруды және оқытушы бойында балаға деген жағымды эмоциялы қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым-қатынас жасау жолдарын бөлісу.

Семинар-тренингтің барысында қиын балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері, жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық түзету, девиантты мінез-құлықты балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету мен алдын алу шаралары қарастырылды.

Семинар-тренинг соңын «Мен не алдым..., мен нені білгім келеді...» деген сауалдарға оқытушылар өз пікірлерін айтып, жеткен жетістіктерін ортаға салды.

Десекте, қазіргі таңда балаларға ақпараттың шектеусіз әрі бақылаусыз берілуі олардың сана- сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс- әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, сабақтан тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

Біз оқу орны тал бойына біткен тәрбиені өзгерте алмаймыз, десекте әр бір балаға бағыт-бағдар беріп, жұмыс жасаймыз.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр бір оқу орнының міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Колледжіміздегі ішкі тәртіп заңының ең басты мақсаттарының бірі – колледждегі алуан мінезді білімалушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын білім алушыларға етене түсіндіру.

Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді патриоттық тұлғасын қалыптастыру бағытындағы барлық бірлескен іс-қимыл шаралары өзінің игі жалғасын тауып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өзіндік тұрғысынан әсерінің оң болатындығына сенім мол.

Ғ.М.Асанова,



«Абылай хан» атындағы колледжі

директордың тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет