Жамбыл облысы Әкімінің 31 наурыз 2016 жылғы №96 Қаулысымен Жамбыл облысы аумағында карантиндік режим енгізіле отырып карантиндік аймақ белгіленген жерлерде атқарылатын өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесі



Дата12.04.2018
өлшемі112.43 Kb.
#68408
«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН»

ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі «Жамбыл облысы әкімдігінің

мемлекеттік инспекция комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасы»

Жамбыл облыстық аумақтық коммуналдық мемлекеттік инспекциясы басшысы мекемесінің басшысы ________________ Н.Жігітеков ____________Н. Нұржігітов «___»____________2016ж. «___» ____________ 2016 ж.



Жамбыл облысы Әкімінің 31 наурыз 2016 жылғы № 96 Қаулысымен Жамбыл облысы аумағында карантиндік режим енгізіле отырып карантиндік аймақ белгіленген жерлерде атқарылатын өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар

ТІЗБЕСІ


Карантиндік нысандар атауы

Фитосанитариялық іс - шаралар

Орындаушылар

Бақылау

Мерзімі

Қорытындысы

Шығыс жеміс жемірі

(Восточная плодожорка)


1.1 Қураған бұталар мен зиянкестің дернәсілдері залалданған өркендерді кесу, ағаш діңінің ескі қабықтарын мұқият тазалау және түскен жапырақтар мен арамшөптердің қалдықтарын жинап, өртеу арқылы жою;

Карантиндік нысан анықталған шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар өз есебінен жұмыс жүргізеді


Карантиндік нысан анықталған ауылдық округтің бекітілген маманы және аудандағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


Ерте көктемде


Акт толтырылады



1.2 Жеміс ағаштарының қатар аралықтары мен ағаш түбінің айналасын қопсыту;

наурыз, сәуір




1.3 Жемістер сақталған және буып-түю, тиеу жұмыстары жүргізілген сарай, қойма, аулалардан шыққан қалдықтарды өртеу арқылы жоя отырып, тазалау жүргізу;

наурыз, сәуір

Акт толтырылады

1.4 Шығыс жеміс жемірімен залалданған бақтардан жемістерді басқа аймақтарға шығаруға, сатуға міндетті түрде химиялық өңдеу жұмыстарынан соң және жемістерді мұқият іріктеген соң және карантиндік немесе фитосанитариялық сертификаттары болғанда ғана рұқсат етіледі;

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор



шілде, тамыз


Фитосанитариялық

сертификат

болу


қажет

1.5 Залалданған бақтарда химиялық өңдеу жұмыстары қыстап шыққан көбелектің ұшып шығуы басталған кезде жүргізіледі. Келесі өңдеу жұмыстары бірінші химиялық өңдеу жұмыстарынан соң 10-15 күннен кейін, барлығы 2-3 мәрте жүргізілуі тиіс. Химиялық өңдеу жұмыстарына Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтер қолданылады;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар өз есебінен жұмыс жүргізеді


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


«РФДжБӘО» филиалдарының дабылдық хабарламасына сәйкес



Акт толтырылады






1.6 Карантиндік аймақтан әкетілетін жемістер тек қана жаңа жәшіктерге, қаптарға тиеліп, міндетті түрде карантиндік тексеруге ұсынылады;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар



өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Қажет кезінде



Тиісті карантиндік құжат рәсімделеді



1.7 Карантиндік нысан табылған жағдайда шаруалар бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға хабар береді, ол жерден сынама алынып карантиндік зертханаға тапсырылады. Карантиндік нысан екені анықталған жағдайда шаруалар өз қаражаты есебінен күрес жүргізеді;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


анықталған уақтысында


Карантиндік зертхананың сараптама куәлігі және нұсқама беріледі



1.8 Жергілікті атқарушы органның аудандардағы бекітілген мамандары облысқа әр аптаның соңында ақпарат беріп отырады. Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман уәкілетті органға айына 1 рет мәлімет береді.

Аудандардағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облысқа әр аптада
Уәкілетті органға ай сайын

Уәкілетті органға ақпарат беру



Америка-

лық ақ көбелек

(Американская белая бабочка)


1.1 Көктемде және күзде жеміс ағаштарының ескі қабықтарын және арамшөптердің қалдықтарын мұқият жинап тазалап, өртеу арқылы жою және ағаш діңін әктеу қажет;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар



өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

наурыз, сәуір
қазан, қараша

Акт толтырылады



1.2 Елді мекендерде зиянкеске қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен бірге, зиянкестің өрмекші торы тәріздес дернәсілдерінің ұялары ағаш бұтағымен қоса кесіліп алынып, механикалық жолмен жойылуы қатар жүргізілуі қажет;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар



өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Ерте көктемде



Акт толтырылады



1.3 Зиянкестің негізгі тіршілік орны елді мекендердегі, автомобиль және теміржол бойларындағы көпжылдық ағаштар мен орман жолақтарында және әр түрлі құрылыс маңындағы бұталар мен жеке өскен ағаштар болғандықтан, химиялық жолмен жою жұмыстары адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияндығы аз, Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтермен және зиянсыз-хитин синтездеуші ингибитор препараттарымен жүргізілуі тиіс;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар


Карантиндік нысан анықталған ауылдық округтің бекітілген маманы және аудандағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор



Ерте көктемде



Акт толтырылады



1.4 Химиялық өңдеу жұмыстары басталар алдында, карантин жарияланған аймақтағы тұрғындар алдын-ала хабардар етілуі тиіс;

Калифорниялық қалқаншалы

сымыры

(Калифорнийская



щитовка)

1.1 Агротехникалық іс – шаралар өсімдіктің зиянкеске төзімділігін және химиялық өңдеу жұмыстарының әсерін арттыруға бағытталуы тиіс;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар

Карантиндік нысан анықталған ауылдық округтің бекітілген маманы және аудандағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Ерте көктемде



Акт толтырылады



1.2 Жеміс бағындағы калифорниялық қалқаншалы сымырымен залалданған, кәрі, шаруашылық тұрғыдан пайдасы аз ағаштар және осындай жағдайдағы ескі бақтар түбірімен жұлынып жойылуы тиіс;

1.3 Ағаш бұталарындағы, діңіндегі зиянкеспен залалданған ескі қабықтары мұқият тазартылып, өртеу арқылы жойылуы тиіс;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар



өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Ерте көктемде


Акт толтырылады



1.4 Ағаш сұлбасының бұталарын сирету мақсатында кесу жұмыстарын жүргізу және сонымен бірге қураған бұталардан да арылту жұмыстарын жүргізу;

1.5 Ағаш діңінің айналасында, қатараралықта және жаяу жол жағалауларындағы өсіп шыққан бұта өскіндерін жою;

1.6 Қараша және мамыр айлары аралығында жеміс бағын кесілген бұта өскіндері мен бұталардың және қураған бұталардың барлық қалдықтарынан мұқият тазалап, өртеу арқылы жою;

1.7 Химиялық жолмен бүрку жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, биіктеп кеткен ағаш сұлбаларын аласарта кесу;

1.8 Карантиндік нысан табылған жағдайда шаруалар бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға хабар береді, ол жерден сынама алынып карантиндік зертханаға тапсырылады. Карантиндік нысан екені анықталған жағдайда шаруалар өз қаражаты есебінен күрес жүргізеді;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


анықталған уақтысында


Карантиндік зертхананың сараптама куәлігі және нұсқама беріледі



1.9 Калифорниялық қалқаншалы сымырына қарсы химиялық жою жұмыстары ерте көктемде 1-ші ұрпағының кезбелерінің және жаз айында 2-ші ұрпағының кезбелерінің жаппай туылуы кезінде, Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтермен жасалады;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар



өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


Ерте көктемде,

«РФДжБӘ» орталығының дабылдық хабарламасына сәйкес


Акт толтырылады

1.10 Жеміс бақтарында химиялық өңдеу жұмыстары өнім жинаудан 20-30 күн бұрын аяқталуы тиіс.

Маусым,

қыркүйек


1.11 Жергілікті атқарушы органның аудандардағы бекітілген мамандары облысқа әр аптаның соңында ақпарат беріп отырады. Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман уәкілетті органға айына 1 рет мәлімет береді.

Аудандардағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облысқа әр аптада
Уәкілетті органға ай сайын

Уәкілетті органға ақпарат беру



Комсток сымыры

(Червец комстока)



1.1 Залалданған бақтарда химиялық өңдеу жұмыстарымен бірге мына төмендегідей агротехникалық іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Ағаш түбінің айналасындағы өскіндер кесіліп, ағаш бұталарындағы, діңіндегі зиянкеспен залалданған ескі қабықтардан, кесілген бұталар мен арамшөптің қалдықтарынан мұқият тазартылып, өртеу арқылы жойылуы тиіс;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


Ерте көктемде



Акт толтырылады

1.2 Комсток сымырымен күресудің негізгі тәсілі химиялық жолмен жою және ол екі кезеңде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтермен зиянкестің 1-ші және 2-ші ұрпақтары дернәсілдерінің жаппай 2-ші жас кезеңінде жеткен кезде жүргізу тиімді;

Вегетация кезінде, «РФДжБӘ» орталығының дабылдық хабарламасына сәйкес



1.3 Химиялық өңдеуге барлық залалданған ағаштармен бірге, 500 метрге дейін айналасындағы қорғаныс аймағындағы ағаштар және залалданған ағаштардың айналасындағы арамшөптер де жатады.

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор







1.4 Жергілікті атқарушы органның аудандардағы бекітілген мамандары облысқа әр аптаның соңында ақпарат беріп отырады. Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман уәкілетті органға айына 1 рет мәлімет береді.

Аудандардағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облысқа әр аптада
Уәкілетті органға ай сайын

Уәкілетті органға ақпарат беру


Жұпсыз жібек көбелегі

(Непарный шелкопряд)


1.1 Жұпсыз жібек көбелегінің ағаш қабығының терең, жарықшақ жерлеріне салынған жұмыртқасы қыстап шығатындықтан, күз айларында және ерте көктемде, ағаш діңіндегі ескі қабықтары, зиянкестің топтап салған жұмыртқалары мұқият тазартылып, өртеу арқылы жойылуы тиіс;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор



Ерте көктемде,

күзде


Акт толтырылады

1.2 Көктемде жылы ауа-райы орнығып, орташа тәуліктік температура 5-6С болғанда, зиянкестің дернәсілдері жаппай шыға бастайды. Сол кезде Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтерді қолдана отырып, химиялық жолмен жою жұмыстары жүргізілуі тиіс

сәуір


1.3 Карантиндік нысан табылған жағдайда шаруалар бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға хабар береді, ол жерден сынама алынып карантиндік зертханаға тапсырылады. Карантиндік нысан екені анықталған жағдайда шаруалар өз қаражаты есебінен күрес жүргізеді;

шаруа қожалықтары және жеке тұлғалар


өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор


анықталған уақтысында


Карантиндік зертхананың сараптама куәлігі және нұсқама беріледі



1.4 Жергілікті атқарушы органның аудандардағы бекітілген мамандары облысқа әр аптаның соңында ақпарат беріп отырады. Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман уәкілетті органға айына 1 рет мәлімет береді.

Аудандардағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облыстағы карантиндік нысандардың есебін жүргізуге бекітілген маман

Облысқа әр аптада
Уәкілетті органға ай сайын

Уәкілетті органға ақпарат беру




Ескерту: Карантиндік зиянкестермен залалданған бақтардан көшеттік матиериалдар мен телімдеу материалдарын алуға қатаң тиым салынады. Осы карантиндік іс-шаралар ережелерін және өсімдіктер карантині саласы бойынша басқа да заңнамаларды бұзған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.


Жамбыл облыстық өсімдіктер

карантині жөніндегі

бас мемлекеттік инспекторы С. Бексұлтанов


Мемлекеттік астық және тұқым

инспекцииясы бөлімінің басшысы А. Мамытова

А. Тауасарова

45-12-95


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет