Жануарлар дүниесі



Дата22.05.2017
өлшемі90.56 Kb.
#11047

Жануарлар дүниесі



Республиканың аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 489 (оның ішінде Қазақстанда ұя салатындардың 396, қалғандары қыстау үшін ғана ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып кетеді) түрі, рептилдердің 49, қосмекенділердің 12, балықтардың 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі мекендейді. Қазақстанның аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мыңнан аспайтын түрлері бар деп болжануда. Қазақстанның Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 128 түрі мен қосымша түрi, оның ішінде балықтардың 18, қос мекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 57, сүтқоректілердің 40, омыртқасыз жануарлардың 96 түрi, соның ішінде: буылтық құрттардың 2, моллюскалардың 6, шаян тәрізділердің 3, өрмекші тәрізділердің 2, жәндіктердің 85 түрі енгізілген.

Жануарлар дүниесін қорғауға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметтерінің, мемлекеттік орман мекемелерінің инспекторлары, аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылар қызметтері тартылған.


Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген

киіктерді және тұяқты жануарларды қорғау

Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген киіктерді және тұяқты жануарларды қорғау «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК 10 әкімшілік облыстарының аумағында жүзеге асырылады. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нің қорғау іс-шаралары 120,0 млн. га астам аумақта жолсыз өте қиын таулы жерлерде, шөлді және далалы аудандардағы жағдайларда автокөліктерді пайдалана отырып, жүзеге асырады. Қорғауда шамамен 220 жануарлар дүниесін қорғау инспекторы және жоғары жылдамдықпен өтетін 114 автокөлік құралы пайдаланылады. Киіктерді аса жедел және тиімді қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында жануарлар мекендейтін көп жерлердің (таулар, шөлдер, бетпақдала) ұзақтығына және жету қиындығына байланысты тікұшақ пен ұшақ пайдаланылады.2014 жылғы көктемгі авиаесептің деректері бойынша киіктердің саны 256,7 мың дараққа жетті, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 астам есеге көбейді. 2006 жылмен салыстырғанда қорғау бойынша қолданылған шаралар нәтижесінде арқардың, қарақұйрықтың, құланның, тоғай кермаралының саны өскені байқалады. Қазіргі уақытта киіктер ауруларының проблемаларын зерттеу мақсатында Комитет ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ҒЗИ» РМК-мен бірлесе отырып, «Экологиялық-эпизоотологиялық мониторинг және киіктердің аса қатерлі ауруларына қарсы арнайы алдын алу дәрілерді және диагностика әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен мақұлдады. Көрсетілген ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру 2012-2015 жылдары жоспарланды.Қазақстанның жануарлар дүниесі



Сүтқоректілер

Құстар

Бауырымен жорғалаушылар

Қос мекенділер

Су жануарлары

Барлығы

178

489,

оның ішінде ұя салатындар -396

49

12

104, дөңгелек ауыздылар -3

835


Қазақстан фаунасының барлық жануарлардың 110 түрі СИТЕС Конвенциясының қосымшасына енгізілген, соның ішінде І-қосымшада: 20 түр және ІІ-қосымшада: 90 түр.



Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген

жануарлар түрлерінің тізбесі

(ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034

қаулысымен бекітілді)


Омыртқалылар

Сүтқоректілер

Құстар

Бауырымен жорғалаушылар

Қос мекенділер

Су жануарлары

Барлығы


40

57

10

3

18

128

Омыртқасыздар

Буылтық құрттар

Моллюскалар

Шаян тәрізділер

Өрмекші тәрізділер

Жәндіктер

Барлығы


2

6

1

2

85

96


Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі бар жануарлар түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді:

1-том, 1-бөлім «Омыртқалы жануарлар»; 1-том, 2-бөлім «Омыртқасыз жануарлар»

Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 50 мың түрі, оның ішінде тұқым тобы түріне 550 және отряд тармағына 28 жататын жәндіктердің 30 мыңнан кем емес түрі мекендейді. Қоңыздардың өзін ғана алғанның өзінде мұнда 10 мыңнан кем емес түрі бар.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының 3500 дана көлемінде төртінші басылымы шықты (Омыртқалылар, 2008 ж.), макет ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасы БҒМ Зоология институтымен бірге әзірленді.
Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын бағалы жануарлар түрлерінің тізбесі

(ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 625

қаулысымен бекітілді)

Сүтқоректілер

Су жануарлары

Құстар


Барлығы

34

50

59

143

2005-2014 жылдар бойынша таралым жөніндегі киіктер санының динамикасы



Таралым атауы

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Бетпақдала

9,9

18,6

22,8

32,3

45,2

53,4

78

110,1

155,2

216

Үстірт

19,6

17,8

16,4

10,4

9,2

4,9

6,1

6,5

5,4

1,7

Жайық

10,1

12,9

15,6

18,3

26,6

27,1

17,9

20,9

26,4

39

Барлығы

39,6

49,3

54,8

61,0

81,0

85,5

102

137,5

187

256,7


2015 а.ж. Бетпақдала таралымы киіктерінің жаппай өлім туралы ақпарат
Ағымдағы жылғы 11 мамыр – 5 маусым аралығында Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында Бетпақдала таралымы киіктерінің жаппай өлім-жітімі 30 маусымдағы жағдай бойынша көмілген киіктірдің саны 150044 құрады.

Министрліктің 12 мамырдағы № 18-2/430 бұйрығымен құрылған Жұмыс тобының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 18-01-03/77 хаттамасына сәйкес, ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – БҚПҒЗИ) киіктердің қырылу себебін зерттеу саласында үйлестіруші болып белгіленді.

Министрлік бұдан бұрын БҚПҒЗИ-дің дайындаған жалпы қорытындысы бойынша, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарынндағы киіктердің қырылу генезінде геморрагиқалық септицемия немесе пастереллез басым жағдайды алып киіктердің қырылуына негізгі себеп болғаны және киіктердің қырылуына әкелген құбылыстар патогенезі бойынша жүргізілген зерттеулер негізінде, кенелердің белсенділігінің артуы нәтижесінде дамыған тейлериоз, клостридиоз ағзаның резистенттігін қатты төмендететін бедерсіз немесе ілеспелі аурулар себеп болғаны туралы хабарлаған болатын.

Сонымен қатар Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығымен (АСБК) ағымдағы жылдың 27 маусымынан бастап 7 шілде аралығында киіктердің өлім-жітімге ұшыраған жерлерімен және қоныс аудару жолдарымен экспедиция жүргізілді (Киіктердің жаппай қырылуын анықтау бойынша өткізілген экспедициясының қорытындысы туралы есеп қоса беріліп отыр). Экспедиция құрамына ғылыми-зерттеу институттары және мамандандырылған зертханалардың өкілдері кірді.

Экспедиция барысында ҚР БҒМ БК «Микробиология және вирусология институты» РМК-мен (бұдан әрі – МВИ) вирусологиялық зерттеулер үшін сүт қоректілердің бес түрінен (жылқы, сиыр, қой, ешкі және сасық күзен) 29 биологиялық сынамалары (өкпе, бауыр, бүйрек, көкбауыр, бездер, қанның плазмасы), сонымен қатар кенелердің 37 данасы алынды.

МВИ-мен биологиялық сынамалардың вирусологиялық және молекулярляқ-генетикалық анализі барысында себепкер болуы мүмкін қатардан ортомиксовирус, қосмиксовирус және морбилливирус індетіне әкеп соғатын вирустарының үлкен топтары алынып тасталды. Көрсетілген топтар сүт қоректілер тұмауы, қостұмау, іріқара мен ұсақ малдардың обасын қоздыратын маңызды жұқпалы ауруларын өзіне қосады.

МВИ-мен жаңа секвенирлік әдісімен (Massive Parallel Sequencing) киіктерден алынған сынамалар РНҚ-вирустық патогендеріне жоғары өнімді HiSeg 3000 секвенаторында толық спектрлі зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі таңда олар биоақпараттық өңдеуге дайындалуда.

Бұдан басқа БҚПҒЗИ экспедиция барысында өлген қозының, лақтың, жылқы малы мен сасық күзеннен паталогиялық материалдар, топырақтың, өсімдіктердің және судың сынамалары және кенелер зерттеу үшін алынды.

БҚПҒЗИ-на өлген қозы мен лақтың және ұсақ малдан алынып жеткізілген патологиялық материалдар пастереллездің қоздырғышына, микоплазмозға, ұсақ мал обасына, қойдың шырышты безгегіне, қой күліне (шешек) зерттеулер жүргізілді.

БҚПҒЗИ-мен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қызылорда облысының Арал ауданы Атанши ауылдық округінде өлген қозы мен лақтан алынған патологиялық материалдардан қойдың шырышты безгегі табылған. Пастереллез, микоплазмоз, ұсақ мал обасы және қой күлі (шешек) анықталмаған. Сонымен қатар Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында экспедиция барысында алынған сынамаларға әрі қарай зерттеулер жүргізу үшін БҚПҒЗИ-ның бюджетінде қаражат қарастырылмаған. Зерттеулерді жалғастыру үшін БҚПҒЗИ 3 991,2 мың теңге көлемінде қаражатты қажет етеді.

Қазіргі таңда БҚПҒЗИ-мен орын алып отырған жағдайды кешенді зерттеу мақсатында «Киіктердің өлім-жітімге ұшырауын анықтау мақсатында киіктерге кешенді мониторинг жүргізу және олардың өлім-жітімге ұшырау қатерін азайту жөнінде 2016-2018 жылдарға арналған шаралар әзірлеу» нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасын дайындау бойнша жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығымен (АСБК) экспедиция барысында жиналған патологиялық материалдармен сынамалар Лондондағы Корольдік ветеринариялық коледжіне (Ұлыбритания) зерттеу үшін жолданды, жіберілген сынамалардың сараптамасы бүгінгі күнге әлі дайын емес.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 6 қазанында Министрлік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп орын алып отырған жағдайды кешенді зерттеу және киіктердің өлім-жітімге ұшыраған жерлерімен, қоныс аудару жолдарымен жүргізілген экспедиция тобының қорытындысын қарастыру мақсатында отырыс ұйымдастыруды көздеуде.

Аталған отырыс өткізілгеннен кейін Жұмыс тобы орын алып отырған жағдайды кешенді зерттеу мақсатында нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеп, оны іске асыру жөнінде келісілген ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізетін болады.



Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген

тұяқты жабайы жануарлар түрлері санының

динамикасы


р/с


Дарақтардың саны

2010

2011

2012

2013

1

Тоғай кермаралы

418

421

451

465

2

Қарақұйрық

12150

12200

12397

12888

3

Құлан

2477

2496

2920

3222

4

Арқар

13246

13597

13872

14525


01.01.2015 жылғы жағдай бойынша аңшылық шаруашылығы


Аңшылық жерлері

Резервтік қор (бекітілмеген аңшылық жерлері)

Бекітілген аңшылық жерлері

Аңшылық шаруашылық-тарының саны, бірлік

Қорықшы-лардың саны, адам

Автомашина-ның саны, дана

214756,5 млн. га 100%

102490,7 млн.га

47%


112173,7 млн.га

53%


713

2492

2358

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет