«Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» онлайн-конференция Құрметті пайдаланушылар! 31 қаңтар күні сағат 15. 00-де bnews kz порталының студиясында «Экономикалық зерттеулер институты»



Дата03.07.2017
өлшемі104.23 Kb.
#22623
«Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» онлайн-конференция

Құрметті пайдаланушылар!
31 қаңтар күні сағат 15.00-де BNews.kz порталының студиясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі С.Б.Байзақовтың қатысуымен «Жасыл экономика: ғаламдық даму тренді» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Жүргізуші

- Қайырлы күн! BNews.kz эфирінде онлайн-конференция. Бүгін біз «жасыл» экономика тақырында әңгімелесетін боламыз. «Жасыл» экономикаға өту бойынша тұжырымдама және «ЭКСПО-2017»-ні өткізу Қазақстанға ұлттық экономиканы қайта құрылымдауға, әртараптандыруға, таза технологияларды енгізуге, табиғи капиталды сақтауға ерекше мүмкіндік беріп отыр. Онымен бір мезгілде, бұл мүмкіндік «жасыл қағидаттарды» стратегиялық жоспарлау, салық салу және ұлттық статистика жүйесіне ықпалдастыру саласында жүйелі саясатты өткізу жағдайында іске асырыла алады. Экономиканың барлық трендтері турасында бүгін біз белді ғалым, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ғылыми жетекшісі Байзақов Сайлау Байзақұлымен әңгімелесетін боламыз.

- Сәлеметсіз бе!

Байзақов С.Б. - Сәлеметсіздер ме!

Жүргізуші - Уақыт тауып бізге келгеніңіз үшін үлкен рахмет. Шынымды айтсам, онлайн-конференциямыз басталмас бұрын Сайлау Байзақұлы менің көптеген сұрақтарыма жауап берді. Және бүгінгі күні баршамыз үшін өзекті мәселе, бұл бүтін әлемдік қауымдастықты толғандырып отырған сауал: Қытай Халық Республткасы өзінің Жаңа жылын тойлап жатқанда әлем абыржу үстінде. Егер олардың қор нарықтары, экономикасы құлдыраса, біздің жағдайымыз не болмақ? Ол бізге қалай әсер етеді? Айтып беріңізші, олардың банктері күйресе, бізге қалай әсер етуі мүмкін?

Байзақов С.Б. - Дағдарысты 2007 жылдың қыркүйегінде және 2008 жылы бастан өткердік, Америка несиелері құлдырап, ығыстырылғанда ол бүкіл әлемдік экономиканы зақымдады. Сондықтан біз бұл механизмнен өттік, бұл дағдарысқа қарсы проблеманы Қытайдың да, Америка мен Еуропаның көмегінсіз, өзіміздің дербес ресурстарымызбен шештік. Оның үстіне, бұл ауқымды дағдарыстық күйреуден аздаған шығынмен шықтық. Менің ойымша, егер осы жолы Қытайды үлкен дағдарыс шырмаса, Қазақстанда өз резервтері, тәжірибесі бар. Сондықтан экономика бұзылады дейтіндей үлкен негіз жоқ. Онымен қоса, өткен онжылдықтарда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. 10 жыл ішінде біздің жалпы өнімнің тауарлық мазмұнында материалдық құрамдауыштар 11 пайызға төмендеді, 54-тен 43-ке дейін. Сәйкесінше, сол инфляциялық өршулерді есепке алғанда, қосылған құн 11-12 пайызға жуық артты. Біздің өз резервтеріміз бар. Қытай экономикасы біздің экономикаға қатты әсер ете қоймайды. Сонымен қатар біз өткен онжылдықта ғана емес, 2050 жылға дейінгі нақты Стратегияға иеміз. Онда Қытай, Ресей, Еуропа және Ислам әлемі сынды біздің шағын және ірі серіктестерімізбен байланысты тәуекелдер ескерілген.

Жүргізуші - Еске алатын болсақ, әлемдік сарапшылардың пікірінше, қаржы дағдарысы «жасыл» экономикаға тек танымалдылықты қосты. Мұнай, нақты айтқанда, оның бағасы қаржылық алыпсатарлықтың шамадан тыс тұтынылуының нышаны болды, ол экономикалық күйзелістен кейін дағдарысқа алып келді. Баршасы байқағандай, әлемдік экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда, «жасыл» салалар аз жоғалтты. Ақырында бизнес дамудың сол кездегі парадигмасы түгесілгенін түсіне бастады. Жалпы, экономикалық тұрғыдан алғанда, біздің елде барлығы қаншалықты тұрақты?

Байзақов С.Б. - Біздің экономика жоғары еңбек өнімділігінің және еңбекке қабілетті халқымыздың жұмыспен толық қамтылуы арқасында өте тұрақты даму үстінде. Біз жақсы нәтижелерге ұмтылудамыз және валюталық резервтеріміз бар. Банк жүйесінде жекелеген түйткілдер бар, бірақ олар уақытша көріністер. Бұл проблемалар бізді қорқытпайды. Бұдан әрі экономика бұрынғыдай 10 пайызға емес, әзірге жыл сайын 6-7 пайызға дамитын болады. Одан кейін ЖІӨ-нің өсімі шамамен 4-5 пайыз болатындығын болжап отырмыз. Бұл экономикамыздың дамуының сенімді индикаторлары.

Жүргізуші - Сіз соңғы кезде Қазақстан экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дамыту проблемасын зерттеуге үлкен көңіл бөліп келесіз. Қазақстан - «жасыл» экономика тренді стилінде әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі. Қазір бұл тақырыпты егжей-тегжейлі ашатын боламыз. «Жасыл» вектор Қазақстанның қазіргі экономикасын жаңғыртудың және түптеп келгенде, Президентіміз болжап отырған экономиканың нақты бағыты бола алады ма? Біз қандай кезеңдерден өтуіміз керек? Біз нені енгізуіміз керек? Не жұмыс істей бастауы қажет? Және, мүмкін, адамдардың сана-сезімі өзгеруі қажет шығар, өйткені экономиканы адамдар жасайды ғой.

Байзақов С.Б. - Дұрыс атап өттіңіз, адамдардың психологиясы өзгеруі қажет. Біз өркениетті кәсіби қоғамға айналуымыз тиіс. Бұл тұрғыда «жасыл» экономика экономикалық дамудың, жай ғана экономикалық емес, сондай-ақ инновациялық, дағдарыстан кейінгі, индустрияландырудан кейінгі тұрақты дамудың жаһандық тренді болып табылады. Біз индустрияландыруды аяқтау үстіндеміз, бізге индустрияландырудан кейінгі инновациялық технологияға өту қажет. Бұл, біз бұдан әрі де бұрынғыдай жұмыс істеп, табиғи ресурстарды пайдалану арқылы жайлы өмір сүріп, ұйықтай бермеуіміз қажет дегенді білдіреді. Жоқ. Бүгінде бізге нанотехнологияны, биотехнологияны, космотехнологияны, ақпараттық технологияны және өзге де жоғары тиімді технологияларды дамыту қажет. Бұл дегеніміз – жоғары экономика. Бұл – материалдық-техникалық ресурстардың дүниежүзілік экономикасы, табиғи ресурстарды аз пайдалану. Бірақ бұл табиғатпен мүлдем жанаспаймыз деген сөз емес, табиғи ортаны байытып, онымен дос болу қажет. Қазақстанда тіпті эко-ауылдар пайда болды. Олар Алматы маңында бой көтерді. Онымен қоса, таза ауылдарды құруға байқаулар, тендерлер өткізілуде. Қостанай таза қалалар рейтингінде 5-інші орынға ие болды. Талдықорған – бірінші. Мұның барлығы халқымызды, қалаларымызды жаңғырту, әртараптандыру үшін жасалуда. Қалалану жоғары қарқынмен жүруде, бірақ біз эко-жүйелер тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді-мекендерде де жұмыс істеуі үшін қалашықтарды сақтап қалуға тырысудамыз. Бұл тұрғыда «жасыл» экономиканы тар ауқымда түсінудің қажеті жоқ. Бұл – автожолдар бойына қалашықтарды салу, жасыл желекті отырғызу, бұл қажет. Бірақ олармен бір мезгілде біз сауатты жаңғыруды құруға тырысуымыз қажет. «Жасыл» экономика қалпына келтірілетін ресурстарға аз қол тигізіп, жел энергиясын, күн энергиясын пайдалану мағынасында ұғынылуы тиіс. Қазақстан бұл жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Біз атом энергетикасын дамытатын боламыз. Бұл Президенттің соңғы Жолдауында айтылған. Және экономиканың ең басты мақсаты – жоғары технологиялар базасында экономиканың барлық салаларын дамыту. Мысал үшін, мұнайгаз саласын алтыншы шекке дейін жеткізу қажет. Сол сияқты түсті металлургия, агроөнеркәсіп салаларында. Жуырда мен Алматыда ҚР БҒМ-ның Ұлттық сараптама орталығы ұйымдастырған конференцияға қатыстым. Онда машина құрастыру, энергетика, ақпараттық технологиялар, еңбекті қорғау бойынша 8 кластерді құру мәселесі қаралды. Бұл дұрыс. Бірақ олар жалпы экономиканы ұмыт қалдырды. Қандай мағынада? Бұл дүниелер 8 кластерді дамытуы қажет. Бірақ егер естеріңізде болса, 2009 жылы Назарбаев «Бесінші жол» мақаласын жазды, онда үш бағыт көрсетілген. Бірінші бағыт – инновациялар, валюталық-қаржы жүйесі. Бұл ұлттық экономикамыздың ірі жүйелері. Банктік жүйесіз, теңге, долларлық айналымсыз біз өмір сүре алмаймыз. Екіншісі – ең нақты экономика, инновациялық технологиялар. Үшінші бөлім – әлеуметтік-саяси инновациялар. Бұл ең маңыздысы – әлеуметтік аспект, саяси аспект, басқарушылық міндеттер. Үш бөлім – үш түрлі нәрселер, олар біртұтас болып жұмыс істеуі керек. Мақалада бұл құрамдауыштар жақсы жазылған. «Жасыл» экономика да кең ауқымда атап көрсетілген. Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу өзінің мазмұнды баяндамасында 5 басымдықты атап өткенде таңырқадым. Бұл өте маңызды басымдықтар, олардың арасында экономикалық түйіткілдер бар. Ол 4 түйіткілді жақын келешекте жүзеге асыратындығымызды атап өтті. Ал бесіншісін кейінге қалдырамыз. Мен сұрақ қойғым келді. Бірақ конференцияда сұрақ-жауаптар кейін болатындығына уәде етті. Секцияда сұрақ қойдым, бірақ ол мені түсінбеді. Біз жеке заттармен жұмыс істемеуіміз керек. Конференция «Энергия – ғылымды, білім мен бизнесті, кәсіпкерлікті біріктіруші фактор» деп аталды. Сайып келгенде, олар экономиканың сегіз саласы бойынша кластерлік талдауды дамытумен ғана айналысатын болып шықты. Валюталық-қаржы жүйесі, әлеуметтік-саяси технологиялар туралы бірде-бір сөз болмады.

Жүргізуші - Олар Сізді BNews.kz-тегі сұхбатыңыз арқылы естиді деп үміттенеміз.

Байзақов С.Б. - Иә, менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе. Мен түсінбедім, бұрын Экономика министрлігінде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы жұмыс істеді, ал қазір Ғылыми-техникалық сараптама орталығы пайда болды. Меніңше, бұл орталықты министрлікке ауыстыру қажет, себебі онда...

Жүргізуші - Бұл енді саяси тұсы ғой...

Байзақов С.Б. - Бұл тек экономикалық емес, негізгі мәселе. Себебі экономистер көп, бірақ көріп отырғаныңыздай, экономиканың өзі жоқ. Тіпті, Назарбаев Университеті ректорының баяндамасын алайық. Бес түйткілге қатысты оның баяндамасында бұл конференциядан күткеніміздей саяси нәтижелілікке экономикалық бағалау жоқ. Яғни, экономикалық негіздемесіз технология, тек шығындар, шығындар және тағы шығындар. Бірақ нәтижесіз шығындар – қауіпті ойын.

Жүргізуші - Сайлау Байзақұлы, тақырыбымызға оралсақ, өйткені біз Білім министрлігіне қарай ауысып кеттік. Ғылым адамы ретінде бұл Сізді толғандырады және бұл қуантарлық. Тақырыбымызға оралатын болсақ, Сіз валюталық әлеует туралы айтып өттіңіз. Аталмыш кезеңде валюталық дамушы елдерде девальвация қарқыны қандай? Түрік лирасы тарихи минимумда, ресей рублі ең жақсы кезеңдерді бастан өткеріп отырған жоқ. Сарапшылар дабыл қағуда. Шынымен де, барлығы үрей тудырарлықтай. Инвесторлар Америкаға, АҚШ-тың Федералды резервті жүйесіне қайта оралуда, экономиканы ынталандыру бағдарламасын тоқтатуда. Бұл дегеніміз біздің барлық активтеріміз қасым астында болады деген сөз. Теңге долларға қарағанда шарықтап кетпейді ме? Бізге қандай қауіп бар?

Байзақов С.Б. - Теңге қазір құбылмалы ырғақта, теңгенің өсімі немесе беки түсуі – бәрі мүмкін. Бірақ кенеттен көтерілу – бұл экономикаға жағымсыз, бұл ауыр жүк. Бірақ экономист ретінде алдағы таяу уақытта біздің теңге ресейлік рубль сияқты құлдырай бастайды деп ойламаймын. Теңгені ресей рублімен салыстырмайық. Олар әртүрлі мазмұнға ие. Рубль құнсыздануда, бірақ бұл Ресеймен бірге өз валютамызды құнсыздандыруымыз қажет дегенді білдірмейді. Меніңше, олай істемеуіміз тиіс. Біз ұлттық валютамыз – теңгенің бағамын ұстап тұрмыз. Рубльге ұстанып тұрмыз, бұлай етуге болмайды. Меніңше, біздің Ұлттық банк мұны түсініп, өз бетінше алға жылжитын болады. Әзірге теңге бағамын сақтап қана тұр. Бірақ саясат ол саясат. Дегенмен, мен шарқырау болмайтындығына кепілдік бере алмаймын. Бізде бар үлкен алтын-валюталық қорымызға қарағанда, біз теңгенің ғұмыры ұзақ және ол қызмет ете беретіндігіне сенімдіміз.

Жүргізуші - Яғни бізге – қазақстандықтарға аса қобалжудың қажеті жоқ қой?

Байзақов С.Б. - Мен қазақстандықтарға аса уайымдамауға кеңес беремін.

Жүргізуші - Жақсы. Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке ағымдағы жылы экономиканың өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды және Сіз оны айтып өттіңіз. Бұл ретте, биыл ЖІӨ жан басына шаққанда 14,5 мың доллардан кем болмауы тиіс. Сіздің ойыңызша, оған қалай қол жеткізілуі мүмкін?

Байзақов С.Б. - Еңбек өнімділігі өте жақсы сұрақ. «Жасыл» экономика жаһандық тренді турасында өзіңіз де сауал қойып отырсыз. Әрине, әртараптандыруды, экономиканы индустрияландырумен әуестенуге бой алдырмай жаңғыртуды одан әрі жүргізу қажет. «Қазақстан – 2050» Бағдарламасында атап өтілгендей, индустрияландырудан кейінгі инновациялық дамумен айналысу керек. Менің ойымша, 2014 жылы 14,5 мың доллар (бұл ең қарапайым болжау, биыл 15 мың долларды қамтамасыз ету) межесіне еңбек өнімділігінің, материалды-техникалық ресурстарды үнемдеудің, өңдеу экономикасын пайдалану, дамыту арқасында қол жеткізетін боламыз. Мұнда тек бір саланы бөліп-жаруға болмайды. Мақсатты барлық салалар бойынша қою керек. Әрбір министрлік – өнімділікті арттыру мақсатын қоятын болады.

Жүргізуші - Еліміз экономикасы саласындағы ғылыми саңлақтардың өкілі ретінде бүгінде қандай сала экономикалық тартымды болып табылатындығын айтып берсеңіз. Шағын бизнеске алып келіп, жобасын жасайтын болсақ. Қазақстандық үшін қандай салада жұмыс істеген анағұрлым пайдалы?

Байзақов С.Б. - Бұны халық біледі, бұлар көлік саласындағы қызметтер, сауда. Сауда – нәтижелілігі жоғары сала. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсетумен байланысты салалар. Дәстүрлі салалар - жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Ауыр салалар, мысал үшін «ҚазМұнайГаз» қажетті қарқынды көлеммен ғана ала алады.

Жүргізуші - Шағын бизнесті қызмет көрсету саласында дамытуға кеңес бересіз ғой?

Байзақов С.Б. - Әрине. Бізде резерв өте үлкен. Бізде өз-өзін жұмыспен қамтып отырған 2,5 млн. халық бар. Оларды шағын және орта бизнеске тарту қажет. Меніңше, мұнымен қазір «Атамекен» айналысуда және олар дұрыс істеуде. Бұл ЖІӨ-нің өсімі және еңбек өнімділігі үшін үлкен қор.

Жүргізуші - «Жасыл» экономика тақырыбына оралсақ. Пайдаланушымыз Даниярдан сұрақ бар: «Сіздің пікіріңізше, «жасыл» экономика – бұл әлемдік тренд пе? Бұл тұжырымдаманы өз жабдықтарын бізге сату үшін батыс елдері тықпалақтап жатқан жоқ па? Өз бизнесімен айналысатын 2,5 млн. қазақстандыққа бұл тренд қаншалықты қажетті? Және ол қандай жаңа көкжиектерді ашпақ?

Байзақов С.Б. - Батыстың жоғары технологияларының орнына шикізат экспортымен айналысуымыз қажеттігі туралы Президенттің Жолдауында нақты атап көрсетілген. Бұл тұрғыда «жасыл» экономика жоғары технологиялар арқылы енетін болады. Қазір біз «жасыл» экономикамен байланысты жабдықтарды Батыстан сатып ала бастадық. Бұл, біз осы техникалардың жеткізіліміне тәуелді боламыз дегенді білдірмейді. Мен бұл конференцияны сынға аламын, бірақ онда біздің ғалымдарымыз үлкен жобаларды, патенттеуге лайықты жобаларды ұсынды. Бұл тұрғыда Қазақстанда үлкен келешек бар. Қазақ халқының, біздің қоғамның ақыл-ой еңбегі жағынан үлкен қабілеттері мен мүмкіндікетері бар. Бұған біздің үлкен территориямыз, тиімті және еркін құруға мүмкіндік беретін үлкен ара-қашықтықтар ықпал етуде. Бұл бағытта жақын келешекте жастарымыз өз-өздерін «Болашақ», Назарбаев Университеті арқылы көрсететін болады. Сын-сынымен, бірақ біздің экономикамыз үшін үлкен келешектер жасалуда. Менің ойымша, шығармашылық, рухани даму жағынан Батыстан кенжелеп отырғанымыз жоқ. Жақын уақытта олармен тереземіз тең болады.

Жүргізуші - Сайлау Байзақұлы, сұхбатымыздың соңында айтып өтсеңіз, Сіз еңбек етіп жатқан мекеме – «Экономикалық зерттеулер институты» немен айналысады?

Байзақов С.Б. - Бұл өз алдына өте ауқымды сұрақ. Қысқаша айтып өтсем, кереғарлықтар бар. Олар бұрын болмаған. Экономиканы, экономиканы басқару құралдарын дамытуда экономистік теория мен тәжірибелік даму арасында алшақтықтар пайда болуда. Бүгінде тәжірибе экономикалық өсімнің үш индикаторын пайдалануда, егер экономикалық терминмен айтатын болсақ, бұл – ақшаның, тауарлық массаның және олардың арасындағы алшақтықтың артуы. Ал экономикалық теория ақша массасының индикаторымен айналысады, ақша біздің экономиканы басқарады. Шынтуайтында, тәжірибе экономикалық теориядан озып отыр. 80, 90-ыншы жылдары олар сәйкес келетін, ал қазір жаһандық даму заманы. Және бұл алшақтықтар біздің дамуымызға кедергі келтіре бастауда. Сондықтан мен және менің әріптестерім экономикалық даму тұрақтылығының теориясы мен тәжірибесі арасындағы алшақтықты зерттеумен айналысамыз. Осындай алшақтықтар тауар және ақша ағындары арасында пайда болуда. Біз бұл дүниелерді зерттеу үстіндеміз және жетістіктерге қол жеткіздік. Мен Сізге өз кітапшамды табыс еттім, онда осы проблемалар атап көрсетілген. Оны өз әріптестеріңізге беруіңізге болады, бұл әлемдік экономикада бар қарама-қайшылықтар, үйлеспеушіліктер туралы қызықты материал.

Жүргізуші - Үлкен рахмет. Сайлау Байзақұлы, білуімше, Сіз әлемдік үрдістерге және соқыр еліктеуге жол бермей, экономиканың таза қазақстандық моделін жақтайсыз. Сізге мықты денсаулық Институттарыңызға даму тілеймін. Менің ойымша, біз тағы бір кездесетін боламыз және Сіз салаларыңызда болып жатқан барлық трендтер туралы егжей-тегжейлі айтып беретін боласыз. Бізде қонақта экономика ғылымдарының докторы, осы саладағы көптеген еңбектердің авторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық даму институты» АҚ-ның ғылыми жетекшісі Байзақов Сайлау Байзақұлы болғанын еске саламын. Сіздерге жақсы көңіл күй және амандық тілеймін. Менің есімім Махаббат Есен. BNews.kz.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет