«Жасыл» стандарттар «Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі»



бет1/9
Дата10.04.2018
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Жасыл» стандарттар

«Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі» жобасының А.6.3 міндеті

Түпкілікті есеп

Құпия ақпарат

27.03.2017 ж.


Мазмұны


1. Кіріспе 5

1.1 Алғышарттар мен мақсаттар 5

1.2 Контекст 8

1.3 Тәсілдеме 9



2. «Жасыл» стандарттар 12

2.1 Климат өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі арнайы жұмыс тобы 12

2.2 ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін басқару рәсімдері 14

2.3 Климат өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес 16

2.4 Көпжақты банктердің жалпы қағидаттары 17

2.5 Экватор қағидаттары 19

2.6 «Жасыл» облигациялар саудасының қағидаттары 19

2.7 Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) Парник газдарының шығарындыларын есепке алу стандарты 20

2.8 Климаттық облигациялар саудасының стандарты 21

2.9 Жауапты инвестициялау қағидаттары 22

2.10 Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерістері жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) бойынша климат өзгерістеріне қатысты есептілік стандарттары 23

3. Қысқаша ақпарат 26

3.1 Таңдалған стандарттардың қолайлылығы 26

3.2 Тиісті стандарттарды таңдау 29

3.3 «Жасыл» стандарттарды таңдау үрдісіне ықпал ететін басқа факторлар 31



ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ:

Бұл есеп тек қана ЕҚДБ және АХҚО үшін арнайы дайындалған және бұл ақпарат үшінші тұлғаларға тек иллюстрация ретінде ұсынылуы тиіс. ЕҚДБ осы есепте баяндалған ақпараттың дәлдігі мен толықтығына қатысты ешқандай анық немесе болжамды түрде мәлімдеме жасамайды және кепілдік бермейді. ЕҚДБ осы есептегі кез-келген ақпаратқа ешқандай тәуелсіз тексеру жүргізбеген және ЕҚДБ осы есептегі кез-келген ақпарат немесе оған қатысты кез-келген бұрмалаушылықтар немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.

Ризашылықты білдіру

«Жасыл» стандарттар жөніндегі бұл есеп «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұрақты энергетика саласындағы бастамасы аясында ЕҚДБ климат өзгерістері және қуатты тиімді пайдалану жөніндегі жұмыс тобына арналып дайындалды. Талдамалық және редакциялық жұмыс тобына жетекшілік жасағандар Ян-Виллем ван де Вен (Jan-Willem van de Ven) (ЕҚДБ), Айгүл Кусалиева (АХҚО) және Әсел Нұрахметова (АХҚО). Талдаушылық көмекті Зейнеп Кансевер (Zeynep Cansever) (ЕҚДБ) ұсынды. Кристиан Брюнинг (Kristian Brüning) (Climate Wedge Oy) есеп тарауларын әзірлеуде редакторлық топқа басшылық жасап, редакциялық шолу мазмұны жөнінен Ханна-Мария Ахонен (Hanna-Maria Ahonen) (GreenStream Oy) қолдау көрсетті.

1. Кіріспе

1.1 Алғышарттар мен мақсаттар


Ақпаратты ашу ережелерін, өнім стандарттарын ілгері дамытатын бірқатар халықаралық ұйымдар мен желілер, инвестор коалициялары мен "жасыл қаржыландыру" жөніндегі салалық желілер бары белгілі. Бұл ұлттық, аймақтық және жаһандық базалық құрылымдар «жасыл» қаржы нарықтарының дамуын қолдап отырады.

Бұл құрылымдар нарықтағы бірқатар функцияларды орындайды, соның ішінде: ашықтықты арттыру, тәуекелдерін бөліп көрсету, идея алмасу, инвестициялардың экологиялық және әлеуметтік зардаптарын бағалау және өлшеудің әдіснамасын анықтау және ережелерін кіргізу. Кейбір құрылымдар қаржы нарықтарына арналған «жасыл» стандарттарды анықтаумен айналысады. БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының (UNEP FI) аясындағы Қаржылық бастама жөніндегі алдағы есепте тұрақты қаржыландыру саласындағы негізгі нарықтық бастамалар мен серіктестік қатынастар көрсетілген1. Төмендегі 1-суретте банк саласындағы маңызды бастамалар (мысалы, «Тұрақты банк желісі», Экватор қағидаттары), инвестициялар (мысалы, БҰҰ жауаптылықпен инвестициялау қағидаттары, Көміртегі шығарындылары туралы ақпаратты ашу жобасы) және сақтандыру (мысалы, Тұрақты сақтандыру қағидаттары) мен әр бастаманың мазмұнының көлеміне шолу жасалған. «Жасыл» стандарттар сонымен қатар компания деңгейіндегі жұмыс операциялары мен өнімдер (мысалы, ISO 14000 стандарттары), сондай-ақ нақты секторлар (мысалы, Цемент саласын тұрақты дамыту жөніндегі бастама) мен жобалар (мысалы, Экологиялық таза даму механизмі) бойынша қол жеткізуге болады.

Париж келісіміне сәйкес елдер климат саласындағы әрекеттер мен қолдауларға арналған транспаренттіліктің кең көлемді жаңа құрылыммен бетпе-бет келеді, соның ішінде климат саласындағы жобаларды қаржыландыру жөніндегі есептілік, алынған және жинақталған, сондай-ақ жағымсыз зардаптары мен нәтижелерімен байланысты 2018 жылдың аяғына қарай анықталып, белгілі бір уақытта түзетіліп тұруға тиісті толық шарттары, рәсімдері және басшылық қағидаттары кіреді.2 «Жасыл» климат қоры (ЖКҚ) аясында жағымсыз зардаптарын бағалау мен тиімділік көрсеткіштерін өлшеуге бейімделу шеңберіндегі өзіндік бағалау рәсімдері жасақталады.3 Париж келісіміне сәйкес келетін және ашықтық жүйесіне қатысы бар, сондай-ақ "Жасыл" климат қоры (ЖКҚ) аясындағы тұжырымдамаларға сәйкес келетін ақпаратты жинақтайтын "жасыл" стандарттарды қолданудың болашақта маңызы зор болуы мүмкін.


Келесі салалардағы тұрақты қаржыландыру жөніндегі бастамалар:

Банк операциялары

Инвестициялар

Сақтандыру

Бірнеше бағыт

Мүшелерінің саны

Әлемдік деңгей

Аймақтық/ Ұлттық деңгей

2016 жылдың шілдесіне алғанда

1-сурет. Тұрақты қаржыландыру саласындағы нарықтық бастамалар мен серіктестік қатынастар4

«Жасыл» стандарттар «жасыл» қаржы жүйесінің маңызды негізінің болуын қамтамасыз етеді, оған сәйкес стандарттар тұрақты қаржыландырудың халықаралық құрылымдарындағы жергілікті қаржы жүйелерін бекітеді. Стандарттар сондай-ақ халықаралық тұрақты қаржыландыру желілері, сондай-ақ жергілікті және халықаралық мүдделі тараптар мен ҮЕҰ арасындағы өзара әрекеттесуге арналған платформаны түзеді.

«Жасыл» стандарттар санының өсуіне байланысты Қазақстандағы "Жасыл" экономика тұжырымдамасын қолдау мақсатында түрлі «жасыл» стандарттардың қолданылу және әрекет ету аясын дамыту қажет. "Қазақстан" жобасы: «Жасыл» қаржы жүйесі» Қазақстанның қаржы жүйесі мен «жасыл» экономика қажеттіліктері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) "жасыл" қаржы жүйесін өзінің стратегиялық тіректерінің бірі ретінде пайдаланып, отандық және халықаралық қаржы секторларына "жасыл" экономиканы дамытуға арналған «жасыл» қаржылық құрал-қаражаттарды, сауда өнімдерін және қызметтерді жеткізуді ұсынады. «Жасыл» стандарттар «жасыл» қаржы жүйесінің маңызды компоненті болып табылады, осы есептің мақсаты Қазақстандағы қаржы делдалдарына "жасыл" стандарттардың енгізілу қолайлылығын бағалау болып саналады.

Бұл есеп пен талдау жобаның жүзеге асырылуының бұдан кейінгі жұмыс кезеңдерінде АХҚО-да қабылдануға тиісті "жасыл" стандарттарды анықтау және оларды енгізу үшін ұсынуда басшылыққа алынуы тиіс.


Каталог: fileadmin -> user upload -> docs
docs -> Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салудың Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
docs -> Жоба батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесiн бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»
docs -> Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
docs -> Бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы 16 сәуір 2015 жыл
docs -> "Жасыл" қаржылық жүйелерге арналған халықаралық тәжірибені талдау «Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі»
docs -> «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінің қоғамдық тыңдау бойынша Хаттамасы Өтетін уақыты: 10 қаңтар 2014ж. Өтетін орны: БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекені. «Монтажспецстрой»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет