Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/4
Дата03.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Жалпы биология кафедрасы

«Генетика» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050113 «Биология» мамандығының

3 курс студенттеріне арналған

Семей қаласы,

2011 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының доценты Садыкова Р.А.


Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген

№ __ «__» _____ 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды
№ __ «__» _____ 2011 ж.
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы

б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.
№ __ «__» _____ 2011 ж.
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,

х.ғ.к., доцент __________ Ибраева Л.С.

МАЗМҰНЫ:

І. Глосарий.............................................................................................................................

ІІ. «Генетика» пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны...........................................

ІІІ. Зертханалық жұмыс тақырыптары ..............................................................................

ІV. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) тақырыптары .......

V. Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары............

VІ. Студенттердің білімін тексеру үшін тест сұрақтары................................................

VІІ. Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................



Краткий конспект лекций:


  • название темы;

  • цель лекции;

  • основные вопросы и краткое содержание;

  • основные схемы, формулы и т.д. иллюстрирующие содержание;


Вопросы для самоконтроля

Рекомендуемая литература

Методические указания

для проведения лабораторных, практических (семинарских) занятий



Лабораторные занятия:

  • название темы;

  • цель занятия;

  • задания;

  • методические рекомендации;

  • основные схемы, формулы и т.д. иллюстрирующие содержание;

  • вопросы для самоконтроля.



Практические (семинарские) занятия:

  • название темы;

  • цель занятия;

  • основные вопросы, задания;

  • методические рекомендации;

  • список литературы.

Методические рекомендации по СРСП


текст


Методические рекомендации по СРС

текст

Глоссарий


Аберрация (хромосомалық) – мутагендік факторлардың әсерінен немесе спонтанды түрде пайда болатын әртүрлі хромосомалық өзгерістер.

Автогамия – бір ғана гүлден түзілген гаметалардың қосылуы негізінде болатын өздігінен тозаңдану. Бұл инбридингке өте ұқсас.

Автогенез – эволюцияны сыртқы орта жағдайларынан тыс организмнің ішкі күштері әсерінің нәтижесі деп қарастыратын эволюциялық теорияның бір бағыты.

Автомутагендер – организмде зат алмасу процесінде түзілетін мутагендік факторлар. Олар гендік және хромосомдық мутациялар тудыра алады.

Автополиплоидия – хромосомалардың гаплоидты жиынтығының еселеніп артуы.

Аденин – ДНК мен РНҚ нуклеотидтерінің құрамына енетін, пурин туындысы болып есептелетін азотты негіз.

Аллель – хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан жұп геннің немесе оның альтернативті формаларының бір сыңары.

Аллополиплоидия – түр аралық будандастыруда зигота немесе гибрид организмнің дене клеткаларында геном санының еселеніп артуы.

Альбинизм – организмде меланин пигментінің синтезі бұзылады. Сол себепті адамдар мен жануарлар терісі мен жүнінде, көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттілік болмайды. Ондай особьты альбинос деп атайды. Альбиностардың жарыққа сезімталдығы өте жоғары болады. Альбинизм аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типі бойынша беріледі.

Алькаптонурия – организмде гомогентизин қышқылы несеп пен бірге сыртқа шығарылады. Құрамында осындай зат болғандықтан несеп ауамен жанасқанда тез қараяды. Ауру адамның шеміршек ұлпаларының болмайтындығы байқалады. Ересек адамдарда артритке себепші болады. Тұқым қуалау типі – аутосомды-рецессивті.

Амитоз – интерфазалық ядроның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. Көбінесе арнайы (эндосперм, нуцеллус, паренхима т.б.) ұлпалар клеткаларында және кейбір палотогиялық өзгеріске ұшыраған клеткалардың, мысалы, рак клеткаларының бөлінуі кезінде байқалады.

Амфидиплоидтар – екі түрге жататын организмдердің хромосома жиынтықтарының екі еселенуі нәтижесінде пайда болатын полиплоидия (ААВВ). Мысалы, бидай мен қарабидайдың, шалқан мен қырыққабаттың т.б. амфидиплоидтары алынған.

Андрогенез – ұрықтың жұмыртқа клеткасы ядросының қатысуынсыз тек аталық ядродан ғана дамуы.

Анемия – қан аздық. Эритроциттер мөлшерінің, оның гломогобиннің немесе жалпы қан мөлшерінің азаюына пайда болатын аурулар тобы. Оның бірнеше түрі бар: Кули анемиясы немесе талассемия, орақ тәрізді клеткалы анемия, примахиндік анемия.

Анеуплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселенбей өзгеруі (артуы немесе кемуі). Мысалы, жүгеріде болатын 20 хромосоманың 21 немес 19 болып өзгеруі.
Аниридия – көзде сыртқы мөлдір қабықтың болмауы (екі көзде бірдей), соның салдарынан қасаң қабықтың, көз бұршағының бұлдырлануы, көрудің нашарлауы, катарактаның пайда болуы, жарыққа қарай алмау байқалады. Аутосомды-доминатты тип бойынша тұқым қуалайды.

Анофтальмия – көз алмасының мүлде болмауы (рецесивті белгі). Толымсыз доминаттылық жағдайда гетерозиготалы дарақтардың көз алмасы кішірейген күйде болады.

Антигендер – организм үшін бөгде болып есептелетін белокты заттар. Олар организмге енгенде қорғағыш заттар түзіледі.

Антидене – организмге бөгде бөлшектер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын белокты зат.

Антикодон-белок биосинтезі кезінде матрициялық РНК-ға сәйкес келетін транспорттық РНК молекуласының бөлігі.

Антимутагендер – мутагендердің әсерін кемітетін немесе жоятын заттар.

Аутбридинг - туыс емес дарақтарды будандастыру.

Аутосомды хромосомалар – аталық жыныс пен аналық жыныстардағы құрылыстары біркелкі хромосомалар. Мысалы, адам клеткасының диплоидты жиынтығында 22 жұпты аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалар бар.

Ахондрипиазия – эмбриондық дамудың алғашқы кезеңінен бастап-ақ сүйектерінің өсуі баяулайды. Соның салдарынан тұлға бітімі дұрыс болмай балалардың қол-аяқтары қысқа, танауы жалпақ, ергежейлі болып туады. Көпшілік жағдайда бала іште жатып өледі. Аутосомдық доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.

Ахроматин – хроматинмен салыстырғанда әлсіз реңге боялатын ядролық зат.

Бактериофаг – бактерия клеткасында паразиттік тіршілік ететін және оны ертіп жіберетін вирус. Ол сыртын белокты қабықша қаптаған ДНК-дан тұрады. Мөлшері 200-500 мкм шамасында.

Бекрос – будан ұрпақты бастапқы ата-аналық формалардың біреуімен қайыра будандастыру.

Бивалент – мейоздың 1-профазасының пахитена кезеңінде бір-бірімен жақындасып, конъюгацияланатын екі гомологты хромосома.

Биогенетикалық заң – онтогенездік даму кезеңдерінің филогенез кезеңдерін қайталайтындығын көрсететін заң.

Биотип – генотиптері біркелкі, барлық белгі-қасиеттері, яғни фенотипі ұқсас популяциялар құрамына енетін организмдер.

Биоценоз – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін жерлерді мекендейтін жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер бірлестігі.

Бисексуальдық – биологиялық түрде екі, яғни аталық және аналық жыныстың болуы.
Бластула – көп клеткалы жануарлар ұрығының бір қабатты, іші өуыс тәрізді болып даму сатысы.

Вариация – организмдердің белгілі бір жиынтығын құрайтын бірліктердің арасындағы модификациялық немесе фенотиптік айырмашылық.

Вегатативтік көбею – өсімдік организмінің жеке бір мүшесінен жаңа өсімдік түзілуі.

Вирустар – өсімдіктер мен жануарларда жұқпалы ауру тудыратын, тек тірі клеткаларда ғана тіршілік ететін қоздырғыштар.

Гамета – жыныс клеткасы, аталық жыныс клеткасы – сперматозоид, аналық жыныс клеткасы жұмыртқа деп аталады. Кәдімгі сомалық клеткалардан айырмасы хромосомалар жиынтығы – гаплоидты болады. Мысалы, адамның жыныс клеткаларында 23 хромосома бар.

Гаметогенез – жануарлар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының түзілу процесі.

Гаметоцит – гаметогенез процесінде гаметалар түзетін клетка.

Гаплоид – жануар және өсімдік клеткасы ядросындағы сыңар хромосомалар жиынтығы. Оын басқаша геном деп атайды.

Гаплонт – хромосомалар санының жартысы ғана бар спорадан дамитын ұрпақ.

Гемофит – гүлді өсімдіктердің жынысты ұрпағы.

Гексаплоид – клеткасында алты хромосома бар организм.

Гемофилия – қанның ұйымауы. Қанда ерекше белокты зат болмағандықтан ол ұйығыштық қасиетінен айырылады. Бұл – жыныс пен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Сондай-ақ гемофилияның аутосомдық-доминантты және аутосомдық-рецесивті тұқым қуалайтын түрлері де бар. қазіргі кезде медицинада гемофилияның 4 түрі белгілі.

Ген – хромосоманың белгілі бір бөлігіне орналасқан тұқым қуалағыштың негізгі материалдық бірлігі.

Генезис – шығу тегі немесе пайда болу процесі.

Геном – организмнің ата-аналарынан қабылдаған тұқым қуалау бастамаларының немесе гендердің жиынтығы. Генотипі бойынша организм не гомозиготалы не гетерозиготалы болып келеді.

Генеалогия – қандай болмасын бір организмнің шығу тегін зерттеу.

Генетика – организмдердің тұқым қуалағыштығы мен өзгергіштігі туралы ғылым.

Генетикалық талдау – организмнің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеу.

Гетерозигота – клеткаларында белгілі бір генның түрлі алельдері бар дарақтар. Ондай дарақтар «А» және «а» - алельдері бар гаметалар түзеді. Гетерозиготалы организмдерді өзара будандастырғанда генотипі мен фенотипі бойынша Мендель заңдылықтарына сәйкес ажырау жүреді. Кез-келген дарақ бір жұп алельге байланысты гетерозиготалы болуы мүмкін.

Гетерозис – бірінші будан ұрпақтың тіршілік қабілетінің ата-аналарына қарағанда күшті болуы.

Гибрид – генетикалық тұрғыдан бір-бірінен өзгеше формаларды будандастыру арқылы алынған ұрпақ.

Гипертрихоз – құлақ қалқанының жиегіне жүн өсу. У хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әдетте бұл ауру тек ер адамдарда болады.

Гипоплазия – тіс эмалі өте жұқарып, соның салдарынан тістің түсі бұзылады. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын доминатты белгі.

Гистондар – жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының көпшілігінің ядросында болатын қарапайым белоктар немесе протеиндер тобы.

Глаукома – көз алмасындағы сұйықтықтың сыртқа бөлінуі бұзылады. Соның салдарынан түрлі патологиялық өзгерістер қалыптасып, ең соңында адам көруден қалады. Глаукоманың түрлері көп. Олардың біразы аутосомдық – доминантты, ал кейбіреулері аутосомдық рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Сондай-ақ тұқым қуаламайтын фенокопиялық формалары да кездеседі.

Гомозигота – деп клеткаларында белгілі бір аллель жұбының біркелкі не доминантты (АА), не рецессивті гендері (аа) бар дарақты айтады. Ондай дарақтардың гаметалары бір сортты болады және ешуақытта ажырамайды.

Дальтонизм – түрлі-түсті ажырата алмау. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті белгі.

Диплоид – сомалық клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы.

ДНК – дезоксирибонуклеин қышқылы, тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып есептеледі. Шиыршық тәрізді болып орналасқан екі полинуклеотид тізбегінен тұрады.

Дигибридті будандастыру – белгілерінде екі түрлі айырмашылығы бар формаларды будандастыру. Мысалы, тұқымы сары, тегіс бұршақ пен жасыл бұдырлы бұршақ өсімдігін будандастыру.

Доминанттылық – аллельдер жұбындағы бір геннің басымдылық әрекетіне байланысты 1 – ұрпақтан көрініс беріп, екінші рецессивті генді басып тастауы. Доминанттылықтың немесе рецессивтіліктің көріну дәрежесі сыртқы ортаның әсеріне, сондай-ақ басқа гендердің модификаторлық әрекетіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан толық доминанттылық кей жағдайда толымсыз доминанттылыққа ауысып, аралық сипаттағы формалар жарыққа шығады.

Дупликация – хромосоманың қайсібір бөлігінің екі еселенуі.

Евгеника – генетикалық жолмен адамның биологиялық табиғатын жақсарту туралы ілім.

Зигота – аталық және аналық клеткалардың қосылып ұрықтануы нәтижесінде түзілетін диплоидты клетка.

Зигонема – гомологты хромосомалар уақытша бір-біріне жақындаса бастайтын мейоз профазасындағы сатылардың бірі.

Идиотип – организмнің барлық тұқым қуалайтын факторларының жиынтығы.

Изоляция – организмдердің белгілі бір тобының генетикалық тұрғыда бөлектеніп, соның салдарынан будандаса алмай, оқшауланып қалуы.

Изохромосома – бір-біріне дәл сәйкес келетін, генетикалық тұрғыдан өте ұқсас екі нақты хромосома.

Инбридинг – жақын туыс организмдерді бір-бірімен будандастыру өсімдік шаруашылығында бұл термин инцухт деп аталады.

Инверсия – хромосоманың екі немесе бірнеше жерден үзіліп, оның бір бөлігінің 180 градусқа бұрылып қалпын өзгертуінің нәтижесінде пайда болатын хромосома ішіндік мутация.

Индукция – белок биосинтезін реттейтін механизмдердің бірі, ол клеткаға белгілі заттың енуі арқылы қандай да бір ферменттің түзілу жылдамдығын арттырады.

Интеркинез – мейоздың редукциялық және эквациондық бөлінулерінің арасындағы аралық кезең.

Интерсексуалдық – дара жынысты организмнің бойында екі жыныстық белгінің болуы.

Интерфаза – клетка бір бөлініп болған соң келесе бөлінуге дейінгі аралық фаза.

Интерференция – хромосоманың бір бөлігінде болған кроссинговердің оның екінші бір бөлігіндегі кроссинговерге басымдылық көрсету құбылысы.

Интродукция – жергілікті жерде бұрын өспеген өсімдіктредің екпе тұрлері мен сорттарын өсіру. Жануарлардың табиғи мекенінен басқа жерлерге апарып жерсіндіру.

Иондаушы сәулелер – тір организм клеткасындағы су молекуласымен басқа химиялық қосылыстарды иондайтын әрі күшті мутагендік қасиеті бар радиоактивті сәулелер.

Кариогамия – ұрықтану процесінің негізі болып табылатын жыныс клеткалары ядросының зигота ядросында тоғысуы.

Кариограмма – кариотип құрамындағы барлық хромосомаларды сызып бейнелеу.

Кариотип – жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түріне тән болып есептелетін, олардың сомалық клеткасындағы хромосомалардың жиынтығы.

Катаракта – көз бұршағының буалдырлануы. Оның көптеген формасы бар. Туа біткен катаракта аутосомдық доминатты және аутосомдық рецессивті жолмен де тұқым қуалайды. Журе пайда болған катаракта тек аутосомдық доминатты тұқым қуалау жолымен беріледі.

Клетка – эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған, морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық тұрғыда жіктеліп қалыптасқан организмге тіршілік қасиетін беретін оның негізгі құрамдас бөлігі.

Клон – жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық тұрғыдағы бір типті ұрпағы.

Комбинация – организм формаларын будандастырғанда алынатын будан ұрпақтағы гендердің жаңа үйлесімі. Бұл да – мутация сияқты тұқым қуалайтын өзгергіштікке жатады.

Комплементтену – бір геннің немесе әр түрлі гендер аллельдерінің бір-біріне қосымша әсері.

Комплементаралық – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің бір түрі. Генотиптегі әртүрлі аллельді жұптардың екі доминатты гені өзара әрекеттесе отырып жаңа белгіні жарыққа шығарады

Конгрессия – хромосомалардың метафазалық пластинкаға орналасуы.

Көптік аллельдер – хромосоманың бір локусына орналасқан, арнайы бір белгіні ғана жарыққа шығаратын үш, төрт немесе бірнеше аллельдер бар гендер. Адамда көптік аллельдер типі бойынша қан топтары тұқым қуалайды.

Кроссинговер – бірінші мейоздық бөлінудің профазасы кезінде болатын процесс. Гомологтық хромосомалардың конъюгациясы кезінде олар үзіліп сәйкес бөлімшелерімен алмасады. Кроссинговердің нәтижесінде жаңа комбинациялардың түзілуі комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Кроссинговерге байланысты бір хромосоманың бойында орналасқан гендер арақашықтығын анықтауға мүмкіндік туады.

Лептонема – мейоздың бірінші профазасының бастапқы кезеңі. Бұл кезде хромосомалар жіңішке жіпшелер күйінде болады.

Летальдылық – қандай болмасын бір қауіпті генетикалық факторлардың әсерінен организмнің жыныстық жағынан жетілмей тұрып-ақ тіршілігін жою.

Летальды ген – организмді өлімге душар ететін ген.

Локус – хромосоманың белгілі бір гендер шоғырланатын бөлігі.

Макрогаметогенез – макроспорадан аналық гаметафит және аналық жыныс клеткасының түзілу процесі.

Макроспора – макроспорагенез процесінде түзілетін төрт гаплоидты клетканың бірі.

Мейоз – клетканың хромосома санының екі есе азайып бөлінуі. Ол болашақ жыныс клеткаларының түзілуіне негіз болады.

Менделизм – Словакия жаратылыс зерттеушісі Грегор Мендель негізін салған тұқым қуалаушылық заңдылықтары туралы ғылым.

Метаболизм – ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы немесе зат алмасу.

Метаболиттер – организмде зат алмасу кезінде түзілетін заттар.

Метахроматин – саңырауқұлақтар және бактериялар клеткасынан алынатын зат, ол нуклеин қышқылынан, метофосфат және белоктан құралады.

Микроспорогенез – аталық гаметафиттен аталық жыныс клеткаларының түзілу процессі.

Микроспора – гүлді өсімдіктердің аталық тозаңы.

Миоплегия – қайталанып отыратын тырысқақ ауруы. Мұның себебі – бұлшықеттер клеткаларында калий мөлшері азаяды. Миоплегияның бірнеше түрі бар. 20-40 жас аралығында пайда болатын миоплегия аутосомдық доминантты және аутосомдық рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Жас балаларда кездесетін миоплегия көбінесе аутосомдық доминатты тұқым қуалау типі бойынша беріледі.

Митоз – клетканың дұрыс жолмен бөлінуі. Ол кезде хромосомалар теңдей екіге бөлінеді де, соның негізінде жаңадан екі клетка түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. Генетикалық тұрғыдан алғанда митоз тұқым қуалау тұрақтылығын қамтамасыз ететін процесс.

Митоздық индекс – ұлпаның митоздық активтілігін сипаттайтын көрсеткіш.

Митоздық цикл – нәтижесінде бір клеткадан жаңа екі клетка түзілетін процестердің жиынтығы.

Модификация – генотиптердің өзгеруіне байланыссыз, тек фенотипті ғана қамтитын тұқым қуаламайтын өзгергіштік.

Моногенді – бір ген арқылы анықталатын тұқым қуалайтын белгі.

Моногибрид – бір жұп аллель (Аа) бойынша гетерозиготалы организм.

Моносома – сыңар хромосома.

Морган заңдары – Америка оқымыстысы Томас Морган мен оның шәкірттері негізін салған (1911-1915) тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясы.

Морганида – гендер арақашықтығының өлшем бірлігі.

Морфогенез – онтогенез процесінде организм мүшелері мен белгі қасиеттерінің дамып, қалыптасуы.

Морфоз – белгілі бір түрдің дарақтары қалыпты жағдайда сирек ұшырайтын, химиялық заттардың, радияцияның әсерінен пайда болатын тұқым қуаламайтын өзгеріс.

Мутагенез – табиғи және жасанды факторлардың әсерінен тұқым қуалайтын өзгерістердің пайда болу процесі.

Мутант – мутацияның нәтижесінде қайсыбір белгісі немесе қасиеті өзгерген организм.

Мутация – геннің хромосоманың немесе генетикалық аппараттың басқа бір элементінің өзгеруіне байланысты болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

Мутациялық қысым – популяцияда альтернативті аллельдердің біреуінің концентрациясының артуы.

Мутон – егер өзгерсе организмнің мутантты формасының пайда болуына себепкер болатын геннің шағын бөлігі.

Нуклеин қышқылдары – тұқым қуалайтын ақпаратың сақталуын және берілуін қамтамасыз ететін жоғары молдекулалы биологиялық полимер.

Нуклеотидтер – пентоза қантының пуринді немесе пириминді негіздермен қосылысы.

Нуклеопротеидтер – белокпен нуклеинқышқылдары ДНК мен РНҚ-ның қосылысынан тұратын ядро мен цитоплазманың күрделі химиялық компонеттері.

Нуклеотид – құрамына азотты негіздердің біреуі пентоза қанты және фосфор қышқылының қалдығы енетін күрделі органикалық қосылыс.

Нуллисомик – диплоидты жиынтығында бір жұп хромосомасы жетіспейтін организм.

Онтогенез – жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап, қартайып өлгенге дейінгі организмнің жеке жамуы.

Оперон – ДНК молекуласының бір ізді болып бір-бірімен тығыз орналасқан құрылымдық, оператор және реттеуші гендер тобы. Олар қандай болмасын бір заттың синтезделуінің тиісті этаптарын қамтамасыз етеді.

Органоидтар – морфологиялық және функционалдық жағынан жекеленіп жіктелген цитоплазманың құрылымдық элементтері. Оларға рибосомалар, лизосомалар, митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, пластидтер жатады.

Орақ тәрізді клеткалы анемия – қалыпты гемоглобин генінің мутацияға ұшырауына байланысты қалыптасады. Мұндай гемоглобині бар эритроциттер орақ тәрізді немесе жарты ай тәрізді пішінге ие болады.

Панмиксия – популяция құрайтын даралардың еркін түрде будандасуы.

Пенетранттылық – белгілі бір геннің фенотиптік көрінісі байқалатын популяция құрамындағы дарақтардың сан мөлшері.

Плазмидтер – клеткадағы хромосомадан жеке репликацияланатын нуклеин қышқылының шиыршықталған немесе түзу сызық тәрізді молекуласы.

Пластидтер - өсімдік клеткаларында болатын цитоплазмалық органоид.

Плейцотропия – бір геннің қатарынан бірнеше белгіге тигізетін әсері.

Полимерия – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Мұнда аллельді емес бірнеше ген әрекеттесе отырып бір белгіні өте айқын түрде жарыққа шығарады. Мұндай белгіні полигенді белгі деп атайды. Полигенді белгілерге варияциялық қатарлар түзе алатын сандық белгілер жатады. Адам бойының биіктігі, дене салмағы, терінің түсі полигенді белгілер болып табылады. Олардың фенотиптік көрінісі сыртқы орта жағдайларына да байланысты болады.

Полиморфизм – популяциядағы генетикалық тұрғыдан әртүрлі болып келетін екі немесе бірнеше форманың үйлесімді арақатынасы.

Полиплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселеніп артуы. Бұл геномдық мутацияға жатады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет