«Жануарлар морфологиясы» пәнінің тәжірибелік сабақтарына арналған Әдістемелік нұСҚаулар 5В120100 – “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 – “Ветеринариялық санитария” мамандықтары оқушыларына арналған Семей



бет1/6
Дата20.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№ 1 басылым

01.09.2016 ж.



ФР 042-1.02-2015-01

Практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы

Факультет – Аграрлық / Аграрный

Кафедра – «Мал шаруашылығы және аңшылықтану»

«Животноводство и охотоведение»



«Жануарлар морфологиясы» пәнінің

тәжірибелік сабақтарына арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5В120100 – “Ветеринариялық медицина”,

5В120200 – “Ветеринариялық санитария”

мамандықтары оқушыларына арналған



Семей

2016
Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: Тоқаев З.Қ. _____________

«26» 08. 2016 ж.
Тәжіребелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар «Жануарлар морфологиясы» 5В120100 – “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 – “Ветеринариялық санитария” мамандықтарының барлық оқу түрлері оқушыларына
2 ТАЛҚЫЛАНҒАН

Әдістемелік нұсқау «Мал шаруашылығы және аңшылықтану» кафедрасының отырысында

Хаттама «26» 08 2016 жыл, № 1.
Кафедра меңгерушісі ______________ Нұржанова К.Х
Әдістемелік нұсқау оқу үдерісінде қолдануға аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында ұсынылған

Хаттама «01» 09. 2016 жыл, № 1.


Төрайымы ______________ Тлеубаева А.В.
Мазмұны


1

Кіріспе.

3

2

Негізгі бөлімі (зертханалық сабақтар мазмұны). Глоссарий.

6

3

Практикалық сабақтар тақырыптары.

13

3.1

Ағзалар құрылымының ерекшеліктері.Тері-жабын, оның туындылары.

13

3.2

Өңеш және қарын. Ішектер.

16

3.3

Бауыр, ұйқы және сiлекей бездерінің құрылысы

19

3.4

Тыныс алу жүйесінің ағзалары.

23

3.5

Жүрек, қызыл, көк, қылтамырлар, олардың құрылысы

25

3.6

Лимфа түйiндерi. Көкбауыр.

28

3.7

Сүйек кемігі және лимфоэпителиалды ағзалар.

31

3.8

Бүйрек. Зәр шығару жолдары, олардың құрылысындағы ерекшелiктер, қызметi.

33

3.9

Аталық өсіп-өну (көбею) жүйесінiң ағзалары.

35

3.10

Аналық өсіп-өну (көбею) жүйесі.

36

3.11

Қағанақ.

38

3.12

Гипофиз, қалқанша без, бүйрекүстi без.

39

3.13

Жұлын, түйіндер, жүйке, олардың құрылысы және қызметi.

42

3.14

Мишық және бас миы.

44

3.15

Талдағыштар (анализатор), олардың түрлерi, құрылысы және қызметi.

44

4

Ұсынылатын әдебиеттер

46



1 Кіріспе

Морфология (грек. mоrрhе-пiшiн, түр деген сөзі). Тірі организмнің жеке (онтогенез) және тарихи (филогенез) дамуындағы түрі мен құрылысы өсіп-өнуі, дамуы, жануардың өмір сүруі туралы ғылым, әрі өсімдіктер организмін әр жақтан қамти зерттейтін ғылымдар жинағы, тіршілік туралы ғылым - биологияның бөлімі. Бұл атауды 1817 ж. немiс ақыны және табиғат зерттеушiсi Иоганн Вольфганг Гете берген. Оның құрамына морфологиялық ғылымдар - цитология, гистология, эмбриология және анатомия кіреді де, маманның кәсіби деңгейін анықтайтын пәндердің негізін қалайды. Қазiр ауру себебiн, тетiктерiн, жалғасын түсiну жасуша гистологиясына, оның ультрақұрылымына, жасуша биологиясына негiзделуде, ауру патогенезiн (пайда болу, даму процесiн зерттейдi), морфогенезiн анықтауға көмектесiп, клиникалық пәндердi меңгерудi қамтамасыз етiп, ғылымдарды тұтастырып, дәрiгерлiк ойлау қабылетiн қалыптастырады да, жасушалар мен ұлпалар қызметіне нәтижелі, көздеулі әсер етуде аса зор практикалық маңызы бар. Әрі емдеуге (терапия), диагноз қойып, алдын алу үшін қажетті белгілі мөлшерде белсенді заттарды алуға мүмкіндік береді. Бірақ, кейінгі бекітілген оқу бағдарламасында аталған пәндердің алғашқы үшеуі студенттің өз бетімен дайындалуына ұсынылған, сондықтан біз тек арнайы-жеке гистологияға тоқтаймыз.

Жеке гистология (микроскопиялық анатомия) - гистология пәнiнiң арнайы бөлiгi. Онымен жеке эмбриология тығыз байланысты. Ағзаның микросопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысы, ұрықтық дамуы туралы түсiнiк берiп, организм қызметтерiн, түрлi ауытқу, немесе ұлпа, ағза құрылыстары өзгеруiн зерттеуге қажет. Организм - өз бетiнше сыртқы ортамен тығыз байланыста тiршiлiк ететiн, бөлiмдерiмен өзара iс-қимыл жасайтын, тiрi, бүтiн, тарихи қалыптасқан, тұқым қуалаушылық қасиеттердi ескеретiн, құрылысы, дамуы ерекше жүйе. Бiрнеше ағза жүйелерiнен түзiлiп, белгiлi бiр тiршiлiк қызметiн атқаратын органикалық әлемнiң бүтiн бiр бөлшегi. Ағза (грек. о´gаnоn - құрал) - құрылысы мен пiшiнi қалыптасқан, тiршiлiк қызметтерi арнайы бейiмделген организмнiң бiр бөлiгi. Бiрнеше ұлпалар мен ұлпа емес заттардан түзiледi. Құрамындағы ұлпалар қалай болса солай емес, ағзаның атқаратын қызметiне, жасушаларды қоректендiруге, ағзалар мен ұлпаларды жүйелендiруге сай, күрделi заңдылықпен орналасады. Әрбiр ағза өзiне тән тiтiркендiргiштi ғана қабылдайды.

Ұлпалардың орналасуына орай организм ағзаларын (мүшесiн) - нағыз, үлпершектi, паренхималық (қуыссыз iшкi ағзалар), қабатты деп, екiге бөледi. Үлпершектi ағзада (өкпе, бауыр, бүйрек, ен, лимфа түйiндерi, көкбауыр) басты қызмет атқаратын ұлпаны - паренхима деп атайды. Бұлшық еттерде - көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы, бездерде - секреторлы эпителий, көкбауырда - ретикулярлық ұлпа болады. Ағзаның тiректiк, қосымша, көмекшi ұлпасын строма деп атайды. Дәнекер ұлпадан тұратын ағза қабығынан келiп, ағза iшiнде перделер құрып, паренхиманы бөлiкшелер мен шоғырларға бөлiп, ағзалар қабығынан өзiмен қоса қан тамырларын, жүйкелердi әкеледi. Строма дәнекер ұлпадан тұрады, құрамында бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары болады. Қабатты ағза паренхима, стромаға бөлiнбейдi, қабығы, бөлiкшелерi болмайды. Құрамына кiретiн ұлпалар қабат-қабат орналасады. Пiшiнi тақташа, немесе түтiк тәрiздi болады. Оған терi, iшек, қарын, қан тамырлары мысал бола алады. Ағзалар дамуы (органогенез) биогенетикалық заң айқындайтын тарихи процесте баяндалады. Ол үшiн ағзалар жүйесiнiң пайда болу мезгiлi, дамуы жазылады. Әр жүйедегi жеке даму кезiнде түрдiң дамуына байланысты қасиеттердiң тез, қас қағымда қайталануы (рекапитуляция) орнын анықтауды қажет етедi. Рекапитуляцияның бiр категориясы арғы ата-аналарынан сақталады, екiншiсi - кейiнгi рекапитуляцияны қосады, ол қазiрде өзгеруде.

Пәннің мақсаты негізгі белгілердің, заңдылықтардың және ұғымдардың мазмұндарын ашу; жануарлар морфологиясы, оның проблемалары, қазіргі жағдайы, жаңа жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру, әдістерін игеріп, саналы түрде қабылдау үшін ойлау әдептерін дамыту. Әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үдерістерінің (зат алмасу, тыныс алу, коректену т.б.) зандылықтарын зерттеу, организмнің жеке жүйелерін, организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау. ветеринария ғылымы мен практикасына өте қажет, маңызды жануарлар ағзаларының қазіргі деңгейдегі морфологиясын студенттерге баяндау, оны меңгерту.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымының (ағзалар, ағзалар жүйелері, организм) мәнін айқындау; организмнің жеке даму заңдылықтарын философияның диалектикалық материализм тұрғысынан зерттеу; тікелей адам мен жануарлардың денсаулығын қорғауға қажет, қазіргі ветеринария мен биотехнологияның биологиялық негізін қалыптастыру; қазіргі биология, медицина, ветеринарияның ілімдік, қолданбалы аспектілерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосу. Мысалы, қан құюдағы жасушалардың, ұлпалардың сәйкестігі, ұлпаларды ауыстырып салу, жүйкенің қажу себепшарттарының әсері, әртүрлі жағдайдағы ұлпалардың қалпына келу мүмкіншіліктерін зерттеу, цитоанықтау көкейтесті қолданбалы түйінді мәселе болып келеді. Ал, цито-, гистологиялық әдістерді (цито-, гистохимия, авторадиография, биометрия, математикалық жоба, ЭЕМ, арнайы автоматикалық құралдар) қолдану биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды ауыстырып отырғызудың іс-тәжірибе есептерін шешуге мүмкіндік береді; тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы мен қызметінің (ағза, ағзалар жүйелері, организм) жалпы заңдылықтарын, олардың арнайы ерекшеліктерін түсініп, мәнін айқындау;

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

- жануарлар организміндегі ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйесінің құрамын, құрылысын, тіршілік әрекетін; жыныс жасушаларының құрылыс, қызмет, даму ерекшеліктерін, омыртқалыларды салыстырмалы тұрғыда құрсақалды онтогенезінің жалпы заңдылықтарын; организмдегі ұлпалар дамуын, олардың құрылысын, қызметін, орналасқан жерін және қалпына келуін; ағзалардың микроскопиялық құрылысын білуі;

- тұрақты және уақытша препараттарды әзірлеу техникасының негізімен және онымен зерделеу әдістерін; ветеринариялық дәрігердің практикалық еңбегінде организм, ағзалар, ұлпалар элементерін күрделі, кешенді зерттеу әдістерін қолдануды және пайдалануды білуді;

- онтогенез процесінде, ұрықтық даму кезеңінде жаңа организмдегі ағзалар негізі қалай салынып, дамитынын және жалпы жануарлар ұрығы қалай өсіп, дамитынын меңгеруі;

- түрлі микроскоптар мен микротомдарды пайдалануды, бір нәрсені жарық оптикалық техника арқылы көрсетуді, лейкоциттерді санауды және лейкоцитарлық формуланы құруды, препараттардың бейнесін салуды және пәннен алған білімді басқа пәндерді оқығанда қолдануды істей білуі;

- түр, тұқым, жас тұрғысынан жануарлар организмінің микроскопиялық, субмикроскопиялық құрылысы, шығу тегі, дамуы заңдылықтарын, олардың қоршаған ортадағы ерекшеліктері мен өзара байланысын және мамандарға өте қажет, ауытқу жағдайындағы қалыпты ағзалар құрылысының өзгеру механизмін түсінуі;

- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, қысқаша жазбаны (конспект) жазу, зерттеу журналын, библиографиялық істі жүргізу және организм ұлпаларының шығу тегін, орналасқан жерін, құрылысын, қызметін, жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті, кезеңді-қарсыластық микроскопия, сандық гистохимия, т.б.) қысқаша жазбасын жазу дағдысы бар болуы;


2. Негізгі бөлім (зертханалық сабақтар мазмұны).

Глоссарий (студент оқу жылы бойы білетін, зерттейтін негізгі терминдер, анықтамалар):

Автотрофтар – бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез жолдары арқылы қоректенетін организмдер.

Агамия – жыныссыздық; некесіздік.

Акросома – ұрық қандауыры, аталық жасуша басы алдыңғы бөлігін қоршайтын тығыз түйіршік, еріту ферментін сақтайтын құрылым, сыртқы, ішкі жарғақшасы болады.

Аллантоис – ұрықтың артқы ішегінен дамитын, колбаса тәрізді өсінді, рептилий, құс, сүтқоректілердің ұрықтық тамырлар қабығы. Рептилий мен құста ұрықтың тыныс алуын қамтамасыз етеді және олардың қуығы болып келеді.

