Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
4-қосымша
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi
жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi
Жануарлардың және адамның денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою кезiнде жануарлардың аса қауiптi аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:
1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, аусыл, туляремия;
2) ірi қара малдың аурулары - iрi қара мал обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия;
3) жылқы аурулары - маңқа, iндеттi лимфангоит, бiр тұяқтылардың африка обасы;
4) қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи,
маэди-висна, аденомотоз, шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы);
5) түйe аурулары - түйе обасы;
6) шошқа аурулары - шошқаның африка обасы;
7) құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы;
8) ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы;
9) терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.
Достарыңызбен бөлісу: |