Альвеолы – өкпе ауатамыршаларының ең жұқа тарамдалған қылтамырлар торымен қоршалған көпіршіктері.

Амнион – сулы қабық, жоғарғы сатыдағы жануарлардың (амниоталардың) ішкі ұрықтық қабығы, іші сұйыққа толы қуысты шектейді, оның ішінде ұрық орналасады.

Амниоттар – жоғарғы сатыдағы омыртқалылар (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, оның ішінде адам), құрлықта дамуға бейімделген; олардың ұрықтары анамний ұрықтарынан ерекше амнион қабығы және ерекше ағза аллантоисы болады.

Анабиоз – организм өмірін уақытша тоқтату.

Андрогенез - организмдердің көбею түрі, ұрық дамуында аталық ядро қатысады, ал аналық ядро қатыспайды.

Анимальді полюс–сарыуыздан бос цитоплазма сақтайтын жұмыртқаның аймағы.

Аэрозоль – газ тәрізді ортадағы (түтін, тұман) қатты немесе сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік жүйе.

Бадамшалар (миндалиналар) – сөл жүйесіне жататын құрылымдар, жұтқыншақтың әр бөлімінде орналасқан, лимфоциттер өндіреді. Организмді микробтардан қорғауда, иммунитет өндіруде айтарлықтай рөл атқарады.

Бейімделу (адаптация) – организм құрылысы мен қызметінің тіршілік ортасына бейімделуі.

Биология – тірі табиғаттың шығуын, өсіп-өнуін, дамуын, жануарлардың өмір сүруін, өсімдіктер организмін әр жақтан қамти зерттейтін ғылымдар жинағы.

Биотехнология – пайдалы жануарлар санын, олардың сапалы қасиеттерін арттыратын ғылымның жаңа бағыты; адамға қажетті өнімдер, материалдарды биологиялық объектілер мен процестері көмегімен біле тұра өндіру.

Бластодерма – бластоцистаның бір қабат жасушалары (бластула қабырғасы), кейін одан ұрық жапырақшалары құрылады.

Бластомера – зигота бөлшектенуінде құрылатын жасуша. Бластомералар өспейді, бөлшектену сатысында ұрық көлемі жұмырқаклеткасының көлеміне тең келеді.

Бластопор – гаструла сатысының ұрық денесіндегі тесік (алғашқы ауыз). Оның қатысуымен бластоцель қоршаған ортамен өзара байланыста болады.

Бластоцель – бластула сатысының ұрық денесіндегі қуысы (алғашқы қуыс).

Бластоциста – ұрықтанған аналық жасушаның бөлшектенуінде моруладан кейінгі сүтқоректілердің ұрықтық дамуының сатысы.

Бластула – зигота бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған көпжасушалы жануарлардың бір қабатты ұрығы немесе анамниоттығ шар тәрізді, сұйықтыққа толы ұрықтық құрылым.

Вегетативті полюс – сарыуыз шоғырланған жұмыртқаклеткасының аймағы.

В-лимфоциттер – тимусқа тәуелсіз лимфоциттер. Сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қанарқылы тікелей шеткі қан құру ағзаларына барып, көбейіп, пісіп-жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі плазмоциттерге айналып, организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.

Гаметогенез – жыныстық гаметалар дамуы.

Гаметалар – ата-анадан тұқымқуалаушылық ақпарат беруді қамтамасыз ететін жыныс жасушалары (жұмыртқаклетка, сперматозоид).

Гастроцель – гаструла сатысындағы ұрықтың алғашқы ас қорыту қуысы.

Гаструла – ұрық дамуының сатысы, жоғарғы сатыдағы жануарлардың гаструла түзілу кезеңінде 3 ұрық жапырақшалары салынады, гастроцелі болуымен сипатталады.

Гаструляция – екі не үш ұрық жапырақшаларының құрылу үдерісі.

Геном – жануарлар жасушасында гаплоидты хромосома құрамында сақталатын тек, ататек жиынтығы.

Гетеротрофтар – қоректенуге дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер.

Гиногенез - организмнің көбею түрі, онда сперматозоид жұмыртқаклеткасының дамуын ынталандырады, бірақ оның ядросы жұмыртқаклеткасы ядросымен қосылмайды.

Гистогенез – ұлпалардың, органогенез – ағзалардың дамуы.

Гомеостаз – организмнің ішкі орта (дене температурасы, қан қысымы, қанда глюкозаның сақталуы, басқа) тұрақтылығы динамикасын біршама бұзатын сыртқы не ішкі ортаның түрлі факторлар әсерін жоюға, не максимальды шеттетуге бағытталған жануарлар және адам организмінің күрделі бейімделуінің реакциясы.

Гомозигота – генотиптің (тұқымқуалаушылық материалының жиынтығы) гомологиялық хромосомаларында тектердің бірдей түрлері (аллель) болатын зигота (ұрықтанған қос нәсілді организм) немесе организм.

Гонадалар – жыныс жүйесінің ағзалары (ен, жұмыртқалық), онда жыныс жасушаларының дамуы өтеді, эндокринді ағзалар болып келеді.

Гоноциттер – алғашқы жыныс жасушалары.

Гормон (инкрет) – ішкі секреция бездерінің өнімі, тікелей қанға бөлінеді; организм қызметтерін реттейтін белсенді заттар.

Дегенерация – (азғындау, қайтадан түзілу) жүйке талшығының үзілген жерінен ұшына қараған бөлігі тозып, ақыры жойылуы.

Деляминация – құстың гаструла түзу тәсілі, онда ұрықтық материалы эктодерма мен энтодермаға жіктеліп, қосплантинкаланады.

Дентин – қатты, құрамында 70% жуық минераль заттардан тұратын ұлпа, тістің басты массасын құрады.

Дерма (кориум, кутис) – адам мен омыртқалы жануарлардың дәнекер ұлпадан тұратын нағыз терісі, эпидермис астында орналасқан.

Дерматом сомиттың дорзальды бөлімі, терінің дәнекер ұлпасы бөлігі дамиды.

Детерминация – жасушаның нақтылануы алдындағы организмнің дамуы сатыларындағы бөлімаралық сапалық айырмашылықтардың пайда болуы.

Диастола – жүрек бұлшық етінің ырғақты қайталап босаңсуы, ол систоладан соң басталады.

Дискобластула – құстардың ұрықтық даму сатысы, онда дискі сарыуызында ұрықтың түрі керіліп жатқандай болады.

Дифференцировка – дарақ дамуында біркелкі жасушалар мен ұлпалар арасында айырмашылықтардың пайда болуы, олар арнайы жасушалар, ұлпалар, ағзалар қалыптасуына жеткізеді.

Дробление – ұрықтанған аналық жасушаның (зигота) митоз жолымен бөлінуі.

Ет өспесі (миома) – бұлшық ет ұлпасының қатерсіз өспесі.

Жұмсақ ұлпа (пульпа) – тіс қуысын толтыратын борпылдақ дәнекер ұлпа, көкбауырдың негізгі ұлпасы (ақ, қызыл).

Жүйкелер (нервы) – жалпы қабықпен жабылған жүйке талшықтарының будасы (жүйке жасушасының өсінділері). Жүйке арқылы тітіркеніс шеттен орталық жүйке жүйесіне және одан қарсы бағытта жүреді.

Зигота – қос нәсілді организм, ұрықтану нәтижесінде-сперматозоид пен жұмыртқаклетка қосылуы, ұрықтың бір жасушалық сатысы.

Золь – сұйық дисперстік ортаның дисперстік жүйесі; оның түрлеріне - гидрозолдер (еріткіші-су), органозолдер (еріткіші-органикалық қосындылар).

Иммиграция – гаструла түзу тәсілі, онда бластула қабырғасының жеке жасушалары оның қуысына ауысады.

Имплантация – адам мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрығының жатырдың кілегейлі қабығына енуі.

Инвагинация – гаструла түзу тәсілі, онда бластуланың вегетативті бөлімі бластоцелге кірігіп, толтырады.

Индукция – дамудағы ұрықтың бөлім араларында өзара іс-қимыл жасау жүреді де, үдерістің бір бөлімі - индуктор, ол екіншісімен жанасып, оның дамуын анықтайды.

Интима (астар) – қан тамырлары қабырғасының ішкі қабығы.

Клоака – құстар ішегінің кеңейген соңғы бөлімі, оған несепағар мен шәует немесе жұмыртқа жолы ашылады.

Кортикальді реакция – жұмыртқаның ұрықтануға беретін беткі реакциясы.

Көктамыр (вена) – қанды ағзалар мен ұлпалардан жүрекке жеткізетін қан тамыры.

Қабылдағыш (рецептор)–организмнің сыртқы (экстерорецепторлар), ішкі (интерорецепторлар) ортадан тітіркеністі қабылдайтын, оны физикалық немесе химиялық қуатты қозуға айналдыратын, сезгіш жүйке талшықтарымен орталық жүйке жүйесіне беретін, орталыққа бағыттаушы жүйке талшықтарының соңғы құрылымы. Кейбір қабылдағыштар өте химиялық тітіркеніске (хеморецепторлар), басқалары – қызу шамасына (терморецепторлар), жарыққа (фоторецепторлар), қысым өзгерісіне (механорецепторлар, барорецепторлар) ерекше сезгіш болады.

Қағанақ (плацента) – адам мен сүтқоректі жануарлар, әрі тірі туатын акула ағзасы, буаздықта ананы ұрықпен байланыстырады. Ол арқылы ұрық ана қанынан оттегі, қоректі заттарды алып, заттек алмасу қалдықтарын, көмір қышқылдарын шығарады.

Қызылтамыр беріші – түрлі аурулар себебінен пайда болатын қызылтамыр қабырғасының тығыздалып, қалыңдауы.

Қызылтамыр (артерия) – қанды жүректен ағзалар мен ұлпаларға жеткізетін қан тамыры.

Мегакариоциттер – адам мен сүтқоректілердің сүйек қызыл кемігіндегі ірі жасушалары, тромбоциттер құрады.

Мезенхима – 4 ұрық жапырақшасы, дәнекер ұлпа, одан ұрықтық даму басында ішкі орта ұлпалары, не дәнекер, не тіректі-қоректік және тегіс, жүректік бұлшық ет ұлпалары дамиды.

Мезодерма – ортаңғы ұрық жапырақшасы, гаструла сатысында эктодерма мен энтодерма арасында орналасады.

Микрометр (мкм) – 10-6 метрге тең ұзындық өлшемі; ескі атауы микрон.

Миокард – жүрек қабырғасының ең қалың бұлшық ет қабығы.

Миотом – сомит бөлімі, одан көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы дамиды.

Моноспермия – жұмыртқаклеткасына жалғыз аталық жыныс жасушасының енуі.

Морула – бөлшектенуде құрылатын ұрықтық даму сатысы (бластулаға тең).

Нанометр (нм) – 10-9 метрге тең үлес өлшемі.

Невропор – хордалы ұрықтың түтікті жүйке жүйесіндегі тесік.

Нейрула – ұрықтық дамудың соңғы сатысы, ол жүйке тақшашасы мен білікті ағзалар (нейруляция кезеңіндегі хордалылар ұрығы) салынуымен сипатталады.

Нефрон – адам мен омыртқалы жануарлар бүйрегінің негізгі құрылым, қызмет бірлігі.

Овуляция – аналық жыныс жасушасының немесе оциттің аналық безден дене қуысына шығу үдерісі. Онда фолликула (Граафов көпіршігі) жарылып, гонадотропты гормондар әсерінен I деңгейлі овоциттің құрсақ қуысына шығады, осы кезде II деңгейлі овоцит пайда болады.

Онтогенез – өсімдік немесе жануар аналық жасушасының ұрықтанғанынан организмнiң өлгенiне дейiнгi даму жолын, организмнiң жеке дамуы. Ол 2 кезеңге бөлінеді.

Пара – күрделі сөздің бастапқы құрам бөлімі, қатар қолданылатын бірдей немесе біртектес, әрі бірдеңеден бұзылудағы екі зато (парабронхылар).

Партеногенез – бұзылмаған көбею, организмнің жыныстық көбеюінің бір түрі, онда аналық жыныс жасушасы (жынысклеткасы) ұрықтанусыз дамиды.

Плацента (қағанақ) – сүтқоректілер ағзасы (шу), ол бір жағынан ана мен ұрықты байланыстырып, хорион бүрлерінен тұрады және екіншіден, жатырдың кілегейлі қабығынан тұрады. Ол арқылы ұрық оттегі, қоректік заттарды алады да, диоксид пен ыдыраған өнімдерді ананың қан тамырлары жүйесіне бөледі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет